Бiлiм берудiң мектепке дейiнгi ұйымдарын күтiп ұстауға және пайдалануға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар


Балалар мен персоналға медииналық көмек көрсетуге қойылатын



бет3/6
Дата29.06.2016
өлшемі493 Kb.
#166617
1   2   3   4   5   6

10. Балалар мен персоналға медииналық көмек көрсетуге қойылатын
санитариялық-эпидемиологиялық талаптар

      118. ББМДҰ сәйкес медицина қызметкерлерiнiң бiлiктi кадрларымен толықтырылады.


      Медицина қызметкерi болмаған жағдайда балаларды медициналық-санитариялық қамтамасыз етудi аумақтық амбулаториялық-емханалық денсаулық сақтау ұйымы жүзеге асырады.
      Ескерту. 118-тармаққа өзгерту енгiзiлдi - ҚР Денсаулық сақтау министрiнiң м.а. 2010.10.25 № 833 (алғаш ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Бұйрығымен.
      119. ББМДҰ-ның медицина персоналы емдеу-профилактикалық сауықтыру iс-шараларын өткiзедi.
      ББМДҰ-ның емдеу-сауықтыру жұмысының тиiмдiлiк критерийi ретiнде балалардың денсаулық жағдайларының жақсаруы болып табылады. Балалардың денсаулық жағдайларын бағалауды ағымды қадағалаулар мен профилактикалық тексерiп-қараулар негiзiнде жүргiзедi.
      Балалардың әр жас топтары үшiн сырқаттанушылықты төмендетуге және балалардың денсаулығын күшейтуге бағытталған сауықтыру iс-шараларының кешендi жоспарын құрастырылады.
      Декреттелген жастағы балаларды профилактикалық медициналық тексерiп-қараулар қолданыстағы нормативтiк құқықтық актiлерге сәйкес жүргiзiледi және дәрiгерге дейiнгi, педиатриялық және мамандандырылған кезеңдердi қарастырады. Басқа балаларға жыл сайын скрининг-тестiлеу және педиатриялық тексерiп-қарау өткiзiледi. Көрсеткiштерi бойынша балалар басқа да дәрiгерлерге тексерiледi.
      120. Балалар мен персонал арасында инфекциялық аурулар тiркелген жағдайда ББМДҰ-ның басшылығы, оның персоналы мен медицина қызметкерлерi мемлекеттiк санитариялық-эпидемиологиялық қызмет органдары белгiлеген мерзiмде және көлемде эпидемияға қарсы iс-шаралар жүргiзедi.
      121. Ас блогының қызметкерлерiн мейiрбике күн сайын ас блогы қызметкерлерiн тексерiп-қарау журналына мiндеттi түрде белгiлей отырып iрiңдi аурудың барлығына тексередi.
      ББМДҰ-да инфекциялық аурумен ауыратын немесе күдiгi бар қызметкерлер жұмысқа жiберiлмейдi немесе тез арада жұмыстан шеттетiледi.
      122. ББМДҰ-да осы санитариялық ережеге 8-қосымшаға сәйкес есепке алу-есептiлiк құжаттамасы жүргiзiлуi қажет.
      Шағын ББМДҰ-да (шағын орталықтарда) жарақтандыру және жабдықтау, медициналық кабинеттердiң медициналық құжаттама тiзбесiн жүргiзуi тиiстi аумақтағы халықтық санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы мемлекеттiк органмен келiсiледi.
      Медициналық кабинет осы санитариялық ережеге 9-қосымшаға сәйкес жабдықтармен және құрал-саймандармен жабдықталуы тиiс.
      Аудан жеткiлiктi болған жағдайда ББМДҰ-ның медициналық блогына осы санитариялық ережеге 10-қосымшаға сәйкес физиотерапевтиялық кабинет жабдықталады.
      123. ББМДҰ-ның қызмет көрсететiн персоналында бөлек шкафта сақталатын арнайы киiмдерi болуы тиiс: костюм, халат, ауыстыратын аяқ киiм, орамал, бас киiм, белдемше.
      Дәретхана бөлмесiне кiрер алдында халатты шешiп және шыққан соң қолды мұқият сабынмен жуу керек. Персоналға дәретханасы бар үй-жай бөлiнедi. Персонал үшiн дәретханасы бар үй-жай болмаған жағдайда балалардың дәретхана алаңында персонал үшiн бөлек жабық санитариялық кабина қарастыру керек.
      124. ББМДҰ-ға барлық медициналық тексерiп-қараулар мен зерттеп-қараулардың қорытындылары, гигиеналық оқытудан өткенi және жұмысқа жiберiлгенi туралы белгiлерi бар жеке медициналық кiтапшасыз қабылдауға жол берiлмейдi.

11. Балалардың бiлiм берудiң мектепке дейiнгi ұйымында болуына
және гигиеналық тәрбиесiне қойылатын
санитариялық-эпидемиологиялық талаптар

      125. ББМДҰ-ға кiрер алдында бала медициналық тексерiп-қараулардан, қажет болған жағдайда сауықтырудан өтедi. Баланы бiр ұйымнан екiншiсiне ауыстырған кезде дәрiгер немесе учаскелiк педиатр даму тарихының үзiндiсiн жазады.


      126. ББМДҰ-ға бала қабылданғанда дәрiгер баланың ата-анасынан баланың өсуi мен мiнез-құлқының ерекшелiктерi туралы мәлiметтердi жинайды, оның денсаулық жағдайына, физикалық және жүйкелiк-психикалық дамуына баға бередi, педагогпен бiрге балаға күн тәртiбi бойынша жеке тағайындаулар, тамақтану және сауықтыру шараларын белгiлейдi.
      Баланың денсаулық жағдайы туралы мәлiмет медициналық картаға жазылады.
      127. Балаларды күнделiктi таңертеңгi қабылдауды тәрбиешi ата-анасынан баланың денсаулық жағдайын сұрау, тамағын, денесiн қарау, ыстығын өлшеу арқылы жүргiзедi. Сәби топтарындағы балалардың бәрiнiң температурасы өлшенедi, мектеп жасына дейiнгi топтағыларда көрсеткiштер бойынша жүргiзiледi. Таңертеңгi қарау кезiнде анықталған науқастар мен ауруға күдiгi бар балалар ББМДҰ-ға қабылданбайды.
      Бiр күн iшiнде ауырған бала балалардан оқшауланады және ата-анасы келгенге дейiн оқшауланған үй-жайға ауыстырылады, шұғыл жағдайларда емдiк-профилактикалық ұйымдарға ауруханаға жатқызылады.
      128. Ауырғаннан кейiн немесе басқа да себептер бойынша үш және одан да көп күн болмағаннан кейiн балалар ББМДҰ-ға учаскелiк дәрiгер-педиатрдан аурудың аты, ұзақтығы, жасалған емнiң түрлерi, инфекциялық науқастармен байланыста болмағаны туралы мәлiметтерi көрсетiлген анықтамасы бар болғанда қабылданады.
      129. Таңертеңгiлiк тазалық балалардың үйiнде жүргiзiледi, ата-анасы таза, ұқыпты киiндiрiп әкеледi. Балаларда жеке гигиенаны сақтау әдетiн ата-анасы мен ББМДҰ-ның педагогикалық персоналы қалыптастырады.
      130. Санаториялық ББМДҰ-да себезгi бөлмелерi қарастырылуы тиiс, балаларды жуындыру кесте бойынша жетi күнде кемiнде бiр рет төсек әбзелдерiн, үстiге киетiн киiмдердi және орамалдарды ауыстыру арқылы қарастырылуы тиiс.
      Төсек әбзелдерi, орамалдар, жеке бас гигиенасының құралдары (тiс щеткасы, тарақ, ысқыш) әр бала үшiн бөлiнiп берiледi. Жеке тiс щеткалары және ауызды шаюға арналған ыдыс санитариялық блоктан оқшауланған үй-жайда ашық ұяшықтарда сақталады.
      131. Күн тәртiбi балалардың жас ерекшелiгiн ескере отырып ұйқының, демалудың, таза ауада болудың, оқу сабақтарын өткiзу ұзақтығының, тиiмдi тамақтануды ұйымдастырудың, дене тәрбиесiнiң гигиеналық нормасына сәйкес болады.
      Күнi бойы қызметтiң барлық түрлерi мен демалысты ұйымдастыру ББМДҰ-да балаларды тәрбиелеу және дамыту бағдарламасының негiзiнде құрылады. Мектеп жасына дейiнгi балалардың күн тәртiбiн осы санитариялық ережелерге 11-қосымшаға сәйкес қабылдау қажет.
      132. Балалардың қызметiн жоспарлаған кезде оқу жүктемесiн күн, апта, жыл бойына тең бөлу ұсынылады.
      133. Оқу жылының басында дайындық тобында балалардың оқуға функционалдық дайындығын анықтау керек. Оқуға дайын емес, тiлiнiң дамуында мүкiсi бар және суық тиiп жиi ауыратын балалар үшiн күн тәртiбiнде мамандармен арнайы сабақтар және емдеу-сауықтыру iс-шараларын қарастыру керек.
      134. Қозғалыс режимiнiң негiзiн дене жаттығуларымен айналысу және әр түрлi нысандағы ойындар мен балалардың өз бетiмен қозғалу қызметi құрайды. Дене тәрбиесi бойынша жұмыстарды медицина қызметкерiнiң бақылауымен топ тәрбиешiлерi, дене тәрбиесi жөнiндегi нұсқаушылар жүргiзедi.
      135. Дене тәрбиесiн медициналық және педагогикалық бақылау мына түрде жүргiзiледi:
      1) балалар емханасы немесе мектепке дейiнгi ұйымдар дәрiгерлерiнiң жоспарлы профилактикалық тексерiп-қараулары кезiнде өткiзiлетiн балалардың денсаулық жағдайларын, физикалық дамуын және дене тәрбиесiнiң тиiмдiлiгiн бағалауды динамикалық бақылау;
      2) қозғалыс режимiнiң ұйымдастырылуын, сабақтарды дене шынықтыру жаттығуларымен және шынықтыру рәсiмдерiмен өткiзу әдiстерiн бақылау;
      3) ББМДҰ-ның персоналы, ата-аналар арасында дәрiгердiң, мейiрбикенiң, ұйым басшысының, тәрбиешiлердiң, әдiскердiң дене тәрбиесi мәселелерi жөнiнде санитариялық-ағарту жұмыстарын жүргiзуi.
      136. Мектеп жасына дейiнгi балаларды гигиеналық оқыту және тәрбиелеу өскелең ағза функцияларының қалыптасуы, дененiң және психикалық даму динамикасын есепке ала отырып жүйелi жүзеге асырылады.
      Гигиеналық оқыту мен тәрбиелеудiң мақсаты саналы мәдени-гигиеналық дағдыларды қалыптастыру болып табылады.
      137. Мектеп жасына дейiнгi балаларды гигиеналық тәрбиелеу мен оқытудың негiзгi нысаны мына бөлiмдер бойынша тәжiрибелiк жұмыс болып табылады:
      1) дене тәрбиесi: денсаулықты нығайту, жаттығулар жасау, шынығу, белсендi қозғалу режимi дағдыларын бойға сiңiру;
      2) адамгершiлiк тәрбиесi: мiнез-құлық мәдениетi, денсаулыққа саналы қарым-қатынас;
      3) еңбек және эстетикалық тәрбие: еңбек дағдыларын, өз-өзiне қызмет көрсету дағдыларын бойына сiңiру, гигиеналық ұсынымдарды орындау қажеттiлiгiн қалыптастыру.
      138. Балаларды дене, ауыз қуысының гигиенасы ережелерiн сақтау, жеке бас гигиенасы құралдарын сақтау және пайдалану ережелерiн ұстау, тамақтану, шомылу әдеттерiне дағдыландыру.

«Бiлiм берудiң мектепке дейiнгi


ұйымдарын күтiп-ұстауға және 
пайдалануға қойылатын        
санитариялық-эпидемиологиялық
талаптар» санитариялық       
ережелерiне 1-қосымша        

ББМДҰ топтарының балалардың жасын есепке ала отырып жинақталуы




Топтар

Жасы

Балалар саны

1

Сәби:
сәби жастағы топ

бiр жастан екi жасқа дейiн

10

бiрiншi кiшi топ

екi жастан үш жасқа дейiн

20-дан артық емес

топта екi жастағы балалар бар болғанда

бiр жастан үш жасқа дейiн

10-нан артық емес

2

Мектепке дейiнгi:
екiншi кiшi топ

үш жастан төрт жасқа дейiн

25-тен артық емес

орта топ

төрт жастан бес жасқа дейiн

25-тен артық емес

ересек топ

бес жастан алты жасқа дейiн

25-тен артық емес

дайындық тобы

алты жастан жетi жасқа дейiн

25-тен артық емес

топта кез келген үш жастағы балалар бар болғанда

үш жастан жетi жасқа дейiн

20-дан артық емес

топта кез келген екi жастағы балалар бар болғанда

үш жастан жетi жасқа дейiн

20-дан артық емес

Топтық бөлiктер үй-жайларының аудандары:

      Киiм шешетiн орын (қабылдау бөлмесi) – ауданы кемiнде 18 шаршы м;


      Топ бөлмесi (ойын бөлмесi) – ауданы кемiнде 50 шаршы м (сәби топтарында 1 балаға кемiнде 2,5 шаршы м, мектепке дейiнгi топтарда кемiнде 2,0 шаршы м есебiнен);
      буфет – ауданы кемiнде 3,8 шаршы м;
      жатын бөлме – ауданы кемiнде 50 шаршы м (сәби топтарында 1 балаға кемiнде 1,8 шаршы м, мектепке дейiнгi топтарда кемiнде 2,0 шаршы м есебiнен).
      дәретхана – ауданы кемiнде 16 шаршы м (сәби топтарында 1 балаға кемiнде 0,8 шаршы м есебiнен).

«Бiлiм берудiң мектепке дейiнгi


ұйымдарын күтiп-ұстауға және 
пайдалануға қойылатын        
санитариялық-эпидемиологиялық
талаптар» санитариялық       
ережелерiне 2-қосымша        

Мектепке дейiнгi ұйымдар ғимараттары
үй-жайларының құрамы және ауданы

      Ескерту. 2-қосымшаға өзгерту енгiзiлдi - ҚР Денсаулық сақтау министрiнiң м.а. 2010.10.25 № 833 (алғаш ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Бұйрығымен.



Үй-жайдың атауы

Жобалық қуаты шаршы метр болғандағы үй-жай ауданы

 


50

95

140

190

280

Сәбилер топтарының топтық бөлiктерiнiң үй-жайы

қабылдау бөлмесi

18

18

18

18

18

ойын бөлмесi

50

50

50

50

50

жатын бөлме

50

36

36

36

36

дәретхана

16

12

12

12

12

буфет

3

3

3

3

3

Мектепке дейiнгi топтардың топтық бөлiктерiнiң үй-жайы

қабылдау бөлмесi

18

18

18

18

18

ойын бөлмесi

50

50

50

50

50

жатын бөлме

50

50

50

50

50

дәретхана

10

16

16

16

16

буфет

3

3

3

3

3

Медициналық үй-жайлар

медициналық кабинет

6

8

8

8

10

емшара кабинетi

-

-

-

8

8

изолятор:

-

-

-

-

-

палата

6

6

6

6

6

дәретхана

2

2

2

2

4

дезинфекциялау құралдарын дайындауға арналған үй-жай

-

2

-

2

2

Физиотерапевт кабинетi

-

2

2

2

2

Ас блогының үй-жайлары

тарату бөлмесi бар ас үй

15

23

23

28

30

дайындау цехы

6

8

8

12

14

ас үй ыдыстарын жуу бөлмесi

4

4

4

5

6

салқындату камерасы

-

-

-

-

9

құрғақ азық-түлiк қоймасы

7

8

8

11

6

көкөнiстер қоймасы

4

4

4

5

8

тиеу бөлмесi

-

4

4

5

6

Кiр жуатын бөлме

кiр жуу бөлмесi

12

14

14

16

16

үтiктеу бөлмесi

-

10

10

12

12

Қызметтiк-тұрмыстық үй-жайлар

меңгерушi кабинетi

10

10

10

9

9

персонал бөлмесi

-

8

8

10

12

шаруашылық қоймасы

4

5

5

8

12

таза төсек әбзелдерiнiң қоймасы

4

6

6

8

10

кастелянша бөлмесi

-

-

-

-

6

себезгi бөлмесi

-

2

2

2

2

персоналға арналған дәретхана

3

3

3

3

6

әдiстемелiк кабинет

8

10

10

15

15

психологтың кабинетi

6

8

8

8

10

      60-45о солтүстiк ендiктегi аудандар үшiн топтар, ойын, жатын бөлмелердiң, залдардың, изолятор палаталарының, ас үйлердiң терезелерiн 200-275о және 45о оңтүстiк ендiктегi аудандар үшiн 90-2900 азимутқа бағыттағанда күннен қорғау құрылғыларын пайдалану қажет. Күннен қорғау құралдары ретiнде жалюздер, күн қағарлар, жарық өткiзетiн және жарық сейiлдiретiн қасиетi бар мақта-матадан жасалған перделер ұсынылады.

«Бiлiм берудiң мектепке дейiнгi


ұйымдарын күтiп-ұстауға және 
пайдалануға қойылатын        
санитариялық-эпидемиологиялық
талаптар» санитариялық       
ережелерiне 3-қосымша        

Мектепке дейiнгi ұйымдардың санитариялық-техникалық
жабдықтармен қамтамасыз етiлу жағдайы

р/с


Үй-жай

Қол жуғыш

Унитаздар

қоспалауышы бар су ағызғыш (видуар)

су айырғыш кран

аралас қоспа-лауышы бар ванна

иiлгiш шлангiдегi себезгi торы бар табандық

қоспалауышы бар екi камералық  жуғыш

сүлгi кептiргiш

 



 

дәретхана краны бар балалардың жуғыштары

қоспалауышы бар ересектердiң жуғыштары

балалардың

ересектердiң

1

буфет

-

-

-

-

-

-

-

-

1

-

2

сәбилер  тобының дәретхасы

2

1

1

1

1

-

-

1 терең

-

1

3

мектепке дейiнгi  балалар тобының дәретханасы

4

-

3

1

-

-

-

1 таяз

-

1

4

зал

-

-

-

-

-

1

-

-

-

-

5

бассейннiң шешiнетiн орны жанындағы себезгi мен дәретхана

1

-

1

-

-

-

-

2

-

-

6

медицина бөлмесi

-

1

-

-

-

-

-

-

-

-

7

изолятордың қабылдау бөлмесi

-

-

-

-

-

-

-

-

1

-

8

изолятордың палаталары

1

-

-

-

-

-

-

-

-

-

9

изолятордың дәретханасы

-

1

-

-

1

-

-

1

-

1

10

персоналдың дәретханасы

-

1

-

1

-

-

-

-

-

-

11

себезгi бөлмесi

-

-

-

-

-

-

-

1

-

-

«Бiлiм берудiң мектепке дейiнгi
ұйымдарын күтiп-ұстауға және 
пайдалануға қойылатын        
санитариялық-эпидемиологиялық
талаптар» санитариялық       
ережелерiне 4-қосымша        


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет