«білім беру және педагогика» жоғары мектебі


Лекцияның тақырыбы. Мектеп жасына дейінгі балаларды байланыстырып сөйлеуге үйрету – тіл дамытудың басты міндеті



бет31/43
Дата10.06.2022
өлшемі386.92 Kb.
#459106
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   43
Мектеп жасына дейінгі балалардың тілін дамыту (1)

Лекцияның тақырыбы. Мектеп жасына дейінгі балаларды байланыстырып сөйлеуге үйрету – тіл дамытудың басты міндеті.
Дәрістің мақсаты. Байланыстырып сөйлеу туралы түсінік беру.
Жоспар:
1.Байланыстырып сөйлеу туралы жалпы түсінік
2.Байланыстырып сөйлеуге үйретудің психологиялық педагогикалық- негіздері
3.Әр топтағы байланыстырып сөйлеуге үйрету жұмысының мазмұны.
4.Байланыстырып сөйлеуге үйретудің түрлері, олардың ерекшелігі.
5.Әңгімелеу барысындағы балалардың ойлау әрекетінің ерекшелігі.
Тезистері:
1.Қазақстан Республикасында қазақ тілінің мемлекеттік тіл құқығына ие болуы, Қазақстан Республикасының Білім және Тіл заңдарының қабылдануы болашақ ұрпақ тәрбиесіне жаңаша көзқараспен қарауды талап етеді. Қазақстан Республикасының орта білімді дамыту тұжырымдамасының жобасында: “Білім берудің мектепке дейінгі сатысы дайындық кезең ретінде орта білім алудың үздіксіз жүйесіне енетіндігін айта келіп, тәрбиелеу мекемелерінің әр типтілігіне қарамастан олардың ортақ функциялары - баланың денсаулығын, психикалық санасын жетілдіру және қорғау, баланың ақыл-ойы мен тұлғасының дамуын қамтамасыз ету” деп нақты атап көрсеткен. Бұл сана-сезімі ұлттық психология негізінде қалыптасқан, дені сау, білімге деген қызығушылығы жоғары, өздігінен іс-әрекет жасау дағдыларын меңгерген тұлға даярлап шығару мектепке дейінгі мекемелердің міндеті екенін көрсетеді. Мектеп жасына дейінгі балалардлың байланыстырып сөйлеуін дамыту мәселесі бағдарламаға сай дидактикалық ұстанымдарды басшылыққа алып жүргізіледі.
2.Б.Баймұратова пікірінше, балалар жеке заттарды біліп қана қоймай, оларды жіктеп, топтап айта білуге, әр заттың қайдан, неден жасалатынын, қалай пайда болатынын түсінуге тырысатындығын айтады.
Үйренген сөздерін күнделікті іс-әрекет үстінде қолданады. Бұл сөздерді сөйлем ішінде қолданып, жүйелі байланыстырып сөйлеуге үйрету туралы көптеген ғалымдар өздерінің анықтамаларын ұсынған. Мәселен, олардың бірі А.М.Бородич: ”Байланыстырып сөйлеу – адамдардың өзара түсінісуін қамтамасыз ететін мағыналы сөздердің сөйлемдегі жүйесі“ десе, Ф.А.Сохина: “Байланыстырып сөйлеу дегеніміз – белгілі бір ойды жүйелі, анық, грамматикалық тұрғыдан алғанда дұрыс және бейнелі түрде жеткізу болып табылады” деп қарастырады. Сонымен байланыстырып сөйлеу – отбасында және балабақшада іске асатын бала тілінің дамуының тиімділігінің көрсеткіші.
Баланың тілді меңгеруі жайлы белгілі психологтар Л.С.Выготский; А.Л.Имедадзе, С.Л.Рубинштейн, А.Н.Леонтьев, Н.С.Рождетвенский, Ж.Аймауытов, Ә.Алдамұратов, М.Мухина т.б. баланың жас кезінде танымдық, қабылдағыштық қабілеттерінің ерекше болатындығына байланысты тілді тез меңгеретінін көрсетеді.
Психологтар Е.Суфиев, Т.Тәжібаев, Қ.Жарықбаев және т.б. балалардың байланыстырып сөйлеуінің қалыптасуын қоршаған дүниедегі заттар мен құбылыстардың сыртқы көрінісі мен құрылысына қарай бір-бірімен байланыстыра қабылдайды, ойлайды. Сол арқылы танып-біліп, баяндай білетіндігін белгілейді деп тұжырымдаған.
Психологиялық еңбектерге жасалған талдау негізінде балалардың байланыстырып сөйлеуін қалыптастырудың ерекшеліктері анықталды:
- қоршаған дүниені танып-білуі арқылы сөздік қоры молайып, сөзбен әрекет жасау үрдісінде ана тілінің заңдылықтарын меңгереді;
- бала өз ойын байланыстырып, логикалық түрде жеткізуге жаттығады, талқылаулары интеллектуалдық тапсырмаларды шешу амалдарына айналады;
- қоршаған дүние туралы шығармашылық әңгіме құрастыруда практикалық және интеллектуалдық (тапсырмаларды) орындауда тілдің жоспарлаушылық функциясы қалыптасады;
- байланыстырып сөйлеуде саналы қарым-қатынас қалыптасады, ол іс-әрекеттің ерекше түрі болып табылады;
- тіл нақтылы педагогикалық жағдаяттардан жан-жақты күнделікті қарым-қатынас құралына айналып, баланың байланыстырып сөйлеуі дамиды.
Бірқатар педагог-ғалымдар Е.И.Тихеева, А.П.Усова, Н.И.Кузина, Т.И.Алиева, А.А.Зрожевская, Б.Баймұратова, Х.Қожахметова, С.Ғаббасов т.б. баланың таным белсенділігін арттырып, байланыстырып сөйлеуін қалыптастыруда жыл мезгілдерінің ауысуына байланысты болатын ауа-райының өзгерістері: боран мен үскірік, жел соғуы, найзағай отының жарқылдауы, жер бетін тұман басуы, өзендерде сеңнің жүруі сияқты табиғат құбылыстарын бір-бірімен байланыстыра түсіндіруді қажет деп көрсетеді.
3.Байланыстырып сөйлеу адамдардың өзара түсінісуін қамтамасыз ететін мағыналы сөздердің сөйлемдегі жүйесі болып табылады немесе ойды жинақы түрде грамматикалық жағынан дұрыс, дәл, анық мазмұндау болып табылады. Сондықтан байланыстырып сөйлеуге үйрету балабақшадағы тіл дамыту жұмысының ең негізі басты бөлігі болып саналады. Балалар ересектердің байланыстыра айтылған сөздерін, алдымен дыбыстарды, жекелеген буындарды, сөздерді меңгеру арқылы түсіне бастайды. 2,5-3 айда сәбилер үлкен адамдардың сөздеріне, ойыншықтардың дыбыстарына елеңдей бастайды. 3 айдан 5-6 айға дейін сәбидің дыбысты айыру және оған көңіл қоятындай қабілеті дамиды. Яғни бала өзіне таныс қимылды білдіретін сөздерді түсінеді (мысалы, қолыңды бер т.б.).
1,5-2 жасқа дейін бала үлкендердің айтқан ойыншықты әкел, орнына қой, маған бер деген тапсырмаларын түсіне бастайды. Жалпы баланың бұл кездегі сөйлеуі тұрмыстық қатынас кезінде, яғни, тамақтану, киіндіру, бірге серуендеу, ойын кезіндегі үлкендердің олармен сөйлеп отырулары арқылы қалыптасады. Балалар осы кезде өздері жиі еститін сөздерді ұғып алады, бірақ ұл кезде баламан сөйлескен кезде сәби үлкендердің айтқан әрбір сөзін, заттардың шартты белгісі ретінде қабылдайтындай етіп әр сөзді анық, сөйлемдерді, сөз тіркестерін қысқа түрде айту керек. Бала үш жасқа келгенде пассивті сөздік қоры көбейіп, бала тілінің грамматикалық құрамына көңіл бөлуі қажет.4 жаста бала сол сәтте болып жатқан іс-әрекетке емес өтіп кеткен іс-әрекет жайында да үйренуі керек. Осымен байланысты балада байқағыштық өз ойын жеткізе білуі қалыптасады. 5 жаста балалар тек қана тыңдаған шығарманың мазмұнын түсініп қоймай, ондағы кейіпкерлердің ерекшеліктерін жағымды, жағымсыз әрекеттерін талдауға, шығарма тіліндегі бейнелі сөздерді меңгеруге жаттығады. Бұл жастағы балалар өзі қайталап жүрген шығарманы суреттеп байланыстырып сөйлеуге, картинаның мазмұнын айтуға дағдыланады. Ал 6 жасқа келгенде өзі тыңдаған ертегі немесе қызықты әңгімелердің оқиғаларын өз қиялымен одан әрі дамытып айтуға жаттықтырады.
4.Мектеп жасына дейінгі балаларды байланыстырып сөйлеуге үйретудің 2 түрі бар:
1. Екі немесе одан да көп адамдардың арасындағы әңгімелесу-диалог деп атайды. Мұндай әңгімелесудің мақсаты бір нәрсе жайында сұрап соған жауап алу. Байланыстырып сөйлеудің бұл түрін үйретуінде алдын ала әзірленген әңгімелесу әдісі қолданады. Алдын ала әзірленген әңгімелесудің міндеті балаларды өз ойын жеткізе білуге тәрбиелеу және әңгіме айтушыны тыңдай білуге үйрету. Алдын ала әзірленген әңгімелесу бірнеше күн бұрынғы дайындық арқылы іске асырылады. Яғни тәрбиеші топтағы балаларға әңгімеге тақырып боларлық нәрсе жайында қысқаша түсінік беріп таныстырады. Тәрбиешінің мұндай әңгімесі кіріспеден, әңгіме тақырыбын одан әрі дамытудан және әңгмелердің аяқталуынан қорытындыдан тұрады. Мұндағы кіріспе сөздердің мақсаты әңгіме болып отырған тақырыпқа балалардың назарын аудару. Ал әңгіме тақырыптың өрістеуі белгілі бір мақсатқа негізделіп, сол оқиғаны немесе нәрсені балаларға толық таныстыруды көздейді. Әңгімені жұмбақ айту, өлеңдер оқу немесе картиналар көрсету арқылы жүзеге асыруға болады.
Байланыстырып сөйлеудің 2-ші түрі монологты яғни бір адамдардың байланыстыра сөйлеген сөзі. Байланыстырып сөйлеудің бұл түріне үйрету 2 жастан басталады. Зерттеулердің көрсетуінше бес жасқа келгенде бала көргенін, байқағанын, тыңдағанын өз сөзімен айтып бере алады. Монологты сөзге үйретуде қолданылатын негізгі әдістер қайталап айту және ойдан шығарып айту. Қайталап айту кезінде бала тәрбиеші түсіндірген әңгіме, ертегі, тақпақтардың мазмұнын өзінің ұғынуы бойынша баяндайды.
Ал ойдан шығарып айтқанда бала тәрбиеші оқып берген ертегілердің оқиғасын өз қиялымен одан әрі жалғастырады және балабақшаға дейін өзі кездестірген оқиғалар жайында ойдан құрап жеткізеді.
5.Педагогика саласында тіл біліміне ерекше мән беріліп, тіл мен сана, сөйлеу мен ойлау өте тығыз байланысты қарастырылады. Адам ойы сөйлеу тілінде көрініс табатындықтан, дұрыс сөз құрау, өз ойын нақты да, тиянақты жеткізу ақыл-ойдың көрінісі болмақ. Сөздердің грамматикалық жұйесін, оларды қолдану тәсілдерін меңгеру арқылы адамның ойлау жүйесі де дамиды. Сонымен қатар көргенін айтып талдау арқылы бала қоршаған дүниені таниды.
Көптеген педагог-ғалымдардың (Х.Досмұхамедов, Ж.Аймауытов, М.Жұмабаев және т.б.) еңбектерінде толық ашылған. Ал Н.Құлжанова мектепке дейінгі тәрбие мәселесін зерттей келіп, баланың нені үйренуі керектігіне тоқтала келіп:
- сөйлеу, яғни сөз бен сөзді байланыстырып, өзінің ойын, талабын, көңіл сезімдерін басқаға жеткізу;
- ойлай білу сырттан алып, ойға тоқыған заттарды салыстырып, ұқсастығы мен айырмашылығын тауып, әр нәрсе туралы өзінің ойын айтып, бір пікір шығару;
- ойға тоқығанды және оған деген көз көзқарасын жарыққа шығару (ойын, сурет, әңгіме арқылы);
- балаға сусындай керегінің бірі – сөйлеу. Түрлі білімнің түбірі, негізгі баланың сөйлеуі, білуге құмарлығы деп тұжырымдаған.
Баланың ойлау әрекеті үнемі дамып, мазмұны жағынан өрістеуі олардың түрлі іс-әрекеттерінің нәтижесінде жүзеге асады. Мұндай ерекшеліктер баланы әрбір нәрсені алдын-ала көріп, оларды қайта жасауға және сипаттап айтып беруге мүмкіндік береді. Бала алдына сол нәрселердің мәнін танып білуді арнайы міндет етіп қояды. Байқалған құбылыстарды анықтап түсінік беріп, оған жауап іздестіреді.
Мектеп жасына дейінгі балалардың тағы бір ерекшелігі – олар өздерін қызықтырған мәселелердің мәнін түсінулері үшін өздерінше тәжірибелер жасауға қызығады. Сөйтіп құбылыстар мен заттарды бақылап көріп, оларға талдау жасайды, өздерінше қорытындылар жасап әңгімелеуге ұмтылады. Мұндай әрекеттердің бәрі әңгімелеу барысында баланың ойлау тәсілдерін дамыта түсінуіне серік тудырып, дүние танымның өрістеуіне жол ашады.
Ең басты – ойлау әрекетімен тығыз байланысты дамып отыратын тілді, оның құрылымын меңгереді. Бала ақыл-ойының деңгейі, тек білім көлемімен ғана емес, сонымен бірге оның өсіп жетілуінде оған әлі де беймәлім білімдер жүйесін қалыптастырып отыру деңгейінен анықталады. Тіл мен ой әлемі бір тұтас байланыстырып сөйлеуде баланың логикалық ойы, түсінген нәрсені дұрыс ұғынып, басқалараға да түсіндіріп айта алуы көрініс табады. Баланың сөзіне қарап оның ойлау қабілеті мен тілінің дамуы туралы қорытынды жасау мүмкіндігі туады.
7-8 дәріс тақырыбы:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   43




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет