Оқылым. 8-тапсырма. Берілген сөздерден мұғалім айтқан сөздерге қарсы мәндес сөздерді тауып, саусақтарымен санын көрсетеді:
1) тез 2) қолайлы 3) ерте 4) шулы 5) ыстық
6) қараңғы
(Т)Оқылым.Айтылым Тапсырма топта орындала-ды. Әр топ өз бетінше сурет бойынша ауа райының өзгеруі туралы ауызша әңгіме құрастырады.
Ең жақсы әңгіме құрастырған топ «дүркін шапалақ» арқылы бағаланады.
Дескриптор: - сөздерді күшейтіп атайды
-сөйлемдер құрайды;
-сөйлемнің құрылымын сақтайды
Өзара бағалау: «Өте жақсы», «Жақсы», «Талпын» «Бас бармақ»
Дескриптор: - әңгімені сурет бойынша құрайды
-тірек сөздерді орынды қолданады
-қолайсыз табиғатты сипаттап айта алады.
- сөйлемнің құрылымын сақтайды
-сауатты жазады
Дескриптор: -мәтінді ретімен орналастырады-кейіпкердің
іс-әрекетіне баға береді.
Тірек сөздер:жаттығу жасау, күн, дала, жылы, үйге қарай жүгіру,терезеден қарау, түске жақын, күн райы, қолайсыз болу, ұнау, ұнамау, су болу, құлау, жел, күркіреу.
Үлгі:Бүгін Сәуле ерте тұрды. Терезеге қарады. Күн ап-ашық, жарқырап тұрды. Айнала тып-тыныш болды.Ағаштың жапырақтары да қозғалмады. Жел жоқ. ...
Сурет бойынша тірек сөздерді басшылыққа ала отырып, әңгіме құрастырып жазады.
(Т)7-тапсырма .Мәтін бөліктерінің ретін анықта.
«Ретін тап!» ойыны Оқушылар сурет бойынша жазылған мәтінмен танысады.
Топтарға әртүрлі ретпен мәтін беріледі. Оқушылар мәтіннің ретін тауып жазып, топта қорғайды.
Бүгін Сәуле ұйқыдан ерте тұрды. Ол беті-қолын жуды, тез киінді. Таза ауада жаттығу жасауды ойлап, сыртқа шықты.
1
Күн райы өте қолайсыз, жайсыз болды. Сәуле үйіне
жеткенше бірнеше рет құлады. Үсті-басы әбден балшық болды.
4
Айнала тып-тыныш болды. Сәуле жаттығу жасады.
Одан кейін жүгірді.
2
Кенет жел соқты. Аспанды бұлт жауып, күн күркіреді. Көп кешікпей жаңбыр жауды.
3
Сабақтың соңы 3 минут
Үй тапсырмасын беру : Сөздік жаттау.54 -57б. 2,8-тапсырма/жазу/ Рефлексия. Оқушылар сабақтан алған әсерлерін смайликтерді көрсету арқылы білдіреді.
Бағалау .Мұғалім формативті бағалауы бойынша қорытынды балын қояды