Білім және ғылым министрлігі Қазақ еңбек және әлеуметтік қатынастар академиясы СӨЖ: «Жер қойнауының құқықтық режимі»


Жер қойнауы туралы заңдарды бұзғаны үшін жауапкершілік



бет5/5
Дата02.03.2022
өлшемі5.44 Mb.
#455900
1   2   3   4   5
9- дәріс экологиялық құқық

5. Жер қойнауы туралы заңдарды бұзғаны үшін жауапкершілік
Заңмен анықталған ережелерді бұзу және жер қойнауын қорғау және ұтымды пайдалану бойынша шараларды орындамау заңды жауапкершілікке тартуға негіз болады. Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңдарының бұзылуына кiнәлi тұлғалар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады. Жер қойнауын пайдалану және қорғау туралы заңдарды бұзғаны үшін әкімшілік, қылмыстық, азаматтық-құқықтық жауапкершіліктер туындайды. ҚР әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодексінің 259-275-баптарда жер қойнауын қорғау және пайдалану саласында жасалатын құқық бұзушылықтар мен олар үшін санкциялар қарастырылған. ҚР қылмыстық кодексінің «Жер қойнауын қорғау және пайдалану ережелерін бұзу» деп аталатын 286-бабында аталмыш қылмыс құрамы қарастырылған. Жер қойнауын қорғау және пайдалану саласында жасалған құқық бұзушылықтар үшін азаматтық-құқықтық жауапкершілік ҚР Азаматтық кодексінің жалпы бөлімінде қарастырылған азаматтық-құқықтық жауапкершілік туралы ережелермен реттеледі.
Пайдаланған әдебиеттер:
  • Байдельдинов Д.Л. Қазақстан Республикасының экологиялық құқығы. – Алматы, 2005.
  •  
  • Стамқұлұлы Ә. Қазақстан Республикасының экология құқығы. Оқу құралы. – Тараз, 2003.
  • Мухитдинов Н.Б. Основы горного права. – Алматы, 1983.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет