2-тарау. Білім беру ұйымдарын бағалау өлшемшарттары
3. Бағаланатын кезеңге өлшемшарттар:
1) «Білім туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес мемлекеттік аттестаттау болып табылмайтын білім беру ұйымдарын жыл сайынғы бағалау оқу нәтижелеріне бағалау жүргізбей өткізіледі, сонымен қатар білім алушылардың қорытынды аттестаттауын ескере отырып, бағаланатын кезең толық оқу жылы болып табылады;
2) мемлекеттік аттестаттау алдындағы білім беру ұйымдарына бағалау оқу нәтижелеріне бағалау қолдану арқылы мемлекеттік аттестаттау басталғанға дейін бір ай бұрын өткізіледі, сонымен қатар бағаланатын кезең бұрын өткен екі оқу жылы мен ағымдағы оқу жылы болып табылады.
4. Оқыту нәтижелерін бағалау өлшемшарттары келесі нақты өлшеуіштерге сәйкес жүзеге асырылады:
1) оқыту нәтижелеріне бағалау 4, 9-сыныптардың білім алушылары арасында білім беру саласындағы уәкілетті орган айқындаған тестілеу мәселелері жөніндегі ұйым әзірлеген компьютерлік форматтағы кешенді тестілеу (бұдан әрі – компьютерлік тестілеу) технологиясы бойынша жүргізіледі;
2) компьютерлік тестілеу білім беру саласындағы уәкілетті органның ведомствосы және оның аумақтық бөлімшелері лауазымды тұлғаларының байқаушы ретінде қатысуымен жүзеге асырылады;
3) оқыту нәтижелерін бағалау кезінде білім алушыларға өз білімдері, іскерліктері мен дағдыларының деңгейін көрсету үшін бірыңғай жағдайлар мен тең мүмкіндіктер жасалады;
4) компьютерлік тестілеу контингенттің тізімдік құрамынан білім алушылардың төменінде 90 %-ы қатысқан кезде жүргізіледі (бітірушілердің жалпы саны 10 немесе одан аз білім алушыларды құрайтын білім беру ұйымдары үшін – төменінде 80 %);
5) карантин, әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар себебінен оқыту нәтижелерін бағалауға жататын 4, 9-сыныптар білім алушыларының қашықтықтан оқыту кезінде компьютерлік тестілеу тиісті мемлекеттік органдардың шектеу шаралары алынғанға дейінгі мерзімге ауыстырылады;
6) білім алушылар компьютерлік тестілеу рәсімдерінен босатылады және мынадай жағдайларда оқыту нәтижелерін бағалауға жататын білім алушылар контингентінің тізімдік құрамына енгізілмейді:
психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияның қорытындылары (ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар балалар үшін);
білім беру ұйымдарын бағалау кезеңіндегі денсаулық жағдайы бойынша дәрігерлік-консультациялық комиссияның қорытындысы немесе денсаулығының жай-күйі бойынша полимеразды тізбекті реакцияның оң нәтижелері;
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2011 жылғы 7 желтоқсандағы № 514 бұйрығымен (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №7355 тіркелген) бекітілген Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық және халықаралық олимпиадалар мен ғылыми жобалар конкурстарының (ғылыми жарыстардың), орындаушылар конкурстарының, кәсіби шеберлік конкурстарының және спорттық жарыстардың тізбесіне сәйкес олимпиадаларға, конкурстарға және жарыстарға қатысу туралы білім басқармасының бұйрығы;
7) бастауыш, негізгі орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының білім алушылары үшін компьютерлік тестілеу кезіндегі бағалау шәкілі (пайыздық қатынаста) мынадай түрде айқындалады:
«өте жақсы» – 85-100 %;
«жақсы» – 65-84 %;
«қанағаттанарлық» – 40-64 %;
«қанағаттанарлықсыз» – дұрыс жауаптар емтихан материалындағы сұрақтар санынан 40 % -дан төмен болғанда;
8) компьютерлік тестілеу нәтижелері цифрлық бес балдық жүйе бойынша бағаланады, сонымен қоса оқыту нәтижелерін бағалау қорытындылары бойынша апелляция рәсімі көзделмеген;
9) білім алушылардың дайындық деңгейін бағалау нәтижелері осы тармақтың 4) тармақшасында көрсетілген контингенттің тізімдік құрамынан төменінде 40 %-дан төмен емес білім алушылардың «қанағаттанарлық» деген бағадан төмен емес дұрыс жауап бергені білім беру ұйымымен айқындалған жағдайда Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 3 тамыздағы № 348 бұйрығымен бекітілген бастауыш, негізгі орта білім беру стандартының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 29031 болып тіркелген) талаптарына сәйкес келеді деп есептеледі.
5. Білім беру ұйымдарын бағалау өлшемшарттарына «үлгілі» - 5, «жақсы» - 4, «жақсартуды қажет етеді» - 3, «төмен» - 2 деңгейлерінің біріне сәйкес келетін өлшеуіштер және балл қолданылады.
6. Білім беру ұйымдарын бағалау өлшемшарттарына өлшеуіштер, осы Өлшемшарттардың 1, 2, 3, 4-қосымшаларына сәйкес қолданылады.
7. Білім беру ұйымы қызметінің деңгейін бағалау өлшемшарттар балдарының жалпы сомасы бойынша айқындалады.
Білім беру ұйымының білім беру қызметі мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының талаптарына сәйкес келмесе, білім беру ұйымдарының қызметін бағалау кезінде балдардың қорытынды сомасы 50% - ға төмендейді.
8. Білім беру саласындағы уәкілетті орган айқындаған нысан бойынша көрсетілетін білім беру қызметтеріне қанағаттану деңгейін айқындау үшін білім беру саласындағы уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшелерінің қызметкерлері онлайн форматта сауалнама жүргізеді:
мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында –педагогтер, мектепалды жастағы тәрбиеленушілердің ата-аналары (заңды өкілдері); мектепалды жастағы топтар болмаса – ересек жастағы тәрбиеленушілердің ата-аналары (заңды өкілдері);
бастауыш, негізгі орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында – педагогтер, 4, 9-сыныптардың білім алушыларына және олардың ата-аналарына (заңды өкілдеріне); білім беру ұйымында бітіруші сыныптар болмаса – жоғары сыныптардың білім алушыларымен және ата-аналарымен (заңды өкілдері);
техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында – педагогтерге, жұмыс берушілерге, өндірістік практика базаларының басшыларына және бітіруші курстардың білім алушыларына; білім беру ұйымында бітіруші курстар болмаса – жоғары курстардың білім алушыларына.
Педагогтерге, жұмыс берушілерге, өндірістік практика базаларының басшыларына сауалнама 90% -дан кем емесреспонденттер қатысқан кезде жүргізіледі.
Білім алушыларға, білім алушылардың (тәрбиеленушілердің) ата – аналарына (заңды өкілдері) сауалнама респонденттердің төменінде 90% - ы (білім беру ұйымдары үшін, білім алушылардың (тәрбиеленушілердің) жалпы саны төменінде 80% - ды құрайтын білім алушылар (тәрбиеленушілер) үшін) қатысқан кезде жүргізіледі.
1-параграф. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарын бағалау өлшемшарттары
9. Тәрбие және оқыту нәтижелеріне бағдарлана отырып мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мазмұнына өлшемшарттар:
1) оқу жұмыс жоспарлары мен ұйымдастырылған қызметтің Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 3 тамыздағы № 348 бұйрығымен бекітілген (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 29031 болып тіркелген) Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандартының және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 20 желтоқсандағы № 557 бұйрығымен (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8275 болып тіркелген) бекітілген Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу жоспарының (бұдан әрі – ҮОЖ) талаптарына сәйкестігі;
2) білім беру қызметін Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің міндетін атқарушының 2016 жылғы 12 тамыздағы № 499 бұйрығымен бекітілген (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14235 болып тіркелген) Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасына (бұдан әрі – МДТО үлгілік оқу бағдарламасы) және білім беру бағдарламаларына (вариативті, жеке, бейімделген, қосымша) сәйкес іске асыру;
3) Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 31 тамыздағы № 385 бұйрығымен (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 29329 болып тіркелген) бекітілген Мектепке дейінгі ұйымдар қызметінің үлгілік қағидаларын (бұдан әрі-Үлгілік қағидалар) сақтау;
4) баланың даму мониторингін қамтамасыз ететін және оның жеке дамуын жоспарлаудың негізі болып табылатын мектепалды жастағы тәрбиеленушілерді оқыту нәтижелерінің болуы;
5) тәрбиеленушілердің даму мониторингісінің (бастапқы) болуы және нәтижелерін талдау;
6) үлгілік оқу бағдарламасына қосымшаға сәйкес балалардың жасын ескере отырып, тәрбиеленушілердің жетістіктерін мониторингілеу нәтижелерінің (қорытынды) болуы және талдау;
10.Тәрбиеленушілердің оқу жүктемесінің ең жоғары көлеміне өлшемшарттар:
1) МДТО ҮОЖ белгіленген тәрбиеленушілердің оқу жүктемесінің ең жоғары көлеміне қойылатын талаптарға сәйкестігі және сақталуы.
11. Тәрбие мен оқыту мерзіміне қойылатын талаптар:
1) балалардың жасын ескере отырып, жас топтарын қалыптастыру кезінде талаптарды сақтау;
2) тәрбиеленушіні 1-сыныпқа қабылдағанға дейін МДТО үлгілік оқу бағдарламасын игеру бойынша талаптарды сақтау.
2-параграф. Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарын бағалау өлшемшарттары
12. Оқыту нәтижелеріне бағдарлана отырып, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беру мазмұнына өлшемшарттар:
1) білім беру ұйымының басшысымен бекітілген жұмыс оқу жоспары мен сабақтар кестелерінің болуы және Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 3 тамыздағы №348 бұйрығымен бекітілген бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 29031 болып тіркелген) талаптарына және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 8 қарашадағы № 500 бұйрығымен бекітілген (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8170 болып тіркелген) бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің үлгілік оқу жоспарларына (бұдан әрі – ҮОЖ) сәйкестігі;
2) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 3 сәуірдегі № 115 бұйрығымен бекітілген (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8424 болып тіркелген) жалпы білім беретін пәндер бойынша үлгілік оқу бағдарламаларына (бұдан әрі – ЖББ үлгілік оқу бағдарламалары) сәйкес жүзеге асырылатын оқу пәндерінің базалық мазмұнын игеру;
3) білім алушылардың таным мәселелерін шешуге және субъективті жаңа білімді меңгеруге, ұлттық дәстүрлерді, мәдениетті зерделеуге және жалпыадамзаттық құндылықтарды дарытуға бағытталған тәрбие жұмысын іске асыру;
4) білім алушылардың рухани-адамгершілік, азаматтық-патриоттық, көртөмендік-эстетикалық, еңбек және дене тәрбиесін іске асыруды қамтамасыз ететін жиынтығында сабақтан тыс іс-әрекеттің әртүрлі нысандарын ұйымдастыру сабақтан тыс іс-әрекеттің әртүрлі нысандарын ұйымдастыру;
5) білім алушылардың жеке мүдделері мен қажеттіліктерін ескере отырып, бейінді оқытуды іске асыру (оқытудың тереңдетілген және стандартты деңгейі);
6) ерекше білім беру қажеттілігі бар білім алушылардың ерекшеліктерін және жеке мүмкіндіктерін ескере отырып оқыту процесін ұйымдастыру;
7) ҮОЖ сәйкес жүзеге асырылатын вариативтік компоненттің факультативтері мен таңдау курстарын іске асыру;
8) «Өмір қауіпсіздігінің негіздері» міндетті оқу курсын игеру;
9) «Жолда жүру ережелері» міндетті оқу курсын іске асыру;
10) Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 24 қарашадағы № 473 бұйрығымен бекітілген (нормативтік құқықтық актілер тізілімінде № 30721 болып тіркелген) бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, діни білім беру ұйымдарының білім беру қызметіне қойылатын біліктілік талаптарын және оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесін (бұдан әрі – біліктілік талаптары) сақтау.
13. Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің білім алушыларының оқу жүктемесінің ең жоғары көлеміне өлшемшарттар:
1) білім алушылардың апталық оқу жүктемесінің ең жоғары көлемінің сәйкестігі және сақталуы;
2) білім алушылардың инвариантты және вариативті компонентін (арнайы білім беру ұйымы үшін түзету компоненті) құрайтын оқу жүктемесінің жалпы көлемінің, сондай-ақ ҮОЖ-мен белгіленген сыныптар бойынша апталық және жылдық оқу жүктемесінің сәйкестігі және сақталуы;
3) сыныптарды, оның ішінде инклюзивті білім беру шеңберінде ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар білім алушылардың ерекшеліктерін ескере отырып, топтарға бөлуге қойылатын талаптарды сақтау.
14. Білім алушылардың дайындық деңгейіне өлшемшарттар:
1) ЖБП үлгілік оқу бағдарламалары мен Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 3 тамыздағы №348 бұйрығымен бекітілген бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 29031 болып тіркелген) талаптарына сәйкес тиісті білім беру деңгейінің әрбір білім беру саласы (және оқу пәндеріне) бойынша білім алушылардың дайындық деңгейі (оқытудан күтілетін нәтижелер);
2) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 21 қаңтардағы № 52 бұйрығымен бекітілген (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №13137 болып тіркелген) білім алушылардың білімін бағалау өлшемшарттарына сәйкес білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалауды жүзеге асыру мен қалыптастырушы және жиынтық бағалау талаптарын сақтау;
3) Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 3 тамыздағы №348 бұйрығымен бекітілген бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 29031 болып тіркелген) талаптарына сәйкес ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар білім алушыларды оқыту кезінде инклюзивті білім берудің (дамудың бұзылуын түзету және әлеуметтік бейімдеу) талаптарын орындау;
4) 4,9-сыныптардың білім алушыларымен күтілетін оқу нәтижелеріне қол жеткізуін айқындау және тиісті білім деңгейінің мемлекеттік жалпы білім беру стандартының талаптарында көзделген білім беретін оқу бағдарламаларын меңгеру бойынша оқыту нәтижелерін бағалау.
15. Оқу мерзіміне өлшемшарттар:
1) тиісті деңгейдегі жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын игеру мерзімдеріне қойылатын талаптарды сақтау;
2) сыныптар бойынша оқу жылының ұзақтығына және күнтізбелік жылдағыканикул уақытының ұзақтығына қойылатын талаптарды сақтау.
3-параграф. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарын бағалау өлшемшарттары
16. Оқыту нәтижелеріне бағдарлана отырып техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің мазмұнына өлшемшарттар:
1) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 6 сәуірдегі №130 бұйрығымен бекітілген (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №20317 болып тіркелген) Орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтері жүргізуі үшін міндетті құжаттардың тізбесіне сәйкес әзірленген және бекітілген оқу жылына арналған жұмыс жоспарының (қызмет бағыттары бойынша) болуы жәнетехникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің білім беру бағдарламаларыныңмазмұнына сәйкестігі:
жалпы білім беретін, жалпы гуманитарлық, жалпы кәсіптік, арнайы пәндерді оқыту немесе жалпы білім беретін пәндерді, базалық және кәсіптік модульдерді оқыту;
зертханалық-практикалық сабақтарды орындау;
өндірістік оқытудан және кәсіптік практикадан өту;
аралық және қорытынды аттестаттауды тапсыру;
егер жұмыс оқу бағдарламалары мен жоспарында өзгеше көзделмесе, курстық және дипломдық (жазбаша немесе практикалық) жұмысты орындауға;
бакалавриаттың білім беру бағдарламаларының жекелеген модульдерін немесе пәндерін қоса отырып, техникалық және кәсіптік білім берудің модульдерге интеграцияланған білім беру бағдарламаларын оқыту;
2) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары (бұдан әрі-ТжКОБкБ) жұмыс берушілердің қатысуымен Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 3 тамыздағы №348 бұйрығымен бекітілген техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру стандарты (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 29031 болып тіркелген), кәсіптік стандарттар (бар болса), WorldSkills (Ворлдскилс) кәсіптік стандарттары (бар болса) талаптарының негізінде әзірлеген білім беру бағдарламаларының болуы;
3) Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 3 тамыздағы №348 бұйрығымен бекітілген техникалық және кәсіптік білім беру стандарты (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 29031 болып тіркелген) 1, 2-қосымшаларына сәйкес техникалық және кәсіптік білім берудің (бұдан әрі- ТжКБ) оқу жоспарының моделінегізінде әзірленген оқу жұмыс жоспарларының болуы;
4) оқыту нәтижелеріне бағдарлана отырып, оқу жоспарының барлық пәндері және (немесе) модульдері бойынша ТжКОКкБ бекіткен жұмыс оқу бағдарламаларының болуы;
5) білім алушылардың психофизикалық даму ерекшеліктері мен жеке мүмкіндіктерін ескере отырып, ерекше білім беру қажеттілігі бар адамдар үшін жеке оқу жоспарын және арнайы оқу бағдарламасын (бар болған жағдайда) іске асыру;
6) қоғамдық-гуманитарлық, жаратылыстану-математикалық бағыттары бойынша мамандық бейінін ескере отырып, міндетті жалпы білім беретін пәндердің, сондай-ақ тереңдетілген және стандартты оқыту деңгейлеріндегі пәндердің тізбесі мен көлемінің сәйкестігі (техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары үшін);
7) бакалавриаттың білім беру бағдарламаларының жекелеген модульдерін немесе пәндерін енгізе отырып, модульдерге интеграцияланған техникалық және кәсіптік білім беру бағдарламаларын зерделеу (орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары үшін);
8) жалпы гуманитарлық, әлеуметтік-экономикалық пәндерді немесе базалық модульдерді, сондай-ақ кәсіптік модульдерді (әскери мамандықтарды қоспағанда) оқыту;
9) Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 3 тамыздағы №348 бұйрығымен бекітілген техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру стандарты (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 29031 болып тіркелген) талаптарына сәйкес өндірістік оқыту мен кәсіптік практиканы жүзеге асыру және одан өту;
10) Оқыту нәтижелерінің жетістіктерін бағалауды әртүрлі бақылау түрлері арқылы үлгерімді ағымдағы бақылау, аралық және қорытынды аттестаттау жүргізу;
11) білім алушылардың психофизикалық даму ерекшеліктерімен жеке мүмкіндіктерін ескере отырып, ТжКБ білім беру бағдарламасын ішінара немесе толық игеруді көздейтін инклюзивті білім беру жағдайында ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар адамдарды оқыту үшін (ақыл-ойы сақталмаған адамдар болған кезде) әзірленген арнайы оқу бағдарламаларының болуы;
12) білім алушылардың физикалық бұзушылықтары мен жеке мүмкіндіктерін ескере отырып, ТжКБ мамандығы бойынша білім беру бағдарламасы негізінде инклюзивті білім беру жағдайында ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар адамдарды оқыту үшін (ақыл-ойы сақталған адамдар болған кезде) әзірленген жеке оқу бағдарламалары мен жоспарларының болуы.
17. Білім алушылардың оқу жүктемесінің ең жоғары көлеміне өлшемшарттар:
1) күндізгі оқу нысанында міндетті оқу жүктемесі,сондай-ақ факультативтік сабақтар мен консультацияларды қоса алғанда, білім алушылардың аптадағы оқу жүктемесінің ең жоғары көлеміне қойылатын талаптардың сақталуы және сәйкестігі;
2) міндетті оқытуға арналған оқу уақытының көлемін сақтау;
3) әрбір пән және (немесе) модуль немесе оқу жұмысының басқа түрлері бойынша меңгеретін оқыту нәтижелері бойынша білім алушының оқу жүктемесінің көлемін сақтау;
4) күндізгі оқыту нысанына көзделген тиісті оқу уақыты көлемінен кешкі оқыту нысаны үшін 70%-дан төмен емес және сырттай оқу нысаны үшін
30%-дан төмен емес міндетті оқу сабақтары уақыты көлемінің сақталуы.
18. Ұлттық біліктілік шеңберінің, салалық біліктілік шеңберлерінің және кәсіптік стандарттардың дескрипторларымен айқындалалатын білім алушылардың дайындық деңгейіне өлшемшарттар;
19. Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 3 тамыздағы №348 бұйрығымен бекітілген техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру стандарты (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 29031 болып тіркелген) талаптарына сәйкес білім беру бағдарламаларын меңгеру мерзімдерінің сақталуына өлшемшарттар.
Білім беру ұйымдарын бағалау
өлшемшарттарының
1-қосымшасы
Достарыңызбен бөлісу: |