Жоғарғы Соттың қадағалау алқасында Даулы жерге қатысты іс бойынша қадағалау саты соты қаулысының күші жойылуына материалдық және іс жүргізу құқығы нормаларының бұзылуы негіз болған



жүктеу 98.6 Kb.
Дата25.02.2016
өлшемі98.6 Kb.
Жоғарғы Соттың

қадағалау алқасында
Даулы жерге қатысты іс бойынша қадағалау саты соты қаулысының күші жойылуына материалдық және іс жүргізу құқығы нормаларының бұзылуы негіз болған

( үзінді)

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының қадағалау алқасы сот отырысында "А." Заң компаниясы ЖШС-ның

- сатушы ретіндегі "Д." ЖШС мен сатып алушы ретіндегі "Н." ЖШС арасында жасал-ған ( көлемі 0,2731 га., кадастрлік нөмірі 20-311-015-218) жер телімін сату-сатып алу шартын;

- сатушы ретіндегі "Д." ЖШС мен сатып алушы ретіндегі "С." АҚ-ның арасында жасал-ған (көлемі 0,2731 га., кадастрлік нөмірі 20-311-015-218) жер телімін сату-сатып алу шартын;

- "Н." ЖШС (жарғысын, куәлігін, статистикалық карточкасын, А. қаласы Әділет департаментінің бұйрығын) 11 мамыр 2004 жылғы мемлекеттік тіркеуін;

- "Д." ЖШС қатысушыларының кезектен тыс жалпы жиналысының жер телімін алу туралы шешімін;

- "С." АҚ директорлар кеңесінің жер телімін сатып алу туралы шешімін;

- "С." АҚ жер теліміне меншік құқығына берілген актіні;

- "С." АҚ жер теліміне меншік құқығын мемлекеттік тіркеу туралы куәлігін жарамсыз деп тану туралы "Д." ЖШС, "С." АҚ, "Н." ЖШС, "А. қаласы жылжымайтын мүлік орталығы" РМК, А. қаласы жер қатынастары басқармасына, А. қаласы Әділет департаментіне қатысты берілген талап арыз бойынша және "С." АҚ оны адал иемденуші деп тану туралы қарсы талабы бойынша азаматтық істі қарап, төмендегі мән-жайларды анықтады.

Заң компаниясы "А." ЖШС жоғарыда аталған талаппен сотқа жүгінді, ал "С." АҚ оны адал иемденуші деп тану туралы қарсы талап қойды.

Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының 6 маусым 2006 жылғы шешімімен:

- 25 тамыз 2004 жылғы "Д." ЖШС мен "Н." ЖШС арасында жасалған жер телімін сату-сатып алу шарты;

- 26 тамыз 2004 жылғы "Д." ЖШС мен "С." АҚ арасында жасалған жер телімін сату-сатып алу шарты;

- "Д." ЖШС қатысушыларының кезектен тыс жалпы жиналысының дау-лы жер телімін сату туралы 26 тамыз 2004 жылғы шешімі;

- "С." АҚ директорлар кеңесінің даулы жер телімін сатып алу туралы 25 тамыз 2004 жылғы шешімі;

- "С." АҚ жер теліміне меншік құқығына 8 желтоқсан 2004 жылғы берілген акт;

- "С." АҚ жер теліміне меншік құқығын мемлекеттік тіркеу туралы 14 желтоқсан 2004 жылғы куәлік жарамсыз деп танылған.

"Н." ЖШС (жарғысын, куәлігін, статистикалық карточкасын, А. қаласы Әділет департаментінің бұйрығын) 11 мамыр 2004 жылғы мемлекеттік тіркеу-ін жарамсыз деп тану туралы талапты қанағаттандырудан бас тартылған.

"С." АҚ даулы жер телімінің сату-сатып алу шарты бойынша оны адал иемденуші деп тану туралы қарсы талабын қанағаттандырудан бас тартыл-ған.

Алматы қалалық сотының азаматтық істер жөніндегі алқасының 2 тамыз 2006 жылғы қаулысымен 29 маусым 2006 жылғы сот шешімі өзгертілді. Шешімнің:

- 26 тамыз 2004 жылғы "Д." ЖШС мен "С." АҚ арасында жасалған даулы жер телімін сату-сатып алу шартын;

- "Д." ЖШС қатысушыларының кезектен тыс жалпы жиналысының 26 тамыз 2004 жылғы шешімін;

- "С." АҚ директорлар кеңесінің 25 тамыз 2004 жылғы шешімін;

- "С." АҚ даулы жер теліміне меншік құқығына берілген актіні;

- "С." АҚ жер теліміне меншік құқығын мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті жарамсыз деп тану туралы бөлігінің күші жойылып, талаптан бас тарту туралы жаңа шешім шығарыл-ған. Сондай-ақ шешімнің "С." АҚ қарсы талабынан бас тарту бөлігінің күші жойылды және оны адал иемденуші деп тану туралы жаңа шешім шығарылған. Бірінші сатылы сот шешімінің қалған бөліктері өзгеріссіз қалдырылды.

Алматы қалалық соты қадағалау алқасының қаулысымен азаматтық істер жөніндегі алқа-ның қаулысының бірінші саты сотының шешіміне енгізген өзгерістерге қатысты бөлігінің күші жойылып, өзгертілген және соттың шешімі күшінде қалдырылған.

"С." АҚ қадағалау шағымында қадағалау сатысы сотының материалдық және іс жүргізу құқығы нормаларының бұзылуына жол бергенін көрсете отырып, Алматы қалалық соты қадағалау алқасының қаулысын қайта қарауды және Алматы қалалық сотының азаматтық істер жөніндегі алқасының қаулысын күшінде қалдыруды сұрайды.

Жоғарғы Соттың қадағалау алқасы іс материалдары мен қадағалау шағымның дәлелдемелерін зерттеп, келесі негіздер бойынша қадағалау шағымы қанағаттандырылуға жатады деп таныды.

Іс материалдарынан көрінгендей, сату-сатып алу шарты бойынша "С." АҚ сатылған, көлемі 0,2731 га., кадастрлік нөмірі 20-311-015-218 жер телімі "Д." ЖШС-не жеке меншік құқығымен тиесілі болған. Сатып алушы жер телімінің 93 161 250 теңге сомадағы құнын сатушының "Н." ЖШС сенім білдірілген тұлғасының есеп айырысу шоты арқылы шартта қарастырыл-ған жағдайларға сәйкес төлеген. "Д." ЖШС қабылдап алу-өткізіп беру актісі-не сәйкес жер теліміне қатысты барлық құжаттарды берген. Олардың негізінде "С." АҚ жерге Мемлекеттік акт алған және өзінің меншік құқығын жылжымайтын мүлік орталығында тіркеген. "Д." ЖШС жер телімін сату жөніндегі мәмілені өз қатысушыларымен алдын ала келіскен. Өз кезегінде "С." АҚ да жер телімін сатып алуға директорлар кеңесінің келісімін алған.

"Д." ЖШС мен "Demir." ЖШС арасында сатылып алынатын жер теліміне Кепілақы туралы келісім жасалған. Алайда, "Д." ЖШС жер телімін "С." АҚ-на сатқан. Осыған байланысты "Demir." ЖШС кепілақы шарттарын бұзғаны үшін "Д." ЖШС-нан кепілақыны екі есе мөлшерде өндіріп алу туралы талап арызбен сотқа жүгінген. Алматы қаласының мамандандырылған аудан-аралық экономикалық сотының шешімімен талап қанағаттандырылып, "Demir." ЖШС пайдасына 27 000 000 теңге өндіріп алынған.

"Demir." ЖШС мен "А." Заң компаниясы ЖШС арасында 16 қыркүйек 2005 жылы цессия шарты жасалған, осыған сәйкес соңғысына кепілақыны екі есе мөлшерде өндіріп алу туралы сот шешімінің орындалуын талап ету құқығы берілген. Алматы қаласының МАЭС осы ұйғарымына байланысты А. қаласындағы, Д. көшесі, 101 мекен-жайында орналасқан 28 000 000 теңгеге бағаланған даулы жер телімін өндіріп алу көзделген.

Жер телімінің бұрын "С." АҚ-на сатылуы және оның меншік құқығына тіркелуі негіздері бойынша Алматы қаласының МАЭС ұйғарымымен жоғарыда аталған жер теліміне өндіріп алуды жолдау туралы сот актісінің күші жойылған.

"Д." ЖШС мен "С." АҚ арасындағы жер телімін сату-сатып алу шартын жарамсыз деп тани отырып, бірінші және қадағалау сатысының соттары "Demir." ЖШС жер телімін сату бойынша міндеттемесін қамтамасыз ету үшін кепілақы шарты түріндегі ауыртпалықтың болуына байланысты "Д." ЖШС-ның жер телімін сатуға құқығының болмағандығын көрсеткен. Сот сатыларының пікірі бойынша сатушы алдымен келісімді бұзып, содан кейін жер телімін сатуы керек.

Алайда, аталған тұжырымдар материалдық құқық нормасын дұрыс түсіндірмегендіктен қате болып табылады. АК 337-бабына сәйкес, Кепілақы туралы келісім міндеттемені орындауды қамтамасыз етудің тәсілі болып табылады. Кепілақымен қамтамасыз етілген міндеттемені орындамағаны үшін кінәлі тараптың кепілақының екі есе сомасын төлеу және шығынның орнын толтыру міндеті түріндегі АК 338-бабымен қарастырылған азаматтық-құқықтық жауапкершілігі пайда болады. Кепілақы туралы келісім ауыртпалық болып табылады.

Қазақстан Республикасы Президентінің 25 желтоқсан 1995 жылғы "Жылжымайтын мүлікке құқықты және олармен жасалатын мәмілелерді тіркеу туралы" заң күші бар Жарлығының 1-бабына сәйкес ауыртпалық деп жылжымайтын мүлікке құқықты шектеу, соның ішінде оған үшінші тұлғалардың белгілі құқықтарының болуы, мүлікке тыйым салу түсіндіріледі. Іс материалдарынан көрінгендей жер телімі кепілге, тыйым салуға қойылмаған, ал Кепіл-ақы туралы келісім "Demir." ЖШС жер теліміне қандай да бір құқық бермейді. Ондай құқықтар ЖШС сату-сатып алу шарты жасалғаннан кейін ғана пайда болуы мүмкін. Сот "Demir." ЖШС бұзылған құқықтарын қорғау бойынша шараларды қолданды және Алматы қаласының мамандандырылған аудан-аралық экономикалық сотының шешімі-мен оның пайдасына кепілақының екі есе сомасы өндіріліп алынған.

Мәмілені жарамсыз деп тану үшін "Н." ЖШС лауазымды тұлғалардың қызметін теріс пайдалануынан жарғылық қызметінің бұзылуы басқа негіз ретінде көрсетілген.

Алайда көрсетілген негіздер ойдан алынған және келесі себептер бойынша назарға алынбайды.

Бірінші және қадағалау саты соттарының көрсеткеніндей, жер телімін сатып алу - сату шарты үш жақты емес, екі жақты келісім болып табылады. "Д." ЖШС сатушы, ал "С." АҚ сатып алушы болып табылады, осыған сәйкес шартқа екі заңды тұлға өкілдерінің қолдары қойылған. Жылжымайтын мүліктің сатылуын ЖШС қатысушылары, оның сатып алынуын АҚ - акционерлері мақұлдаған. Шартқа сәйкес "Н." ЖШС сатылған жер телімінің төлемін қабылдайтын сатушының сенім білдірілген тұлғасы болып табылады.

Шарттың аталған бөлігі "Д." ЖШС жалпы жиналысының "Н." ЖШС "С." АҚ алынған ақша қаражатын алуға және билік етуге құқық беру қажеттігі туралы айтылған 26 тамыз 2004 жылғы хаттамасымен бекітілген. Дәл сол күні "Н." ЖШС аталған қызметті орындауы үшін сенімхат бекітілген. "С." АҚ жасал-ған шарт шегінде ғана әрекет етті және төлем сомасын "Н." ЖШС-ға аударды. "Н." ЖШС түскен ақшалардың ұрлану, сондай-ақ Т-ға және Л-ға қатысты қылмыстық іс қозғау жағдайлары сатып алушы "С." АҚ ешқандай қатысы жоқ және ол "Д." ЖШС мен "Н." ЖШС-ның ішкі істері болып табылады.

Қалалық соттың қадағалау алқасының Л-ға қатысты қылмыстық ізге түсу мәміленің жарамсыздығының дәлелі болып табылатыны туралы дәлелдемелері негізсіз. Жоғарғы Соттың қадағалау алқасының сот отырысына Л-ға қатысты Алматы қаласы Бостандық аудандық сотының үкімі ұсынылды. Аталған үкіммен "С." АҚ лауазымды тұлғаларының қылмыстың жасалуына қатыстылығы анықталмаған. Үкімде сондай-ақ тараптардың ақша қаражатын ұрлау мақсатында қасақана ниеттегі келісімі туралы тұжырым да жоқ. "Д." ЖШС мен "С." АҚ арасында жасалған жер телімін сатып алу - сату шартының жалған екендігі туралы көрсетіл-меген.

Бұдан басқа "Д." ЖШС өзі де оның ақшаны алмауы мотивіне немесе ақша қаражатын ұрлау мотиві бойынша жер телімін сатып алу - сату шартын бұзу туралы талап қоймаған. Сондай-ақ шартта ақшаны алушы ретінде - "Н." ЖШС дұрыс көрсетілмеу себебі бойынша да мәмілені жарамсыз деп тану туралы талап қойылмаған.

Бірінші және қадағалау алқасы соттарының компанияның цессионер бола отырып, "Д." ЖШС кредиторы болып табылатындығы негізі бойынша "А." Заң компаниясы ЖШС-ның "Д." ЖШС мен "С." АҚ-ның арасындағы жер телімін сатып алу - сату шартына шағым келті-руге құқығының бар екендігі туралы дәлелдемелері негізсіз. Іс материалдарынан көрінгендей, "Demir." ЖШС (цедент) "Д." ЖШС-ның тек 18 тамыз 2005 жылы ғана кредиторы болған, ол кезде "С." АҚ 14 желтоқсан 2004 жылы "А. қаласы жылжымайтын мүлік орталығыда" өзінің меншік құқығын тіркеуден өткізген. Осыған қарай, "Demir." ЖШС оның кредитор құқығын алғанға дейін жасалған мәмілеге шағым келтіруге құқығы болмаған.

Цеденттің және цессионарийдің де олардың пайдасына ақша сомасын өндіріп алу туралы сот шешімінің орындалуын талап ету құқықтары ғана болған. Шотында ақша құралдарының болмауына байланысты олардың "Д." ЖШС-нің банкроттығы туралы мәселені қоюға құқықтары болған, алайда олар ондай талаптарды мәлімдемеген.

"А." Заң компаниясы ЖШС сот шешімінің және жер теліміне кепілақыны өндіріп алу өтінішінің орындалу тәртібі мен тәсілін өзгерту туралы арызбен сотқа жүгіну арқылы Банктің жер телімін алу шаралары бұрын да қолданылған.

Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының 30 қаңтар 2006 жылғы шешімімен Заң компаниясының арызы қанағаттандырылды және даулы жер теліміне кепілақыны өндіріп алу жолданды. Алайда "С." АҚ сотқа өз қарсылықтарын білдіріп, меншік құқығы және осы құқықтың тіркелгендігі туралы құжаттарды ұсынғаннан кейін Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты 18 сәуір 2006 жылғы ұйғарымымен өзінің 30 қаңтар 2006 жылғы шешімінің күшін жойды және бастапқы сот шешімінің шығуына негіз болған жер телімінің тіркелгендігі туралы жалған мәліметті бергені үшін "Алматы қаласы жылжымайтын мүлік орталығы" РМК-ға жеке ұйғарым шығарды.

Сот шешімінің орындалу тәртібі мен тәсілін өзгерту арқылы жер телімін иеленуге қол жеткізе алмағаннан кейін, Заң компаниясы "Д." ЖШС мен "С." АҚ арасындағы жер телімін сатып алу - сату шартын жарамсыз деп тану туралы талап арызбен жүгінген.

Бірінші және қадағалау алқасы соттарының жер телімін сатып алу - сату шартының "Акционерлік қоғамдар туралы" Заңның 19-бабының және "Жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершіліктегі серіктестіктер туралы" Заңның 30-бабының талаптарына сәйкес келмейтіндігі туралы дәлелдемелері негізсіз. Жоғарыда көрсетілгендей, ЖШС қатысушыларының жерді сатуға қатысты келісімдері бар. Сондай-ақ жер телімін сатып алуға акционерлердің де келісімі болған, аталған заң ережелеріне сәйкес АҚ және ЖШС органдарының шешімін тиісті акционерлер мен серіктестіктің тиісті қатысушыларының ғана даулауға құқығы бар.

Қалалық соттың азаматтық істер жөніндегі алқасы өзінің қаулысында "А." Заң компаниясы ЖШС "Д." серіктестігінің қатысушысы немесе "С."АҚ акционері болмағандықтан, бұл органдардың шешімдеріне шағым келтіруге құқығының жоқ екендігін негіздеп көрсетеді. Бұдан басқа, серіктестіктің және акционерлік қоғамның шешімдері талапкердің құқықтарын ешқандай да бұзбаған. Осыған байланысты апелляциялық саты "А." Заң компаниясы ЖШС "Д." ЖШС қатысушыларының кезектен тыс жалпы жиналысының 26 тамыз 2004 жылғы шешімін және "С." АҚ директорлары кеңесінің жалпы жиналысының 25 тамыз 2004 жылғы шешімін жарамсыз деп тану туралы талабын қанағаттандырудан бас тарту туралы жаңа шешімді негізді қабылдаған.

Алматы қаласы Бостандық аудандық сотының 16 қаңтар 2007 жылғы үкімі бойынша Л-ға оның кепілақы сомасынан ұрлап алған 9 475 900 теңге "Д." ЖШС пайдасына өндіріліп алынғанын атап өту қажет, сондықтан "А." Заң компаниясы ЖШС бұл соманың олардың пайдасына аударуды талап ете алады.

Қадағалау шағымының қалалық сот қадағалау алқасының іс жүргізу заңын бұза отырып, істі тағайындалған уақытынан бұрын қарағаны туралы дәлелдемелері расталған. Іс материалдарында банк өкілінің шақыру қағазын 10 қазан 2006 жылы алғандығы туралы қолхаты бар. Шақыру қағазының түпнұсқасында істі тыңдау күні өзгертілген және жоғарғы жағына 3 қазан 2006 жыл деп көрсетілген және бұл жағдай істі тыңдау күнін ауыстыру туралы ұсыныммен расталады. Аталған ұсыным керісінше банк шағымындағы олардың істі тыңдау күнінің 3 қазан екенін кездейсоқ білгендіктен, тыңдау күнін ауыстыруға дайын болмағандықтан, істі кейінге қалдыруды сұрауға мәжбүр болғандығы туралы дәлелдемелерін растайды.

Қадағалау отырысында анықталғанындай, "Д." ЖШС өкілі "А." Заң компаниясы ЖШС құрылтайшысы болып табылады. "А." Заң компаниясы ЖШС-ның мәлімдеген талаптарға қатысты "Д." ЖШС-ның құқықтық бағыты осымен түсіндіріледі.

Қалалық сот апелляциялық сатысының сатып алу-сату шартының заңдылығы мен даулы жер телімінің сатып алушысы "С." АҚ адалдығы туралы дәлелдемелері заңға және іс материалдарына негізделген дұрыс және дәлелді болып табылады.

Осындай жағдайда, қадағалау алқасының қаулысында келтірілген апелляциялық сатының сот актісінің күшін жою туралы дәлелдемелері дәлелді деп танылмайды. Алматы қалалық соты қадағалау алқасының 3 қазан 2006 жылғы қаулысының күші жойылуға, ал Алматы қалалық сотының азаматтық істер жөніндегі алқасының 2 тамыз 2006 жылғы қаулысы өзгеріссіз қалдырылуға жатады деп танылды.

Айтылғандардың негізінде, АІЖК 398-бабының 4-тармағының 4) тармақшасын басшылыққа алып, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының қадағалау алқасы Алматы қалалық соты қадағалау алқасының 3 қазан 2006 жылғы қаулысының күшін жойып, ал Алматы қалалық сотының азаматтық істер жөніндегі алқасының 2 тамыз 2006 жылғы қаулысын күшінде қалдырды.



"С." АҚ-ның қадағалау шағымын қанағаттандырды.


©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет