Білім беру қызметкерлерінің кәсіби өсуі – жаңаша білім берудің сапасын қамтамасыз етудің шарты тақырыбындағы облыстық педагогикалық оқуларға қатысуға сұраныс



Дата15.03.2024
өлшемі28.52 Kb.
#495761
Iksham sabak



«Білім беру қызметкерлерінің кәсіби өсуі – жаңаша білім берудің сапасын қамтамасыз етудің шарты тақырыбындағы облыстық педагогикалық оқуларға қатысуға сұраныс

Автордың аты-жөні(толық)

Михева Кулчария Айтбекқызы

Ғылыми атағы


Жұмыс орны

Жаркент гуманитарлық-техникалық колледжі

Қызметі

Тарих пәнінің оқытушысы

Жұмыс бағыты (секция атауы)

4 секция Білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында психологиялық-педагогикалық қызметті ұйымдастыру мен үйлестірудегі жаңа тәсілдер

Мақаланың атауы

Ықшам сабақтың сабақты жоспарлаудағы тиімділігі

Байланыс телефоны

9 – 71 - 65

E-mail

mixeva@bk.ru


ЫҚШАМСАБАҚТЫҢ САБАҚТЫ ЖОСПАРЛАУДАҒЫ ТИІМДІЛІГІ

Михева К.А.,


Жаркент гуманитарлық-техникалық
колледжінің оқытушысы

Қазіргі ұстаздар алдындағы міндет: ғылым мен техниканың даму деңгейіне сәйкес оқушының білімі терең, іскер және ойлауға қабілетті, әлемдік стандарттар негізінде жұмыс істей алатын құзырлы тұлғаны қалыптастыру. Мұндай талапқа сай қызмет істеу үшін ұстаз үздіксіз ізденісте кәсіби білікті болуы тиіс.


Инновациялық оқыту нәтижелері оқушының өз бетінше әрекет етуі арқылы білімді меңгеруіне ықпал етуі тиіс. Оқушының ой-өрісін кеңейтіп, дүниетанымдық көзқарастары мен танымдық белсенлілігін арттыруда, зерттеушілігі арқылы шығармашылық икемділігін дамытуда, біліктілікке ұмтылуда, яғни тұлғаны жан-жақты дамытуды жүзеге асыруда оқу үдерісіне инновациялық технолгияларды енгізу шешуші рөл атқарады, оң нәтиже береді. Мемлекетіміздің білім беру үдерісіне енген жаңартылған білім беру бағдарламасы - заман талабына сай келешек ұрпақтың сұранысын қанағаттандыратын тың бағдарлама.
Қай елдін болсын өсіп-өркендеуі, ғаламдық дүниеде өзіндік орын алуы оның ұлттық білім жүйесінің деңгейіне, даму бағытына байланысты. «Ұрпағы білімді халықтың болашағы бұлыңғыр болмайды» дегендей, жас ұрпаққа сапалы, мән-мағыналы, өнегелі тәрбие мен білім беру-бүгінгі күннің басты талабы.
Педагогикалық психологияға сынап қарайтын мұғалімдердің өздері де психологиялық дайындық тәсілдерінің құндылығын сөзсіз мойындайды. Ықшамсабақ осындай тәсілдердің бірі болып табылады.
Ықшамсабақ мұғалімдер үшін бихевиоризм қағидаттарына негізделген іскерлік психологиялық тренинг болып табылады. Мұғалімдерді психологиялық дайындау әдісі ретінде ықшамсабақ АҚШ-та алпысыншы жылдардың басында қалыптаса бастаған. Оның авторы Дуайт Аллен және Кевин Райан бастаған Стэнфорд университетінің зерттеушілер тобы болды. Жалпы есеппен жаңа әдісті енгізуге он жылдан аз уақыт жұмсалды, 1968 жылы ықшамсабақ үдерісі мұғалімдерді дайындау бағдарламаларының 53%-ында қолданыс тапты.
Ықшамсабақ мұғалімдерді дайындауға арналған дәстүрлі тәсілдердің кемшіліктеріне жауап ретінде пайда болды. Дәстүрлі дайындық педагогикалық психология бойынша курстарды өту, тәжірибелі әріптестерінің жұмысын бақылау және игерген білім мен дағдыларды сыныпта қолдануды қамтыды. Дайындықтың бұл түрлерінің әрқайсысына елеулі кемшіліктер тән:
Теориялық курстар көп жағдайдат тәжірибеден алшақ болады, оның негізінде білім пассивті түрде меңгеріледі.
Бақылаушы өзінің назарын неге аударған жөн екенін түсіну үшін, ол айтарлықтай тәжірибелі болған жағдайда ғана басқа мұғалімнің оқытуын бақылау тиімді болмақ. Оның үстіне, бақылаушы мұғалімнің емес, оқушының рөлінде болады.
Мұғалім меңгерген білімін пайдалана отырып, әуелі қателіктер мен сынамалар жолымен жүруіне тура келеді, бұл оқушылармен «эксперимент жасау» деген сөз, ал оның зияны оқушыларға тиюі мүмкін.
Ықшамсабақ мұғалімнің теориялық білімі мен практикалық жұмысын байланыстырушы, өзіндік зертхана(тәжірибе алаңы) болуы тиіс. Ұшқыштар, жүргізушілер және басқа да кәсіп өкілдері дайындық кезінде жаттығу құрылғыларында тәжірибе жасап үйренетіні сияқты, мұғалімдердің де өз «жаттығу құрылғысы» болуы қажет
Жоғарыда атап өткендей, ықшамсабақтың әдістемелік негізі оперантты оқыту және «мінез-құлықты түрлендіру» сияқты бихевиористік және необихевиористік қағидаттарболып табылады. 5-10 минутқа созылатын әрбір ықшамсабақ оқытудың жеке бір дағдысын меңгеруге бағытталады. Мұндай дағдылар ынталандыру тәсілдерін түрлендіру (қозғалыс, ым-шара, үнсіздікті сақтау, әртүрлі сенсорлық арналарды, әртүрлі қарым-қатынас стильдерін пайдалану және т.б.), сабақтың басында өзіне мақсат қою, сабақты аяқтау, тыныштықты және вербалды емес құралдарды пайдалану, оқушыларды ынталандыру, сұрақтар қою, мысалдар келтіру және т.б. болуы мүмкін. Ықшамсабақта басты назар нені оқытуға емес, қалай оқытылатынына бағытталады деуге болады. Сабаққа арнайы дайындалған оқушылар (әдетте 4-8 оқушы) қатысады, олар ықшамсабақтан кейін мұғалімге ауызша немесе жазбаша кері байланыс береді – өздерінің ойынша нақты бір дағдыны мұғалімнің қалай іске асырғанын бағалайды. Одан кейін мұғалім жетекшімен бірге ықшам сабақтың бейнежазбасын қарап, оқушылардың бағалауын талдайды және сынама жасап жаттыққан дағдыны жетілдіру мүмкіндіктерін талқылайды. Орта есеппен жарты сағаттай уақытқа созылатын талқылаудан кейін, мұғалім ықшам сабақты қайталайды, бірақ бұл жолы сабақты басқа оқушылармен өткізеді. Бұдан соң, бірінші және екінші ықшамсабақтың бейнежазбалары мен оқушылардың бергенбағаларын салыстырып, қол жеткен жетістіктер туралы қорытынды жасайды. Әдетте ықшамсабақ өткізуге дейін сынама жасайтын дағды бойынша мұғалімдерді алдын-ала үйретіп, дайындайды. Мұндай оқыту осы дағдыны модельдеу көмегімен жүргізіледі – мысалы, оны анағұрлым тәжірибелі мұғалім көрсетеді немесе қажетті бейнежазба ұсынылады. Шебер жұмысты осылай бақылау нақты дағдыны қалыптастыруды айтарлықтай жақсартады, мұғалім жіберген қателерін өзінің тәжірибесін жетілдірудің құралы ретінде қабылдай бастайды. Жекелеген дағдыларды меңгеру межесіне қарай, ықшамсабақ тапсырмасы қиындай түседі, сабақтың ұзақтығы да артуы мүмкін (20 минутқа дейін). Осылайша, ықшамсабақтың көмегімен жекелеген дағдыларды меңгеру оқыту стратегияларын меңгеруге ауысады.
Д.Аллен мен К.Райан ықшамсабақтағы оқушылардың рөліне ерікті мектеп оқушыларын шақырған (көбінесе сағатына бірнеше доллар сыйақы беру арқылы). Оқушылар шынайы сыныпқа сәйкес іріктеледі (үлгерім деңгейі, мінез-құлықыәртүрлі, т.б.). Олардың жасы ықшамсабақ өткізетін мұғалімдердің сыныбына сәйкес таңдалды. Авторлардың пікірінше, ақшалай сыйақы мен бәсеке (тиісті талаптарды орындамағандарды басқа оқушылармен алмастырды) сабаққа белсенді қатысу және қажетті тәртіпті орнату үшін жеткілікті ынталандырушы құралдардың бірі болды. Ықшамсабаққа қатысар алдында оқушыларға толық нұсқау беріледі, оларды негізінен ауызша немесе жазбаша түрде кері байланыс беруге үйретті (мысалы, арнайы бағалау үлгі-парағы қалай толтыру керектігі). Басқа мамандар оқушылардың рөлін мұғалімдер де орындай алады деп есептейді. Сабақта нағыз оқушылардың немесе олардың рөлінде болатын басқа адамдардың болуы алға қойылған міндеттерге және ықшамсабақ жүргізілетін жағдайларға тәуелді.
Ықшамсабақ арнайы маманның (Т.Грегори нұсқасы) немесе жетекші, анағұрлым тәжірибелі мұғалімнің басшылығымен жүргізіледі (Д.Аллен мен К.Райан нұқасы). Екі жағдайда да олар қажетті аудио- және бейнежазба жасайды.
Ықшам сабақтың мысалы ретінде Томас Грегори ұсынған нұсқаны қарастырайық . Бағдарлама тоғыз тапсырманы орындауды көздейді, олардың әрқайсысына бір немесе бірнеше сабақ арналуы мүмкін.

Қазіргі уақытта ықшамсабақтың келесідей нұсқалары таралған.


Мектеп нұсқасы. Мұғалімдердің біліктілігін олардың жұмыс орнында арттыру кезінде қолданылады. АҚШ-та мұндай дайындық үшін жылына бес күн бөлінеді (мектеп жұмыс жасамай, мұғалімдер өздері шығармашылықпен айналысатын кезде). Бұл нұсқада мұғалім жетекшінің басшылығымен ерікті нағыз оқушылармен жұмыс жасайды. Қайталама ықшамсабақ оқушылардың басқа тобымен жүргізіледі. Бұл нұсқаның бірқатар басымдықтары бар: аз уақыт алады (бір ықшамсабақ оны талқылау мен қайталауды (қайтадан сабақ беруді) қосқанда – бір сағаттан аспайды), бірден кері байланыс ұсынылады, нағыз оқушылармен жұмыс жасау (көбінесе өз сыныбындағы) оқуды нақты жағдайларға жақындатады. Екінші жағынан, жетекші мен оқушыларға жұмыс ақысын төлеуді ескеретін болсақ, мұның айтарлықтай қымбат тұратын іс-шара екені байқалады.
Институттық нұсқа. Ықшам сабақ студенттерді – болашақ педагогтерді оқыту бағдарламаларына енгізіледі. Сол арқылы ол теориялық курстарды мұғалімдік тәжірибемен байланыстыратын тиімді құрал болады. Ықшам сабақты студенттерді дайындаудың әртүрлі кезеңдерінде пайдалануға болады. Бірінші курста ықшамсабақ студентке әлеуетті мұғалім ретінде өзі туралы түсінік қалыптастыруға мүмкіндік береді, сөйтіп одан әрі оқуының жеке мақсаттарын айқын анықтауға көмектеседі. Педагогикалық психология курсында ықшамсабақты пайдалана отырып, басты назар пробламалық оқуға және адами қарым-қатынастардың әртүрлі аспектілеріне аударылады.
Ықшамсабақ кемінде аптасына бір рет жүргізіледі. Студенттер тобы қатар жұмыс істейтін шағын топтарға бөлінеді. Олар мұғалім мен оқушылардың рөлін кезектесіп ойнайды. Нұсқаушы-жетекші барлық топтардың жұмысын бақылайды және студенттерге кеңес береді (ішінара бақылау жасауы мүмкін). Студенттер ықшамсабақтың бейнежазбасынқарап, келесі ықшам сабаққа дайындала алады. Нұсқаушы-жетекшінің жеткіліксіз кері байланыс ұсынуы мен бірінші нұсқамен салыстырғанда ықшамсабақтың шарттылығы (аз шынайылық) мұндай практиканың кемшілігі болып табылады. Ал басымдығынаықшамшабаққа студенттердің барынша толыққамтылатынын жатқызуға болады, олардың келесі ықшам сабаққа дайындалуға да жеткілікті уақыты болады. Мұнда студенттер барлығы үшін ортақ тәжірибені талдау мүмкіндігіне ие болады, ал бұл жалпы студенттер тобының бірігуіне көмектеседі және оқу ортасын жақсартады.
Ықшамсабақ студенттерді оқытудың негізгі курсына қосымша мектептегі тәжірибе кезеңінде қолданылады және ол жоғарыда сипатталған екі нұсқаның ерекшеліктерін біріктіреді. Ықшамсабақ тәжірибесі студенттерді – болашақ мұғалімдерді оқытудың тиімді тәсілі болумен қатар, тәжірибелі мұғалімдерді жаңа оқыту әдістерін қолдануға дайындаудың пайдалы құралы екенін көрсетеді.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет