Білім сапасы мониторингісін жүргізу материалдары


Тақырыбы: Жүрек- қантамыр жүйесінің жіті жеткіліксіздігі



бет7/15
Дата04.05.2024
өлшемі153.28 Kb.
#500521
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   15
Терапиядағы жедел шұғыл көмек Фельдшер 23-24 — (копия)

Тақырыбы: Жүрек- қантамыр жүйесінің жіті жеткіліксіздігі.
1. Жүректің сол қарыншасының жиырылу қызметінің бұзылуы :
а) коронар артериясының атеросклерозы
б) жедел жүрек жетіспеушілігі
в) миокардит
г) миокард инфаркті
е) стенокардия
2. Жүрек астмасының негізгі клиникалық белгісі:
а) бас айналуы
б) қан қысымының көтерілуі
в) қатты үріп жөтелу
г) түнгі пароксизмдік ентікпе
е) шулы терең дем алу
3. Өкпе ісінуінің негізгі симптомы:
а) алқызыл көбікті қақырық тастау
б) көбікті мөлдір қақырық тастау
в) қан құсу
г) жүрек тұсы ауруы
е) «тот басқандай» қақырық тастау
4. Жедел жүрек жетіспеушілігінде дәрігерге дейінгі жедел көмек:
а) жылы компресс қою
б) жүрек тұсына қыша қою
в) крест «Х» тәрізді бұрау салу
г) тері астына кордиамин енгізу
е) каротидтік массаж
5. Жедел жүрек жетіспеушілігінде дәрігерге дейінгі кезеңде қолданылатын дәрі:
а) нитроглицерин 0,0005
б) атропин сульфаты 0,1%  1мл
в) преднизалон 30 мг - 1мл
г) пипольфен 2,5% - 2 мл
е) ампициллин 0,5
6. Жүрек астмасында қанайналымдағы өзгеріс:
а) кіші қанайналым шеңберінде қан іркілісі
б) үлкен қан айналым шеңберінде қан іркілісі
в) жүрек қанайналымындағы тробэмболы
г) ми қанайналым бұзылыстары
е) шеткі қан тамырларындағы қан айналым бұзылыстары
7. Өкпе ісінуі дамиды:
а) өкпе веналарында қысымның жоғарлауында
б) артериалды қан қысымының жоғарлауында
в) артериалды қан қысымының төмендеуінде
г) артериалды және венозды қысымының теңелуінде
е) өкпе веналарында қысымның төмендеуінде
8. Жүрек астмасына дифференциялды диагностика жүргізеді:
а) бронх демікпесінің тұншығу ұстамасымен
б) бүйрек тас ұстамасымен
в) миокард инфарктысымен
г) гипертониялық кризбен
е) анафилактикалық шокпен
9. Кенеттен шеткі қанайналымының бұзылысы және мүшелермен тіндердің қанмен қамтамасыз етілуінің бұзылуынан уақытша естен тану :
а) талма
б) коллапс
в) шок
г) кома
е) криз
10. Науқастың маңдайын жабысқақ суық тер жапқан, ерні аяқ-қол саусақ ұштарында суық цианоз, дем алысы жиі беткейлі. Пульсі жиіп тәріздес тахикардия. Қан қысымы 80 мм. с.бб. Бұл клиникалық көрініс ....................тән белгі.
а) талма
б) коллапс
в) шок
г) кома
е) криз
11. Науқасқа ортопноэ қалып беру мақсаты:
а) үлкен қанайналым шеңберіндегі қысымды төмендету
б) үлкен қанайналым шеңберіндегі қысымды жоғарлату
в) кіші қанайналым шеңберіндегі қысымды төмендету
г) кіші қанайналым шеңберіндегі қысымды жоғарлату
е) үлкен қанайналым шеңберіндегі қан іркілісін жою
12. Науқас түнде кенеттен ауа жетіспеушілік сезім пайда болып, тыныс алудың қиындалуымен тұншығуға алмасқан. Сонымен қоса әлсіздік, алғашқыда құрғақ жөтел, кейін қызғылт түсті көпіршікті қақырық пайда болған. Объективті: аяқтарын төмен түсіріп отыр, мазасы кеткен, мойын көк тамырлары шодырайған. Осы жағдайды көрсетілетін шұғыл жәрдем:
а) Оттегіні спитр арқылы ингаляциялау
б) бумен ингаляция жасау
в) Вентолинмен ингаляция жасау
г) көк тамырға Эуфиллин егу
е) Амбробенемен ингаляция жасау
13. 18 жастағы қыз ем қабылдау уықытында кенеттен бас айналу, құлақ шуылы, әлсіздік, жүрек айнуды сезінді. Бірден бозарып, есінен танды. АҚҚ 90/50 мм.с.бб., үстірт дем алады. Болжамалы диагноз:
а) Синкопэ
б) Миокард инфаркты
в) Кенеттен болатын коронарлық өлім
г) Гипертониялық криз (гиперкинетикалық тип)
е) Гипертониялық криз (гипоркинетикалық тип)


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   15




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет