«білім берудегі 4к моделі: теория мен әдістеме» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік


Тәрбие жұмысының жоспарын әзірлеу алгоритмі



Pdf көрінісі
бет39/138
Дата08.10.2023
өлшемі2.86 Mb.
#480116
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   138
Bilim-berudegi-4K-zhina-y

Тәрбие жұмысының жоспарын әзірлеу алгоритмі 
Алгоритм жоспарлаудың жетекшісі және басқа қатысушыларының кезекпен орындалатын 
әрекеттерінің технологиялық тізбегі сияқты. Осы тізбектің негізгі буындары: 

директордың орынбасарын, мектептегі тәрбие жұмысын және мектеп өмірінің қызметін 
жоспарлау бойынша іс-әрекеттердің тәртібін және мерзімдерін анықтау; 

тәрбие үдерісінің жай-күйін және нәтижелерін педагогикалық талдау; 

директор орынбасарының мектеп бейнесін, оның өмірлік қызметін және ондағы 
тәрбиелеу үдерісін модельдеуі; 

ұжымдық жоспарлау; 

педагогикалық ойды нақтылау, түзету және айқындау, тәрбие жұмысы жоспарын 
ресімдеу болып табылады. 
Жоспарлаудың мазмұны мен нысаны 
Педагогтің кез келген жоспарлауының жалпы алгоритмін төмендегідей көрсетуге болады: 
1 -
қадам – жоспарлаудың мәнін анықтау. 

қадам – уақыт аралығын анықтау. 


72 
3 -
қадам – жоспарлау мәнін құрастыру. 
4 -
қадам – нәтижелерді және бар жай- күйді талдау (ұжымның, қызметтің, бөлімшенің, 
мекеменің және т.с.с.). 
5 -
қадам– талдау нәтижелерін жалпылау. 
6 -
қадам – мақсатты тұжырымдау. 
7 -
қадам – ұжымдық жоспарлау, ол үдеріске жоспарланатын жұмысқа қатысы барлық 
тұлғалармен идеяларды, ұсыныстарды бірлесіп іздеуді қамтуды көздейді. 
8 -
қадам қойылған мақсаттарға жетудің, міндеттерді шешудің құралдарын, қадағалау 
және нәтижелерді бағалау тәсілдерін таңдау.
9 -
қадам – оқиғаларды уақытқа бөлу. Уақыттың қай аралығында жоспарлануына 
байланысты кезеңдер, мерзімдер, күндер анықталады; істердің және оқиғалардың логикасы 
құрылады. 
10 -
қадам – жоспарды ресімдеу (жазу). Тәжірибелі педагогтер мен жетекшілер бірден таза 
қағазға жоспарлайды. Алайда өзінің әрекетін қағазға егжей-тегжейлі, логикалы, дәл, қысқа, 
нақты етіп түсіру оларды ұғынғанда ғана мүмкін болмақ. 
Негізінен жоспарлау өз қызметін (немесе қандай да бір бағытты, қызмет түрін) уақыттың 
қандай да бір кезеңінде модельдеу болып табылады, бұл кезде педагог өз жұмысының моделін 
ойша елестетеді: мазмұнды, ұйымдасқан, құрылымдық. Жоспар – ұжымдық бірлескен 
шығармашылық, педагогтер мен оқушылардың ізденуінің нәтижесінде, жоспарлау негізінде 
тығыз өзара әрекеттестік, тәрбиелеушілер мен тәрбиеленушілердің, жоғары және кіші мектеп 
оқушыларының мүдделі әріптестігінде мектеп оқушыларын тәрбиелеудегі сәттілікке маңызды 
алғышарт болады 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   138




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет