Биоқауіпсіздік жүйесіндегі Биологиялық зерттеулер


Биологиялық қауіпсіздік саласындағы өлшемшарттар мен сыныптамалар



бет3/4
Дата19.02.2024
өлшемі13.46 Kb.
#492417
1   2   3   4
сөж Алибатыр Сымбат

Биологиялық қауіпсіздік саласындағы өлшемшарттар мен сыныптамалар
1. Патогенді биологиялық агенттермен жұмыс істеу патогенді биологиялық агенттердің патогендігі және қауіптілік дәрежесі бойынша сыныптамасына негізделеді:
1) патогендігі I топ – адамдардың және (немесе) жануарлардың өлім (өлім-жітім) деңгейі жоғары аса қауіпті инфекциялық ауруларын туғызатын, инфекция жұқтырған организмнен сау организмге жеңіл таралатын, әдетте, оларға қатысты вакциналар және тиімді терапия құралдары жоқ патогенді биологиялық агенттер;
2) патогендігі II топ – адамдардың және (немесе) жануарлардың инфекциялық және (немесе) паразиттік ауруларын туғызатын, инфекция жұқтырған организмнен сау организмге жеңіл таралатын, оларға қатысты вакциналарды қоса алғанда, емдеу мен профилактиканың тиімді құралдары мен тәсілдері қолжетімді болатын патогенді биологиялық агенттер. Бұл топ:
аса қауіпті инфекциялық ауруларды;
инфекциялық және (немесе) паразиттік ауруларды туғызатын патогенді биологиялық агенттер болып бөлінеді;
3) патогендігі III топ – адамдардың және (немесе) жануарлардың инфекциялық және (немесе) паразиттік ауруларын туғызатын не өсімдіктерге айтарлықтай зиян келтіруге қабілетті, инфекция жұқтырған организмнен сау организмге таралуы ең аз деп сипатталатын, оларға қатысты вакциналарды қоса алғанда, емдеу мен профилактиканың тиімді құралдары мен тәсілдері қолжетімді болатын патогенді биологиялық агенттер;
4) патогендігі IV топ – адамдардың және (немесе) жануарлардың инфекциялық және (немесе) паразиттік ауруларын туғызатын не өсімдіктерге зиян келтіруге қабілетті, әдетте, инфекция жұқтырған организмнен сау организмге таралмайтын, оларға қатысты вакциналарды қоса алғанда, емдеу мен профилактиканың тиімді құралдары мен тәсілдері қолжетімді болатын патогенді биологиялық агенттер.
2. Патогендігі ІІ топтағы патогенді биологиялық агенттер болып табылатын микроорганизмдердің аттенуацияланған (әлсіреген) штаммдары патогендігі ІІІ топтағы патогенді биологиялық агенттерге жатады.
Патогендігі ІІІ топтағы патогенді биологиялық агенттер болып табылатын микроорганизмдердің аттенуацияланған (әлсіреген) штаммдары патогендігі IV топтағы патогенді биологиялық агенттерге жатады.
3. Патогенді биологиялық агенттерді аса қауіпті инфекциялық аурулар туғызатындарға жатқызу өлшемшарттары және патогенді биологиялық агенттердің тізбесі олардың осы бапта көрсетілген патогендігі және қауіптілік дәрежесі бойынша сыныптамасы ескеріле отырып, сондай-ақ халықаралық ұйымдардың биологиялық қауіпсіздік саласындағы ұсынымдары, биологиялық тәуекелдерді бағалау нәтижелері ескеріле отырып қалыптастырылады.
Патогенді биологиялық агенттермен жұмыс істеу процесі құрамында патогенді биологиялық агенттер (ықтимал қауіпті биологиялық заттар) болуы мүмкін заттар мен материалдарды, оның ішінде табиғи ортаның жекелеген компоненттерінен, аса қауіпті инфекциялық және (немесе) паразиттік ауруларды жұқтырғыштар мен тасымалдаушылардан (оның ішінде олардың тіршілік ету өнімдерінен) іріктеу мен зерттеу арқылы жүзеге асырылатын оларды табуды қамтиды.
Патогенді биологиялық агенттермен жұмыс істеуді жүзеге асыратын субъектілер:
1) патогенді биологиялық агенттермен жұмыс істеуге рұқсатты және оған қосымшаны алуға;
2) биологиялық қауіпсіздік саласындағы талаптарды сақтауға;
3) Қазақстан Республикасының сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен сәйкестікті бағалау саласында аккредиттеу рәсімінен өтуге;
4) қол жетімділігі шектеулі ақпаратпен жұмыс істеу кезінде Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын сақтауға;
5) биологиялық қауіпсіздік саласындағы есепке алуды, мониторингтеуді жүргізу және болжау (модельдеу) қағидаларына сәйкес биологиялық қауіпсіздік саласындағы статистикалық ақпаратты және өзге де есепке алу мен есептік құжаттаманы (ақпаратты) беруге;
6) биологиялық қорғауды қамтамасыз ету қағидаларына сәйкес биологиялық тәуекелдер деңгейін ескере отырып, ықтимал қауіпті биологиялық объектілердің биологиялық қорғалуын қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыруға және жүргізуге;
7) патогенді биологиялық агенттермен жұмыс істеудің барлық сатысында олармен қауіпсіз жұмыс істелуін бақылауды жүзеге асыруға;
8) биологиялық қауіпсіздік саласындағы уәкілетті органға, осы Заңның 10-бабында көрсетілген мемлекеттік органдарға биологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері бойынша жәрдемдесуге;
9) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органның, ветеринария, өсімдіктерді қорғау саласындағы, өсімдіктер карантині жөніндегі, азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органдардың аумақтық бөлімшелеріне, ғылым саласындағы уәкілетті органға патогенді биологиялық агенттермен жұмыс істеу процесіндегі авариялар (төтенше жағдайдың туындауы), жұмыскерлердің инфекциялық ауруларды жұқтыру фактілері туралы дереу хабар беруге;
10) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес басшыларды, мамандарды және көмекші персоналды мерзімді медициналық қарап-тексеруден және зерттеп-қараудан өткізуді, биологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және еңбекті қорғау мәселелері бойынша оқытуды жүргізуді, олардың білімін тексеруді ұйымдастыруға;
11) өзіндік ерекшелігі бар тауарларды бақылауға жататын патогенді биологиялық агенттерді Қазақстан Республикасының аумағы арқылы импорттау, экспорттау, кері экспорттау не транзиттеу кезінде Қазақстан Республикасының өзіндік ерекшелігі бар тауарларды бақылау саласындағы заңнамасының талаптарын сақтауға міндетті.
3. Патогендігі I және (немесе) II топтардағы патогенді биологиялық агенттермен жұмыс істеуді жүзеге асыратын субъектілер осы баптың 2-тармағында көзделген міндеттерден басқа:
1) патогендігі I және (немесе) II топтардағы патогенді биологиялық агенттермен жұмыс істеуді жүзеге асыратын, даярланған мамандардың болуын қамтамасыз етуге;
2) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ықтимал қауіпті биологиялық объектілерге қолжетімділігі шектеулі режимді қамтамасыз етуге; 3) биологиялық қауіпсіздік саласындағы есепке алуды, мониторингтеуді жүргізу және болжау (модельдеу) қағидаларында айқындалған тәртіппен:
қызметті жүзеге асыру кезінде қолданылатын ақпараттық жүйелерді биологиялық қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік ақпараттық жүйемен интеграциялауға;
тиісті тізілімге енгізу үшін халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органға, ветеринария, ғылым саласындағы уәкілетті органдарға патогендігі I және (немесе) II топтардағы патогенді биологиялық агенттермен жұмыс істеуді жүзеге асыратын мамандар туралы ақпарат беруге міндетті.
Қауіпті биологиялық факторға бағытталған іс-шаралар:
1) шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантин енгізуді;
2) жеке қорғану құралдарын қолдануды, жеке гигиенаны, әлеуметтік қашықтықты сақтауды қоса алғанда, жеке және қоғамдық қорғау шараларын сақтауды;
3) дезинфекциялау, дезинсекциялау және дератизациялау, өсімдіктерді қорғау құралдарымен өңдеу жүргізуді;
4) санитариялық-профилактикалық іс-шараларды және әлеуметтік-тұрмыстық жағдайларды жақсартуды;
5) эпидемияға қарсы, эпизоотияға қарсы және фитосанитариялық іс-шаралар, өсімдіктер карантині бойынша іс-шаралар жүргізуді қамтиды.
6. Ауруға бейім организмге бағытталған іс-шаралар:
1) халыққа профилактикалық медициналық қарап-тексеру жүргізуді;
2) халықтың саламатты өмір салты мен дұрыс тамақтануын қалыптастыруға жәрдемдесуді;
3) адам және (немесе) жануар инфекцияларының таралуын болғызбау мақсатында иммундық профилактиканы және химиялық профилактиканы, өсімдіктерді қорғау құралдарын қолдануды;
4) медициналық, ветеринариялық және ғылыми қызмет шеңберінде аса қауіпті инфекциялық ауруларды туғызатын патогенді биологиялық агенттермен өзара іс-қимылды жүзеге асыратын тұлғаларды биологиялық қауіпсіздік саласындағы талаптарға сәйкес жеке қорғану құралдарымен қамтамасыз етуді қамтиды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет