«білім берудегі 4к моделі: теория мен әдістеме» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік


сыни ойтаным, креативтілік, коммуникативтік, бірлестік пен



Pdf көрінісі
бет3/138
Дата08.10.2023
өлшемі2.86 Mb.
#480116
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   138
Bilim-berudegi-4K-zhina-y

сыни ойтаным, креативтілік, коммуникативтік, бірлестік пен 
үйлесім. 
 
Сыни ойтаным – дара тұлғаның кез келген мәселеге байланысты өз пікір-көзқарасының 
болуы, өмірде ұшырасатын түрлі жағдайларды бағалай біліп, өзінің дара жолын дұрыс тауып, 
жетістікке жетуі. 
 
Креативтілік – дара тұлғаның өз бетімен ойлау дағдысын қалыптастыра отырып, өмірде 
өз шешімін білімімен, білігімен дәлелдей алуы. Креативтілік әр түрлі жағдаятқа байланысты 
адамның шығармашылық қабілетін дамытуды көздейді. 
 
Коммуникативтік – қоғамдық-әлеуметтік ортада белгілі бір өмірлік жағдаяттарға сай 
адамдардың немесе дара тұлғаның бір-бірімен тез тіл табысуы, пікірлесуі, олардың тілдесім 
мәдениеті, әсерлі сөйлеу дағдылары. 
 
Үйлесімді бірлестік – ортақ мақсат барысында дара тұлға мен адамдардың табысқа 
жетудің жолын дұрыс таңдап, бір-бірімен түсіністік, сыйластық арқылы түпкі нәтижеге, 
жетістікке жетуі.
Білім беру ісіндегі 4К моделінің қай талабы болсын мемлекеттік тілдің қоғамдық-
әлеуметтік қызметімен, тілдің коммуникативтік негізімен байланысты екенін аңғаруға 
болады. 
Тілдің коммуникативтік негізі тіл мен сөйлеудің ерекшеліктерін, сөйлесім үдерісінің 
сипатын, тіл мен ойлаудың байланысын, лингвистикалық бірліктердің сөйлеу процесіндегі 
орнын, сараптап – талдау арқылы ашылады. 
Қазақ лингвистикасында тіл мен сөйлеуге қатысты мәселелерді ғылыми тұрғыдан 
анықтап, олардың айырмашылықтарын көрсетуге тырысқан тілші-ғалымдар шоғырын ұлт 
ұстазы 
Ахмет Байтұрсынов бастайды. Ғалымдардың пікірі мен ойын тоғыстыратын мәселе: 
тіл – қор болса, қарым-қатынас (коммуникация) – сол қорды пайдалану үдерісі, ал, сөйлеу 
мәдениеті – осы үдерісті жүзеге асырудың қағидалары болып шығады.
Атақты ойшыл-ғалым, ұлт 
ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының адамзат жаратылысындағы 
ерекше сыры мен жұмбағы мол құбылыс – 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   138




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет