«білім беру және педагогика» жоғары мектебі


Балабақшада тіл дамыту жұмысына әдістемелік басшылық



бет40/43
Дата10.06.2022
өлшемі386.92 Kb.
#459106
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   43
Мектеп жасына дейінгі балалардың тілін дамыту (1)

Балабақшада тіл дамыту жұмысына әдістемелік басшылық.


Дәрістің мақсаты. Тіл дамыту жұмысын ұйымдастырудағы меңгеруші мен әдіскер-тәрбиешінің ролімен таныстыру. Озат тәжірибені таратудың жолдары мен пед.кеңесті ұйымдастырудың ерекшеліктерін меңгерту.
Жоспары:
1.Меңгеруші мен әдіскер тәрбиешінің тіл дамыту жұмысын ұйымдастырудағы ролі.
2. Тәрбиешінің озат тәжірибесін тарату
3. Педагогикалық кеңесті ұйымдастыру
Тезистері:
1.Балабақшадағы басшылық жұмысы меңгерушіге жүктеледі. Егер балабақшада әдістемелік жұмысқа басшылық ететін әдіскер-тәрбиеші болса, онда екеуі бірлесіп оқу-тәрбие жұмысының мәселелерін шешеді.
Меңгеруші мен әдіскер жұмысының бір бөлігі – тіл дамытуға байланысты. Ол мынадай бағыттарда болуы мүмкін:

  • Барлық топта тіл дамыту бойынша бағдарламаның орындауын бақылау және қамтамасыз ету.

  • Топ тәрбиешілері арасында, сол сияқты балабақша мен мектеп арасындағы байланысты жүзеге асыру.

  • Тәрбиешіге әдістемелік көмек көрсету.

  • Тіл дамыту бойынша қажетті жағдайларды жасау: әдістемелік кабинетті жабдықтау.

  • Тіл дамытудан тәрбиешінің мамандығын көтеру.

* Ата-аналар арасында тіл дамыту бойынша насихат жұмысын жүргізу:
а)топтарға барып, тәрбиешінің тіл дамыту бойынша жұмысын тексеру. Топтарға барғанда белгілі бір мақсат болу керек. Меңгеруші сабақтың қандай түріне қатысса да, мейлі ол серуен, мейлі бөлмедегі сабақ болсын соңына дейін болуы тиіс. Орта бөлігінен кетіп қалуға болмайды.
1. Кіші топтағылардың сөйлеу белсенділіктері, естиярлар тобындағы балалардың дыбыстық мәдениетін қалыптастыруға байланысты сабақ және сабақтан тыс кездегі фронтальді жұмыстар, ересектер тобында баяндауға үйрету және дыбыстарды дұрыс айта білуге үйретудегі жеке жұмыс, тікелей бақылау жұмысының жүргізілу әдістері.
2. Меңгерушінің өзінің сабақ өткізіп көрсетуі. Мұндай жұмыс әсіресе еңбек жолын жаңа бастаған тәрбиешілер үшін пайдалы. Меңгеруші оған ойынды қалай ұйымдастыру керектігін, балалардың өз білгендерін қалай пайдалана білуді, үлестірмелі материалдармен кешенді сабақтарды, қалай өткізу керектігін т.б. жұмыстарды өзі жүргізіп көрсетеді.
3. Іс-қағаздарын тексеру. Меңгеруші календарлық жоспарды апта сайын тексеріп отыруы тиіс.
4. Балалармен әңгімелесу арқылы да топтағы балалар тілін дамыту жұмысының деңгейін байқауға болады.
5. Тәрбиешілермен жеке және топтап сөйлесу – жоспардан тыс болса да, қажетті жұмыс. Жеке тәрбиешілерге немесе тәрбиешінің тобына консультация бергенде, алдын-ала уақытын, тақырыбын белгілеп алу керек. Онда негізінен тәрбиешіге қиындық келтіретін тақырыптар таңдалады. Меңгеруші консультацияны өзі ғана өткізіп қоймай, тәжірибелі тәрбиешілерді де қатыстыруына болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   43




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет