«білім беру және педагогика» жоғары мектебі


Тіл дамыту әдістемесінің басқа ғылымдармен байланысы



бет28/43
Дата10.06.2022
өлшемі386.92 Kb.
#459106
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   43
Мектеп жасына дейінгі балалардың тілін дамыту (1)

3.Тіл дамыту әдістемесінің басқа ғылымдармен байланысы


Тіл дамыту әдістемесі қазақ тілімен тығыз байланысты мектеп жасына дейінгі балалардың сөздік қорын дамыту қазақ тілінің лексика тарауының ережелеріне сүйенеді. Сонымен қатар балабақшада мектепке барғанға дейін бала ана тіліміздің барлық грамматикалық формаларын мысал түрінде меңгеріп баруы қажет. Сондықтан тіл дамыту әдістемесі қазақ тілінің грамматика тарауыменен тығыз байланыста дамиды. Сонымен қатар,
тіл дамыту әдістемесі қазақ тілінің синтаксис саласына, фонетика саласы мен орфоэпия заңдылықтарына да сүйенеді.
Тіл дамыту әдістемесі психологиямен тығыз байланыста дамиды. Психология – психикалық құбылыстарды атап айтқанда түйсік пен қабылдау, елес пен ой, сезім мен тілек, бейімділік пен қабілет, ерік сапалары мен мінез белгілерін зерттейді. Осы аталған психикалық құбылыстардың, мысалы түйсік пен қабылдаудың, елес пен ойдың сөйлеу процесіне тікелей қатысы бар. Сөйлеу арқылы қарым-қатынас жасау, пікір алысу, басқаның сөзін ұғыну психологияның жәрдемін керек етеді. Өйткені тілдік жүйе адамның санасында сақталады. Заттың біздің санамызда сақталған атауымен байланысты психологияның байланысты болып табылады.
Тіл дамыту әдістемесі адам анатомиясы және физиологиямен тығыз байланысты. Сөйлеу әдетте тіл дыбыстарынсыз және олардың айтылу, қабылдау процестерінен тыс болуы мүмкін емес. Ал процестерді сөйлеу аппаратында тіл дыбыстарының жасалу жағынан да сөйлеген сөздерді, есту мүшелері арқылы қабылдау жағынан да анатомиямен физиология зерттейді.
Тіл дамыту әдістемесі мектепте дейінгі педагогикамен тығыз байланысты. Мектепке дейінгі педагогика мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеу, білім беру, дамыту туралы және оның негізгі заңдылықтарын зерттейтін ғылым. Тіл дамыту сабақтарынан балаларда үйретілетін көркем шығармалардың әрқайсысының тәрбиелік мәні бар. Сол көркем туындылар арқылы берілетін тәрбие мектепке дейінгі педагогика қамтитын тәрбиенің түрлеріне байланысты болады. Олай болса тіл дамыту әдістемесі бала тілін дамытуда педагогиканың негізгі заңдылықтарын ескереді.
Тіл дамыту әдістемесі мектепке дейінгі педагогика тарихымен тығыз бірлікте дамиды. Өйткені педагогикада бір күнде пайда болған ғылым емес, оның да өзіндік даму тарихы бар. Сол педагогиканың әр кезеңдегі оқыту, тәрбиелеу әдістерінің ішінен мектеп жасына дейінгі балалардың тілін дамытуға әсер ететіндерін таңдап алып, сабақта пайдалану тәрбиешіден үлкен шеберлікті қажет етеді.
Тіл дамыту әдістемесі көркем әдебиетпен тығыз бірлікте дамиды. Мектеп жасына дейінгі балалардың тілін дамытуда қолданылатын әдіс-тәсілдердің барлығы көркем әдебиет мысалдары арқылы жүргізіледі.
Тіл дамыту әдістемесі бастауыш сыныпта ана тілін оқыту әдістемесі мен бірлікте дамиды. Өйткені балабақшада сөздік қоры дамыған, байланыстырып сөйлеуге үйренген, дағдыланған, грамматикалық формаларды мысал түрінде меңгерген әріптерменен буындарды ажыратуға үйренген бала мектепке келгеннен кейін сол алған түсініктерін ережелер арқылы толықтырып әрі қарай кеңейтеді. Сондықтан бастауыш сыныпта ана тілін оқыту әдістемесі балабақшадағы тіл дамыту әдістемесінің жалғасы болуы қажет.
4.Тіл дамыту әдістемесінің ғылыми-зерттеу әдістері
Ғылыми зерттеулер тіл дамыту әдістемесінің теориясымен практикада қолданылатын жаңа әдіс-тәсілдерін табуға бағытталады. Негізінен мұндай зерттеулер 3 бағытта болады.
Тарихи методикалық зерттеулер /бұрынғы пікірлерге жаңаша көзқарас/.
Эксперимент жұмыстары немесе балабақшада тәжірибе байқау жұмыстарын жүргізу.
Тәрбиешілердің озат тәжірибелерін жинау.
Бұл зерттеулердің қайсысында болсын бастамас бұрын алдымен сол тақырып бойынша жазылған әдебиеттермен танысу қажет. Содан соң алынған тақырыптың мақсатын және зерттеу әдістерін анықтау керек. Мысалы, егер озат тәжірибе жинақтау керек болса, тәрбиешімен әңгімелесу, байқау әдістері қолданылады. Ал эксперимент жұмысы кезінде сол алынған тақырып бойынша ғылыми болжамдар жасалып, балабақшада қолданылатын бала тілінің қалай дамығандығын байқауға сұрақтар, бақылау жұмысының текстері даярланады және бұл жұмыстар бірнеше рет қайталанып, нәтижелері салыстырылады.
2 дәріс тақырыбы:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   43




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет