Білім беру ұйымдарын бағалау өлшемшарттарын бекіту туралы


-тарау. Білім беру ұйымдарын бағалау өлшемшарттары



бет3/12
Дата06.12.2022
өлшемі64.1 Kb.
#466618
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
124 бұйрық

2-тарау. Білім беру ұйымдарын бағалау өлшемшарттары

3. Бағаланатын кезеңге қойылатын талаптар:


1) Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне және "Білім туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес алдыңғы бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау (бұдан әрі – бармай профилактикалық бақылау) болып табылмайтын білім беру ұйымдарын жыл сайынғы бағалау оқу нәтижелеріне бағалау жүргізбей өткізіледі, сонымен қатар білім алушылардың қорытынды аттестаттауын ескере отырып, бағаланатын кезең толық оқу жылы болып табылады;


2) бармай профилактикалық бақылау алдындағы білім беру ұйымдарына бағалау оқу нәтижелеріне бағалау қолдану арқылы өткізіледі, сонымен қатар бағаланатын кезең бұрын өткен төрт оқу жылы мен ағымдағы оқу жылы осы бақылау басталғанға дейінгі бір ай болып табылады.


4. Оқыту нәтижелерін бағалау өлшемшарттары келесі нақты өлшеуіштерге сәйкес жүзеге асырылады:


1) оқыту нәтижелеріне бағалау жоғары оқу орнынан кейінгі докторантураны қоспағанда, 4, 9, 11-сыныптардың және бітіруші курстардың білім алушылары арасында жүргізіледі;


2) білім беру ұйымында бітіруші сыныптар мен курстар болмаған жағдайда, оқыту нәтижелерін бағалау жоғары сынып және курс білім алушыларымен өткен оқу материалына сәйкес жүргізіледі;


3) оқыту нәтижелерін бағалау білім беру ұйымдарында, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарын қоспағанда, білім беру саласындағы уәкілетті органмен айқындалған тестілеу мәселелері жөніндегі ұйым әзірлеген компьютерлік форматтағы кешенді тестілеу (бұдан әрі – компьютерлік тестілеу) технологиясы бойынша жүргізіледі;


техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары тест тапсырмаларын білім беру бағдарламалары шеңберінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 604 бұйрығымен бекітілген (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17669 болып тіркелген) тиісті деңгейдегі мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының (бұдан әрі – МЖМБС) талаптарына сәйкес дербес әзірлейді және тестілерді өткізу нысанын (бұдан әрі – тестілік бақылау) таңдайды;


4) оқыту нәтижелерін бағалау кезінде білім алушыларға өз білімдері, іскерліктері мен дағдыларының деңгейін көрсету үшін бірыңғай жағдайлар мен тең мүмкіндіктер жасалады;


компьютерлік тестілеу және тестілік бақылау білім беру саласындағы уәкілетті органмен айқындалған бақылаушылардың қатысуымен жүзеге асырылады;


5) мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында оқыту нәтижелерін бағалаудың орнына тәрбиеленушілердің оқу жылы ішіндегі жетістіктеріне мониторинг жүргізіледі (біліктер мен дағдылардың диагностикасы);


мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарымен жүргізілген тәрбиеленушілер жетістіктерінің мониторинг деректерінің сәйкестігін айқындау үшін мектепалды жастағы тәрбиеленушілердің ата-аналарына (заңды өкілдеріне) сауалнама жүргізіледі, мектепалды жастағы топтар болмаған жағдайда сауалнама ересек жастағы тәрбиеленушілердің ата-аналарына (заңды өкілдеріне) жүргізіледі;


6) компьютерлік тестілеу немесе тестілік бақылау немесе ата-аналармен (заңды өкілдермен) сауалнама оқыту нәтижелерін бағалауға жататын белгілі бір білім деңгейі немесе мамандық (даярлау бағыты) бойынша контингенттің тізімдік құрамынан білім алушылардың (тәрбиеленушілердің) кемінде 90 %-ы тестілеуге қатысқан кезде жүргізіледі (бітірушілердің жалпы саны 10 немесе одан аз білім алушыларды (тәрбиеленушілерді) құрайтын білім беру ұйымдары үшін – кемінде 80 %);


7) бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының білім алушылары үшін компьютерлік тестілеу кезіндегі бағалау шәкілі (пайыздық қатынаста) мынадай түрде айқындалады:


"өте жақсы" – 85-100 %;


"жақсы" – 65-84 %;


"қанағаттанарлық" – 40-64 %;


"қанағаттанарлықсыз" – дұрыс жауаптар емтихан материалындағы сұрақтар санынан 40 % -дан кем болғанда;


8) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының білім алушылары үшін тестілік бақылау кезіндегі бағалау шәкілі (пайыздық қатынаста) мынадай түрде айқындалады:


"өте жақсы" – 90-100 %;


"жақсы" – 70-89 %;


"қанағаттанарлық" – 50-69 %;


"қанағаттанарлықсыз" – дұрыс жауаптар емтихан материалындағы сұрақтар санынан 50 %-дан кем болғанда;


9) компьютерлік тестілеу және тестілік бақылау нәтижелері төрт балдық жүйе бойынша бағаланады, сонымен қоса оқыту нәтижелерін бағалау қорытындылары бойынша апелляция рәсімі көзделмеген;


10) мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары үшін тәрбиеленушілердің жетістіктерін мониторингтеу нәтижелері (білік пен дағдылар диагностикасы) осы тармақтың 6) тармақшасында көрсетілген 50 %-дан кем емес респонденттердің МЖМБС 2-қосымшасына сәйкес тәрбиеленушілердің дайындық деңгейіне қанағаттанған жағдайда МЖМБС талаптарына сәйкес деп есептеледі;


11) бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары үшін білім алушылардың дайындық деңгейін бағалау нәтижелері осы тармақтың 6) тармақшасында көрсетілген контингенттің тізімдік құрамынан кемінде 40 %-дан кем емес білім алушылардың "қанағаттанарлық" деген бағадан төмен емес дұрыс жауап бергені білім беру ұйымымен айқындалған жағдайда МЖМБС талаптарына сәйкес келеді деп есептеледі;


12) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары үшін білім алушылардың дайындық деңгейін бағалау нәтижелері осы тармақтың 6) тармақшасында көрсетілген контингенттің тізімдік құрамынан 50 %-дан кем емес білім алушылардың "қанағаттанарлық" деген бағадан төмен емес дұрыс жауап бергені білім беру ұйымымен айқындалған жағдайда МЖМБС талаптарына сәйкес келеді деп есептеледі;


13) әскери және арнаулы оқу орындарында жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары үшін білім алушылардың дайындық деңгейін бағалау нәтижелері осы тармақтың 6) тармақшасында көрсетілген контингенттің тізімдік құрамынан 70 %-дан кем емес білім алушылардың дұрыс жауап бергені білім беру ұйымымен айқындалған жағдайда МЖМБС талаптарына сәйкес келеді деп есептеледі.


5. Әскери және арнаулы оқу орындарындағы жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беруді қоспағанда, білім беру ұйымдарын бағалау өлшемшарттарына "uzdik", "zhaqsy", "ortasha" бағаларының біріне сәйкес келетін өлшеуіштер қолданылады.


Бағалауға сәйкес келетін балл:


"uzdik" – 5;


"zhaqsy" – 4;


"ortasha" – 3.


6. Білім беру ұйымдарын бағалау өлшемшарттарына өлшеуіштер, осы Өлшемшарттардың 1, 2, 3, 4, 5-қосымшаларына сәйкес қолданылады.


7. Білім беру ұйымына баға жақын бүтіндікке дөңгелектеу арқылы өлшемшарттар бойынша бағалар сомасының орташа арифметикалық мәні ретінде қойылады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет