6-бөлім. Нысаналы индикаторлар және күтілетін нәтижелер
1) Спортпен шұғылданатындардың үлесі (2023 жыл – 85%, 2024 жыл – 84%, 2025 жыл – 87%, 2026 жыл – 90%)
2) Азаматтық және патриоттық деңгейін арттыру мақсатында ұйымдастырылған қоғамдық қызметке, оның ішінде білім алушылардың өзін-өзі басқаруы және дебаттық қозғалыс арқылы тартылған білім алушылардың үлесі (2023 жыл – 35%, 2024 жыл – 40%, 2025 жыл – 45%, 2026 жыл – 50%)
3) Білім алушылардың кітап оқу үлесі (2023 жыл – 59,7%, 2024 жыл – 65%, 2025 жыл – 75%, 2026 жыл – 80%)
4) Әлеуметтік жобаларға қатысу көрсеткіші (2023 жыл –20%, 2024 жыл – 25%, 2025 жыл – 30%, 2026 жыл – 35%)
5) «Жеке қауіпсіздік», «Буллингке қарсы тұру мәдениеті» шараларына тарту (2023 жыл –50%, 2024 жыл – 65%, 2025 жыл – 75%, 2026 жыл – 85%)
Күтілетін нәтижелер:
1. Ата-анасын сыйлайды, перзенттік парызын түсінеді, «қара шаңырақ», «жеті ата», «тектілік» ұғымдарының маңызын бағалайды, отбасы татулығы мен берекесін қадірлейді.
2. Отаншыл, мемлекетшіл, намысшыл, халқына адал қызмет етуді, мемлекет тәуелсіздігін және елі мен жерінің тұтастығын қорғауды борышым деп санайды және ұлттық мәдениетті құрметтейді, салт-дәстүрлерді біледі, оны сақтайды.
3. Әр ісіне, қадамына жауапкершілікпен қарайды, әдепті және мейірімді, сөзіне берік, ісіне адал, кішіге ізет, үлкенге құрмет көрсетеді, ар-ұятты жоғары бағалайды.
4. Жан мен тән тазалығын сақтайды, дұрыс тамақтану мәдениетін түсінеді, өз көңіл-күйін игере алады.
5. Тұратын үйін, ауласын, қаласын таза ұстайды, қоғамдық орынға және қоршаған ортаға ұқыптылықпен қарайды, табиғатқа жанашыр және туған жердің қайталанбас ерекшелігін және оның бірегей болмысын таниды және адал еңбекті жоғары бағалайды.
Достарыңызбен бөлісу: |