Білім беру ұйымдарына арналған «Біртұтас тәрбие бағдарламасы»



бет1/6
Дата23.02.2024
өлшемі27.76 Kb.
#493008
түріБағдарламасы
  1   2   3   4   5   6
Біртұтас тәрбие бағдарламасы



Қазақстан Республикасы
Оқу-ағарту министрінің
2023 жылғы «___»_________
№ ____бұйрығына
қосымша
Білім беру ұйымдарына арналған «Біртұтас тәрбие бағдарламасы»

1-бөлім. Кіріспе


2-бөлім. Тәрбиенің мақсаты, міндеттері
3-бөлім. Тәрбие құндылықтары
4-бөлім. Тәрбие мазмұны
4.1 Туғаннан 6 жасқа дейінгі бала тәрбиесі
4.2 6-10 жас кезеңдегі бала тәрбиесі
4.3 11-15 жас кезеңдегі жасөспірім тәрбиесі
4.4 15-18 жас кезеңдегі жастар тәрбиесі
5-бөлім. Тәрбиені жүзеге асыру тетіктері
6-бөлім. Нысаналы индикаторлар және күтілетін нәтижелер


1-бөлім. Кіріспе

Қазіргі әлемге жылдам өзгерістер, жаһандық тұрақсыздық, әртүрлі сын қатерлер тән. Бұл ақпарат кеңістігінде еркін таралып, әлеуметтік желілер арқылы балалардың санасын жаулауда. Интернет кеңістігі баланың тәрбиесі мен мінез-құлқына, әдебіне әсер етіп, түрлі субмәдениеттердің белгілі бір басымдыққа ие болуына әкеп соқты. Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы жариялаған мәліметтерге назар аударсақ, кәмелетке толмағандар арасында ұрлықтың, зорлау және зорлауға оқталу фактілерінің артып келе жатқандығын байқауға болады.


Аталған проблемалардың туындауына ықпал ететін көптеген себептер -салдар бар. Мысалы, Интернеттің ашықтығы, кез келген ақпараттың жылдам таралуы, бала қарайтын видео контенттердің фильтрден өткізілмеуі (іріктелмеуі), жұмыс пен отбасылық өмір арасындағы үйлесімділік пен тепе-теңдікті ата-ананың сақтай алмауы бала тәрбиесінде жүгенсіздіктің орын алуына ықпал етті. Осындай сын-қатерлерді түбірімен жою мүмкін емес, дегенмен оған тосқауыл болу қажет. Сол себепті ұлттық құндылықтарды бойына сіңірген, ұлттық мүддені жоғары қоятын, өзінің туған жерін, Отанын қадірлейтін және оның әрі қарай дамуына серпін беретін, терең білімді, озық ойлы, адал және ұлттық болмысы айқын тұлға тәрбиелеу мәселесі өзекті.
Тәрбие – ұрпақты биік мұратқа жетелейтін сапалы білімнің тұғыры. Адам жанын игілікпен, ізгілікпен қуаттандырып, адами құнды қасиеттермен қанаттандырады. Ал, қазіргі уақыт – өзгермелі әлемдегі жасампаз ұрпақтың дәуірі. Ұлттық құндылықтармен сусындап өскен ұрпақ ұлағатты болмақ. Ұлағатты ұрпақ ұлттың сапасын құрайды. Ал ар-ұят, намыс, адалдық, отаншылдық, жауапкершілік, әдептілік пен инабаттылық, мейірімділік пен бауырмалдық, отбасына сүйіспеншілдік, үлкенге құрмет, кішіге ізетті болу қасиеттері берік қалыптасқан жасампаз азаматты тәрбиелеу маңызды. Еліміздің өркендеп дамуы үшін халқын сүйетін, мемлекет мүддесін жоғары ұстайтын, білімді де адал ұрпақ тәрбиелеу аса өзекті мәселелердің бірі ретінде үнемі назарда ұстауды қажет етеді. Аталған мәселелерді шешуде тәрбие мазмұнын айқындау «Біртұтас тәрбие бағдарламасы» (бұдан әрі – Бағдарлама) әзірлеудің өзектілігіне негіз болды.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет