Білім және менеджмент институты


Қазақстанның теннис спортының дамуы



бет2/3
Дата12.04.2024
өлшемі50.08 Kb.
#498526
түріБілім беру бағдарламасы
1   2   3
2.Қазақстанның теннис спортының дамуы
ҚР теннис федерациясы ұсынған статистикаға сәйкес еліміз бойынша теннис корттарының саны соңғы 15 жылда 6 есе көбейді. 17 өңірде 344 теннис алаңы салынды. Сонымен бірге еліміздің барлық өңірінде 38 теннис орталығы бар. Соңғы теннис орталығы биыл маусымда Түркістан қаласында ашылды. Ел аумағында жыл сайын теннистен 150-ден астам республикалық және халықаралық турнирлер ұйымдастырылады. Қазақстандық тенниске қатысты тағы бір дерек бүгінде аталған спорт түрімен 20 мыңнан астам адам тұрақты айналысады. Оның ішінде 5000 теннисші 10 жасқа дейінгі бала.Еліміздің теннис федерациясы спортшылардың денсаулығын күтіп, турнирден соң қайта қалпына келтіру мәселесін көтеріп отыр. «Теннисшілер үшін проблемалардың бірі турнирлерге дайындалып, қатысуға қаржы табу. Көптеген ойыншылар, әсіресе рейтингі жоғары емес спортшылар өз қалтасынан төлейді. Турнирге қатысамын деп ақшасын үнемдеп жүріп, басты байлық денсаулықты ұмытады. Спортшы өз денсаулығын 2 есе күту керек. Кәсіби спортшылар үшін денсаулықты қайта қалпына келтіруде жақсы маман табу оңайға түспейді. Қазақстанда бұл жағынан проблема жоқ. Біздің спортшылар әлемнің үздік мамандарына қаралу мүмкіндігі бар», - деген түсінік берді федерация.Федерацияның дерегі бойынша Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкент, Қарағанды, Ақтөбе және Өскеменде теннис спорты жақсы дамыған. Нұр-Сұлтан қаласы спорт және дене шынықтыру басқармасының мәліметіне сәйкес бүгінде елордада 5 теннис орталығы бар. Атап айтқанда, «Дәулет» теннис орталығы (Қордай 6), ұлттық теннис орталығы (Тұран 6/1), «Astana Solar» ЖШС («Қазатомпром» АҚ), «GoldenSet» теннис мектебі (Тәшенов көш.) және оқушылар сарайында аталған спортпен айналысу мүмкіндігі бар. Онда 50 жаттықтырушы 2500 теннисшіні тәрбиелеп жатыр. Елена Андреевна Рыбакина— қазақстандық кәсіпқой теннисші. Бес жасынан бастап тенниспен айналысқан. 2022 жылы Елена Уимблдондонда жеңіске жетіп, Үлкен дулыға турнирлерінің бірін бағындыра алған алғашқы қазақстандық теннисші болды.

4
-сурет. Алғашқы теннисшы Елена Рыбакина



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет