Білім беру деңгейі



Дата18.04.2024
өлшемі62.31 Kb.
#499158
Тапсырма-2-модуль (2)


2.1-тапсырма Бастауыш білім беру деңгейі мен негізгі орта, жалпы орта білім беру деңгейінде грамматиканы оқыту ерекшеліктерін анықтаңыз, әр деңгей бойынша өз ойыңызды тұжырымдаңыз.

Білім беру деңгейі

Ерекшеліктері

Тұжырым

1-4 - сынып

Бастауыш білім деңгейінде грамматиканы оқыту лингвистикалық терминдерді қолданбай жүзеге асырылады.
Бұл кезеңде оқушылар белгілі бір грамматикалық модельді қолдану емес,оны тани алуды,түсінуді үйрену керек.



Грамматикалық материалмен танысу және оны дамыту процессі
Грамматикалық материалға, оқу жағдайларына,мұғалімнің оқыту мәнеріне байланысты.

5-9 - сынып

Грамматикалық білім коммуникативтік дағдыларды қалыптастыру барысында жүзегее асырылады.
Грамматиканы оқыту лексикалық тақырыптардың мәнмәтіні негізінде меңгеріледі.
Тапсырмалар коммуникативтік жағдаяттарға негізделеді.
Дайын шаблон,модель, құрылымдар арқылы орындалады.
Тілдік бағдар бөлімі сөз таптары мен сөйлемнің барлық түрлерін қамтиды.



Оқушылардың тілдік грамматикалық дағдыларды меңгеруі үшін ұсынылатын тапсырмалар іс жүзінде сөйлеу жағдаяттарымен байланысты және нақты коммуникативтік бағытта болуы тиіс..

10-11 - сынып

Жалпы орта білім беру деңгейінде пән мазмұнында қазақ тілінің грамматикасы жаттанды оқуға емес, функционалдық-коммуникативтік тұрғыдан оқытуға назар аударылып, төрт дағдыға (тыңдалым, айтылым, оқылым, жазылым)
негізделген. Грамматиканы бөлек қарастырмай, лексикалық тақырыптар аясында функционалдық-коммуникативтік мәнмәтінде оқытуға бағытталған. Грамматикалық бірліктердің мәтінді құруға қатысуда қандай функционалдық мағыналық қызмет атқарғанын таныту міндеті жүктеледі. Өйткені, қазіргі кезеңде оқушылардың дұрыс таңдау жасай білу, дұрыс шешім қабылдау, қоршаған ортаны объективті түрде көрсету қабілеттері ерекше маңызға ие. Бұл ретте оқушылардың бойында аталған қабілеттерді дамыту коммуникативтік дағдылар шеңберінде жүзеге асырылады

Нәтижесінде, оқушыларда тек пәндік білім, білік, дағдылар ғана емес, материалдарды жинау және реттеу әдістері, сұрақтарды құрастыру және дереккөздермен жұмыс жасауда проблеманы қоя білу біліктілігі, сәйкестендіру әдістері мен дереккөздерді сыни бағалауы, материалдарды жинақтау және нәтижелерді тексеру сынды кең ауқымды дағдылардың қалыптасуына мүмкіндік береді. Саналылық пен белсенділік ұстанымы оқушыларға грамматикадан білім беру барысында олардың саналы түсіну қабілетін дамытып отырады.




2.2-тапсырма. 1-4 сынып«Тілдік нормаларды қолдану» бөлімінен оқу мақсатын таңдап, тапсырма әзірлеңіз.

Сынып:2


Оқу мақсаты:

2.5.1.1 Мұғалімнің қолдаумен заттың атын/сынын\іс-қимылын білдіретін сөздерді ауызша\жазбаша тілде қолдану.

Бағалау критерийі

Суретке сүйеніп сұрақтарға жауап беретін сөздерді анықтайды.



Тапсырма:



. Суретке мұқият қара. Сурет бойынша сұрақтарға жауап беретін сөздерді анықта.
Кестенің әр бөлігіне 1 сөзден жаз.







Кімдер?

Неше?

Қандай?

Не істеді?











Дескриптор:



  1. Бірінші сұраққа жауап беретін сөзді анықтайды.

  2. Екінші сұраққа жауап беретін сөзді анықтайды.

  3. Үшінші сұраққа жауап беретін сөзді анықтайды.

  4. Төртінші сұраққа жауап беретін сөзді анықтайды.

5.Сөздерді сауатты жазады.
6.Жазуда каллиграфиялық нормаларды сақтайды



Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет