Білім беру саласындағы мемлекеттік қызметтер регламенттері туралы



бет1/3
Дата02.07.2016
өлшемі0.92 Mb.
#172048
  1   2   3
Білім беру саласындағы мемлекеттік қызметтер регламенттері туралы

Ақтөбе облыстық әкімдігінің 2012 жылғы 25 желтоқсандағы № 464 қаулысы. Ақтөбе облысы Әділет департаментінде 2013 жылғы 28 қаңтарда № 3507 тіркелді


      РҚАО ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
       Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін өзі басқару туралы» Заңының 27-бабына, Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы «Әкімшілік рәсімдер туралы» Заңының 9-1-бабына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 31 тамыздағы № 1119 «Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі, жергілікті атқарушы органдар көрсететін білім және ғылым саласындағы мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту туралы» қаулысына сәйкес Ақтөбе облысы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған білім беру саласындағы мемлекеттік қызметтердің мына:
      1) «Жетімдерді, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды әлеуметтік қамсыздандыруға арналған құжаттарды ресімдеу»;
      2) «Негізгі орта, жалпы орта білім беретін білім беру ұйымдарында экстернат нысанында оқуға рұқсат беру»;
      3) «Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында оқитын студенттерге жатақхана беру»;
      4) «Техникалық және кәсіптік білім беру бағдарламалары бойынша кадрлар даярлауды жүзеге асыратын білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және оқуға қабылдау»;
      5) «Білім туралы құжаттардың телнұсқаларын беру»;
      6) «Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін бағдарламалары бойынша оқыту үшін ведомстволық бағыныстылығына қарамастан білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және оқуға қабылдау»;
      7) «Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарына денсаулығына байланысты ұзақ уақыт бойы бара алмайтын балаларды үйде жеке тегін оқытуды ұйымдастыру үшін құжаттарды қабылдау»;
      8) «Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және балаларды қабылдау»;
      9) «Арнайы жалпы білім беретін оқу бағдарламалары бойынша оқыту үшін мүмкіндіктері шектеулі балалардың құжаттарын қабылдау және арнайы білім беру ұйымдарына қабылдау»;
      10) «Балаларға қосымша білім беру бойынша қосымша білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау және оқуға қабылдау»;
      11) «Шалғайдағы ауылдық елді мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беру ұйымдарына және үйлеріне кері тегін тасымалдауды ұсыну үшін құжаттар қабылдау»;
      12) «Жалпы білім беретін мектептерде білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарына тегін тамақтандыруды ұсыну үшін құжаттар қабылдау»;
      13) «Аз қамтылған отбасы балаларының қала сыртындағы және мектеп жанындағы лагерьлерде демалуы үшін құжаттарды қабылдау» регламенттері бекітілсін.
      2. Ақтөбе облысы әкімдігінің 2012 жылғы 3 шілдедегі № 234 «Білім беру саласындағы мемлекеттік қызметтердің регламенттерін бекіту туралы» қаулысының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2012 жылғы 9 тамызда № 3405 тіркелген, «Ақтөбе» және «Актюбинский вестник» газеттерінің 2012 жылғы 16 және 21 тамыздағы № 104, 105, 106, 107 жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
      3. «Ақтөбе облысының білім басқармасы» мемлекеттік мекемесі (Ж.Б.Самұратова) (бұдан әрі – Басқарма) осы мемлекеттік қызметтер регламенттерін Басқарманың ғаламтор–ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
      4. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары С.Қ.Нұрқатоваға жүктелсін.
      5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Облыс әкімі                               А. Мұхамбетов
Ақтөбе облысы әкімдігінің
2012 жылғы 25 желтоқсандағы
№ 464 қаулысымен
бекітілген
«Негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарында экстернат нысанында оқуға рұқсат беру» мемлекеттік қызмет регламенті
1. Негізгі ұғымдар
      1. Осы мемлекеттік қызмет регламентінде келесі түсініктер мен аббревиатуралар қолданылады:
      1) мемлекеттік қызметті алушылар – мемлекеттік қызмет көрсетілетін жеке тұлғалар;
      2) уәкілетті орган – мемлекеттік қызмет көрсетуді жүзеге асырушы мемлекеттік орган (мемлекеттік мекеме);
      3) экстернат – білім алушының сабаққа үнемі қатыспай, тиісті білім беру бағдарламасының оқу пәндерін өз бетімен оқитын оқыту нысандарының бірі;
      4) құрылымдық-функционалдық бірліктер (бұдан әрі – ФҚБ) – мүдделі мемлекеттік органдардың жауапты тұлғалары, мемлекеттік қызмет көрсетуге қатысатын ақпараттық жүйелер (ішкі жүйелер).
2. Жалпы ережелер
      2. Мемлекеттік қызметтің нормативтік құқықтық анықтамасы: Негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарында экстернат нысанында оқуға рұқсат беру.
      3. Мемлекеттік қызмет меншік нысанына және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан негізгі орта, жалпы орта білімнің білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын Қазақстан Республикасының білім беру ұйымдарымен, облыс білім басқармасымен, аудандар және облыстық маңызы бар қаланың білім бөлімдерімен осы регламенттің № 1 қосымшасына сәйкес көрсетіледі.
      4. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: автоматтандырылмаған.
      5. Экстернат нысанында оқытуды ұйымдастыру Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі «Білім туралы» Заңының 27-бабына, 6-бабы 3-тармағының 25-7) тармақшасына, 4-тармағының 21-3) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 18 наурыздағы № 125 бұйрығымен бекітілген «Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білімнің білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарындағы білім алушылардың үлгеріміне ағымдық бақылаудың, оларды аралық және қорытынды аттестаттау жүргізудің үлгі ережесі», сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 31 тамыздағы № 1119 «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, жергілікті атқарушы органдар көрсететін білім және ғылым саласындағы мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту туралы» қаулысымен бекітілген «Негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарында экстернат нысанында оқуға рұқсат беру» мемлекеттік қызмет стандартына (бұдан әрі – Стандарт) сәйкес іске асырылады.
      6. Көрсетілген мемлекеттік қызметтің аяқталу нәтижесіне экстернат нысанында оқуға рұқсат саналады.
3. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібіне қойылатын талаптары
      7. Уәкілетті органдардың орналасқан жері мен жұмыс кестелері туралы ақпарат осы регламенттің 1 қосымшасында көрсетілген.
      Уәкілетті органдарда қабылдау алдын ала жазылусыз және жеделдетіп қызмет көрсетусіз кезек тәртібінде жүзеге асырылады. Мемлекеттік қызмет көрсету уәкілетті органмен демалыс және мейрам күндерді қоспағанда, күн сайын сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін 13.00-ден-14.00 дейін түскі үзіліс жасай отырып жүзеге асырылады.
      8. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы толық ақпарат білім беру ұйымдарындағы стендтерде, тізбегі осы регламенттің 1 қосымшасында көрсетілген білім басқармасы мен бөлімдерінің ресми сайттарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің www.edu.gov.kz мекенжайы бойынша ресми сайтында орналастырылады.
      9. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі мемлекеттік қызмет алушының Стандарттың 11-тармағында айқындалған қажетті құжаттарды тапсыру сәттен бастап он бес жұмыс күнін құрайды.
      10. Мынадай:
      1) мемлекеттік қызметті алушы осы стандарттың 11-тармағында көрсетілген құжаттар пакетін толық ұсынбаған жағдайда;
      2) денсаулық жағдайына байланысты жалпы білім беру ұйымдарында оқуға мүмкіндігі жоқ тұлғаларға;
      3) шетелде уақытша тұратын немесе тұрақты тұруға кеткен, немесе оқушылардың халықаралық алмасу желісінде шетелде білім алушыларға;
      4) негізгі орта және жалпы орта білім беру ұйымдарында уақытында оқуын аяқтамаған тұлғаларға мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартылады.
      11. Мемлекеттік қызмет көрсету кезеңдері мемлекеттік қызметті алу үшін тұтынушыдан өтініш алған сәттен бастап мемлекеттік қызмет нәтижесін берген сәтке дейін:
      Тұтынушы уәкілетті органға жолыққан кезде:
      1) тұтынушы өтінішке қоса қажетті құжаттарды тапсырады;
      2) мемлекеттік қызметті алушының экстернат нысанында білім алуға арналған өтініші білім беру ұйымымен тіркеу журналында тіркеледі;
      3) мемлекеттік қызмет алу үшін құжаттарды тапсыру кезінде мемлекеттік қызмет алушыға қабылдаған күні белгіленген тізімдеме беріледі;
      4) білім беру ұйымының педагогикалық кеңесі экстернді қорытынды аттестаттауға жіберу туралы шешім қабылдайды;
      5) тұлғаларды экстернат нысанында аттестаттауға жіберу туралы рұқсат білім беру ұйымымен шығарылады.
4. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісіндегі әрекет (өзара іс-қимыл) тәртібін сипаттау
      12. Мемлекеттік қызметті алушы мемлекеттік қызметті алу үшін білім беру ұйымының басшысының атына ағымдағы жылдың 1 желтоқсанынан кешіктірмей еркін үлгіде өтініш береді.
      Мемлекеттік қызмет алушыға мемлекеттік қызметті алуға арналған құжаттарды тапсыру кезінде осы регламенттің 2 қосымшасына сәйкес мемлекеттік қызметті алған күні жазылған барлық құжаттарды қабылдап алғандығы туралы қолхат беріледі.
      13. Қажетті құжаттар тізбесі стандарттың 11-тармағында көрсетілген.
      14. Уәкілетті орган мемлекеттік қызмет алушы құжаттарының сақтығы мен қорғалуын қамтамасыз етеді.
      15. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісіне мына құрылымдық-функционалдық бірліктер (бұдан әрі - ҚФБ) қатысады:
      1) білім беру ұйымының жауапты тұлғасы (ҚФБ-1);
      2) білім беру ұйымының педагогикалық кеңесі (ҚФБ-2);
      3) білім беру ұйымының бірінші басшысы (ҚФБ-3).
      16. Әрбір ҚФБ әкімшілік әрекеттерінің сабақтастығы мен өзара іс-әрекетінің мәтіндік кестелік сипаттамасы осы Регламенттің 3 қосымшасында әрбір әкімшілік әрекеттің (үдерістің) орындалу мерзімі көрсетіле отырып келтірілген.
      17. Мемлекеттiк қызметтi көрсету үдерісіндегі әрекеттер мен құрылымдық - функционалдық бiрлiктердің өзара байланысының қисынды сабақтастығын көрсететін сызба осы регламентке 4 қосымшада келтiрiлген.
5. Мемлекеттік қызметтер көрсететін лауазымды тұлғалардың жауапкершілігі
      18. Уәкілетті органдардың лауазымды қызметкерлері мемлекеттік қызметтер көрсету барысында қабылдаған шешімдері мен іс - әрекеттері (әрекетсіздігі) үшін Қазақстан Республикасы заңнамасында көзделген тәртіппен жауапты болады.
«Негізгі орта, жалпы орта білім беру
ұйымдарында экстернат нысанында оқуға рұқсат беру»
мемлекеттік қызмет көрсету регламентіне
1- қосымша
Уәкілетті органдардың орналасқан жері мен жұмыс кестесі
Ақтөбе облысының білім басқармасы





Уәкілетті органның атауы

Уәкілетті органның орналасқан заңды мекенжайы (қала, аудан, көше, үйдің (пәтердің) №, электрондық пошта мекенжайы)

Телефон нөмірі

Жұмыс кестесі

1.

«Ақтөбе облысының білім басқармасы» мемлекеттік мекемесі

Ақтөбе облысы,
Ақтөбе қаласы, Әбілқайыр хан даңғылы, 40 aktouo@rambler.ru

8-(7132)-
564421

Демалыс және мереке күндерін қоспағанда аптасына бес күн сағат 9-00 бастап 18-00 дейін, түскі үзіліс 13.00-ден -14.00 дейін


Ақтөбе облысының аудандық, қалалық білім бөлімдері





Уәкілетті органның атауы

Уәкілетті органның орналасқан заңды мекен жайы (қала, аудан, көше, үйдің (пәтердің) №, электрондық пошта мекен жайы)

Телефон нөмері

Жұмыс кестесі

1.

«Алға аудандық білім, дене шынықтыру және спорт бөлімі» ММ

Алға ауданы
Алға қаласы
Сейфуллин көшесі, № 13
alga_roo_@mail.ru

8-(71337)-
4-39-95

Демалыс және мереке күндерін қоспағанда аптасына бес күн сағат 9-00 бастап 18-00 дейін, түскі үзіліс 13.00-ден -14.00 дейін
 
 

2.

«Әйтекеби аудандық білім, дене шынықтыру және спорт бөлімі» ММ

Әйтеке би ауданы,
Комсомол ауылы
Жүргенов көш, № 52 aitekebioo@rambler.ru

8-(71339)-
22-5-34

3.

«Байғанин аудандық білім, дене шынықтыру және спорт бөлімі» ММ

Байганин ауданы, Қарауылкелді ауылы
Қонаев көш № 36
baiganin@mail.ru

8-(71345)-
74-3-22

4.

«Ырғыз аудандық білім, дене шынықтыру және спорт бөлімі» ММ

Ырғыз ауданы,
Ырғыз ауылы
Алтынсарин көш, № 12,
irgizraioo@mail.ru

8-(71343)-
21-5-63

5.

«Қрғалы аудандық білім, дене шынықтыру және спорт бөлімі» ММ

Қарғалы ауданы
Бадамша ауылы,
Цыбульчик көш 2
kroo_bad@mail.ru

8-71342-
22-33-3

6.

«Қобда аудандық білім, дене шынықтыру және спорт бөлімі» ММ

Қобда ауданы, Қобда ауылы,
Абылхайыр хана, 53 Kobda.roo@rambler.ru,

8-71341-
22-0-39

7.

«Мәртөк аудандық білім, дене шынықтыру және спорт бөлімі» ММ

Мәртөк ауданы.
Мәртөк ауылы
Сейфуллин көш № 38,
martuk_roo@mail.ru

8-71331-
21-0-63

8.

«Мұғалжар аудандық білім, дене шынықтыру және спорт бөлімі» ММ

Мұғалжар ауданы, Кандыагаш қаласы,
Гагарина көш № 6
mgl_raioo@mail.ru

8-71333-
3-62-14

9.

«Темір аудандық білім, дене шынықтыру және спорт бөлімі» ММ

Темір ауданы,
Шұбарқұдық ауылы
Киреев көш № 4,
2212552@rambler.ru

8-71346-
22-7-84

10.

«Ойыл аудандық білім, дене шынықтыру және спорт бөлімі» ММ

Ойыл ауданы, Ойыл ауылы
Жолмырзаева көш, № 64
uilraioo@rambler.ru

8-71332-
21-7-32

11

«Хромтау аудандық білім, дене шынықтыру және спорт бөлімі» ММ

Хромтау ауданы, Хромтау ауылы.
Спортивная көш. № 2, raioo@rambler.ru

8-(71336)-
21-6-52

12

«Шалқар аудандық білім, дене шынықтыру және спорт бөлімі» ММ

Шалқар ауданы, Шалқар қаласы.
Е.Көтібарұлы көш. № 84 Yesen.isa@rambler.ru

8-(71335)-
22-2-50

13

«Ақтөбе қаласы білім бөлімі» ММ

Ақтөбебе қаласы.
Алтынсарин көш. № 2, aktgoroo@rambler.ru

8-7132-
21-36-20


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет