LearningApps сервисін пайдалану арқылы кері байланысты ұйымдастыру.
Сіз дайындап ұсынған тапсырмаларды орындау барысында оқушылар өздерінің теориялық білімдерін бірнеше рет тексеруге, білімдеріндегі кемшіліктерді жоюға, тапсырмаларды дұрыс орындауға қол жеткізеді, осылай олардың өз білімдерін өзін – өзі бағалауы артады.
Оқушылардың топпен немесе жұппен жұмыс жасаулары олардың өз білімдерін салыстыруға, өзара көмек көрсетуге, өздерінің қабілеттерін өзге оқушылармен салыстыра отырып бағалауға мүмкіндік туады. Осылайша оқушылар берілген тақырып немесе бөлім бойынша тапсырмаларды меңгерудегі өз жетістіктері туралы кері байланыс алады және қаншалықты жақсы түсінгендігін біледі.
Кері байланыс алған оқушылар өздерінің білімін және оқуға деген ынта-жігерін арттыру үшін өз алдына мақсаттар қояды деп есептеймін. Мұғалімде LearningApps сервисін пайдалана отырып кері байланыс алуға мүмкіндік алады. Ол үшін Сіз серверге тіркелген болуыңыз керек және өзіңіздің виртуалды кабинетіңізді құрып, онда сынып пен оқушылар тізімін құру қажет. Сыныптар тізімін жасағанда сервер оқушыларға арналған логин мен құпия сөздерді автоматты түрде береді. Серверге тіркелген оқушылар өз аудиториясына логин мен құпия сөзін енгізу арқылы кіріп, мұғалім ұсынған тапсырмаларды орындай алады.
«Статистика» батырмасын шерту арқылы мұғалім өзі ұсынған тапсырмаларды кімдер орындады немесе орындаған жоқ және тапсырманы орындау барысында қандай кедергілер болды осы жөнінде мәліметтерді бақылай алады.
Берілген тапсырмалардың нәтижесін қарай отырып, қай оқушыларға көмектесу керектігін, қандай тақырыпты жеткілікті түрде дұрыс бермегендігін көре алады. Осы кеткен кемшіліктерді жою үшін қосымша сабақтар ұйымдастыру арқылы қайта жұмыстануға тура келеді.
Достарыңызбен бөлісу: |