БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМЫНДА «АТА-АНАЛАРДЫ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚОЛДАУ ОРТАЛЫҒЫ» ҚЫЗМЕТІН ҰЙЫМДАСТЫРУ - МЕКТЕП ДИРЕКТОРЫНЫҢ ФУНКЦИЯЛАРЫ
- ІС-ӘРЕКЕТІ:
- 1. Педагогикалық қолдау көрсету орталығын ұйымдастыру туралы бұйрық шығару.
- 2. Педагогтерден тұратын шығармашылық жұмыс тобын құру. Топтың басшысы және жауапты тұлға ретінде директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарын тағайындау.
- 3. Сабақ кестесін бекіту, қажетті ресурстары бар кабинеттерді бекітіп беру (кабинеттер, акт залы, т.б).
- 4. Орталықты құру, оның мақсаты мен міндеттері туралы ата-аналарды құлақтандыру мақсатында ата-ана жұртшылығының белсенділерін қатыстыра отырып, жалпы мектептің, сыныптардағы ата-аналар жиналысын өткізу.
- 5. БАҚ, әлеуметтік желілерде Орталықтың қызметін көрсету бойынша жұмысты жандандыру.
- МЕКТЕП ПЕН ОТБАСЫНЫҢ КЕҢ ӘЛЕУМЕТТІК СЕРКТЕСТІГІН ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ
- ата-аналар оқулары, ата-аналар конференциялары; ата-аналар, әкелер, аналар, әжелер, аталар форумдары;
- бірлескен жобаларды іске асыру;
- консультациялық жұмыс;
- ата-аналар мен балалардың қатысуымен шығармашылық, спорттық, мәдени іс-шаралар (концерттер, театрландырылған қойылымдар, марафондар, жәрмеңкелер, көрмелер, флешмобтар, жорықтар, отбасылық қонақ бөлмелері);
- ашық есік күндері, ата-аналар аптасы, ата-аналар марафондары;
- Ата-аналар қауымдастығын құру.
- Педагогтердің лауазымдық міндеттеріне ата-аналарды психологиялық-педагогикалық ағарту жөніндегі функцияларды қосу.
- Орталықтың ашылуы жөнінде бұйрық шығару.
- Орталықтың қызметін үйлестіретін жұмыс тобын құру.
- Мектептің тәрбие жұмысы жоспарына және мектепішілік бақылау жоспарына Орталық қызметі туралы толықтырулар енгізу.
- Сынып жетекшісінің, педагог-психологтің, әлеуметтік педагогтің жоспарларына Орталық қызметі туралы толықтырулар енгізу.
- Орталықтағы сабақтарды мұғалімдер арасында бөлу.
- Ата-аналармен кездесу өткізу, бағдарламалардың мазмұнын таныстыру.
- Курс бағдарламаларын бекіту (ата-аналардың сұраныстарына сәйкес 30% өзгеріс енгізу).
- Сабақ кестесін жасау және өткізу орнын анықтау.
- Орталық қызметін БАҚ және әлеуметтік желілерде жариялау.
|