Білім және ғылым министрлігі азаматтық авиация академиясы «Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер» кафедрасы



бет6/40
Дата12.12.2022
өлшемі134.24 Kb.
#467075
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   40
Á³ë³ì æ?íå ?ûëûì ìèíèñòðë³ã³ àçàìàòòû? àâèàöèÿ àêàäåìèÿñû «?ëåóì

11. Саяси мәдениет пен мінез-құлық
Саяси мәдениеттің түсінігі, мәні, құрылымдық компонеттері мен қызметтері. Саяси мәдениет құрылымындағы саяси дәстүр, саяси миф, саяси стереотип, саяси символика. Саяси мәдениеттің деңгейлері: дүниетанымдық, азаматтық, саяси. Қоғамның саяси мәдениеті мен саяси субмәдениеттердің арақатынасы. Саяси мәдениет типологиясының критерийлері. Саяси мәдениеттің негізгі үлгілері. Саяси мәдениеттердің батыстық және шығыстық типтерінің ерекшеліктері.
Қазақстан Республикасындағы саяси мәдениет – қазіргі жағдайы мен даму үрдістері. Саяси әлеуметтену: мәні, кезеңдері, үлгілері мен факторлары. Саяси мінез-құлық пен саяси ұатысу – түсінігі, негізгі теориялары, жіктелуі.
12. Саяси сана мен саяси идеология
Саяси сана: түсінігі, функциялары, формалары мен деңгейлері. Қоғам мен саясаттағы идеологияның пайда болуы, алатын орны мен рөлі.
Саяси идеологияны анықтаудағы түрлі әдістер. Саяси идеологияның мәні мен белгіленуі. Қазіргі негізгі саяси идеологиялар: либерализм, консерватизм, марксистік дәстүр мен халықаралық социал-демократия.
Қазақстан Республикасындағы сана мен ойлаудың жаңа үлгісінің стратегиясы, қоғамдық сана модернизациясы. Ұлттық "Мен" және ұлттық бірегейліктің ішкі өзегін сақтау. Қазіргі заманғы модернизация үлгілерінің қатерлері. Ұлттық рухты сақтау және Қазақстан Республикасының болашақ дамуының ұлттық үлгісін құру.
13. Саяси даму және модернизация
Саяси даму және оның критерийлері. Саяси модернизация түсінігі. Саяси модернизацияның мақсаты, оның негізгі сипаттары. Саяси модернизацияның кезеңдері мен факторлары. Модернизациялық үдерістегі дәстүрдің рөлі.
Қазақстан Республикасының саяси модернизациясы. Ұлт жоспары – бес институционалдық реформаларды жүзеге асырудағы 100 нақты қадам. 5 президенттік реформа: кәсіби мемлекеттік аппарат құру, заңның үстемдігін қамтамасыз ету, индустрияландыру және экономикалық өсім, біртектілік пен бірлік, есеп беретін мемлекетті қалыптастыру.
"Қазақстан-2050 Стратегиясы" Қазақстан Республикасының саяси бағыты ретінде. Күшті мемлекет және Қазақстанның әлемнің ең дамыған отыз мемлекеті қатарына енуі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   40




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет