3.БҚО тенистің дамуы
Оралда 2014 жылы ашылған теннис орталығы бүгінде толыққанды қызмет жасауда. Бүгінгі таңда оралдық 140-тан астам бүлдіршін аталмыш спорт түрін меңгеріп, жаттығып, шеберліктерін шыңдап жатыр. Бапкерлер баланы тенниске алты жеті жастан бастап берген дұрыс,-дейді. Аталмыш спорт түрі баланың жан-жақты дамуына көмектесіп, жеке тұлғалық қасиеттерін дамытуға ат салыспақ. Жазғы уақытта, аптап ыстыққа қарамастан жаттығып жүрген өрендердің қарасы қалың. Олар аптасына бес рет жаттығып, шеберліктерін шыңдауда. Олардың қатарында Аңсар Қайыржанов та бар. Жас спортшы бес жылдан бері теннисті жанына серік қылған. Жастайынан бұл спорт түрімен айналысып жүрген спортшы қазірдің өзінде түрлі сайыстарға қатысып, үздіктердің қатарынан табылыпты. Жас өрен әлемнің үздік ракеткасы болуды армандайды. Қазіргі таңда, оралдық спортшылар тамыз айында ұйымдастырылатын еліміздің басты аламанына дайындалып жатыр.
[4]
4.Тенистің адам ағзасына әсері
Теннис-аз жарақатты спорттың түрі. Жарақаттар спорттың бір бөлігі болғандықтан,теннистеде жарақаттар алу жағдайы кездеседі. Бірақ, басқа спорт түрлерімен салыстырғанда теннисте олардың сирек болатынын атап өту керек. Ең көп кездесетін жарақат түрлері ол сінірдің созылуы және қолдың шығуы.
Аэробты жаттығулар.Теннис ойнайтын кезде адамның көптеген дене мүшелері пайдалы жұмыс істейді. Одан басқа, дененің тыныс алу және жүрек-тамыр жүйесін жақсартуға ықпалын тигізеді, онымен қоса адамның қан айналамы жақсартылады.
Доп - реакция жаттықтырушысы.Теннис ойыны мынандай қасиеттерді дамытуға көмектеседі: жігерлік, қайрат, тез уақытта шешім қабылдау және күш қуаты. Оған қоса ойыншылар жұптанып ойнаса, жауапкершілікке және командада жұмыс істеуге үйретеді. Мысалы кәсіпкой теннис ойыншыларының соққысы допты 200 км/сағ жылдамдықпен жібереді, сол үшін олар тез арада шешім қабылдау керек.
Теннис - денсаулықтың пайдасы.Күні бойы адамның бұлшық еттері қимылда болып, теннис ойнайтын кезде олар релаксация кезеңіне көшеді. Осы босаңсу процесі барысында эндорфин гормоны ағзаға бөлінеді, яғни ойыннан кейін демалыс уақытында адам өзін бақытты сезінеді.
Теннис сүйек сындыру қаупін төмендетеді.Британдық ғалымдардың айтуынша тенниспен айналысатын балалардың үлкен жаста сүйек сыну қаупі әлдеқайда төмен болып келеді. Мысалы, осы балаларда білек сындыру 40% аз, ал жалпы жарақат алу қаупі 63%-ға төмен. Теннис ойнау бүкіл дененің бұлшықеттерін тартады және секіру, жүгіру, соғу, иілу және т.б. сияқты әртүрлі қозғалыстарды орындайды. Бұл бұлшықет күші мен төзімділігін ғана емес, сонымен қатар жылдамдықты, ептілікті және үйлестіруді дамытуға көмектеседі. Теннис – аяқтың үлкен бұлшықет топтарын да, қолдың, арқаның және іштің бұлшықеттерін де жүктейтін күрделі қимыл спорты.Теннис ойнау сүйек затының қосымша жиналуы арқылы сүйектің беріктігі мен тығыздығын арттырады. Жас кезінде дене шынықтырумен айналысатын адамдардың кейінгі өмірінде остеопороз қаупі аз болады. Сонымен қатар, қартайған кезде теннис ойнау сүйектерді нығайтудың маңызды факторы болып табылады.
[5]
5.Қорытынды
Теннис – денеге де, ақылға да көптеген пайдасы бар спорт түрлерінің бірі. Нәтижесінде, ол барлық жастағы адамдар ұнататын танымал спорт түріне айналуда. Теннис – бүкіл дененің, жүректің және ақыл-ойдың бұлшықеттеріне арналған күрделі жаттығу, бұл оны денсаулық пен пішінді сақтау үшін сүйікті спорт түрлерінің біріне айналды.
Пайдалынған әдебиеттер:
1.телеканал ТДК-42
2.викепидея
3.kaz.inform.kz Massaget.kz
4.bugin.kz
5.kk.1xmatch.com
Достарыңызбен бөлісу: |