Протеогликандар жоғары молекулалы көмірсу-белоктық қосылыстар. Протеогликандардың нағыз гликопротеидтерден ерекшеліктері:
Протеогликандардың өкілдері - Гиалуропротеид, оның құрамындағы белоктың үлесі 2-2,3%, қалған бөлігі гиалурон қышқылы. Буын сұйықтығында кездесіп, майлау ролін атқарады.
- Хондромукоидтер, оның құрамында 10% белок, 90% хондроитинсульфат болады. Бұл заттар шеміршек және сүйек тінінің оссификациясында маңызды орын алады, фибриллогенезге, митозға қатысады.
Гликозамингликандар (ГАГ)
Протеогликандардың простетикалық тобы гликозамингликандар (ГАГ) деп аталады.
ГАГтар қайталанып келетін дисахаридтік бірліктерден тұрады.
ГАГтар жеке түрде кездесіп, өз бетінше қызмет атқара алады. Маңызды 3 өкіліне тоқталамыз:
- гиалурон қышқылы,
- хондроитинсульфаттар,
- гепарин.
Достарыңызбен бөлісу: |