Модуль ІІІ. Асқазан- ішек жолдарының аурулары.
Тақырыбы: Асқазан мен ұлтабардың ойық жарасы.Ойық жара ауруларының асқынулары.
1. Асқазан сіре қабының бүтіндігінің бұзылуы:
а) асқазан ойық жарасы
б) колит
в) гастрит
г) гепатит
е) дуоденит
2. Ойық жараның асқазаның кардиалді бөлігіне тән ауырсыну симптомы:
а) үнемі асқазан тұсының ауырсынуы
б) асқазан тұсының, төстің артының тамақ ішкенен кейін 10-15 минуттан кейін ауырсынуы
в) асқазан тұсының тамақ ішкенен 4- 4,5 сағ кейін ауырсынуы
г) кіндік тұсы толғақ тәрізді, тесіп бұрғылап ауырады
е) «ашқарынға» түн мезгілінде, тамақ ішсе басылады
3. Ұлтабардың ойық жараларына тән ауырсыну симптомы:
а) үнемі асқазан тұсының ауырсынуы
б) асқазан тұсының тамақ ішкеннен 2- 2,5 сағ. кейін немесе аш қарында ауырсынуы
в) іштің кебуі
г) асқазан тұсының тамақ ішкенен 15- 20 минуттан кейін ауырсынуы
е) ішек бойымен бүріп, толғақ тәрізді ауырсыну
4. Ұлтабардың ойық жарасының асқынуы:
а) жүрек жетіспеушілігі
б) қан кету
в) асқазан тұсының шаншуы
г) кома
е) шок
5. Асқазаннан қан кеткенде дәрігерге дейінгі көмек:
а) кордиамин тері астына енгізу
б) жылыту компресін асқазан тұсына қою
в) мұзды мұйықты асқазан тұсына қою
г) анальгин тері астына енгізу
е) тері астына инсулин енгізу
6. «пышақ сұққандай» ауырсыну симптомы тән:
а) ішектің түйілуіне
б) асқазан ойық жарасының перфорациясына
в) соқыр ішектің қабынуына
г) өт жолындағы тас ауруына
е) өт жолдарының дискинезиясына
7. Асқазанның, ұлтабардың ойық жараларын анықтайтын аспаптық тексеру әдісі:
а) ирригоскопия
б) холецистоскопия
в) фиброгастродуоденоскопия
г) колоноскопия
е) ректоромоноскопия
8. Асқазанның ойық жарасынан қан кеткендегі құсықтың түрі:
а) «қою кофе» түсті
б) қоймалжың
в) қорытылмаған тамақ түйіршіктері
г) өт құрамы
е) түссіз
9. Асқазанның ойық жарасында науқасты жалпы қарауда анықталады:
а) алақан бұлшық етінің қызаруы
б) ауыз- мұрын ұшбұрышының қызаруы
в) тілі таңқурай түсті
г) тілі ақ қабықпен жабылғаны
е) тері жамылғысында «тамыр жұлдызшалары»
10. Асқазанның ойық жарасынан қан кетуде жедел жәрдем көрсету тактикасына жатпайды:
а) ауыз қуысын тазалау
б) асқазан тұсына мұзды мұйық қою
в) мұз түйіршіктерін жұтқызу
г) асқазан тұсына жылытқыш қою
е) аминокапрон қышқылын енгізу
11. Ұлтабардың ойық жарасынан қан кетуде қолданылатын дәрі:
а) 0,05 % -1мл строфантин
б) 10 % -10 мл кальций хлорид
в) 0,9 % -10 мл натрий хлорид
г) 1 % -1 мл димедрол
е) 0,1 % -1 мл атропин сульфаты
12. Асқазанның ойық жарасынан қан кеткенде науқастың қан қысымының өзгеруі:
а) күрт төмендеуі
б) күрт жоғарлауы
в) систолдық көрсеткіші жоғарлайды
г) диастолдық көрсеткіші жоғарлайды
е) веноздық қысым жоғарлайды
13. Асқазаннан, ішектен қан кетуін анықтайтын лабораториялық тексеру әдісі:
а) нәжісті жұмыр құртқа тексеру
б) нәжісті копрологиялық тексеру
в) нәжісті жасырын қанға тексеру
г) нәжісті бактериологиялық тексеру
е) биохимиялық қан талдау
14. Асқазанның ойық жарасы тесілуіндегі «ауырсыну» симптомының сипаттамасы:
а) бүріп, шаншып
б) пышақ сұққандай
в) ұйып, сыздап
г) толғақ тәрізді
е) қысып
15. Асқазан ойық жарасының перфорациясына салыстырмалы диагностика жүргізбейді:
а) панкреатиттің ұстамасымен
б) миокард инфарктының трансмуральды түрімен
в) өт тас ауруымен
г) ишемиялық инсультпен
е) жоғарғы қышқылды гастритпен
16. Рентгенограммада «ниша » симптомының анықталуы, қандай патологияға тән белігі:
а) асқазан ойық жарасына
б) созылмалы жоғарғы қышқылды гастриттің асқынуына
в) өт жолындағы тастарға
г) созылмалы төменгі қышқылды гастриттке
е) аш ішектің түйілуінде
17. Асқазанның ойық жарасымен ауыратын науқастың қан талдауындағы гипохромды анемия белгісі қандай патологияны білдіреді:
а) ойық жарасыннан ішке қан кетуді
б) ойық жараның тесілуін
в) ұйқы безінің қабынуын
г) тамақпен улануын
е) аш ішектің түйілуін
18. Асқазанның ойық жарасының дамуына ықпал ететін факторларға жатпайды:
а) жалпы организмге суық тиюі
б) жүйке-психикалық күйзелістер
в) ыстық және ашты тағамдар жиі қабылдау
г) хелиокобактер пилори
е) зиянды әдеттер
19. Асқазан ойық жарасының перфорациясына күдіктенгендегі фельдшердің тактикасы:
а) асқазанды жуу
б) науқастың асқазан тұсына мұзды мұйық қою
в) анальгетиктер енгізу
г) спазмолитиктерді енгізу
е) тазалау клизмасын жасау
20. Ойық жараның асқынуына жатпайды:
а) асқазан жарасының малигнизациясы
б) асқазан қабырғасының тесілуі
в) асқазан жарасынан қан кету
г) энтерит
е) қалтқының тарылуы
21. Асқазан тұсына мұзды мұйық қою, мұз түйіршіктерін жұтқызу. Қандай патологиядағы фельдшердің тактикасы:
а) асқазаннан қан кеткенде
б) миокард инфарктында
в) гипертензиялық кризде
г) бронхылық демікпе ұстамасында
е) бауыр комасында
22. «Түнгі мегзілде, ашқарында ауырсыну сезімі» пайда болуы қандай патологияға тән белгі:
а) асқазан қатерлі ісігіне
б) 12 елі ішектің ойық жарасына
в) асқазан ойық жарасына
г) гастритке
е) колитке
23. Асқазанның ойық жарасын туындататын бактерия:
а) стрептококк
б) стафилококк
в) хеликобактер пилори
г) микобактерия
е) жасылдаушы стрептококк
24. Ойық жарасы бар науқаста эпигастрийда ауырлық сезімі, жүрек айнуы, «шіріген иісті» кекіру, таңғы уақытта мол құсық массасында кешегі жеген тамағы. Науқаста не болуы мүмкін?
а) профузды қан кету
б) ойық жараның тесілуі
в) ойық жараның пенетрациясы
г) малигнизация
е) қақпа (привратник) стенозы
25. Науқаста 12 елі ішектің ойық жарасынан қан кетті, науқаста кенет әлсіздік, бас айналу, ентігу, жүрек соғысы 120 рет минутына, АҚҚ төмендеуі дамыда. Шұғыл көмек көлемін көрсетіңіз:
а) Дицинон, аминокапрон қышқылы, физиологиялық ертінді
б) Салбутамол, хлоропирамин, преднизалон
в) Дротаверин, кеторолак, триме
г) Дицинон, окситокцин, физиологиялық ертінді
е) Морфин, гепарин, аспирин, физиологиялық ертінді
26. Асқазанның қатерлі ісігінде құсықтың «кофенің қоюы» түрінің белгісі:
а) қан кетудің
б) ісіктің дән себудің
в) ісіктің басқа мүшені зақымдауы
г) ойық жараның тесілуі
е) қалтқының тарылуы
27. Асқазанның қатерлі ісігінің асқынуы:
а) қан кету
б) қалтқының тарылуы
в) перитонит
г) асқыну болмайды
е) ішектің түйілуі
28. Асқазанның қатерлі ісігінің рак алды ауруы:
а) асқазан ойық жарасы
б) дуоденит
в) перитонит
г) холангит
е) эзофагит
29. Науқаста асқазаннан қан кетуіне күмәнданасыз, егерде:
а) ол алқызыл түсті көпіршікті қанды қақырықпен жөтеледі
б) «тотты қақырық» бөліндісімен жөтеледі
в) « қара қошқыл» дәрет, құсығы «кофе тұнбасы» тәрізді
г) алқызыл қан аралас нәжіс
е) «ет жуындысы» тәрізді зәр
30. 48 жастағы ер кісі стационарға құсық «кофе тұнбасындай», бас айналуға, бірден әлсізденуге, эпигастрий аймағындағы ауырсынуға шағымданып түсті. Анемнезінен соңғы 5 жылда асқазан жара ауруымен зардап шегеді. Қарау кезінде тері жабындылары бозғылт. АҚҚ 90/50 мм.с.бб. тамыр соғуы минутына 110 рет. Пациентке қандай шұғыл жағдайды болжауға болады:
а) асқазаннан қан кету
б) ішектен қан кету
в) өттік колика
г) өңештен қан кету
е) бүйрек колика
31. Панкреатиттің ауырсыну ұстамасы кезінде дәрігерге дейінгі жедел жәрдем көрсету фельдшердің тактикасы:
а) анальгин ерітіндісін бұлшық етке енгізу
б) ферменттер, спазмолитиктер тағайындау
в) 3 күн аралығында «аштық, тыныштық, суық» режимін тағайындау
г) жедел түрде операция жасау
е) антибиотиктер, анальгетиктер тағайындау
32. Эпигастрий аймағында «белдік тәріздес» тамақтан соң 3- 4 сағ. кейін пайда болатын клиникалық белгі қандай патологияға тән белгі:
а) асқазан ойық жарасына
б) созылмалы гастриттің асқыну кезеңіне
в) панкреатиттің асқыну кезеңіне
г) холециститтің асқыну кезеңіне
е) гепатиттің асқыну кезеңіне
33. Панкреатитпен ауыратын науқастың тері жамылғысы, көз склерасы сары, эпигастрия аймағының ауырсынуы сақталған. Ультрадыбыспен тексергенде ұйқыбезіндегі псевдо кисталар анықталған. Бұндай жағдайда жүргізілетін емдеу тактикасын таңдаңыз:
а) асқазан ойық жарасына
б) диетотерапия
в) хирургиялық ем
г) физиотерапиялық ем
е) санаторлық- курорттық ем
34. Науқасты сұрастырғанда асқазан тұсының белдік тәрізді ауырсынуына, құсуға шағымданды. Анамнезіннен науқас панкреатитпен ауыратындығы анықталды. Диагноз? :
а) Созылмалы гепатиттің асқынуы
б) Созылмалы колиттің асқынуы
в) Созылмалы гастриттің асқынуы
г) Созылмалы панкератиттің асқынуы
е) Созылмалы холециститтің асқынуы
35. Асқазаннан қан кеткенде тән белгілер анықталынады:
а) құсықта көп мөлшерде өт құрамы
б) алтын сары, ботқа тәріздес көп мөлшерде 1рет іш өту
в) қою кофе түсті, нәжіс қара қошқыл
г) көкшіл, жағысмыз иісті іштің өтуі
е) ішек бойымен толғақ тәріздес ауырсыну
36. Науқас У. 44 жаста, отбасылық дәрігергі белді ораушы қасиеті бар іштің жоғарғы бөлігіндегі ауырсынуларға, іш өтуіне, жүдеуге шағмданды. Анамнезінде 10 жыл бойы ішімдік қолданды. Объективті дене салмағының дефициті, тері жамылғысы құрғақ, басқанда жоғалмайтын кеуде және іш терісінде ұсақ қызыл дақтар бар. Пальпация кезінде сол жақ қабырға астында ауырсыну. Нәжісі майлы жылтырлаған ботқа тәріздес, тәулігіне 3 ретке дейін. Болжамалы диагноз:
а) Созылмалы гепатит
б) Созылмалы холецистит
в) Созылмалы гастрит
г) Созылмалы панкреатит
е) Созылмалы колит
37. Науқасқа несептің құрамындағы диастазаны анықтау тағайындалған. Науқасқа несепті дұрыс алу туралы кеңес беріңіз:
а) несептің ортаңғы бөлігін
б) тәулік несепті
в) 8 үлес жинау
г) жаңа бөлінген несепті жылы күйінде
е) 3 сағат ішінде жинау
38. Науқаста бел аймағыдағы ауырсыну интенсивтік типте, жүрек айну, жеңілдік әкелмейтін құсу, диария, қан және зәрде амиллаза деңгейінің жоғарлауы, осы симптомдар науқаста қандай болжамды диагнозды көрсетеді?
а) Холецистит
б) Асқазан жарасы
в)12 елі ішектің ойық жарасы
г) Энтероколит
е) Панкреатит
40. Жіті панкреатит кезіндегі шок және коллапс шақырылады:
а) панкреатогенді перитонит
б) өт өту жолының дистальді бөлігінің қысылуы және холемиямен
в) ферментік токсемиямен
г) билиарлы гипертензиямен
е)динамикалық ішек өтімсіздігі
Достарыңызбен бөлісу: |