Реферат
Тақырыбы:
Орындаған: Инф – 17 тобының студенті
Қабылдаған:
оқытушы Ахмед Т.Ф.
Жетісай 2009 ж.
Тест
-
Жедел жад ... жад болады
а) тұрақты
б) уақытша
в) виртуал
г) опетаривты есте сақтайтын
д) оперативты
-
RАM терминінің мағынасы:
а) винчестер
б) қатты дисктердің дискжетегі
в) иілгіш дисктерінің дискжетегі
г) лазерлық дисктерінің дискжетегі
д) жедел жад
-
Ішкі жад бөлімдері неше топқа бөлінеді?
А) 2
В) 3
С) 4
D) 5
Е) 6
-
Оперативті есте сақтау құрылғысының басқаша аталуы:
А. Intell
B. Pentium
C. RAM
D. SAUMD
E. КЭШ
-
Оперативті есте сақтау құрылғысының құру қашан басталды?
А. Мәліметтер шинасына
В. Адрестік шинаға
С. Дербес компьютерге
Д. Командалық шинаға
Е. Процессорға
-
Оперативті жадыдан регистрлерге және керісінше мәліметтерді көшіру процесі жүретін шина.
А) Мәліметтер шинасы
В) Командалық шина
С) Адрестік шина
Д) Аналық тақшадағы шина
Е) USB
-
Ішкі жад бөлімдері.
А) Жоғарғы, төменгі, қосымша жадтар
В) Негізгі, жоғарғы, қосымша жадтар
С) Қосымша, негізгі, төменгі жадтар
Д) Төменгі, жоғарғы жадтар
Е) Барлығы дұрыс
-
Өзгермелі информацияны қысқа мерзімде сақтауда пайдаланылатын құрылғы.
А) Монитор
В) Жүйелік блок
С) ОЕСҚ
Е) Принтер
№5 – ОБСӨЖ
(5 – апта, 4,5 балл)
НЕГІЗГІ ЕНГІЗУ-ШЫҒАРУ ЖҮЙЕСІ (BIOS)
BIOS (ағылшын тілінен Basic Input-Output System — енгізу-шығарудың базалық жүйесі) – ТЕСҚ-да орналасқан, компьютер жүйесінің құрамын (пернетақта, монитор, …) және олардың жұмыс орындауын тексеріп отыратын программа. Компьютер пайдаланушыларына көбірек аналық тақшадағы BIOS таныс, бірақ BIOS компьютердің барлық дер лік компоненттерінде: видеоадаптерлерде, желі адаптерлерінде, модемдерде, дискілік контроллерлерде, принтерлерде болады.
Бақылау сұрақтары
-
Енгізу-шығаруды үйымдастыру. Енгізу-шығарудың интерфейстері, қүрсымдарды кеңейту. Ақпаратты алмастыру тәсілдері.
-
Дербес компьютер (ДК) интерфейстері. ГІараллелді интерфейстер. LPT-порт. Ақпаратты алмастыру режимдері: дуплексті, жартылай дуплексті және симплексті.
-
Тізбекті интерфейстер. СОМ-порт. Тізбекті тасымалдаудың тәсілдері. Ақпаратты асинхронды және синхронды алмастыру. Деректерді тасымалдау режимдері. Тасымал ағымын басқару.
-
Ішкі қүрылғылар бақылаушысы. Енгізу-шығару порттары. Үзу кезіндегі ақпаратты алмастыру.
Тест
-
BIOS-дегеніміз не?
А) ДК жұмыс істеген кезде өзгермейтін информация сақталады
В) Компьютермен жұмыс барысында қолданылатын амалдарды сақтап отыратын құрылғы
С) Компьютер іске қосылғаннан кейін құрылғыларды автоматты түрде тестілеу,операциялық жүйені жадыға қосу үшін арналған программалар жиынтығы
Д) Қатты дискінің негізгі параметрі
Е) Сым жолдарының жиынтығы
-
BIOS-тың неше түрі бар?
A. 3
B. 1
C. 2
D. 5
E. 6
-
Award BIOS-тың қай бөлімінде компьютердегі құрылғылар арасындағы жүйелік ресурстарды реттеу опциялары қамтылған?
A. Advanced BIOS Features
B. Advanced Chipest Features
C. Load Otimized Defaults
D. PnP/PCI Configuration
E. Set User Password
-
AMI BIOS-тағы конфигурациялық жүйенің базалық жауаптылығы орналасқан бөлім:
A. Main
B. Advanced
C. Power
D. Boot
E. Exit
-
BIOS-та GMOS-тың жауаптылығы.
А) жылдамдыққа
В) биіктікке
С) сақтауға
Д) уақытқа
Е) байтқа
-
Bios Setup-та болған өзгерістерді сақтауға және одан шығуға арналған
А.Save and Exit Setup
B.Set User Password
C.Exit
D.Save
E. Exit Setup
-
Bios Setup-тан өзгерістерді сақтамай шығу
А.PnP/PCI Configuration
B. Save and Exit Setup
C.Set User Password
D.Exit Without Saving
E.Exit
-
Ami Bios v.8.00-дің барлығы нешеге бөлінеді
А .5
В.6
С.3
Д.2
Е.4
-
Жүйелі блок артында жайласқан 25 инеге ие және екі 25 және 9 инелік порттар атауларын көрсетіңіз.
а) LPT, USB, COM
б) LTP, COM1, COM2
в) LPT, COM1, COM2
г) LTP, USB, IEEE 1394
д) LTP, USB, PS/2
-
Клавиатураны және тышқанды қосатын порттарды көрсетіңіз.
а) LPT
б) USB
в) PS/2
г) IEEE 1394
д) COM
-
Қайсы жылдан бастап жүйелі блок USB портымен шығарыла бастады?
а) 1998
б) 1999
в) 2000
г) 2001
д) 2002
№6 – ОБСӨЖ
(6 – апта, 4,5 балл)
СКАНЕР.
Сканер компьютерге бір түсті немесе түрлі – түсті бейнлерді, графикалық және текстік ақпаратты есептеуге мүмкіндік беретін құрал. Сканерді тексті немесе графикалық бейнені ары қарай жасау үшін компьютерге енгізу қажеттілігі кезінде туады. Сканерленгеннен кейін ақпарат арнайы программалар қамтамасыз етілу арқылы өңделеді және текстік немесе графиктік файл ретінде сақталады.
планшетный сканер Hewlett-Packard ScanJet 2200С
Қызмет принципі
Сканердің негізгі қызметі – CCD – матрица (Charge Coupled Device – зарядталған байланысы бар құрылғы) немесе PMT (фотомножитель). CCD матрица – сыртқы шиеленіс қатысуымен жарыққа әсер ететін диод жиынтығы. Матрицаның сапасы бейнелерді тану сапасына тәуелді. Арзан үлгілер түстің барын, жоқтығын таниды, күрделі үлгілер – сұрғылт түсті, ал өте күрделісіне – барлық түстер жатады. Сканерленетін объект ксенондық лампамен немесе светодиодтар жиынтығы арқылы жарықтанады. Жарықталған сәуле айна немесе линза жүйелерінің көмегімен CCD матрицасына проектіленеді. Жарықтық және сыртқы шиеленіс ықпалы бетінің ауыстырылуына және әр түрлі элементарлы фрагменттің бейнесінің интенсивтігіне байланысты өзгеретін матрица аналогты сигналды тудырады. Сигнал цифрланып компьютердің есіне берілетін аналогты – цифрлі жаңғыртуға беріледі.
Сканер классификациясы
Сканерленетін әдісімен ажыратылатын оригинал санына және оптикалық жүйе сапасына сәйкес көптеген сканердің үлгілері бар. Ауыстырылу әдісіне байланысты сканерлер планшетті, барабанды және қолды болып бөлінеді.
Негізгі техникалық сканерлердің сипаттамалары
Сканер кез – келген объектіні жеке нүктелер пикселдер жиынтығы деп қарастырады. Пикселдің тығыздығы (саны бірлік көлемге) сканердің шешуші қабілеттілігі деп аталады және dpi да өлшенеді (dpi – дюймдағы нүкте). Пикселдер бейнені құра отырып, қатар бойынша орналасады. Сканерлеу процесі қатар бойынша жүреді және барлық қатар бір уақытта сканерленеді. Жай сканерлеудің шешуші қабілеттігі 600 – 1200 dpi – ді құрайды. Бейне нүктелерінің жанында орналасқан математикалық құру параметрлерінен қолдану программалық жолға жетудегі интерполяционды шешуші қабілеттікте үлкен мағына көрсетіледі.
Сканерленген материалдың сапасы оптикалық шешуші қабілетке байланысты: фотожиынтық машинасында басылатын көркем суреттерде шешуші қабілет 1200 – 1400 dpi – ді құру керек. Лазерлі немесе бүріккіш принтердегі суреттерді шығару үшін 300 – 600 dpi, суретті монитор экранында көру үшін 72 – 150 dpi, тексті тану үшін 200 – 400 dpi.
Түстердің көрсету тереңділігі оригиналды цифрлы формаға құру кезінде кез – келген суретін пикселі туралы мәлімет сақтайды. Жай сканерлер түстің барын не жоғын анықтайды да нәтижелі сурет ақ – қара түсті болады. пикселдерді көрсету үшін 1 разрядтың өзі жеткілікті қара түс пен ақ түс арасында сұрғылт түсті беру үшін ең аз, дегенде 4 разряд (16 түс) немесе 8 разряд (256 түс) қажет. Қазіргі көптеген түрлі – түсті сканерлер 48 разрядты түсті ұсынады және суретті сапалы түрде сканерлеуге болады. Негізгі сканер өңдіреуші фирмалар – Hewlett-Packard, Epson, Canon, Mustek.
Бақылау сұрақтары
-
Сканер қандай құрылғы?
-
Сканердің жұмыс істеу принципі
-
Сканерлердің классификациясы.
Тест
-
Сканерлер ауыстырылу әдістеріне қарай қалай бөлінеді?
-
Матрицалық, сиябүріккіш, лазерлік
-
Планшетті, барабанды және қолды
-
Планшетті, барабанды және сиябүріккіш
-
Жай сканер және түрлі-түсті сканер
-
Сканердің шешуші қабілеттілігі немен өлшенеді?
-
Герц
-
Dpi
-
Бит
-
пиксель
-
Перифериялық құрылғыларға қандай құрылғы жатады?
-
Бейне шығару қондырғысы.
-
Аталық қондырғы.
-
Сканер
-
Қоректену блогы.
-
Электронды схема
-
Функционалдық пернелерді көрсетіңіз:
-
F1 – F12
-
Insert, Delete, Home, End
-
Enter, Tab, Ctrl, Alt, Esc
-
Caps Lock, Scroll Lock, Num Lock
-
, , ,
-
Информацияны енгізу құрылғыларына ... жатады.
-
Пернетақта, сканер
-
Монитор, принтер, сканер
-
Монитор, модем, пернетақта
-
Принтер, пернетақта, модем
-
Сканер, монитор, тышқан
-
Пернетақта қандай қызмет атқарады?
-
Дербес компьютерге информация енгізу үшін
-
Информация енгізу және басып шығару
-
Деректерді тексеру
-
Информацияны кодтау
-
Информация басып шығыру
-
Негізгі сканер өндіруші фирмалар:
-
Intel, IBM
-
Pentium, Aplle
-
LG, Samsung
-
Hewlett-Packard, Epson, Canon, Mustek
№7 – ОБСӨЖ
(7 – апта, 5 балл)
МОДЕМДЕР
Модем дегеніміз – компьютерлердің қарапайым телефон сымдарымен қосылуына арналған құрылғы. Модем деген мынадай 2 сөздің қысқартылуынан пайда болған: Модуляция және Демодуляция.
Компьютер дискретті электр сигналдарын жібереді, ал телефон сымдарымен ақпарат аналогтық түрде беріледі (яғни, сигналдар арқылы). Модемдер цифрлықты – аналогтыққа және аналогтықты – цифрлыққа алмастыру функцияларын атқарады. Деректер жіберілгенде, модемдер компьютердің цифрлық сигналдарын телефон сымдарының үзіліссіз жиілігіне жібереді, ал қабылдаған кезде ақпаратты демодуляциялайды да компьютерге цифрлық түрінде жібереді. Модемдер деректерді телефон арналары арқылы секундына 300 – ден 56000 бит жылдамдықпен жібереді, ал арнайы арналар арқылы жылдамдық одан да жоғары болады.
Модем информацияны енгізетін құрылғының да, шығаратын құрылғының да функциясын атқарады. Ол телефондық байланыс желілерінің көмегімен қашықтағы басқа компьютерлермен жалғасуға (байланыс орнатуға) әрі дербес компьютерлер арасында информациялар алмасуға мүмкіндік береді. Конструктивтік орындауы бойынша модем құрамдық (компьютердің жүйелік блогына қойылған) және сыртқы (коммуникациялық порт арқылы қосылған) болады. Модемдер бір – бірінен деректерді ең көп шамадағы жылдамдықта берумен айрықшаланады (бүгінгі таңда 28800, 33600 бод (1 бод = секундтағы бит) және одан да көп жылдамдықтағы модемдер кең таралған, содан соң, олар қателікті түзеу құралына қолдау көрсете ала ма, жоқ па, міне осы жағынан да ерекшеленеді (оның ішінде V42bis және MNP – 5 әйгілі стандарттар болып табылады)).
Модемдер атқаратын жұмысына байланысты ішкі (компьютердің жүйелік блогына қойылатын) және сыртқы (бір коммуникациялық порт арқылы қосылады немесе корпустан тұрады) болып бөлінеді. Бірақ, олар белгілі коммуникациялық программалармен қамтамасыз етілмесе, жұмыс істей алмайды. Үлгілерге ең қажетті құрылған болып протокол жатады. Протоколдың ең қарапайым кең тараған түрлері болып v.32 bis, v.34 bis, v.42 bis және т.б. танылады. Қазіргі кездегі модемдер арқылы факстық хабарламаларды жіберуге және қабылдауға болады. Мұндай құрылғыларды факс – модемдер деп атайды.
Ішкі модем Genius GM-56PCI-L
Сыртқы модем Zyxel OMNI 56K DUO.
Коллоквиум
-
Контроллер дегеніміз не?
-
Бейнеадаптер дегеніміз не?
-
Дыбыстық карта дегеніміз не?
-
Желілік адаптер дегеніміз не?
-
Жүйелі порт дегеніміз не?
-
Негізгі техникалық сканерлердің сипаттамаларын беріңіз.
-
Плоттер дегеніміз не?
-
Модем дегеніміз не?
-
Модемнің түрлерін атаңыз.
Тапсырмалар
-
Модемді компьютер құрылғысына қосыңыз.
-
Плоттерді компьютер құрылғысына қосып жұмыс істеу нәтижесін көрсетіңіз.
-
Сканерді компьютер құрылғысына қосып жұмыс істеу нәтижесін көрсетіңіз.
-
Принтерді компьютер құрылғысына қосып жұмыс істеу нәтижесін көрсетіңіз.
-
Принтердің краскасын толықтырыңыз
Тест
-
Телефондық жүйе арқылы информация алмасуды қай құрылғы орындайды ?
А) Шығару
В) Интернет
С) Модем
Д) Ішкі
Е) Сыртқы
-
Модемде апарат жіберу жылдамдығы немен өлшенеді?
-
Бит
-
Бод
-
Байт
-
Герц
-
Бейне карта монитордың көмегімен арнайы тақшаны басқарады. Оны қалай атайды?
-
Дыбыстық карта
-
Бейне адаптер
-
Желілік адаптер
-
Дыбыстық адаптер
-
Барлығы дұрыс
-
Бейне акселеоаторлар қайда орналасқан.
А) Бейне жадыда
В) Дыбыстық карта
С) Оперативті жады
Д) Аналық тақшада
Е) Желілік адаптерде
-
Бейне карта өткізу қабілеті өлшенетін бірлігін көрсетіңіз.
а) Мб
б) Кб/c
в) ГГц
г) Мб/с
д) Гб/c
-
Бейне адаптерді қосу үшін арналған арнайы интерфейс:
А) AGP
В) USB
С) Аналық тақшадағы шиналар
Д) Адрестік шиналар
Е) Командалық шиналар
-
Электронды сәуле трубкасы бар мониторлар үшін экрандар қалай бөлінеді?
А.Дөңес,тегіс
В.Дөңес;сүйір
С.Жазық,тегіс
Д.Тегіс
Е.Дөңес
Екінші аралық бақылау
Екінші аралық бақылау
№
|
Тақырып
|
Өткізілетін уақыт
|
Бақылау түрі
|
Ұпайы
| -
|
Ақпаратты бейнелеу құралдары.
|
8 апта
|
Глоссарий
Тест
|
3,5
| -
|
Қатты машиналық диск жинақ.
|
9 апта
|
Бақылау жұмысы
Тест
|
4
|
№4 бөлім. Микропроцессорлар
| -
|
Микропроцессорлар.
|
10 апта
|
Реферат
Тест
|
5
| -
|
Микропроцессорлар.
|
11 апта
|
Тест
|
4
|
№5 бөлім. ДЭЕМ-ң жұмыс істеу принципі және архитектурасы
| -
|
Қазіргі компьютерлердің архитектурасы.
|
12 апта
|
Бақылау жұмысы
Тест
|
4,5
| -
|
Жүйелік магистраль.
|
13 апта
|
Тест
|
4,5
|
№6 бөлім. Сервер және жұмыс станциялары
| -
|
Сервер және жұмыс станциялары
|
14 апта
|
Коллоквиум
Тест
|
4,5
|
∑ 20 балл
|
№8 – ОБСӨЖ
(8 – апта, 3,5 балл)
ПРИНТЕР.
Принтерлер ақпараттың қатты тасымалдауына шығаруға арналған, көп жағдайларда олар қағазға шығарылады. Принтердің үлгісінің көптеген түрі бар, оларды қызмет принципіне, интерфейсіне, өндіргіштігіне функционалды мүмкіндіктеріне байланысты өзгертеді. Қызмет принципіне байланысты: матрицалық, бүріккіш, лазерлі принтер болып бөлінеді.
Матрицалық принтерлер Epson
Матрицалық принтер
Мұнда басқа бірнеше инеден құралған матрицаның баспа торабында енгізудің көмегімен жасалған. Қағаз валының көмегімен принтерге енеді. Қағазбен баспа торабының арасында бояушы лента орналасқан. Ине лентаны соққан сайын қағазда нүктелер пайда болады, баспа торабында орналасқан инелерді электромагнит басқарады. Баспа торабы горизонталь бойынша ауысып, қадамды двигательмен басқарылады. Баспа торабының қатар бойынша жылжуы кезінде, қағазда нүктеден құралған символдық таңбалары пайда болады. Принтердің жадысында жеке әріптердің белгіленуінің т.б. кодтары сақталады.бұл кодтар белгілі бір символды басу үшін қай инені қай уақытта іске асыру керектігін анықтайды.
Сия бүріккіш принтер
Ең бірінші бүріккіш принтер Hewlett Packard фирмасы шығарды. Қызмет принципі матрицалық принтерге ұқсас болып келеді, бірақ иненің орнына каппилярлы шашыратқыш және сия резервуары орналасқан.
Орташа енгізілген саны 16 – дан 64 – ке дейін, бірақ шашыратқыш саны қара сия үшін 300 – ге дейінгі үлгілер бар, ал түрлі – түсті де 416 – ға дейін. Баспа торабына енгізілген резервуар конструктивті жеке құралдарды көрсетеді (картридж), оны ауыстыру өте жеңіл. Қазіргі көптеген бүріккіш принтерлер картридждерді ақ – қара және түрлі – түсті баспа үшін қолдануға мүмкіндік берілген.
Лазерлі принтер
Лазерлі принтер фирмасы Hewlett-Packard(HP) HP OfficeJet G55 (принтер/сканер/копир)
Қазіргі лазерлі принтерлер баспаны жоғары сапаға жеткізуге мүмкіндігі бар. Сапасы фотографикалыққа жақын. Көптеген лазерлі принтерлерде көшірім аппараттардағы сияқты баспа механизмі қолданылады. Негізгі торабы суретті қағазға түсіретін өзгермелі барабан болып табылады. Барабан жартылай өткізгіштердің қабатымен қапталған металды цилиндр. Барабанның жоғарғы жағы разрядпен зарядталады. Барабанға бағытталған лазердің сәулесі түсу нүктесіндегі электростатикалық разрядты өлшейді және барабанның жоғарғы жағындағы бейнелердің электростатикалық көшірмесін құрайды. Осыдан кейін барабанға боялатын порошоктың қабаты себіледі (тонер). Тонердің кейбір бөлігі электрлі зарядталған нүктелерге ғана тартылады. Парақ лоток арқылы ішіне кіреді және оған электрлі заряд беріледі. Барабанға қойғаннан кейін, парақ өзіне барабаннан тонердің бір бөлігін тартады. Тонерді белгілеу үшін парақ қайтадан зарядталып 180 градусқа дейін жылытылған вал арқылы өтеді. Соңында барабан разрядталып тонерден тазаланып жаңадан қолданылады.
Түрлі – түсті баспа кезінде сурет механизм арқылы парақтың 4 жолымен түрлі – түсті тонердің араластыруы құрылады. Әр жолда қағазға белгілі бір мөлшерде бір түсті тонер себіледі. Түрлі – түсті лазерлі принтер тонерге арналып резервуары бар оперативті есте сақтауы, процессоры, қатты дискісі бар күрделі электронды құрал болып табылады. Атақты принтер өңдеуші фирмалар: Hewlett-Packard (США), Epson (Япония), Canon, Lexmark.
Глоссарий
-
Матрицалық принтер
-
Лазерлі принтер
-
Сия бүріккіш принтер
-
Тонер
-
Вал
-
Барабан
Тест
-
Принтердің түрлері:
-
Матрицалық, лазерлік, сия бүріккіш +
-
Лазерлік және сия бүріккіш
-
Матрицалық, сия бүріккіш және иілгіш
-
Жылдам және баяу
-
Матрицалық және лазерлік
-
Қағазға ең төменгі сапамен шығару
-
Ағымдық принтерде
-
Матрицалық принтерде
-
Лазерлік принтерде
-
Графопостроительде
-
Плоттерде
-
Принтер функциясы ... ды орындау.
-
информацияны сақтау
-
информацияны қағазға шығару
-
желіге жетуді ашу
-
деректерді өңдеу
-
информацияны
-
Қызмет принцпіне байланысты монитор түрлері
А.Электроды сәулелі түтігі бар,сұйық кристалды эл. дисплей
В.Жиілігі жоғарғы
С. Электроды сәулелі түтігі бар, Жиілігі жоғарғы
Д. сұйық кристалды эл. дисплей,төменгі жиілікті
Е. төменгі жиілікті
-
Сұйық кристал негізіндегі дисплейлердің неше түрі бар?
А) 2
В) 5
С) 9
Д) 6
Е) 3
9 – ОБСӨЖ
(9 – апта, 4 балл)
CD-ROM АҚПАРАТТЫ ЕНГІЗУ ҚҰРЫЛҒЫСЫ.
Оптикалық дискілердегі жинақтауыш
Жинақтаушы дискілер
CD – ROM жинақтауыш
Samsung SC-152L 52x CD-ROM жинақтауыш
Соңғы уақыттағы компьютерлердің негізгі конфигурациясына CD – ROM дискжетек енгізген болатын. CD – ROM – ның (Compact Disk Read Only Memory) абервиатурасы компакт – дискілер негізіндегі тұрақты еске сақтаушы құрылғы деп аударылады. Осы құрылғының әрекетінің принципі диск бетінде орналасқан лазерлік сәулелер арқылы цифрлік мәліметтерді оқу болып табылады. Ақпараттарды тасымалдаушы ретінде қарапайым компакт – дискіні қарастыруға болады. компакт – дискідегі цифрлік жазу өте жоғарғы тығыздығы бар магниттік дискілерден ерекшелінеді, сол себептен стандартты CD 650 – 700 Мбайтты сыйдыра алады.
Пластикалық бетке алюминий немесе алтын қабаты жағылады. Дискіге ақпаратты жазу жолдардың бетіне басып жазу арқылы жүзеге асырылады. Бұл ақпаратты екі ретті жазуға мүмкіндік туғызады. Тереңдету пит (pit), ал оның беті лэнд (land) деп аталады. Логикалық нөл пит ретінде немесе лэнд ретінде болуы мүмкін. Логикалық бірлік питтен лэндқа өту кезінде кодталады.
Компакт – дискінің ортасынан шетіне дейін спираль түріндегі бір жолдар болады. диск беті 3 облысқа бөлінеді. Бастапқы (Lead – In) дискінің ортасында орналасады. Және бірінші оқылады. Онда диск мазмұны жазылады, барлық жазулардың адрестерінің кестесі, диск белгісі және т.б. көмекші ақпарат. Ортаңғы облыс дискідегі үлкен орын алатын негізгі ақпараттары бар. Соңғы облыс (Lead – Out) дискінің соңғы белгісі болады.
CD – ROM жинақтауышы дискіні айналдыратын электродвигателі болады; лазерлік сәулешашушы, оптикалық линза диск бетінен оқуға арналған датчиктер мен линзалардан құралған оптикалық жүйесі; әкелеу механикасын басқаратын микропроцессорлардан құралады.
CD – ROM – ның негізгі сипаттамалары: мәліметтерді тасымалдау жылдамдығы – 150 Кбайт/сек; компьютердің жедел жадысына мәліметтерді тасымалдау жылдамдығының сипаттамалары: 2 жылдамдықты CD – ROM(2х), 50 жылдамдықты (50х CD – ROM); қолдану уақыты, яғни дискідегі ақпаратты іздестіру үшін миллисекундамен есептейді. Бір ретті жазу CD – R және CD – RW құрылғылары болады.
CD – R (CD – Recordable) жинақтауышы
CD – R (CD – Recordable) жинақтауышы Verbatim фирмасынан
Сырт жағынан ол CD – ROM – ға ұқсас және дискілер көлемі мен жазу форматы жағынан бір – біріне тіркесуші болып келеді. Ол бір реттік жазуды орындауға мүмкіндік береді және оны бәрнеше рет оқуға болады. Мәліметтерді жазу арнайы программалық жабдықтау көмегімен жүзеге асырылады. CD – R жинақтауышындағы жазу жылдамдығы 4х – 52х – ті құрап отыр.
CD – RW (CD – ReWritable) жинақтауышы
Бұл көпмәтіндік мәліметтерді жазуға мүмкіндік береді және бұл жерде ақпараттарды бос кеңістікке жазып, сонымен қатар жаңа ақпараттарды толықтай қайта жазуға мүмкіндік бар (алдыңғы мәліметтер өшіріліп қалады). CD – RW жылдамдығы 4х – 52х, ал қайта жазу, жылдамдығы – 24х.
DVD (Digital Video Disk) жинақтауышы
Бұл цифрлік жазуларды оқу құрылғысы. Сырт жағынан DVD – диск кәдімгі CD – ROM – ға (диаметрі – 120 см, қалыңдығы – 1.2 мм) ұқсайды. Бірақ оның ерекшелігі DVD – дискінің бір жағына 4.7 Гбайтқа дейін жететін мәліметтерді жазуға болады. Егер 2 қабатты жазу үрдісін қолдансаңыз, онда дискінің бір жағына 8.4 Гбайт ақпаратты жазуға болады. DVD – дискілері ақпараттарды қайта жазу мүмкіндігіне ие.
Жазу әдістері: Track – at – Once, Disc – at – Once және Packet Writing
Track – at – Once тәртібінде әр жолдар жазылғаннан кейін жазушы лазер қосылады. Осы тәртіпте жазылған жолдар аралықтармен бөлінеді (gaps). Егер музыкалды жолдардан кейін мәліметтері бар жолдары келетін болса, онда аралық 2 немесе 3 секундтты құрайды. Ал музыкалық жолдар арасындағы аралық әдетте 2 секунд.
Disc – at – Once тәртібінде жазуда бір немесе одан да көп жолдар лазердің өшпеуінсіз жүзеге асырылады және бұл жерде диск жабылады. Disc – at – Once – та жазу үшін жаңа диск қажет және ол multisession дисктер үшін мүмкін емес.
Packet Writing. CD – ға жазудың жаңа әдісі. Бұл жерде мәліметтер кіші позициялармен жазылады және бұл көптеген шектеулерді шешеді. Adaptec Direct CD программасы стандартты UDF спецификасына сәйкес тәртібінде жасалады. Бірақ барлық CD – рекодерлерде Packet Writing мүмкіндігі бола бермейді.
Бақылау сұрақтар
-
Дискідегі мәлімет жинақтауыш дегегніміз не?
-
МДЖ-нің неше түрі бар?
-
Қатты диск дегеніміз не?
-
Контроллер дегеніміз не?
-
Қатты диск геометриясын түсіндіріңіз
-
Қатты дискіге мінездеме беріңіз
-
CD-ROM – негізгі сипаттамаларын атаңыз.
Тапсырмалар
-
CD-ROM-мен жұмыс істеңіз.
-
Қатты дискінің жұмыс істеу тәсілін көрсетіңіз.
-
Процессорлардың үлгілерін көрсетіңіз.
-
ОЕСҚ- жұмыс істеу тәсілін көрсетіңіз.
Тест
-
Компьютердегі CD-ROM функциясы ... ды орындау
а) информацияны сақтау
б) информацияны қорғау
в) информацияны дискіге жазу
г) деректерді өңдеу
д) информацияны
-
Компьютердегі CD-RW функциясы ... ды орындау.
а) информацияны сақтау
б) информацияны қорғау
в) информацияны дискіге жазу
г) деректерді өңдеу
д) информацияны
-
Компьютердегі floppy-дискжетек функциясы ... ды орындау.
а) информацияны сақтау
б) информацияны қорғау
в) информацияны дискіге жазу
г) деректерді өңдеу
д) информацияны дискіден оқу және жазу
-
FLOPPY терминінің мағынасы:
а) винчестер
б) қатты дисктердің дискжетегі
в) иілгіш дисктерінің дискжетегі
г) лазерлық дисктерінің дискжетегі
д) жедел жад
-
ROM терминінің мағынасы:
а) винчестер
б) қатты дисктердің дискжетегі
в) иілгіш дисктерінің дискжетегі
г) лазерлық дисктерінің дискжетегі
д) жедел жад
-
Floppy-дискетының көлемі
а) 100 кб
б) 144 мб
в) 14,4 мб
г) 1,44 мб
д) 1,45 мб
-
DWD-RW жазуын қалай түсінесіз:
a) қайта жазалады, оқиды
b) бір рет қана жазуға мүмкіндігі бар
c) қайталап жаза алмаиды
d) ішіндегі ақпараттарды өшіруге волмаиды
е) тек қана оқиды
-
CD-R жазуын қалай түсінесіз:
a) қайта жазалады оқиды
b) бір рет қана жазуға мүмкіндігі бар
c) қайталап жаза алмаиды
d) ішіндегі ақпараттарды өшіруге волмады
е) тек қана оқиды
-
Қатты дисктердің сиымдылығы ... өлшенеді.
а) килобайттарда
б) мегабайттарда
в) гигабайтатарда
г) терабайттарда
д) килограммдарда
№10 – ОБСӨЖ
(10 – апта, 5 балл)
Реферат тақырыптары.
-
Микропроцессорлардың буындары.
-
Pentium процессоры
-
ММХ технологиялы процессорлар
-
Xeon тобының процессорлары
Ескерту: Реферат – бұл оқылған кітаптар мен құжаттар мазмұнының жазбаша түрдегі баяндамасы; белгілі бір тақырыпқа әдебиеттер негізінде оның барлық сұрақтарын қамтитын баяндама.
Рефератқа қойылатын талаптар:
Рефераттың міндетті құрылымдық элементтері:
-
Міндетті түрде титульдық беттің болуы.
-
Парақтардың нөмірленуі.
-
Кіріспе. Бұл бөлімде мәселенің өзектілігі сипатталып, рефераттың мақсаты мен тапсырмасы анықталады. Кіріспе көлемі - 1-2 парақ.
-
Мазмұны.
-
Реферат мәтіні төмендегілерді қамтуы шарт:
-
таңдалған тақырыпты негіздеу;
-
проблема бойынша әдебиетке салыстырмалы талдау жасау;
-
проблемаға өзіндік көзқараспен баяндама жасау;
-
нәтижелер мен ұсыныстар;
-
қорытынды.
-
Қолданылған әдебиеттер, интернеттегі мәлімет көздерінің тізімі.
Төменде титулдық беттің үлгісі берілген.
Рефератты бағалау кезінде келесі компоненттер есепке алынады:
-
мазмұны (проблеманы талқылау тереңдігі, жұмыстың құрылымы, талданған әдебиеттер көлемі және т.с.с);
-
рефераттың көркемделуі (стандартқа сай келуі, көрнекі құралдардың болуы, т.с.с);
-
рефератты қорғау (реферат мәтінін толық білу, сұрақтарға жауап беру, т.с.с.).
Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрлігі
«Сырдария» университеті
Математика және экономика факультеті
«Бағдарламалық қамтамасыз ету» кафедрасы
“Компьютер архитектурасы”
Достарыңызбен бөлісу: |