Білім және ғылым министрлігі Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі


Мектептің науқастар арасында тиімділігі



бет16/19
Дата10.06.2022
өлшемі300.27 Kb.
#459110
түріДиплом
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19
Елтай А. - Дипломдық жұмыс

Мектептің науқастар арасында тиімділігі (Сурет – 13)





Сауалнама нәтижесі бойынша науқастардың арасында мектеп 90 адамда (98%) тиімді, 2 адамда (2%) тиімсіз болғандығы анықталды. Денсаулық мектебі науқастар арасында физикалық белсенділіктің жоғарылауына, дұрыс тамақтануға және стресстік жағдайларға деген көзқарастың өзгеруіне көп әсер етті (Сурет – 13).


«Қан қысымының жоғарылауы 140/90 мм.с.б» көрсететінін білетін науқастар (Сурет – 14)



Сауалнамалардың талдауына сәйкес «Қан қысымының жоғарылауы 140/90 мм.с.б.» екенін білмейтін 20 (50%) науқас анықталды. Мектепке қатысқаннан кейін осы сауалға 98% науқас «Ия» деп жауап берсе, 1% науқас «Жоқ», 1% науқас «Жауап беруге қиналамын» деп жауап берді (Сурет – 14). 


«Гипертониялық криз кезінде тіл астына дәрі қабылдап, дәрігер шақыру керек» екенін білетін науқастар (Сурет – 15)

Жүргізілген сауалнамаға сәйкес «Гипертониялық криз кезінде не істеу керектігін» білмейтін 21 (78%) науқас белгілі болды. Мектепке қатысқаннан соң олардың 97%-ы «Ия» деп жауап берсе, 2% науқас «Жоқ», 1% науқас «Жауап беруге қиналамын» деп жауап берді (Сурет – 15).


Артық салмақпен зардап шегетін науқастар (Сурет – 16)





Қатысушылар арасында жүргізілген зерттеуден кейін артық салмақпен зардап шегетін 27 (68%) науқас анықталды. Мектепке қатысқаннан кейін 98% науқас диета ұстанып, спортпен айналысып артық салмақпен күресуге шешім қабылдады (Сурет – 16).
«Денсаулық мектебіне» қатысқанға дейін 27 (67,5%) науқас темекі шегетін болса, 35 (87,5%) науқас мектепке барғаннан кейін темекіні тастауға шешім қабылдады.


Физикалық белсенділіктің қан қысымына әсерін білетін науқастар (Сурет – 17)

Мектепке қатысқанға дейін науқастар арасында «Төмен физикалық белсенділік қан қысымының жоғарылауына ықпал етеді» деген сауалға 22-сі (55%) анықталып, мектепке барғаннан кейін 98% науқас «Ия» деп жауап берсе, 1% науқас «Жоқ», 1% науқас «Жауап беруге қиналамын» деп жауап берді (Сурет – 17).
Сауалнама нәтижесіне сәйкес «Гипертензиямен тұзды тәулігіне 3-5 г-ға дейін шектеу керек» екенін білмейтін 30 (75%) науқас анықталса, мектептен соң тәуліктік тұз мөлшерін бақылап жүрген 38 (95%) науқас белгілі болды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет