3-параграф. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарын бағалау өлшемшарттары
17. Оқыту нәтижелеріне бағдарлана отырып техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің мазмұнына қойылатын талаптар:
1) білім беру ұйымдарының жылдық жұмыс жоспарының болуы және техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің міндеттеріне сәйкестігі:
тұлғаны қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби шыңдауға бағытталған сапалы білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау;
білім алушылармен кәсіби бағдарлау жұмысын қамтамасыз ету;
теориялық оқыту, өндірісте оқыту және еңбек нарығының қажеттіліктері арасындағы өзара байланысты қамтамасыз ететін оқыту жүйелерін дамыту;
кәсіптік білім берудің қоғам мен еңбек нарығының өзгеріп отыратын қажеттіліктеріне уақытылы бейімделуіне ықпал ететін оқытудың жаңа технологияларын енгізу және тиімді пайдалану;
техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру бағдарламалары мен өндірісті интеграциялау (бағаланатын кезеңдегі жылдық жоспарлардың көшірмелері қоса беріледі);
2) мыналардың:
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 31 қазандағы № 553 бұйрығымен бекітілген техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру мамандықтары бойынша үлгілік оқу жоспарлары мен үлгілік оқу бағдарламаларының (нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16013 болып тіркелген);
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 15 маусымдағы № 384 бұйрығымен бекітілген техникалық және кәсіптік білім беру мамандықтары бойынша үлгілік оқу жоспарлары мен үлгілік оқу бағдарламаларының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11690 болып тіркелген);
техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің МЖМБС (үлгілік оқу бағдарламалары мен үлгілік оқу жоспарлары болмаған жағдайда бір мамандық шеңберінде ұқсас біліктіліктер бойынша) негізінде техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің әзірленген оқу жұмыс бағдарламаларының (бұдан әрі – ТжКБ ОЖБ) болуы. Бағаланатын кезеңдегі ТжКБ ОБ көшірмелері қоса беріледі;
3) үлгілік оқу жоспары негізінде, ол болмаған жағдайда, техникалық және кәсіптік білім беру МЖБС-ның 1, 2 және 3-қосымшалары мен орта білімнен кейінгі білім берудің МЖМБС қосымшасында келтірілген техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің оқу жоспары модельдерінің, модульдік оқыту технологиясы кезіндегі оқу жоспарының немесе кредиттік оқыту технологиясы кезіндегі оқу жоспары моделінің негізінде оқу нысаны мен мерзімін көрсете отырып белгілі бір бейін, мамандық және біліктілік бойынша әзірленген оқу жұмыс жоспарларының болуы (бұдан әрі – ТжКБ ОЖЖ);
4) оқу бағдарламалары мен жоспарлары негізінде білім беру қызметін жоспарлау және ұйымдастыру (бағаланатын кезеңдегі оқу-тәрбие процесінің бекітілген кестелері мен теориялық және практикалық сабақтар кестелерінің көшірмелері қоса беріледі);
5) білім алушылардың психофизикалық даму ерекшеліктері мен жеке мүмкіндіктерін ескере отырып, ерекше білім беру қажеттілігі бар адамдар үшін жеке оқу жоспарын және арнайы оқу бағдарламасын (бар болған жағдайда) іске асыру (бағаланатын кезеңдегі жеке оқу жоспарының және арнайы оқу бағдарламасының көшірмелері қоса беріледі);
6) техникалық және кәсіптік білім берудің МЖМБС 1-қосымшасына сәйкес білікті жұмысшы кадрлар мен орта буын мамандарының (бар болған жағдайда) деңгейлері үшін техникалық және кәсіптік білім берудің оқу жоспарының моделі бойынша оқу процесін ұйымдастыру және іске асыру;
7) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2011 жылғы 20 сәуірдегі № 152 бұйрығымен бекітілген (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6976 болып тіркелген) техникалық және кәсіптік білім берудің МЖБС-ның 2-қосымшасына және кредиттік оқыту технологиясы бойынша оқу процесін ұйымдастыру қағидаларына сәйкес кредиттік оқыту технологиясы бойынша оқу процесін ұйымдастыру және іске асыру (бар болған жағдайда). Жұмыс оқу жоспарлары мен мамандық бойынша элективті пәндер каталогы және (немесе) модульдері негізінде жасалған бағаланатын кезеңдегі жеке оқу жоспарларының көшірмелері қоса беріледі;
8) техникалық және кәсіптік білім берудің МЖМБС-на 3-қосымшаға сәйкес модульдік оқыту технологиясы бойынша (болған жағдайда) оқу процесін ұйымдастыру және іске асыру;
9) орта білімнен кейінгі білім берудің МЖМБС қосымшасына сәйкес орта білімнен кейінгі білім берудің оқу жоспарының моделі бойынша оқу процесін ұйымдастыру және іске асыру;
10) зерделеудің реттілігін сақтау мен оқу пәндерін және (немесе) модульдерді интеграциялау, оқу уақытын олардың әрқайсысы бойынша курстар мен семестрлер бойынша бөлу;
11) жалпы білім беретін пәндер тізбесі мен көлемін көздейтін бейіндік оқытуды ескере отырып, білім беру мазмұнының кәсіптік бағдарлануын іске асыру;
12) топты кіші топтарға бөлуге қойылатын талаптарды сақтау;
13) факультативтік сабақтар мен консультацияларды іске асыру;
14) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 29 қаңтардағы № 107 бұйрығымен бекітілген (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13395 болып тіркелген) МЖМБС талаптарына және кәсіптік практиканы ұйымдастыру мен өткізу қағидаларына және кәсіпорындарды (ұйымдарды) практика базасы ретінде айқындау қағидаларына сәйкес өндірістік оқыту мен кәсіптік практиканы жүзеге асыру және одан өту;
15) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 18 наурыздағы № 125 бұйрығымен бекітілген (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5191 болып тіркелген) Білім алушылардың үлгеріміне ағымдағы бақылау, аралық және қорытынды аттестаттау жүргізудің үлгілік қағидаларына сәйкес білім алушыларды бақылау, ағымдағы, аралық және қорытынды аттестаттау нысандарын жүргізу;
16) білім беру бағдарламаларының мазмұнына сәйкес ұлттық құндылықтарды дарытуға, патриотизм мен азаматтықты қалыптастыруға, білім алушылардың жан-жақты мүдделері мен қабілеттерін дамытуға бағытталған тәрбие компонентін іске асыру;
17) біліктілік талаптарын сақтау (біліктілік талаптарының сақталуы бойынша барлық растайтын құжаттары (жабдыққа арналған жүкқұжаттардың және/немесе бухгалтерлік есептілік деректерінен негізгі құралдардың тізбесі көшірмелері), осы Өлшемшарттардың 10, 11, 12, 13, 14, 17, 19, 20-қосымшаларына сәйкес толтырылған кестелер, сонымен қатар жалпы білім беру ұйымы, оның ішінде мамандықтар бойынша оқу және оқу-зертханалық жабдықтар мен жиһаздардың болуы жөніндегі бейне материалдар қоса беріледі).
18. Білім алушылардың оқу жүктемесінің ең жоғары көлеміне қойылатын талаптар:
1) МЖМБС белгіленген білім алушылардың оқу жүктемесінің ең жоғары көлеміне қойылатын талаптардың сақталуы және сәйкестігі;
2) МЖМБС талаптарына сәйкес күндізгі оқу нысаны кезіндегі міндетті апталық оқу жүктемесін сақтау;
3) ТжКБ ОЖЖ және МЖМБС талаптарына сәйкес оқу жылының ұзақтығын сақтау;
4) МЖМБС талаптарына сәйкес оқу уақытының көлемін сақтау.
19. Білім алушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптар:
1) білім беру деңгейіне сәйкес білім беру бағдарламаларының мазмұнымен, базалық және кәсіптік құзыреттіліктермен айқындалатын білім алушылардың даярлық деңгейіне қойылатын талаптарды сақтау (бағаланатын кезеңдегі білім алушыларды қорытынды аттестаттау хаттамаларының көшірмелері қоса беріледі);
2) бітіруші курстардағы білім алушылардың құзыреттілігіне қойылған талаптардың (базалық және кәсіби) оқу нәтижелерін бағалау немесе жалпы білім беретін пәндерді және (немесе) кәсіптік модульдерді немесе жалпы кәсіптік, арнайы пәндерді меңгеру деңгейін МЖМБС сәйкестігін бағалау (білім алушылардың білім сапасын, іскерлігін, дағдылары мен құзыреттерін бағалау ведомостарының көшірмелері, сонымен қатар осы Өлшемшарттардың 21 және 22-қосымшаларына сәйкес толтырылған кестелер, қоса беріледі).
20. Оқу мерзіміне қойылатын талаптар: МЖМБС талаптарына сәйкес білім беру бағдарламаларын меңгеру мерзімдерін сақтау.
4-параграф. Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын әскери және арнаулы оқу орындарында іске асыратын білім беру ұйымдарын бағалау өлшемшарттары
21. Оқыту нәтижелеріне бағдарлана отырып, жоғары білім беру мазмұнына қойылатын талаптар:
1) білім беру бағдарламалары негізінде әзірленген оқу жұмыс жоспарларының болуы (бағаланатын кезеңдегі білім беру бағдарламалары бойынша оқу жұмыс жоспарларының көшірмелері қоса беріледі);
2) білім беру бағдарламаларының МЖМБС сәйкестігі (бағаланатын кезеңдегі бағыттар бойынша білім беру бағдарламаларының көшірмелері қоса беріледі);
3) білім беру бағдарламаларының пәндеріне сәйкес оқытушылардың болуы, оқытушылар білімінің оқытатын пәндер бейініне және/немесе "ғылым кандидаты" немесе "ғылым докторы" немесе "философия докторы (РhD)" немесе "бейіні бойынша доктор" ғылыми дәрежесіне немесе "философия докторы (РhD)" немесе "бейіні бойынша доктор" академиялық дәрежесіне немесе "философия докторы (РhD)" немесе "бейіні бойынша доктор" дәрежесіне және/немесе "қауымдастырылған профессор (доцент)" немесе "профессор" ғылыми атағының (бар болған жағдайда) оқытатын пәндер бейініне сәйкестігі (педагог және оқытушы кадрлармен жасақталғаны туралы растайтын құжаттардың көшірмелері, сонымен қатар осы Өлшемшарттардың 10-қосымшасына сәйкес толтырылған кесте қоса беріледі);
4) кадрларды даярлау бағыты бойынша оқытушылардың жалпы санынан лицензиат негізгі жұмыс орны болып табылатын Ұлттық біліктілік шеңберінің 8-деңгейіне сәйкес келетін мамандарды қоса алғандағы, оқытушылардың үлесі-кемінде 60 % болуы;
"Құқық" кадрларды даярлау бағыты бойынша лицензиат негізгі жұмыс орны болып табылатын Ұлттық біліктілік шеңберінің 8-деңгейіне сәйкес келетін мамандарды қоса алғанда, оқытушылардың үлесі кадрларды даярлау бағыты бойынша оқытушылардың жалпы санының кемінде 70 %-ын құруы;
"Құқық" кадрларды даярлау бағыты бойынша оқытылатын пәндер бойынша кемінде 5 жыл практикалық жұмыс тәжірибесі бар оқытушылардың кадрларды даярлау бағыты бойынша оқытушылардың жалпы санынан үлесі кемінде – 60 % болуы (педагог және оқытушы кадрлармен жасақталғанын растайтын құжаттардың көшірмелері, сонымен қатар осы Өлшемшарттардың 10-қосымшасына сәйкес толтырылған кесте қоса беріледі);
5) оқытушылардың жалпы санынан негізгі жұмыс орны лицензиат болып табылатын, "ғылым кандидаты" немесе "ғылым докторы" немесе "философия докторы (РhD)" немесе "бейіні бойынша доктор" ғылыми дәрежесі немесе "философия докторы (РhD)" немесе "бейіні бойынша доктор" академиялық дәрежесі немесе "философия докторы (РhD)" немесе "бейіні бойынша доктор" дәрежесі және/немесе "қауымдастырылған профессор (доцент)" немесе "профессор" ғылыми атағы бар және/немесе әскери (арнайы) атағы подполковниктен төмен емес оқытушылардың жалпы санынан үлесі кемінде 40 % болуы (педагог және оқытушы кадрлармен жасақталғанын растайтын құжаттардың көшірмелері қоса беріледі, сонымен қатар осы Өлшемшарттардың 10-қосымшасына сәйкес толтырылған кесте қоса беріледі);
6) білім алушыларға медициналық қызмет көрсетудің болуы (осы Өлшемшарттардың 11-қосымшасына сәйкес толтырылған кесте, сонымен қатар медициналық қызмет көрсетудің болуын растайтын құжаттардың көшірмелері қоса беріледі);
7) білім алушылар үшін тамақтану объектісінің болуы (санитариялық қағидаларға сәйкес келетін тамақтану объектісінің болуын растайтын құжаттардың көшірмелері, сонымен қатар осы Өлшемшарттардың 12-қосымшасына сәйкес толтырылған кесте қоса беріледі);
8) білім беру қызметтерінің сапасын қамтамасыз ететін меншікті не шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару немесе сенімгерлік басқару құқығындағы материалдық активтердің, оның ішінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 17 ақпандағы № 71 қаулысының 16 бабының 132-1) тармақшасына сәйкес бекітілген санитариялық қағидаларға (бұдан әрі – санитариялық қағидалар) және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2017 жылғы 23 маусымдағы № 439 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15501 болып тіркелген) бекітілген өрт қауіпсіздігі талаптарына (бұдан әрі – өрт қауіпсіздігі талаптары) сәйкес келетін ауданымен оқу үй-жайларының болуы, сонымен қатар білім беру ұйымдарының үй-жайларында және (немесе) іргелес аумақтарында бейнебақылауды қамтамасыз ету (Шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару немесе сенімді басқару құқығын растайтын құжаттардың немесе ғимаратты жалдау шартының және өрт қауіпсіздігі саласындағы сәйкестікті тексеру нәтижелері туралы актінің/хаттың көшірмелері, сонымен қатар осы Өлшемшарттардың 13-қосымшасына сәйкес толтырылған кесте қоса беріледі);
"Ұлттық қауіпсіздік және әскери іс" бағыты бойынша білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары үшін криминалистік полигонның болуы;
9) оқу және ғылыми әдебиет кітапхана қорының болуы: соңғы он жыл ішінде кадрларды даярлау бағытындағы білім беру бағдарламасы пәндерінің 100 %-ын қамтамасыз ететін, оның ішінде оқыту тілі бойынша басып шығарылған баспа және электрондық басылымдар форматында;
"Құқық" бағыты бойынша білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары үшін лицензияланатын халықаралық және ұлттық құқықтық ақпарат базаларына жазылудың болуы (оқу және ғылыми әдебиет қорының болуын растайтын құжаттардың көшірмелері, оның ішінде цифрлық тасымалдағыштарда, сонымен қатар осы Өлшемшарттардың 17 және 19-қосымшаларына сәйкес толтырылған кесте қоса беріледі);
10) оқытушылардың біліктілігін кемінде бес жылда бір рет арттыруды қамтамасыз ету; білім беру ұйымдарының басшылары үшін менеджмент саласында кемінде бес жылда бір рет біліктілігін арттыру (оқытылатын пәндердің бейініне сәйкес немесе оқыту әдістемесі бойынша біліктілікті арттырғанын растайтын құжаттардың көшірмелері, сонымен қатар осы Өлшемшарттардың 18-қосымшасына сәйкес толтырылған кесте қоса беріледі);
11) 3 жылдан кем емес жұмыс өтілі бар Ұлттық біліктілік шеңберінің 8-деңгейіне сәйкес келетін тиісті бейін бойынша оқытушылардың және (немесе) мамандардың студенттердің диплом жұмыстарына (жобаларына) жетекшілік етуі (осы Өлшемшарттардың 23-қосымшасына сәйкес толтырылған кесте қоса беріледі);
12) кадрларды даярлау бағыты бойынша бакалавриат түлектерінің жұмысқа орналасуы туралы мәліметтер, бұл ретте кадрлар даярлау бағыты бойынша бітірушілердің жалпы санынан бітірген жылы жұмысқа орналасқандардың үлесі – кемінде 50 %, оның ішінде кемінде үш ай үздіксіз еңбек қызметімен қамтамасыз етілгені – 50 % (жұмыс орнынан растайтын құжаттардың көшірмелері ұсынылады);
13) жалпы мұқтаж білім алушылар санынан басқа қаладан келген білім алушылардың кемінде 70 %-ының тұруы үшін (жатақханалар/хостелдер/қонақ үйлер) жағдай жасау;
14) білім беру қызметін МЖМБС талаптарына және білім беру бағдарламаларына сәйкес жүзеге асыру;
15) өндірісте практикадан өту және жүзеге асыру;
16) білім алушылардың үлгеріміне ағымдағы, аралық және қорытынды аттестаттау нысандарын жүргізу.
22. Оқыту нәтижелеріне бағдарлана отырып магистратураның білім беру бағдарламалары мазмұнына қойылатын талаптар:
1) білім беру бағдарламалары негізінде әзірленген жұмыс оқу жоспарларының болуы (бағаланатын кезеңдегі білім беру бағдарламалары бойынша жұмыс оқу жоспарларының көшірмелері қоса беріледі);
2) білім беру бағдарламаларының МЖМБС сәйкестігі (бағаланатын кезеңдегі бағыттары бойынша білім беру бағдарламаларының көшірмелері қоса беріледі);
3) кемінде штаттағы төрт оқытушыда:
кадрларды даярлаудың тиісті бағыты бойынша ғылым кандидаты және (немесе) ғылым докторы және (немесе) философия докторы (PhD) және (немесе) бейіні бойынша доктор ғылыми дәрежесінің және (немесе) философия докторы (PhD) академиялық дәрежесінің болуы;
сұратылып отырған "Ұлттық қауіпсіздік және әскери іс" саласындағы кадрларды даярлау бағыты бойынша бір ғылым докторының немесе бір ғылым кандидатының немесе философия (PhD) докторының болуы (педагог және оқытушы кадрлармен жасақталғанын растайтын құжаттардың көшірмелері, сонымен қатар осы Өлшемшарттардың 10-қосымшасына сәйкес толтырылған кесте қоса беріледі);
4) оқытушылардың білім беру бағдарламасының пәндеріне сәйкес қамтамасыз етілуі, оқытушылар білімінің оқытылатын пәндердің бейініне және олардың ғылыми дәрежесіне және/немесе "қауымдастырылған профессор (доцент)" немесе "профессор" ғылыми атағына сәйкестігі (педагог және оқытушы кадрлармен жасақталғанын растайтын құжаттардың көшірмелері, сонымен қатар осы Өлшемшарттардың 10-қосымшасына сәйкес толтырылған кесте қоса беріледі);
5) оқытушылардың жалпы санынан негізгі жұмыс орны лицензиат болып табылатын "ғылым кандидаты" немесе "ғылым докторы" немесе "философия докторы (РhD)" немесе "бейіні бойынша доктор" ғылыми дәрежесі немесе "философия докторы (РhD)" немесе "бейіні бойынша доктор" академиялық дәрежесі немесе "философия докторы (РhD)" немесе "бейіні бойынша доктор" дәрежесі және/немесе "қауымдастырылған профессор (доцент)" немесе "профессор" ғылыми атағы және/немесе әскери (арнайы атағы, сыныптық шені) подполковниктен төмен емес оқытушылардың үлесі – кемінде 40 %-дан кем емес болуы (педагог және оқытушы кадрлармен жасақталғанын растайтын құжаттардың көшірмелері, сонымен қатар осы Өлшемшарттардың 10-қосымшасына сәйкес толтырылған кесте қоса беріледі);
6) білім алушыларға медициналық қызмет көрсетудің болуы (медициналық қызмет көрсетудің болуын растайтын құжаттардың көшірмелері, сонымен қатар осы Өлшемшарттардың 11-қосымшасына сәйкес толтырылған кесте қоса беріледі);
7) білім алушылар үшін тамақтану объектісінің болуы (санитариялық қағидалар мен нормаларға сәйкес келетін тамақтану объектісінің болуын растайтын құжаттардың көшірмелері, сонымен қатар осы Өлшемшарттардың 12-қосымшасына сәйкес толтырылған кесте қоса беріледі);
8) білім беру қызметтерінің сапасын қамтамасыз ететін қажетті материалдық активтер, ғимараттардың (оқу корпустары) болуы: аудандары санитариялық қағидаларға және өрт қауіпсіздігі талаптарына сәйкес келетін оқу жайларымен меншікті не шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару немесе сенімгерлік басқару құқығы білім беру ұйымдары үшін кемінде 5 % мемлекеттік органдардың немесе квазимемлекеттік ұйымдардың қатысуымен (ғимаратты жүргізу немесе басқару не жалға алу құқығын растайтын құжаттардың, өрт қауіпсіздігі саласындағы сәйкестікті тексеру нәтижелері туралы актінің көшірмелері, сонымен қатар осы Өлшемшарттардың 13-қосымшасына сәйкес толтырылған кесте қоса беріледі);
9) білім беру ұйымдарының үй-жайларында және (немесе) іргелес аумақтарында бейнебақылауды қамтамасыз ету;
10) лицензиат негізгі жұмыс орны болып табылатын, кадрларды даярлау бағыты бойынша кемінде үш жыл ғылыми-педагогикалық жұмыс өтілі бар, даярлау бейіні бойынша отандық басылымдардағы ғылыми жарияланымның, халықаралық конференциялардағы еңбектердің авторы болып табылатын ғылым докторы немесе ғылым кандидаты немесе философия докторы (PhD) немесе бейіні бойынша доктор ғылыми дәрежесі бар немесе әскери (арнайы атағы, сыныптық шені) атағы подполковниктен немесе судьядан немесе отставкадағы судьядан төмен емес оқытушының немесе ғылым саласына сәйкес келетін білікті маманның магистранттарда ғылыми жетекшілікті жүзеге асыруы (кадрларды даярлаудың тиісті бағыты бойынша ғылыми нұсқаулықты жүзеге асыратын ғылыми жетекшілер туралы мәліметті растайтын құжаттардың, ғылыми жарияланымдардың көшірмелері, сонымен қатар осы Өлшемшарттардың 20-қосымшасына сәйкес толтырылған кесте қоса беріледі);
11) білім беру бағдарламасына сәйкес кадрларды даярлау бағыты бойынша мамандандырылған ғылыми-техникалық, ғылыми-әдістемелік, клиникалық, эксперименттік базамен қамтамасыз етілуі (осы Өлшемшарттардың 23-қосымшасына сәйкес толтырылған кесте қоса беріледі);
12) білім беру қызметін МЖМБС талаптарына және білім беру бағдарламаларына сәйкес жүзеге асыру;
13) педагогикалық, өндірістік және зерттеуді жүргізу практикасын жүзеге асыру және одан өту;
14) білім алушылардың академиялық және қорытынды аттестаттау нысандарын жүргізу.
23. Оқыту нәтижелеріне бағдарлана отырып жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру мазмұнына қойылатын талаптар (докторантура):
1) білім беру бағдарламасының МЖМБС сәйкестігі (оқытудың толық кезеңіне әзірленген сұратылып отырған кадрларды даярлау бағыты бойынша білім беру бағдарламасының, оқу жоспарының қазақ және орыс тілдеріндегі көшірмелері қоса беріледі);
2) "ғылым кандидаты" немесе "ғылым докторы" немесе "философия докторы (РhD)" немесе "бейіні бойынша доктор" ғылыми дәрежесі немесе "философия докторы (РhD)" немесе "бейіні бойынша доктор" академиялық дәрежесі немесе "бейіні бойынша доктор" немесе "философия докторы (РhD)" дәрежесі және/немесе "қауымдастырылған профессор (доцент)" немесе "профессор" ғылыми атағы немесе әскери (арнайы) атағы подполковниктен төмен емес немесе әділет кеңесшісі кластық шенінен төмен емес, немесе судья немесе отставкадағы судья оқытушылардың үлесі 100 %-дан кем емес болуы (педагог және оқытушы кадрлармен жасақталғанын растайтын құжаттардың көшірмелері, сонымен қатар осы Өлшемшарттардың 10-қосымшасына сәйкес толтырылған кесте қоса беріледі);
3) білім алушыларға медициналық қызмет көрсетудің болуы (медициналық қызмет көрсетудің болуы туралы, оның ішінде медициналық пункттің және медициналық қызметке лицензияның болуы туралы құжаттардың көшірмелері, сонымен қатар осы Өлшемшарттардың 11-қосымшасына сәйкес толтырылған кесте қоса беріледі);
4) білім алушыларды тамақтандыру үшін жағдайлар жасау (санитариялық қағидаларға сәйкес келетін тамақтану объектісінің болуын растайтын құжаттардың көшірмелері, сонымен қатар осы Өлшемшарттардың 12-қосымшасына сәйкес толтырылған кесте қоса беріледі);
5) білім беру қызметтерінің сапасын қамтамасыз ететін қажетті материалдық активтер, ғимараттардың (оқу корпустары) болуы: білім беру ұйымдары үшін меншікті не шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құқығына тиесілі аудандары санитариялық қағидаларға және өрт қауіпсіздігі талаптарына сәйкес келетін оқу жайларымен (ғимаратты жүргізу немесе басқару не жалға алу құқығын растайтын құжаттардың, өрт қауіпсіздігі саласындағы сәйкестікті тексеру нәтижелері туралы актінің көшірмелері, сонымен қатар осы Өлшемшарттардың 13-қосымшасына сәйкес толтырылған кесте қоса беріледі);
6) білім беру ұйымдарының үй-жайларында және (немесе) іргелес аумақтарында бейнебақылауды қамтамасыз ету;
7) оқу жоспарына сәйкес білім беру бағдарламаларын іске асыру үшін қажетті материалдық техникалық және оқу-зертханалық базалармен, кең жолақты интернет желісімен, компьютерлік кабинеттермен, кітапханамен жарақтандырылуы (жабдыққа арналған жүкқұжаттардың және/немесе бухгалтерлік есептілік деректерінен негізгі құралдардың тізбесі, сонымен қатар осы Өлшемшарттардың 14, 17 және 19-қосымшаларына сәйкес толтырылған кесте қоса беріледі);
8) негізгі жұмыс орны лицензиат болып табылатын, кемінде үш жыл ғылыми-педагогикалық жұмыс өтілі бар, даярлау бейіні бойынша отандық басылымдарда, халықаралық конференциялардың еңбектерінде ғылыми жарияланымдардың және оқу құралының авторы болып табылатын кадрларды даярлаудың әрбір ғылыми бағыты бойынша кемінде бір ғылым докторының немесе кемінде екі ғылым кандидатының, не философия докторларының (PhD) не бейіні бойынша докторлардың болуы (кадрларды даярлаудың тиісті бағыты бойынша ғылыми басшылықты жүзеге асыратын ғылыми жетекшілер туралы мәліметті растайтын құжаттардың, ғылыми жарияланымдар, дайындалған оқулықтар мен оқу құралдарының көшірмелері, сонымен қатар осы Өлшемшарттардың 20-қосымшасына сәйкес толтырылған кесте қоса беріледі);
9) сұратылып отырған кадрларды даярлау бағыты бойынша мамандандырылған ғылыми-техникалық, ғылыми-әдістемелік, клиникалық, эксперименттік базаның болуы (осы Өлшемшарттардың 23-қосымшасына сәйкес толтырылған кесте қоса беріледі);
10) білім беру қызметін МЖМБС талаптарына және білім беру бағдарламаларына сәйкес жүзеге асыру;
11) педагогикалық, өндірістік және зерттеуді жүргізу практикасын жүзеге асыру және одан өту;
12) білім алушылардың академиялық және қорытынды аттестаттау нысандарын жүргізу.
24. Білім алушылардың оқу жүктемесінің ең жоғары көлеміне қойылатын талаптар:
1) МЖМБС-да белгіленген білім алушылардың оқу жүктемесінің ең жоғары көлеміне қойылатын талаптардың сақталуы және сәйкестігі;
2) МЖМБС талаптарына сәйкес академиялық кезеңді сақтау;
3) МЖМБС талаптарына сәйкес академиялық кредиттерді меңгеру;
4) жеке жұмыс жоспарының болуы және МЖМБС (магистратура, докторантура) талаптарына сәйкестігі.
25. Білім алушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптар:
1) жоғары білім берудің тиісті деңгейлерінің Дублин дескрипторлары негізінде айқындалған және оқытудың қол жеткізілген нәтижелерінде көрсетілген игерілген құзыреттерді көрсететін білім алушылардың даярлық деңгейіне қойылатын талаптарды сақтау;
2) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру докторантурасын қоспағанда, білім алушылардың бітіру курстарынан күтілетін оқу нәтижелеріне қол жеткізуін айқындау және МЖМБС талаптарында көзделген құзыреттерді игеру бойынша оқыту нәтижелерін бағалау (білім сапасын, іскерлігін және дағдыларын бағалау ведомостарының көшірмелері қоса беріледі).
26. Оқу мерзіміне қойылатын талаптар: МЖМБС талаптарына сәйкес академиялық кредиттердің негізгі көлемдерін игеру бойынша оқыту мерзімдерін сақтау.
|
Білім беру ұйымдарын бағалау
өлшемшарттарына
1-қосымша
|
Достарыңызбен бөлісу: |