БИОЛОГИЯ • АДАПТАЦИЯ ЖӘНЕ ЭВОЛЮЦИЯ • ЭВОЛЮЦИЯ ТЕОРИЯСЫ
4
Мына қазбалы археоптериксте
динозаврлардың да, қазіргі құстардың да
анатомиялық белгілері кездесетіндіктен,
құстар бауырымен жорғалаушылардан
жаралды деп болжауға болады.
Қазбалар дегеніміз тау жыныстарында
сақталған ағзалардың қалдығы. Біз
қазбалардың жасын анықтай аламыз, сол
арқылы Жер бетінде көптеген миллион жыл
бұрын болған тіршілік жайлы білуге болады.
Олар тірі ағзалардың жай формадан күрделі
формаға дейін біртіндеп өзгеретінін көрсетеді.
Сонымен қатар, қазбалар ағзалардың әртүрлі
топтарында аралық форманың бар екенін
дәлелдейді.
Біз, сондай-ақ, тірі ағзалардың арасындағы
ұқсастықтарды бақылай аламыз. Мысалы,
сүтқоректілердің қаңқасы бір-бірімен өте ұқсас
болып келеді, сонымен қатар құстар мен
бауырымен жорғалаушылардың қаңқасынан
қатты өзгешеленбейді! Дәл осылай, туыс
түрлердің гендері алыс түрлердің гендеріне
қарағанда ұқсас болып келеді. Бұл олардың
бір тектен шыққандығын дәлелдейді.
Біз, сондай-ақ, эволюцияны іс жүзінде,
әсіресе, аз уақыт өмір сүретін түрлерден көре
аламыз. Мысалы, жәндіктердің химиялық
инсектицидтерге төзімді бола бастағанын
және тиіндердің климаттық өзгерістерге
бейімделіп дамитынын байқауға болады.
Достарыңызбен бөлісу: |