Білім беру ұйымдарында ата-аналарды педагогикалық Қолдау орталығының Қызметін ұйымдастыру


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ОҚУ-АҒАРТУ МИНИСТРЛІГІ



бет3/5
Дата16.04.2024
өлшемі1.19 Mb.
#498771
1   2   3   4   5
Ата аналарды қолдау

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ОҚУ-АҒАРТУ МИНИСТРЛІГІ
  • жобаны басқарудың кешенді жүйесін нормативтік-құқықтық қамтамасыз етуді және бақылауды жүзеге асырады:
    • ОРТАЛЫҚ ҚЫЗМЕТІН ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ТӘРТІБІ
    • Ата-аналарды психологиялық-педагогикалық ағарту жөніндегі Республикалық кеңесті құрады және қызметін үйлестіреді;
    • Орталық туралы ережені бекітеді;
    • Орталық қызметінің іске асырылуын бақылауды жүзеге асырады;
    • Орталық қызметін іске асыру үшін ҚР Оқу-ағарту министрлігінен жауапты мамандарды тағайындайды;
    • мектепке дейінгі тәрбие және оқыту, орта, арнайы, қосымша, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтері жүргізуге міндетті құжаттар тізбесіне және олардың нысандарына өзгерістер енгізеді (ҚР Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 6 сәуірдегі № 130 бұйрығы).
    • ОБЛЫСТЫҚ, АСТАНА, АЛМАТЫ, ШЫМКЕНТ ҚАЛАЛАРЫНЫҢ БІЛІМ БАСҚАРМАЛАРЫ
    • өңірлердегі Орталық қызметін үйлестіруді және бақылауды жүзеге асырады:
    • ОРТАЛЫҚ ҚЫЗМЕТІН ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ТӘРТІБІ
    • Орталықтың мақсаты мен оның қызметін ұйымдастырудың ерекшеліктері туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізеді;
    • қалалық (аудандық) білім бөлімдерімен, оқу-әдістемелік орталықтармен, білім беру ұйымдарымен байланысты қамтамасыз етеді;
    • Орталық қызметін ұйымдастыру сапасына мониторингті жүзеге асырады;
    • қалалық (аудандық) білім бөлімдеріне және оқу-әдістемелік орталықтарға, білім беру ұйымдарына материалдар таратуды қамтамасыз етеді;
    • ҚР Оқу-ағарту министрлігі мен «Өркен» ұлттық институтына Орталықтың қызметі туралы ақпарат дайындайды;
    • Орталықтың қызметін БАҚ пен әлеуметтік желілерде насихаттайды.
    • «ӨРКЕН» ҰЛТТЫҚ ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ БАЛАЛАРДЫҢ ӘЛ-АУҚАТЫН АРТТЫРУ ИНСТИТУТЫ
    • ғылыми-әдістемелік және ақпараттық-ресурстық сүйемелдеуді жүзеге асырады:
    • ОРТАЛЫҚ ҚЫЗМЕТІН ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ТӘРТІБІ
    • ата-аналарды психологиялық-педагогикалық ағарту бағдарламаларын, ОӘК әзірлейді;
    • вебинарлар, семинарлар, шеберлік сыныптары, конференциялар өткізеді;
    • білім беру ұйымдарында Орталық қызметінің тиімділігіне мониторинг жүргізеді;
    • интернет-порталын әзірлейді және толтырады;
    • Орталық қызметін БАҚ пен әлеуметтік желілерде насихаттайды.
    • БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫ
    • ата-аналарды ағарту жұмыстарын практикалық түрде жүзеге асырады:
    • ОРТАЛЫҚ ҚЫЗМЕТІН ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ТӘРТІБІ
    • орта білім беру ұйымының директоры Орталықтың қызметіне басшылық пен бақылауды жүзеге асырады; Орталықты ашу және құрамына Орталықтың қызметін ұйымдастыратын әкімшілік, педагогтер қатарынан жауапты тұлғалар кіретін жұмыс тобын құру туралы бұйрық шығарады;
    • директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Орталықтың қызметін ұйымдастыруға және оның қызметін реттейтін ішкі құжаттарды дайындауға; педагогтерді Орталықта сабақ өткізуге дайындауға; педагогтерге білім беру курстарын бекітуге; «Даналық мектебі» клубының қызметін ұйымдастыруға жауапты;
    • педагогтердің, ата-аналар мен балалардың мониторингке қатысуын, Орталықтың қызметін БАҚ пен әлеуметтік желілерде жариялауды қамтамасыз етеді; қаланың (ауданның) білім бөліміне Орталық қызметі туралы ақпарат дайындайды.


    Достарыңызбен бөлісу:
    1   2   3   4   5




    ©dereksiz.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет