Ми қанайналымының бұзылыстары



бет1/5
Дата24.10.2023
өлшемі0.54 Mb.
#481523
  1   2   3   4   5
Ақпараттық бөлім


Ми қанайналымының бұзылыстары
Ми ересек адам дене массасының 2%-ы шамасында ғана болғанына қарамай, үлкен қанайналым шеңберіне жүрекпен шығарылатын қанның 15% Ми тамырлары арқылы ағып өтеді, былайша айтқанда Мидың қанмен қамтамасыз етілуі басқа ішкі ағзаларға қарағанда қарқынды түрде болады. Мәселен, дені сау адамның 100 г Ми тіні арқылы минутына 50 мл қан ағып өтеді. Осыдан Ми тінінде заттардың алмасу қарқыны да ең жоғары деңгейде болады. Организмге түскен оттегінің 20%-ын, глюкозаның 17%-ын Ми тіні пайдаланады.
Миды қанмен қамтамасыз етуде қан тамырлар жүйесі жоғары деңгейге жетілген түрде реттелініп тұрады және Мида қан ағымы бұзылыстарын тез арада теңгерілуін қамтамасыз етеді. Адам Миы төрт ірі артериялар (бір-бір жұп ішкі ұйқы және омыртқа артериялары) арқылы қанмен қамтамасыз етіледі (-сурет). Олар үлкен Ми (виллизий) шеңберінің аумағында өзара көптеген анастомоздармен байланысады. Қалыпты жағдайда бұл аумақта қан араласып кетпейді. Әр ішкі ұйқы артериясы үлкен Мидың жарты шарларын қанмен қамтамасыз етсе, омыртқа артерияларының қаны шүйде аумағындағы Ми құрылымдарына тарайды. Ми артерияларының қабырғалары, адрено- және холинергиялық жүйкелерге бай, тегіс салалы ет талшықтарынан тұрады. Оларда серпімді тін талшықтары аз болады. Сондықтан Ми артерияларының саңылауы жеңіл өзгеріп, Мидың қанмен қамтамасыз етілуі реттелуіне қатысады. Артериялық шеңберден шығатын алдыңғы, ортаңғы және артқы Ми жұп артериялары тармақталып және өзара байланысып Мидың жұмсақ қабығының күрделі артериялық жүйесін (пиалдық артериялар) құрады. Бұл артериялар өте майда тармақтарға (диаметрі 50 мкм-ден кішкене) тармақталып, Мидың сыртқы бетіне орналасады және өте ұсақ аумақтардың қанмен қамтамасыз етілуін реттейді. Әр артерия субарахноидтық кеңістікте салыстырмалы кең өзекте орналасқандықтан өзінің диаметрін тарылтып-кеңейтіп, жақсы құбылтып тұра алады. Жұмсақ Ми қабығының артериялары өзара байланысқан көктамырлардың үстінде жатады. Мидың жұмсақ қабығының артерияларынан жан-жағына тараған артериялар Ми ішінде тармақталады. Олардың айналасында бос кеңістіктер болмайды. Сондықтан бұл артериялардың Ми қанайналымын реттеуде маңызы онша емес деп есептеледі.



- сурет. Ми қанайналымы. 1-негізгі артерия, 2-пиалдық артерия, 3-веналық қойнау, 4-Ми ішілік артериялар, 5-Мидың артериялық шеңбері, 6-омыртқалық және ішкі ұйқы артериялары.

Мидың терең құрылымдарында артерия аралық анастомоздар болмайды. Оның есесіне қылтамырлар торлары кең тарайды және зат алмасуларының қарқыны неқұрлым артық болса, соғұрлым қылтамырларда көп болады. Сондықтан Мидың сұрғылт затында, ақ затына қарағанда, қылтамырлар басым болады. Егер физикалық жүктеме кезінде коронарлық қан ағым 10-15 еседен астам ұлғайса, қатты ой жұмысын атқарғанда тұтас Мида қан ағымы ұлғаймайды, тек үлкен жұмыс атқарып тұрған Мидың бөлігіне аз қызмет атқарып тұрған бөліктерінің есесбінен қан көбірек бөлінеді. Сол себептен Ми қанайналымы бұзылыстарының патогенезінде Ми ішілік гемодинамиканың өзгерістері маңызды орын алады. Ми тамырлары жүйесінде қанның қызмет атқарып тұрған аумақтарға көптеп бөлінуі қызмет атқармай тұрған бөліктерінің уақытша ишемиясына әкелу қауіпі болып, Ми қанайналымының өткінші жеткіліксіздігін туындатады. Осындай жағдай бас тамырының бірінде стеноз болудан Миға қан келуі азаюынан да пайда болуы мүмкін. Өйткені: қанмен аз қамтамасыз етілген Ми бөлігіне уақытында қан келу мүмкіншілігі болмайды.


Ми қанайналымының өзін-өзі реттеуі күрделі Ми ішілік және Ми сыртылық тетіктердің қатысуымен болады. Біріншісіне миогендік, жүйкелік, жүйкелік-сұйықтық және метаболизмдік тетіктер жатады. Ми сыртылық тетіктер синокаротидтік торабтың, депрессорлық жүйкелердің, жүректің жиырылу қабілетінің қатысуымен қамтамасыз етіледі. Бұл реттеуші тетіктердің бұзылыстары систолалық қан қысымының деңгейі с.б.б. 80 мм-ден төмен немесе 180 мм-ден астам жоғары болғанда байқалады.
Ми қылтамырларынан веналық қан Мидың жұмсақ қабығының венасына (пиалдық венаға) және үлкен Ми көктамырына (Гален венасына) түседі. Мидың көктамырлар жүйесі басқа ағзалардың көктамырлары сияқты сыйымдылық қызмет атқармайды.
Жалпы артериалық қысым өзгергенде Мида қан ағымы белгілі мөлшерде тұрақты деңгейде сақталады. Мәселен, жүйелік артериалық қысым көтерілгенде Ми артериялары тарылып, төмендегенде кеңейіп, Миға келетін қанның көлемін реттейді. Осындай Ми қанайналымының өзін-реттеуі жүйкелік ықпалдармен реттелінеді. Мидың артериалық жүйесінде өзін-өзі реттеуге ірі артериялар және жұмсақ Ми қабығының артериялары қатысады. Олардың белсенді түрде жауап қайтаруы нәтижесінде жүйелік артериалық қысым өзгерістері кездерінде Ми қанайналымы тұрақты деңгейде ұсталынып тұрады. Жүйелік артериалық қысым тез көтерілгенде келтірілген икемделістік тетіктер бірден жұмылдырылмайды да, Мида қан ағу қарқыны қатты артып кетуі мүмкін. Кейбір жағдайларда икемделістік тетіктер жақсы жетілген болып, тіпті артериалық қысым с.б.б. 280-300 мм-ге дейін көтерілетін сүлде артериалық гипертензия кезінде де Ми қанайналымын қалыпты деңгейде ұзақ ұстап тұра алады. Бүл кезде жүйке жүйесінің бұзылыстары байқалмайды.
Жүйелік артериалық қысым төмендегенде де икемделістік тетіктердің қатысуымен Мида қан ағымының қарқыны қалыпты деңгейде сақталады. Бұл кезде де икемделістік тетіктердің жетілу дәрежесі әр адамда әртүрлі болуы мүмкін. Жақсы жетілген икемделу кезінде Мида қан ағымы, жүйелік артериалық қысым с.б.б. 30 мм-ге дейін төмендеп кеткенде де, қалыпты сақталады. Әдетте Ми қан айналымының өзін-өзі реттеудің қатерлі ең төменгі шегі болып жүйелік артериалық қысымның с.б.б. 55-60 мм деңгейі есептеледі.
Артериалық қанда рСО2 көбейіп, рО2 азайғанда Мида қан ағымы ұлғаяды және бұл газдардың үлестік қысымы кері бағытта өзгергенде, керісінше төмендейді. Бұлай Ми артериялары межеқуатының өзгеруін гиперкапния мен гипоксия кездерінде зат алмасуларының ауытқуларынан Н+ иондарының және басқа зат алмасу өнімдерінің жиналуымен байланыстырады. Содан артериялардың қабырғаларындағы тегіс салалы ет талшықтарының босаңсуы олардың саңылауын кеңітеді. Сонымен қатар бұл кезде ұйқы артериясының қойнауынан және басқа Ми тамырларынан хеморецепторлар қоздырылатын жүйкелік тетіктер де маңызды болуы ықтимал.
Ми артериясында эмболия, тромбоз, ангиоспазм кездерінде қан ағуына кедергілік қасиеттің артуына икемделу жанама қанайналым қосылуымен қамтамасыз етіледі. Бұндай жағдайда теңгерілу келесі ықпалдармен жүзеге асады:
● Мидың ірі артериялық жүйесі және жұмсақ Ми қабығының артериялары бірімен бірі көптеген жанама жолдармен байланысып анастомоздар құрады. Бірақ артериалық жүйенің құрылымы әр адамда әртүрлі және артериалық шеңбер аумағында даму ақаулары жиі кездеседі. Мидың терең орналасқан ұсақ артерияларында анастомоздар болмайды. Қылтамырлар торы тұтас Миға жайылып тараған болуына қарамай оларға артериялардан қан түспеуінен көрші тін бөлікшелеріне жанама жолмен қан жеткізілмейді;
● жанама артериялар мен майда артериялардың тармақтары бітелген жерінен шеткері қарай белсенді түрде кеңеюі маңызды орын алады. Тінге қан келу тапшылығынан циркуляциялық гипоксия дамып зат алмасуларының бұзылуы сутегі, калий иондарының және аденозин жиналып қалуына әкеледі. Олар артериялық тамыр тармақтарын кеңітеді. Осыдан жанама қанайналым жолдарында қан ағуына қарсы кедергі азаяды, қан аз келетін аумаққа қанның жеткізілуі ұлғаяды.
Бірақ артериосклерозға ұшыраған артериялардың кеңу қабілеті төмендеп кетеді. Бір бұзылыстарға икемделу тетіктері басқа циркуляциялық бұзылыстарды туындатады. Мәселен, ишемияға ұшыраған Ми тінінің және онда қан ағымының қалпына келуі (реперфузия) кезінде постишемиялық гиперемия дамуына әкеледі. Бұл кезде микроциркуляцияның деңгейі Ми тінінде өтетін метаболизмдік үрдістің мұқтаждығынан артып кететін деңгейге көтеріледі. Содан қанмен жеткізілетін оттегі толығынан пайдаланылмай, оның еркін радикалдары пайда болады. Майда тамырлардың қабырғаларының өткізгіштігі артуынан Мидың постишемиялық ісінуі дамиды.

Мидың қанмен қамтамасыз етілуінің бұзылыстары қан келуінің азаюынан немесе көбеюінен байқалады.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет