Биофизика курсы



бет6/7
Дата14.02.2022
өлшемі1.95 Mb.
#455380
1   2   3   4   5   6   7
12. Сұйықтың сыну көрсеткішін өлшеу.

Интроскопия (intro (лат.) — ішкі, және skopeo (лат.) – көру) оптикалық күңгірт денелер мен орталарда сол сияқты нашар көріну жағдайында объектілерді, құбылыстарды және үрдістерді көру арқылы бақылау. Интроскопияның негізгі мақсаты бұйымдардағы, денелердегі және ортадағы негізгі қасиеттердің әртүрлі ауытқушылықтарын табу мен бір жүйеге келтіру, жартылай мөлдір және бұлыңғыр орталарда өтетін құбылыстар мен үрдістерді зерттеу.

Интроскопия әртүрлі өтімді сәулелер мен өрістердің кеңістіктік таралуына негізделген көру құралдарының көмегімен жүзеге асырылады: олар ортаның серпімді толқындары (10 Гц тен 1000 МГц-дейінгі), электромагниттік тербелістердің барлық диапазондары (қатты гамма-сәулелерден төменгі жиіліктегі тербеліске дейін), магнитостатикалық, электрлік және гравитациялық өрістер, сол сияқты элементар бөлшектердің ағыны (нейтрино, нейтрондар және т.б.).

Гамма – рентгендік интроскопия кез-келген химиялық құрамдағы және температурадағы еркін формадағы сұйықтар мен қатты денелерден өте алатын гамма және рентгендік сәулелерді пайдаланады. Рентгендік сәулелерінің жоғарғы рұқсат етуші қабілеттілігі мөлдір емес материалдардағы аса ұсақ қоспаларды бақылауға мүмкіндік береді.

Инфрақызыл интроскопия көптеген заттардың химиялық құрамына, молекулалардың құрылымы мен заттың агрегаттық күйіне байланысты олардың инфрақызыл сәулелерді жұтуы мен шағылдыру қасиетіне негізделген. Инфрақызыл сәлелердің таралуы жарықтың оптикалық заңдарына бағынады; оптикалық құралдардың көмегімен көрінбейтін инфрақызыл бейнелер қалыптастырады, содан кейін оларды көрінетін бейнеге түрлендіреді. Өрістердің таралуын тікелей бақылау әдістері, мысалға магниттік немесе электрлік, магнитооптикалық құбылыстарға негізделген. Интроскопия ультрадыбыстардың металдардан, пластмассалардан, тірі ұлпалардан, көптеген құрылыс материалдары мен оптикалық мөлдір емес сұйықтардан өте алатын қасиетіне сүйенеді.

Радиоинтроскопияда өтімді сәулелер ретінде ұзындығы мм-дің аз ғана бөлігінен бірнеше м-ге дейінгі электромагниттік толқындар пайдаланылады. Аса ұсақ объектілердің бейнелерін алу үшін көбінесе милиметрлік және сантиметрлік диапазондағы радиотолқындар қолданылады.

Интроскопиялық әдістердің негізгі үш түрін бөліп көрсетеді:



проекциялық – объектінің көлеңкелік бейнесін алу; томографиялық – объектінің томографиялық бейнесін алу; эхозондтау, соның ішінде доплерлік.

Проекциялық әдісте денені бірнеше қырынан зондтайды (сәулелендіреді) және оның көлеңкелік бейнесін (проекциясын) алады. Зондтаушы сәуле ретінде көбінесе рентген сәулелерін пайдаланады (рентгенография).

Томографиялық әдістер үшін сәйкес келетін тәсілдерді келесі түрде көрсетуге болады:


  • екі өлшемді томография: бір жазықтықтағы бірнеше қырлар – бір өлшемді проекциялардың жиынтығы плюс математикалық өңдеу – екі өлшемді томограмма.

  • үш өлшемді қатпарлы томография: көптеген параллель жазықтықтардағы көптеген қырлар – бір өлшемді проекциялар жиынтығы плюс математикалық өңдеу – екі өлшемді томограммалар жиынтығы – үш өлшемді томограмма.

  • үш өлшемді еркін томография – көптеген еркін жазықтықтардағы (соның ішінде қиылысушы) көптеген қырлар – бір өлшемді томограмма.

Эхозондтау.

Бірқатар жағдайларда эхозондтаудың кейбір әдістерін (мысалға, кәдімгі ультрадыбыстық зерттеу) томографияға жатқызып қателеседі, бұл терминологиялық тұрғыдан дұрыс емес. Ультрадыбыстық зерттеулерде де кейбір қималардың бейнелерінің алуына қарамастан (томос) – оны алудың әдісі томографиялық болып саналмайды, себебі қиылысушы бағыттарда көп қырлы түсірілімінің болмауы және ең негізгісі кері томографиялық тапсырмалар шешімінің болмауы. Ультрадыбыстық сурет алу үшін ешқандай математикалық ерекше алдын ала өңдеудің қажеті жоқ. Ультрадыбыстың түрлендіргіш (негізінде кішкентай ультрадыбыстық түрлендіргіштер жиынтығы) ультрадыбыстық толқынды (ультрадыбыстық шоғыр) біртекті емес ортаға жібереді, ол оның шекарасынан белгілі бір мөлшерде шағылысады да ультрадыбыстық түрлендіргішке қайта оралады, осы жерде тіркеледі. Суретті алу принципінің қарапайым формасын келесі түрде көрсетуге болады: бір оске жеке түрлендіргіштер номерлері салынады да (бағыты), екінші оске – ауытқудың (қашықтық) уақытша тежелуі, жарықталыну – ауытқу қарқындылығы салынады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет