Биология және химия пәндерін оқытуда stem мүмкіндіктерін биология сабағында пайдалану


Оқу модулінің (бөлімінің)тақырыбы



бет2/2
Дата02.04.2024
өлшемі0.61 Mb.
#497394
1   2
СТЕМ баяндама

Оқу модулінің (бөлімінің)тақырыбы 

 Жасушалық биология. Су және органикалық заттар

Сабақтың / Сабақтардың тақырыбы

 Органикалық және бейорганикалық заттар

Оқу мақсаты

7.4.1.3 - азық – түліктерде көмірсулар, нәруыздар және майлардың бар екендігін дәлелдеу

Оқу эпизодының атауы 

Азық-түлік құрамын анықтау

Мәселе 



 Өсімдіктекті және жануартекті өнімдердің құрамы қандай?

Контекст 



 Оқушылар биохимия зертханасында жұмыс істейді және нәруыздар,майлар мен көмірсулар қандай өнімдерде болатынын зерттейді.Адамның тамақ рационында органикалық заттардың жетіспеушілігі неге әкеліп соқтыратынын түсінеді.



кезеңдері 

Мұғалімнің әрекеті 

 Оқушының әрекеті 

Бағалау

Ресурстар

1

Еліктіру

Ed puzzle сервисі арқылы бейнекөрсетілім көрсету.


Себетте не бар? 3d photo


  • Көмірсулар, май,нәруыздар қандай азық-түлік өнімдерінің құрамында кездеседі деп ойлайсыздар?

 Бейненің көре отырып, әр бөлігінен шыққан сұрақтарға жауап береді.
3d photo арқылы жасалған 3d фотосуреттер арқылы сұрақтарға жауап береді.
Көмірсулар, май,нәруыздар қандай азық-түлік құрамында кездесетіндігін айтады.

Өз ойын дұрыс мағынада білдіріп, талқылауға белсенділікпен қатысқан оқушыға «Жарайсың!» деген мадақтау сөзімен ынталандыру.



https://edpuzzle.com/media/625726656041b642becac8a7


3d photo куб

2

Зерттеу 

Қауіпсіздік техникасы ережесін еске түсіру.
Зертханалық жұмыс: «Азық-түлік өнімдерінің құрамындағы көмірсулар, нәруыздар, майларды анықтау»
Керекті құрал-жабдық:
Су
Бенедикт ерітіндісі
Биурет ерітіндісі
Йод ерітіндісі
Сутек асқын тотығы
Сүзгі қағаз
Өлшегіш стакан
Сынауықтар
Тамақ өнімдері ( ет,картоп,күнбағыс дәні.....)


Кестені толтырыңыз:



Азық-түліктер

Құрамында қандай органикалық заттар анықталды?

Қандай реактивтер қолданылды?

Қорытындысы не болды?

Жүзім










Сүт










Картоп










Ет










Нан










Күнбағыс дәні










Грек жаңғағы










Жұмыс нәтижесі :
Қант - қыздыру барысында қызыл түсті тұнба түзіледі.
Крахмал – қара-көк, көкшіл түс пайда болады.
Май – лайлы сұйықтық көрінсе, липидтердің бар екендігін дәлелдейді.
Нәруыз – ерітіндінің сия-көк түске айналуы байқалады..
Келесі сұрақтарға жауап беру үшін осы кестедегі деректерді пайдаланыңыз:

  1. Азық-түлік өнімдерінің құрамындағы көмірсулар,нәруыздар және майларды анықтаудың қандай практикалық маңызы бар екенін қысқаша сипаттап жазыңыз




 Оқушы нұсқау бойынша берілген зертханалық жұмысты орындайды.
Орындауға арналған тапсырмалар



  • Күнбағыс дәнін келіде ұсақтаңыз. Картоп,ет өнімдерін майдалаймыз . Оларды жеке-жеке сынауықтарға салыңыз.

  • Сынауыққа йодтың ашық түсті ерітіндісін дайыңдаңдар. Йод ерітіндісін әртүрлі өнімдері бар сынауыққа құйыңдар.

  • Сутек асқын тотығын әртүрлі өнімдері бар сынауыққа құйыңдар

  • Сүзгі қағазын ортасынан бүктеңдер. Оның ішіне зерттелетін өнімді салып, ұнтақтаңдар.

  • Әртүрлі тамақ өнімдерінде органикалық заттар бар екені туралы жалпы қорытынды жазыңдар.




Дискриптор:
-әр түрлі тағам өнімдеріндегі майлардың болуын анықтайды;2балл
-әр түрлі тағам өнімдеріндегі көмірсулардың болуын анықтайды;2балл
-әр түрлі тағам өнімдеріндегі нәруыздардың болуын анықтайды;2балл
-зерттеу нәтижесін кестеге толтырады;2балл



Оқулық, жұмыс дәптері, зертханалық құрал-жабдықтар

3

Түсіндіру 

 Зерттеу кестесінің нәтижесін талдату.


 Кесте нәтижесін талдауға қатысады.

Дискриптор:
-




4

Пысықтау 

wordwall.net/ru онлайн сервисі арқылы рандом бойынша таңдау жасап, шыққан сөз бойынша ашық сұрақтарға жауап береді.


Дискриптор:
-берілген заттың құрамын ашық талдау.1балл

https://wordwall.net/ru/resource/38832243



5

Бағалау 

Simpoll.ru сервисі арқылы кері байланыс жасау.

 Тақырып бойынша кері байланыс жасайды, өз-өзін бағалау шкаласын толтырады.




https://simpoll.ru/run/survey/337a4f23


Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет