Биология-биотехнология факультеті



бет5/10
Дата19.05.2022
өлшемі1.86 Mb.
#457800
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Практикааааааааааааааа

Жүргізуші: Сіздерге өз мамандықтары жайлы өз пікірлерін білдіріп, ақыл - кеңестерін беру үшін ортамызда түрлі мамандық иелері отыр. Біздің шәкірттеріміздің басым көпшілігі дәрігер болуды қалайды.
Қиялыммен шарлап бүкіл әлемді,
Арманыма қанат байлап барамын.
Асу бермес асуларды бағынтып,
Болашақтың жұлдызы боп жанамын! - деп, жас кеуделері тәтті арманға толы өскелең ұрпағымызға мамандық туралы түсінік беріп, олардың қыр – сырын тереңдей әңгімелеу үшін сөз кезегін қонақтарымызға ұсынғымыз келеді. Алғашқы сөз Махаббат апайға беріледі.

- Дәрігер болу соншалықты қиын ба?


- Гиппократ заңына адал болу үшін адамның бойында қандай қасиеттер болу керек?
- Осы мамандықты жүрек қалауыңызбен таңдадыңыз ба? Әлде ата – ананың ықпалы немесе басқа да жағдайлардың әсері болды ма?

Тастап арзан ойыңды


Жақта үмітін алауын
Ортаға сап ойыңды
Қане қайсы қалауың?
Біліп жайын кәсіптің
Талай сырға қанықтық
Қандай іске машық кім
Зерделедік дәл ұқтық.
Талаптан да сондықтан
Жақсы маман болып өс
Уақытпен жолды ұтқан
Өмір деген ұлы көш.
Сол серуенге қосыл да,
Өз орныңды тауып ал!
Жаны толы асылға
Азамат бол бағы бар!


Келесі сөз Есепші ағайға беріледі.

Қандай мамандық таңдауға кеңес берер едіңіз?


Осы мамандықты таңдауыңызға не себеп болды?
Сіздіңше мамандықты дұрыс таңдау дегеніміз не деп ойлайсыз?

Арман қуған түлектер заман ағымына ілесе алатын майталман азаматтар және өз ісіне берік мамандар болатынына сеніміміз мол. Тағы да естеріңде болсын, балалар: Мамандық - әрбір адамның мәртебесі. Оны жүрекпен қалау керек. Әрі адамдық қасиеттердің бәрінен де жоғары тұру керек.


Келесі сөз.......

Құрметті оқушылар! Қонақтарымызға қояр сауалдарыңыз болса, бізбен бірге бөлісіп отыруға шақырамын.





  1. Тілекті ізгі қуаттап

Әумин дейік қосыла
Қалатын жаның шуақтап
Ұстаздың пейілі осы да!

Жолың да жігер - серігің


Алды да мақсат, арман бар
Ұстаздың ақтап сенімін
Үмітін алға жалғаңдар! – дей келе келесі кезекті «Жемқорлыққа жол жоқ!» атты көрініске береміз.



  1. Ортада 1 топ қыздардың орындауында «флешмоб» Қарсы алыңыздар!

  2. Ендігі кезекте оқушылар өздері таңдаған мамандықтары туралы мағлұмат береді.

  3. 10 сынып оқушыларының дайындаған «Мектеп вальсін» тарту етеміз, қабыл алыңыздар!

  4. Жоқ менің өлең жырдан өзге алаңым

Іздеймін сенен терең сөз баласын
Кейде бір салсаң әуен ыңылдатып
Көңілдің кетеді ғой қозғап әнін – деп кезекті әнге береміз.

Әбунасыр Әл Фараби: «.... адам кез - келген жұмысқа жарамды бола бермейді. Жұмысты неғұрлым жетік және жақсы атқарса білгір және шебер болып шығады. Қандай әрекет, қандай іс істесек те, содан рахмет табу, соның рахатын көру біздің мақсатымыз болып табылады»,- деген.


Мамандықты дұрыс таңдау - табысты өмірдің кілті. Сондықтан сіздерге мамандық таңдау жолында адаспай, өмірден өз орындарыңызды тауып, дүниенің бір кірпіші болып қалануларыңа шын жүректен тілектеспіз. Осымен 10 - сынып оқушыларының қатысуымен ұйымдастырылған «Мамандықты дұрыс таңдай білу - табысты өмірдің кілті» атты кешіміз аяқталып келеді. Қатысқандарыңыз үшін көп рахмет!
Құрметті қонақтар! Бүгінгі шәкірт – ертеңгі болашақ. Сондықтан олардың бүгінгі мен келешегі бәрімізді де алаңдатары сөзсіз. Жас ұрпаққа саналы тәрбие беріп, болашағына дұрыс бағыт сілтеу – ұстаздар қауымының міндеті болса керек. Бұл ата – аналар қауымына да ортақ іс. Сондықтан бүгінгі кештегі ақыл – кеңес балаларымызға үлкен ой салып, болашақта қалар мамандықтарын қателеспей табуына көп түрткі болды ғой деп ойлаймыз. Келген қонақтарымызға алғысымызды білдіреміз. Келесі мерекелік кеште кездескенше, сау – саламат болыңыздар!
Көк жүзіне алаулы,
Міндет емес ай болу.
Ең бастысы қалаулы,
Кәсібіңе сай болу!




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет