Білім әлеуметтануының негізін салғандар мен оны жан-жақты зерттегендер: - Э. Дюркгейм мен М. Вебер. Олар білім берудің әлеуметтік қызметтерін, оның экономикамен және саясатпен байланысын зерттеді.
- Т.Парсонс білімді әлеуметтендіру институты ретінде зерттеуді, оқыту мекемелерін әлеуметтік жүйелер (рольдер мен нормалар жүйелері) ретінде қарастыруды ұсынды.
- Н.Гросс, Р.Будон, Р.Коллинс назарды білім алушының әлеуметтік жағдайын талдау, оның білім жүйесіндегі жетістіктеріне, білім мен стратификацияның байланысын зерттеуге аударды.
Білім әлеуметтануының пәні: - Әлеуметтік институт ретіндегі білім, оның мекемелері, әлеуметтік ұйымдар және білім беру саясаты.
- Білім беру жүйесінің қоғаммен және оның элементтерімен байланысын;
- Білім беру саласының проблемаларын;
- Білім беру институттарының қызметкерлерінің өзара әлеуметтік қарым-қатынастары.
Білімнің әлеуметтік қызметтері: - Әлеуметтендіру, тұлғаны дамыту;
- Мәдениетті тарату, оны ұрпаққа және адамдардың өзара бір-біріне беру;
- Қоғамды интеграциялау;
- Әлеуметтік мәртебе беру немесе иелену
- Ізгілендіру (гуманизациялық)
- Кәсіби-экономикалық;
- Ақпараттық-зерттеушілік;
- Әлеуметтік-диффренциялық;
- Эгалитарлық (теңестіру);
- Әлеуметтік-саяси
- Отбасылық өмірге даярлау
Білім беру институтының құрылымы: - 1. Мектепке дейінгі білім беру мекемелері;
- 2. Мектептер:
- Бастауыш деңгей;
- Негізгі мектеп;
- Орта мектеп:
- Жалпы білім беру мектептері;
- Гимназиялар;
- Лицейлер;
- Профильдік мектептер
- Қосымша білім беру мекемелері (секциялар, үйірмелер);
- Арнайы мектептер
Достарыңызбен бөлісу: |