Білім берудегі цифрлық технологиялар пәні бойынша емтихан сұрақтары



бет28/47
Дата17.05.2024
өлшемі125.17 Kb.
#501339
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   47
ЦТО жауаптар нақты

Қазақстандағы бұлттық сервистер

Бұлтты технологиялар қарапайым пайдаланушыларға функционалдық бойынша шамамен бірдей қызмет ұсынады: шағын бағдарламаны жүктеу және орнату, бұлтты сақтау орнына орналастырғыңыз келетін файлдарды сақтау үшін папка жасау. Ол үшін пайдаланушыға жергілікті компьютерде немесе «Бұлтта» орналасқан файлдармен папкалардың синхрондау параметрлерін реттеу керек болады. «Бұлтта» сақталатындардың барлығы web-интерфейс арқылы кезкелген құрылғыдан қолжетімді болады. Оған электронды пошта арқылы сәйкес сілтеме жіберу арқылы кез келген адам папкаға немесе файлға еркін түрде қолжеткізе алады.


Ең танымал бірнеше сақтау орындарын қарастыруды ұсынамын. «Mail бұлты» Mail пошта қызметімен және «Мой мир» әлеуметтік желісімен бір тізбекте жұмыс жасайды. «Mail бұлтында» 25 ГБ тегін ұсынылады. «Mail бұлты» ең алдымен бізге тек дисктік кеңістік қана емес, сонымен қатар кеңсе құжаттарын браузер терезесінде қарастыруға және редакциялауға мүмкіндік беретін Docs кеңсе қосымшаларының пакетін ұсынатындығымен қызықты.
Google Drive Gmail пошта қызметімен және Google+ әлеуметтік желісімен бір тізбекте жұмыс жасайды. Google Drive, Gmail және Google+ барлығы 15ГБ тегін ұсынады. Google Drive бізге ең алдымен бізге тек дисктік кеңістік қана емес, сонымен қатар кеңсе құжаттарын браузер терезесінде қарастыруға және редакциялауға мүмкіндік беретін Docs кеңсе қосымшаларының пакетін ұсынатындығымен қызықты.
Dropbox – бұл дербес файлдарды бұлтты сақтау орындары. 2 ГБ диск кеңістігін тегін ұсынады. Осы жүйеге қосылатын сіздің құрылғыңыз интернет желісіне қосылғанда автоматты түрде бұлтты сервермен синхронданатын арнайы папка жасалады. Бұл жүйенің ерекшелігі соңғы 30 күн ішіндегі барлық өзгерістердің тарихы сақталатындығында, ол файлды бастапқы жағдайына келтіруге немесе өшірілген файлды қайта қалпына келтіруге мүмкіндік береді.
«Яндекс диск» 10 ГБ диск кеңістігін тегін ұсынады, ал одан кейінгі келесі 10 ГБ ақылы түрде болады. Яндекс диск Яндекс пошта қызметімен ықпалдасады, бұл осы аккаунттан «ауыр» жұмсалымдағы хаттарды жіберуге мүмкіндік береді – олар «Бұлтта» сақталатын болады. Оның фотосуреттер автоматты түрде жүктелетін опциясы бар



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   47




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет