Білім және ғылым министрлігі Қазақ еңбек және әлеуметтік қатынастар академиясы СӨЖ: «Жер қойнауының құқықтық режимі»


Жер қойнауын пайдалану құқығының түсінігі және түрлері, мазмұны



бет2/5
Дата02.03.2022
өлшемі5.44 Mb.
#455900
1   2   3   4   5
9- дәріс экологиялық құқық

2. Жер қойнауын пайдалану құқығының түсінігі және түрлері, мазмұны
Жер қойнауын пайдалану құқығы - осы Заңға сәйкес жер қойнауын пайдаланушыға берiлген келiсiм-шарттық аумақ шегiндегi жер қойнауына иелiк ету және оны пайдалану құқығы. Жер қойнауын пайдалану құқығы (объективтік тұрғыда) – жер қойнауын пайдалану тәртібі мен жағдайларын, жер қойнауын пайдаланушылардың құқықтары мен міндеттерін реттейтін құқықтық нормалардың жиынтығы.

Жер қойнауын пайдалану мақсатына қарай жер қойнауын пайдалану келесі түрлерге бөлінеді:


жер қойнауын Мемлекеттiк геологиялық зерделеу
барлау
өндiру
бiрлескен барлау және өндiру
барлаумен және (немесе) өндiрумен байланысты емес жерасты құрылыстарын салу және (немесе) пайдалану
Жер пайдалану құқығы тұрақты немесе уақытша, иелiктен алынатын немесе алынбайтын, өтемдi және өтемсiз болуы мүмкiн. Жер қойнауын пайдаланушыға жеке меншiк немесе уақытша жер пайдалану құқығымен тиесiлi жер учаскелерiндегi кең тараған пайдалы қазбаларды өз мұқтажы үшiн өндiру жер қойнауын пайдаланудың тұрақты және өтеусiз құқығы бойынша жүзеге асырылады. Жер қойнауын пайдалану операцияларының басқа түрлерiнiң бәрi уақытша және өтеулi жер қойнауын пайдалану негiзiнде жүзеге асырылады. Жер қойнауын пайдалану құқығының субъектiлерi қазақстандық және шетелдік жеке және заңды тұлғалар болуы мүмкiн. олар тұрақты және уақытша пайдаланушалар деп бөлінеді. Жер қойнауын тұрақты пайдаланушылар - олардың жер қойнауын пайдалану құқығының мерзiмсiз сипаты бар тұлғалар. Жер қойнауын уақытша пайдаланушылар - жер қойнауын пайдалану құқығы белгiлi бiр мерзiммен шектелген тұлғалар. Жер қойнауын пайдалану құқығының объектісі болып заңмен белгіленген тәртіпте оқшауланған жер қойнауының учаскесі табылады. Ол - жер қойнауын пайдалану жөнiндегi операцияларды жүргiзу үшiн тұйықталған шекараларда бөлiп көрсетiлетiн жер қойнауының геометрияланған бөлiгi. Сол сияқты кен орны - пайдалы қазба (пайдалы қазбалар) табиғи шоғырланған жер қойнауының бөлiгi объекті бола алады.
3.Жер қойнауын пайдалану құқығының пайда болу және тоқтатылу негіздері.
Жер қойнауын пайдалану құқығы:
  • жер қойнауын пайдалану құқығын беру;
  • жер қойнауын пайдалану құқығын өзгеге беру;
  • жер қойнауын пайдалану құқығы әмбебап құқықтық мұрагерлiк тәртiбiмен ауысу жолымен пайда болады.

  • Жер қойнауын пайдалану құқығын беру тұлғаға жер қойнауын пайдалану құқығын мемлекеттiң тiкелей беруiн бiлдiредi. Жер қойнауын пайдалану құқығын өзгеге беру жер қойнауын пайдалану құқығын тұлғаға басқа жер қойнауын пайдаланушының беруiн көрсетедi. Жер қойнауын пайдалану құқығының әмбебап құқықтық мұрагерлiк тәртiбiмен көшуi заңды тұлғаның қайта құрылуы кезеңiнде құқықтық мұрагерде жер қойнауын пайдалану құқығының пайда болғанын бiлдiредi.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет