Жүргізуші: Сәлеметсіздер ме Құрметті көрермендер! Құрметті оқушылар, қадірменді қонақтар! Мектеп бітіруші түлектерімізге кәсіби бағыт - бағдар беру мақсатында ұйымдастырылған «Мамандықты дұрыс таңдай білу - табысты өмірдің кілті» тақырыбындағы мамандық таңдау кешіне хош келдіңіздер!
Кез - келген саналы баланы «Мен болашақта қандай мамандықты таңдасам екен?» немесе «Таңдаған мамандығыма қалай қол жеткіземін?» деген ойлар мазалайтыны анық. Мамандықты таңдау үшін адам, ең алдымен өзін, өз бейімділігін тануы қажет. Өз - өзіне «Мен кіммін?», «Осы өмірдегі менің орным қандай?», «Қалай өмір сүремін?»- деген сұрақ қойып, соған жауап іздеуі қажет. Мынау көп салалы өмірде мамандықтың түрі көп. Әрине таңдау жасау оңай емес. Ең бастысы – адам еңбекке қабілетті, зейінді болуы қажет және оның мамандығы өзі өскен ортаға маңызды, бағалы үлес қосатындай болуы шарт. Өз ісіне сенімді, дұрыс таңдаған адам ғана жетістікке жетеді. Адам еңбегінен қуанышын таба білсе, бойына жаңа күш қосылып, еңбекке деген шабыты арта түседі. Зор ықылас, шабытпен істеген іс – табыс биігіне жеткізетін қанат. «Неге арналсаң, соны істе» деп, Абай атамыз айтқандай, қашанда адам өмірден орнын өз таңдауымен тапқан жөн. Осындай ниетпен шәкірттеріміздің болашағына сәттілік тілей отырып, кешіміздің шымылдығын әсем әнмен ашқымыз келеді.
Ән - шашу. «Жаса, Қазақстан» әні
Кешіміздің қадірлі қонақтарымен таныстыруға рұқсат етіңіздер.
Кеш қонақтарының қадамына нұр жаусын дей отырып қадірлі қонақтарымыздың құрметіне ән - шашуымызды тарту етпекпіз. Қабыл алыңыздар!
Бұл күндері өмір жолы сан тарау болып басталатын мектеп түлектері қандай мамандықты таңдасам екен?- деген сұрақтың алдында біраз тосылады. Ол тіптен, жылдар, айлар бойы бұл төңіректе толғануы мүмкін, өйткені бұл оңай сұрақ емес. Бұл жерде ата - ананың, туған - туыстың, іні - қарындастың, жора - жолдастардың кеңесіне құлақ қойған да жөн. Бірақ, шешімді сөз, ақтық таңдау өзіңде, жас талапкер! Жүрегіңнің түкпірінде жатқан асқақ арманың бар. «Кім болам?»- деген сөз бар? Оған да құлақ сал!
Әсемпаз болма әрнеге
Өнерпаз болсаң арқалан
Сен де бір кірпіш дүниеге
Тетігін тап та, бар қалан!- деген Абай сөзі бүгінгі отырған сіздер мен біздерге терең ой салса керек.
Құрметі оқушылар, әрі қарай сіздерді «Кім жылдам?» ойынын ойнауға шақырамын.
1. Оқу білім - бағдары
Заманының бағбаны
(Ұстаз)
2. Ара тұрар өлімге
Қай маман бұл өмірде.
(Дәрігер)
3. Станогы жанды адам
Сансыз өрмек жалғаған
Тірлігі бар тынымсыз
Өрмекшіден аумаған
(Тоқымашы)
4. Жаңалықтың жаршысы
Қаламының жалшысы
( Журналист)
5. Теңіз түбі тірлігін
Зерттеп, барлап, білді кім?
(Ихтиолог)
6. Тау мен тасын, өзенін
Туған жерді кезетін
Тамыршыдай дөп басып
Таба білер қажетін
Қай мамандық ол қане
Айтып жібер өз атын?
(Геолог)
7. Еңбек орны - танабы
Сүйікті әні - дала әні
Егін жайын мәпелеп
Асырайды қаланы
(Диқан - агроном)
Достарыңызбен бөлісу: |