Режимнің бағытталу нысаны ретінде белгіленген аумақтар (жабық әкімшілік-аумақтық бөліністер режимі, арнаулы экономикалық аймақ режимі), ңұқыңтық құрылымдар мен институттар (сала режимі), ұйымдар (атом энергиясының, әскери, қылмыстық атқару жүйесі режимі), әлеуметтік және табиғи техногендік процестер (еңбек және демалыс, төтенше жағдайлар режимі), материалдың құндылық заттары (мүлік, табиғи ресурстар құжаттар режимі), әкімшілік ңызмет (кеден режимі, шекара режимі және т.б.) саналады.
Режимдік болып нормативтік ұйғарымдар, субъектілердің құқыңтары мен міндеттерін іске асыру актілері, мадақтау және мәжбүрлеу шаралары, заңды санкциялар, әкімшілік қызметтің әдістері мен тәсілдері саналады.
Режимдік ережелер мінез-құлықтың нормативтік моделін жасайтын және субъективтік құқықтар, өкілеттіліктер, шек қоюларды пайдаланудың тәртібін реттейтін құқықтық құралдардың ерекше үйлесімділігін көрсетеді.
Режимнің субъектілері немесе қатысушылары болып режимді алып жүрумен байланысты және белгіленген ережелерді сақтауға міндетті жеке және заңды тұлғалар саналады. Арнаулы субъектілер ретінде белгіленген ережелердің саңталуын қамтамасыз ететін мемлекеттік органдар (лауазымды тұлғалар) саналады.
Ұйымдастырушылық—құқықтық кепілдіктер —құқықтық режимнің құрамдас бөлігі. Онымен режимнің тұрақтылығы, оның орындалуы, болуы мүмкін бұзушылықтарды жою қамтамасыз етіледі. Бұл жүйеге құқықтық режим түрінің тәуелділігіне қарай әкімшілік жүйеге қамтылатын, яғни режимді қамтамасыз ету мен ұстап түрушы өкілеттіктерге иеленген мемлекеттік органдар (лауазымды тұлғалар), режим талаптарын бүзғаны үшін қолданылатын заңдылық санкциялар жиынтығы, режимді орнатумен байланысты ұйымдастыру шаралары, ақпараттық техникалық құралдар кіреді.
Әкімшілік құқыққа өзінің салалық режимі тән, оның негізін әкімшілік-құқықтық реттеудің ұстанымдары, әкімшілік құқықтық әсер етудің әдістері мен амалдары, әкімшілік-құқықтық қатынасқа қатысушылардың құқықтың мәртебесі қүрайды.
Әкімшілік құқықтық режим атқарушы билік органдары мен лауазымды тұлғаларының жеке және заңды тұлғалармен өзара қатынаста немесе бір-бірімен лауазымдық міндеттерін іске асыруда, әр түрлі әлеуметтік нысандар мен процестерді реттеу кезінде болады. Арнаулы әкімшілік-құқықтық режим ерекше құқықтық режимнің бір түрі ретінде болады. Арнаулы әкімшілік құқықтық режим енгізудің негізі әлеуметтік және табиғи-техногендік сипаттағы әдеттегіден тысқарылық жағдайлар, арнаулы әкімшілік құқықтық режим нысандарын құру; режимдік реттеуді қажет ететін басқа да факторлардың пайда болуы саналады.
Достарыңызбен бөлісу: |