Колледж қол жетімділік-білім беру ресурстарына әр мамандық бойынша кітапханаға қол жеткізе алады.
Колледж консультациялар-оқу-әдістемелік кешендер практикалық, зертханалық, курстық жобаларды орындау бойынша әдістемелік нұсқауларды қамтиды, оларды білім алушылар кеңес ретінде пайдалана алады.
Колледж кітапханасының аумағы-19,3квм2
Кітапхананың кітап қоры колледждің бейінін және оқыту тілін ескере отырып құрылады. Кітап қорын ағымдағы жинақтауды кітапхана келіп түскен өтінімдерге сәйкес, кітап сауда фирмаларының колледж бөлімшелерімен прайс-парақтарды, баспалардың тақырыптық жоспарларын пысықтағаннан кейін жүргізеді. Мамандық бойынша негізгі оқу әдебиеті қорының сапасы кітапханаға қойылатын заманауи талаптарға сәйкес келеді.
Колледж кітапханасының басты міндеті оқу үдерісін ғылыми-әдістемелік әдебиеттермен қамтамасыз ету, яғни оқу және қосымша әдебиеттермен жүйелі түрде жинақтау, сонымен қатар оқырмандарға қызмет көрсету сапасын арттыру болып табылады. Кітапхана колледждің екінші қабатында орналасқан. Колледж кітапханасының кітап қоры -12109 дана, оның ішінде мемлекеттік тілде - 7865дана, оның ішінде:
оқулықтар – 4353 дана, мемлекеттік тілде-2907 дана.;
оқу – әдістемелік әдебиет – 326 дана, мемлекеттік тілде -280 дана.;
көркем әдебиет -1323 дана, мемлекеттік тілде – 937 дана.;
электрондық оқулықтар – 111, оның ішінде мемлекеттік тілде 57;
мерзімді басылымдар –15 атау, оның ішінде мемлекеттік тілде-14. «Егемен Қазақстан», «Білім шырағы», «Білімді ел», «Ақ жол», «Меркі тынысы», «Меркі ақиқат», «Мектептегі кітапхана», «Бағдарлы мектеп», «Кәсіптік мектеп», «Денсаулық», «Пайдалы кеңестер», «Техникалық және кәсіптік білім», «Арай», «Знамия труда», «Айқын», «Литер», газеттері.
Кластерлер бойынша кітапхана ресурстарын қамтамасыз ету туралы мәліметтер
Жыл сайын кітапхананың кітап қоры әр мамандық бойынша толықтырылады .
Достарыңызбен бөлісу: |