Биология кафедрасы



бет12/17
Дата13.06.2016
өлшемі1.59 Mb.
#133662
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17

Іш сүзегі. Аурудың қоздырғышы — тек қана адамдарға жұғатын таяқша тәрізді микроб. Инфекция көзі — ауру адам, не­месе бактерия тасымалдаушы. Микробтың енетін жері ас коры­ту жолы, ауру сырқат адаммен тікелей қарым қатынас жасағанда, оның заттары мен ыдыс-аяғы, су мен тамақ арқылы жұғады. Жасырын кезең орта есеппен 14 күнге созылады. (7-25), ауру бірте-бірте өрбиді, диагноз коздырғыш табылғанда ғана анықталады. Сырқаттанғандар ауруханаға жатқызылады.

Іш сүзегінің алдын алу — ауруды ерте анықтап, оларды ауруханаға жатқызудаң мерзімді дәрілеуден, топырақ пен суды ластаудан қорғаудан, тамақ өнімдеріне санитарлық бақылау қоюдан, жеке бас гигиенасын мұқият сақтаудан тұрады.

Іш сүзегімен ауырған адаммен бірге болған балалар мен ересектер тексерілуге тиіс. Іш сүзегіне қарсы егу ауру қаупі өте жоғары болған жағдайда ғана жасалады. 7-ден 14 жасқа дейінгі балаларға іш сүзегінің моновакцинасы, ал 15 жастан жоғарыларға тифозды паратифозды столбняк вакцинасы салынады. Ауырып айыққандарда тұрақты табиғи иммунитет қалыптасады. Аурудың қайталануы сирек. Іш сүзегінен ауырып тұрған балалар толық айыкқаннан кейін нәжіс пен несеп екі қайтара тексерілген соң ғана коллективке жіберіледі. Оларға жақсы күтім, құнарлы, витамині мол тамақ қажет. Аурудың алдын алуға жұртшылықпен өткізілетін санитарлық-оқу ағарту жұмысының алатын маңызы айрықша. Бұл жұмысты санитарлық эпидемиялық станция ұйымдастырады.

Холера (тырысқақ). Аурудың қоздырғышы — холера виб­рионы — сыртқы ортаға мейлінше төзімді: нәжісте 150, майдың бетінде — 30, көкеністерде — 8 күнге дейін өмір сүреді, тө­мен температурадан қорықпайды, алайда кептіру кезінде және күн сәулесінің әсерінен тез жойылып кетеді. Организмге ауыз қуысы арқылы сумен, тамақпен және микробы бар заттар арқылы жұғады.

Холера — өте жұқпалы, аса қатерлі сырқат. Ол 2—3 күндік жасырын кезеңнен соң, ал кейде бірнеше сағаттан соң басталады. Жүрек қан тамырлары жүйесінде үлкен өзгерістер байқалады, бірақ әсіресе ащы ішек қатты зақымданады. Ауру кезінде іш өте жиі өтеді (тәулігіне 40-ретке дейін), нәтижесінде организм сусызданып адам кенеттен өліп кетеді.

Аурудан сақтану үшін ең бастысы іш ауруларының алдын алатын өте мұқият санитарлық гигиеналық шаралар жүргізілуі керек (тазалық, дезинфекция, дезинсекция), әсіресе, холераға қарсы бактериофаг егу моно және поливалентті вакцина жасау ұтымды. Холерадан қайтыс болған өліктер инфекцияның көзі болып кала береді, сондықтан оларды өртеп немесе ішіне әк салынған, мықтап бекітілген табытпен көмеді.



Полиомиелит. Жедел инфекциялы паралич немесе полиомие­лит үш түрлі вирустардың әсерінен болады. Вирустардың түсетін жері ішек жолы. Жасырын кезеңі 2 ден 35 күнге дейін созылады. Аурулармен карым қатынаста болған балалар коллективке 20 күннен соң жіберіледі. Ауру шұғыл басталып, темпе­ратура көтеріледі (38—39°), бас қатты ауырады, лоқсу баста-лады, адам өзін ауыр сезінеді. 3—4 тәулікте температура төмендейді, көп жағдайда аяқ-қолдың бір жақты, арагідік екі жақты семіп қалуы байқалады, себебі вирус жұлынның алдыңғы мүйізін зақымдайды. Емдеудің тиімді жолы табылған жоқ сондықтан көп аурулар өмір бойы мүгедек болып калады.

Сақтанудың жалпы шаралары басқа ішек ауруларындағы сияқты. Полиомиелиттің өзгерген вирустарының үш типін тазалау және іріктеу жолымен алынған вакцина тиімді келеді (Сейбин, АҚШ).

СССР-де тірі, бірақ әлсіретілген вакцина арқылы белсенді иммунитет қалыптастыру жоғары тиімділікпен жүргізілуде. Бұл тәсілді совет ғалымдары А. А. Смородинцев пен П. М.Чумаков жасап шығарған. Қазіргі кезде мектеп жасына дейінгі балаларға міндетті түрде егу жасалады. Бұл полиомиелитпен ауыруды Совет Одағының көптеген аймақтарында жоюға немесе күрт төмендетуге мүмкіндік берді.

Боткин сырқаты (сары ауру). Эпидемиялы (жұкпалы) гепа­тит —оның инфекциялы табиғатын ашқан орыс дәрігері Боткинннің атымен аталады. Қоздырғышы — сүзілгіш вирус — бауырды зақымдайды. Инфекция көзі — ауру адам. Ауру ауыз қуысы арқылы жұғады. Жасырын кезең 14 тен 50 күнге дейін (кейде 2—6 айға дейін) созылады. Бұл кезде ауру әлсіреп, шаршайды, тәбеті жоғалады, қабырғаның асты ауырады. Біраз күндерден соң несеп қоңыр сары тартады (қара кошқыл сыра түсіндей), ал нәжіс түссізденеді (сұр мақта тәрізді). Бірнеше күннен соң көздің кілегейлі қабығы мен тері лимон түсіндей сарғаяды. Ауырғандардың барлығы ауруханаға жатқызылады. Ау­рулармен бірге болған бірақ ауырмаған мектеп жасына дейінгі балаларға гаммаглобулин егіледі.

Аурудың алдын алу: ауырғандарды ертерек анықтау және бөлектеу, дәрілеу, су мен азық түліктерді инфекция түсуден сақтау.

Айыққан балаларды ауруханадан шыққан соң кем дегенде 10 күнге дейін коллективке жіберуге болмайды. Аурудан айыкқан балаларға 6 айлық диспансерлік бақылау қойылады, бір жылға дейін бауырға әсер ететін ішек құрттарына қарсы қолданылатын препараттарды беруге болмайды. Бұдан бізге, олар­ды дене шынықтыру сабағы мен спорт үйірмелері жұмысынан босатады.

Боткин сыркатымен ауырғандардың (ересектер немесе бала­лар) донор болуға (қан бөлуге) қақысы жоқ. Карантин — 45 күн, гамма-глобулин егілгенде — 21 күн.

Ішек құрт ауруларының алдын алу

Гельминтоздар — бұл аурулардың үлкен бір тобы. Оны туындататын құрттардың — гельминттердің 15-13-ден астам түрі бар. Гельминттер ішек-қарын жолдары арқылы жұғады. Олар адамдарды, жануарларды және өсімдіктерді зақымдайды. Адамдарға әдетте құрттың бір түрі, кейде 2 немесе 3 түрі қосыла өмір сүруі байқалады.Гельминтоздарды екі тірі организмнің — паразит пен оның иесінің күрделі өзара қарым қатынасы деп карастыру қалыптасқан. Әрбір ішек құрт ауруларының аты латынша атау мен қосымшадан құралып сырқаттың атын береді. Мысалы, ас­карида — аскаридоз, власоглов — трихоцефаллез, трихипелла — трихинеллоз, теннинді — тенниндоз.

Барлық гельминттер адам организмінде паразиттік өмір кеше отырып, ондағы нәрлі шырындарды сору және өзінің керексіз заттарын шығару арқылы зиянын тигізеді. Олар сондай-ақ жүрек қан тамырлары жүйесінің қызметін әлсіретеді, қан азаюына жағдай туғызады және басқа ауруларды өрбітеді.

Аурудың өтуі қоздырғыш гельминттің түріне, организмніц қай жеріне орныкқанына (көбіне ішек жолында), организмнің жалпы жай-күйіне, тұрмыс жағдайларына және сырқат кісінің ауруға деген қарым-катынасына байланысты.Аскаридалар мен острицалар кейде соқыр ішек пен бауырға өтіп кетіп, қатты ауыртып, операция жасауға мәжбүр етеді. Олар кілегейлі қабықшаны сорып, оны бүлдіреді, сөйтіп басқа инфекциялардың түсуіне «жол ашады», ал кейбір глистердің личинкалары қанмен бірге өкпеге өтіп, оны қабындырады.

Құрты бар балалар тым шаршағыш, және нерв жүйесі қозғыш келеді, тәбеті мен ұйқысы бұзылады, жиі-жиі лоқсиды.Ішек құрты ауруларының алдын алу: мектеп оқушылары мен ересектердің жеке бас гигиенасын мүлтіксіз сақтау, көкөніс пен жемісті таза күйінде пайдалану, көпшілікке арналған жерлерді таза сақтау, жуынды төгетін шұңқырлар мен қоқыс төгетін жәшіктерді таза ұстау, шыбындарды жою, асхана, буфет қызметкерлерінің жеке бас гигиенасын қатаң сақтау. Үй жануарларымен қарым-қатынас жасаған соң міндетті түрде колды жуу, үй жануарларына мал дәрігерлік бақылау, ет өнімдеріне мал дәрігерлік санитарлық бақылау орнату керек.Картоп пен көкеністерді жинау кезінде оқушылар еңбегі пайдаланылса, оқушыларды тыңайтқыш ретінде көң мен саңғырық төгілген учаскелерге жіберуге болмайды. Бақша мен егістікте жұмыс істеп болған соң қолды сабындап, тырнақ астында кір калмайтындай етіп щеткамен тазалау керек.Никотин қышқылы жоғары температура (100° дейін) мен ультракүлгін сәулеленуге төзімді. Ол сыра ашытқысында, дәнінің уызында, саңырауқұлақтарда, бауырда, бүйректе және мүйізді ірі қараның бұлшық еттерінде болады.Құнарлы тағам cay организмді РР витаминімен толық қанағаттандырады) ал авитаминоз болған жағдайда ауруларға түйіршік немесе инемен егу түрінде витамин беріледі.С витамині — аскорбин кышкылы — суда, спирт пен глицеринде ериді. Оттегінде бүлінеді. Оттегісіз ортада жылдар бойы сақталады.С витамині организмнің сыртқы ортаның зиянды әсеріне, оның ішінде инфекцияларға қарсы беріктігін күшейтеді: ол нерв жүйесінің, жүрек бұлшық етінің, эритроциттердің ойдағыдай қызмет етуі үшін керек.С витаминінің тәуліктің сұранысы 7 жаста 30—45 мг, ал ересектер үшін жеңіл жұмыс атқарғанда — 50 мг, ауыр жұмыс пен ой еңбегін атқарғанда 100 мг дейін артады. Организмде С витаминінің жетіспеуі қырқұлақ ауруына жол ашып, жұқпалы аурулардың өрбуіне жағдай жасайды.Төменде жануарлар және өсімдік өнімдерінде кездесетін С витаминінің құрамы келтірілген (100 г шаққанда 1 мг).

Су және балалар ауруы. Егер ауру адамдар мен жануарлардан суға жұқпалы микробтар түсксн болса, онда ол ауру таратудың көзі және жолы болуы мүмікін (іш сүзегі, дизентерия, холера). Сондықтан ауыз суға ұдайы химиялық және бактериологиялық анализ жүргізіп отырған жөн. Суда ішек таяқшалары 1 : 300 қатынасынан көп болса, яғни әрбір 300 грамм суда микроб бол­са, онда мұндай суды пайдалануға тыйым салынады.

Ішуге aшық су көздерінен (өзен, көл, канал) алынған су сүзіледі, хлорланады, салқындатылады және түрлі өңдеулерден өткізіледі сонан соң су құбырларына беріледі. Бұл процестердің барлығын санитарлық қызмет-керлер қадағалап отырады. Бір қызығы, судың дәмі оның темпе ратурасына қарай анықталады: ол 12 градустан темен және 15—16° жоғары болмауы керек. 12°-та ол салқын, 10°-та жылы болып сезіледі.

Құдықтың басында кір ыдыс-аяқ, машина жууға, малдарды суаруға рұқсат етілмейді. Бұл үшін 10—15 метрден арырақ қашықтықтан арнаулы орын белгіленіп, су оған кұбыр немесе науа арқылы жеткізіледі.Ауыз суда әрқашан кальций мен магний тұздарының белгілі бір. мөлшері болады. Бұл судың жалпы тұздылығы деп аталады. Оны градуспен. немесе миллиграмм-эквивалентпен таңбалайды (мг-экв/л). Тұздылықтың бір градусына 1 литр суға кальцийдің 10 мг тотығының сай келуі қабылданған.

Тұздылығы 10° дейінгі су — жұмсақ, 10-нан 20° дейін — орташа 20°-тан жоғары — тұзды, 40°-тан жоғары өте тұзды деп есептеледі. Судың қатаңдығы, тұздылығы неғұрлым жоғары болса, ол соғұрлым өндірісте (қазан, радиатор, қайнатқыш) соғұрлым аз пайдаланылады, тұрмысқа да жарамсыздау. Оны қышқыл (сірке) немесе сілті (ас содасы) қосу арқылы, сондай-ақ қайнатып, тұзын тұндыру арқылы да жұмсартады.

6. Организмде энергия мен жылу алмасуы. Нәрлі заттар потенциалдық энергиясының жылу мен механикалық жұмысқа айналуын алмасу деп атайды. Ересек адамның энергиясы организмді жылытуға және тамақ сіңіруге, дене еңбегіне жұмсалады. Мектеп оқушысы организмі ересектерге қа­раганда энергияны 1,5—2 есе көп жұмсайды.

Балалардағы энергия алмасу оның жасына, жынысына, бойына, нерв жүйесінің қызметіне, жалпы дене құрылысына, тері асты майынын мөлшеріне және басқа да себептерге тәуелді екендігі анықталған. Клетка ішіндегі алмасудың күшеюі нәтижесінде кез келген асты қабылдау зат алмасуды жоғарылатады. Әсіресе, белоктардың әрекеті күшті. Организмге аспен белок түскен кезде, май мен көміртегі түскеннен гөрі зат алмасу ана-ғүрлым күшті жүреді. Бұлшық еттер қызметіне байланысты жұмсалатын энергия балаларда да, үлкендерде де жасалатын козғалыстардың сипатымен анықталады.

Қозғалысқа бұлшық еттер тобы көп катысса, неғұрлым олар тез кимылдап бұлшық ет өсінділері неғұрлым күшпен жиырылса, энергия шыгыны да соғұрлым көп болады

Бір күнде бір килограмм салмаққа 7—10 жасар баланың жалпы энергия шығыны 60—70 ккал, ал үлкендерде ол 35— 40 ккал. Бұдан өзге ол организмнің жеке, дербес ерекшеліктеріне де тәуелді.Жылу құралу барлық органда жүреді, бірақ ол әртүрлі жиілікте жүзеге асады. Жылу құралумен бір мезгілде жылу бөліну жүреді. Бұл процестерді реттеуді ез қызметінің негізгі рефлексті механизмнен тұратын аралық ми, сопақша ми, жұлын ор­талықтары жүзеге асады.

Балаларды тамақтандыру режимі. Азық-түлік нормалары Тамақтану режимі. Төменгі класс оқушысы үшін төрт рет тамақтану ұсынылады: таңертенгілік, түскі ас, бесін кезіндегі ас және кешкі ас. Бұл тамақтанулардың әрқайсысы қатаң бел­гілі бір уақыт аралығында берілуге тиіс. Бұл дағдыға баулиды, ал ас қорыту жолының бездері осы мезгілге қажетті сөлді даярлап үлгереді.

Балалар мен жасөспірімдерді төрт рет тамақтандыру кезінде тамақ рационы энергия шығындарына орай бөлінеді: таңертеңгілік ас — калорияның тәуліктің рационының — 25%, түскі ас — 40—45%, бесін кезіндегі ас — 10—15% және кешкі ас —20—25% құрауға тиіс.

Түскі ас үстінде балалар калорияның ең мол бөлігін алады, себебі олар күндіз энергияны өте көп жұмсайды: мектептегі сабақ, ойын және үйге берілген тапсырманы орындау, спорт , секциялары мен мектептен тыс үйірмелер.Тамақтану режимін сақтамау организмнің үйлесімді жұмысы мен оның қызметін бұзады. Балалардың зат алмасуын зерттеу үстінде егер астағы май белокпен бірдей болса, ал көмірсуы 4 есе көп болса, белоктың жақсы сіңетіндігі байқалған, яғни 1:1:4 қатынасы сақталуға тиіс.

Әлсіз және аурудан айыққан балалар үшін нәрлі заттарға деген тәуліктік сұраныс 25-30% көтеріледі. ауа райын ескеру қажет.Жаз мезгілінде астағы белоктың мөлшеріне ерекше мән беріледі. Осы кезеңде балалардың анағұрлым жылдам өcvi байқалады, сондықтан белоктарды 15—20% көбейту қажеттігі туады. Қыста жылу бөлу күшейетіндіктен май мен углеводтардың мөлшерін көбейту қажет.



Тамақтану мөлшері. Тамақтану мөлшері астың қуаттылығына негізделеді. Бірақ тіршілік үшін бұл жеткіліксіз. Организмнің қажеттілігін толық қамтамасыз етуге белок, май, көмірсу, су, витаминдер және минерал тұздары міндетті түрде жеткілікті мөлшерде болу керек. Олардың қатынас мөлшері де есте болуы керек, әсіресе бұл балалардың тәулік мәзірінде ескеріледі. Бастауыш сынып оқушылары үшін органикалық заттардың қатынас мөлшері мынадай: белок - 1, май - 1, көмірсу - 6 есе. Ал мектепке дейінгі балаларда бұл көрсеткіштер 1:2:3 Балалардың тәулік азығында витаминдер мен амин қышқылдары мол болғаны жақсы. Тәуліктік азықтың барлық мөлшері жасына қарай 2000-2600 г шамасында болуы шарт. Піскен ас буы шығып, иісі аңқып, дөмді және көрер көзге жағымды болса, сілекей шұбырып, қарын сөлі көбірек бөлініп, тағам жағымды болып, бойға жақсы сіңеді.Тәуліктік азықта минерал тұздары, әсіресе кальций мен фосфор тұздарының мөлшері жеткілікті болуы тиіс, себебі балалардың сүйегінің өсіп жетілуіне бүл минералдар аса қажетті. Егер кальций, фосфор және Д витамині жеткіліксіз болса, сүйек ұлпасының өсіп, жетілуі нашарлайды да, баланың бойы еркін өспейді, нәрестелер ауруға шалдығады. Кальций мен фосфордың өзара қатынасы мектеп жасына дейінгі балаларда 1:1,5, бастауыш сыныптағыларға 1:1,7 жоғары сынып оқушыларына 1:1,4 болуы керек.Балалардың тамағында сүт, айран, көкөніс, жеміс жеткілікті мөлшерде болса, олардың организміне қажетті минерал заттары мен витаминдер толық мөлшерде болып, жастардың жақсы өсіп, денсаулықтары дұрыс қалыптасады.

Тамақтану тәртібі. Адамның тамақтануы белгілі бір уақытта болады. Мұның себебі күн мен түн, сергектік пен үйқы, жүмыс жағдайының төулік ішінде өзгеріп түрады. Осыған байланысты ас қорыту мүшелерінің қызметі, олардың сөл өндіруі төулік ішіндегі қалыптасқан ырғақпен отеді де, ас қорыту ферменттерінің белсенділігі жоғарылайды. Кезекті мерзімінде тамақтану ас қорыту нәтижесін арттырады.Төрт мерзімді тамақтану тәртібі адам өмірінде орын алып, қалыптасты. Жұмыс жағдайына қарай 3 мезгіл тамақтанса да жеткілікті, ал одан аз болса, тамақтану тиімсіз және ас қорыту мүшелерінің қызметі табиғи ырғағына сай болмайды.Тамақтану тәртібі сақталмай, қалыпты жағдайдан бұзылса, гастрит, қарын мен ішектің жаралы науқасы, атеросклероз, дененің мөлшерден тыс толуы және сырқаттар пайда болуы мүмкін. Мұндай сәтсіздік ересектерде де, балаларда да байқалады, әсіресе жұмыс істемей, қозғалмай бір жерде отыратын адамдарда сырқат өршіп кетеді.Күндіз тамақ ішу арасы 4-5 сағат болуы тиіс. Түнде тамақ ішпей, ас қорыту мүшелерінің демалуы 8-10 сағатқа созылады. Әрине, бүл төртіп, жүмыс істеу уақыты мен жағдайға байланысты өзгеруі мүмкін. Тамақтанудың ертеден қалыптасқан тәртібі бойынша таңертеңгі ас тамақтың тәуліктік мөлшерінің 20-25 %, 2 сағаттан кейінгі жеңіл тамақ 10-15 %, түскі тамақтану 40-45 %, ал кешкі 20-25 % болу керек. Ал 3 мезгіл тамақтанғанда таңертеңгі ас 25-30, түскі - 45-50, ал кешкі 20-25 % болады.Тәуліктік азықтың құрамындағы қоректік заттардың арасында тепе-теңдік қатынасы сақталуы тиіс. Академик Т. Ш. Шармановтың қағидасы бойынша, белок, май, кемірсу, витамиңдер, минерал түздары мен судың тәуліктік азықтағы үлес қатынасы организм тіршілігі үшін қажетті мөлшерде болу керек. Оның ішінде валин, лейцин маңызды амин қышқылдары және қанықпаған май қышқылдары мен витаминдер жеткілікті мөлшерде болуы тиіс.Ауыл шаруашылығы және басқа өндіріс орыңдарының жұмыс ерекшелігіне сәйкес тамақтану тәртібінің басқадай түрлері де болуы мүмкін..Ішіп-жеген астың сіңімділігі оның дұрыс пісіп және әртүрлі тағамның жеу кезегіне де байланысты. Түскі тамақты салат жеуден бастап, содан соң сүйық ыстық ас (кеспе, сорпалар) ішкен организмге тиімді. Алғашқы тағамдарды қабылдағанда қарын сөлі уақытында өндіріліп, астың қорытьшуына жол ашылады. Осыдан соң негізгі тағамды, айталық етті тағамды жегеңде ас қорыту мүшелері толық дәрежеде қызмет істеуге дайын болады. Түскі тамақтануды сусынмен аяқтайды.Таңертең тамақ ішпей жұмысқа барғанда, еңбек нәтижесі төмен болады.Өсіп, дамуына байланысты балалардың тамақтану тәртібі ерекше. Олардың тамағының тәуліктік мөлшерінің құрамында белоктың үлесі жасына лайық болуы тиіс: 1-3 жаста - 55 г, 4-6 жаста - 72 г, 7-9 жаста - 89 г, 10-15 жаста -100-106 г.Балалар бақшасында тамақтану әрбір 3-3,5 сағаттан кейін, ал мектеп жасындағыларда 3,5-4 сағатта, жас өспірімдерде тәулігіне 4 рет болады. Тәулік төртібі мен тамақтану үлесі балалардың жасына байланысты.Балардың азығында көкөніс, сүт, айран үнемі болуы керек, өйткені оларда витаминдер мен минерал түздары жеткілікті шамада болады. Белокты тағамдарды балаларға түске дейін берген жән, себебі ол жүйке жүйесінің қызметіне өте қажет. Ал кешкілікте ол өте аз молшерде болуы тиіс, өйткені баланың үйықтауына бөгет жасайды. Ұйықтар алдында 1,5-2 сағаттай бұрын сүт, жеміс сияқты жеңіл тамақты ғана берген дұрыс.Тамақ әртүрлі, дәмді дайыңдалса, асхана таза болса, баланың зауқы ашылып, жақсы тамақтануына себеп болады. Қазақстан Республикасы тағамдану академиясының қызметкерлері балалар үшін емдік маңызы бар ғылыми зерттеліп, негізделген тағам түрлерін ұсынды. Олардың біразы сәбилерге арналған сүттен ашытьшып жасалатын "Балбөбек", "Балдырған," "Жігер" сияқты құрамы иммуңдық қасиетке бай және ана сүтіне өте жақын нәресте тағамдары.

Бақылау сұрақтар?

1.Тоқ ішектің қабыну аурулары.

2.Тітіркендірілген тоқ ішектің синдромы.

3.Тік ішектің обыры (раг)

4.Ас қорыту жолының аурулары.

5.Тік ішектің алдыңғы резекциясы.

6.Ішектің өткізгіштік қасиеттерінің бұзылуы.

7.Асқазан және он екі елі ішек аурулары.

8.Ас қорыту жолының соңғы бөлімі.

9.Бауыр, ұйқы безі және өт қуығы.

10.Асқазан мен ащы ішек.

11.Ауыз. жұтқыншақ және өңеш.

12.Ас қорыту үрдісі. Тағамның ыдырауы.

13.Ас қорыту жүйесінің ағзалары.


Лекция № 8

Тақырыбы: Қанның жас ерекшеліктері. Қан айналу органдары.

Жоспары:

1.Организмнің ішкі ортасы - қан, тканаралық сұйықтық, лимфа.Қан жүйесі, қанның жасалуы,оның тасымалдық функциялары.Қан ұюы. Қан топтары.Қан құю.

2.Қан аздық және оның балалар мен жасөспірімдердегі болдырмаудың жолдары.Қанды тексеру- денсаулықтың бірден – бір басты диагностикалық көрсеткіш.

3.Жүректің құрылысы мен қасиеттері.Жүрек етінің қасиеті. Жүрек қызметінің циклдері.Қан айналудың жалпы сызбанұсқасы. Туа болатын жүрек аққаулары.Қан және лимфа тамырлары.Әр түрлі жастағы жүрек жиырылуының жиілігі.Пульс және оның сипаты. Жүректің минуттық және систолалық көлемінің жасқа сай өзгерістері.Гипотония және гипертония.

4.Жүрек тамыр жүйесі. Оның жұмысының реттелуі және жас ерекшеліктері. Жүрек тамыр жүйесінің дене еңбегі шамасына реакциясының жас ерекшеліктері. Балалармен жас өспірімдердің статикалық жұмысы кезіндегі гемодинамикалық көрсеткіштерінің өзгерісі. Жүрек пен тамыр ауруларының профилактикасы.

Лекция мақсаты: Қан және қан тамырлары, жүректің құрылысы мен танысу.

Лекция мәтіні;

1.Қан - жүйесінің маңызы мен мөлшері және қан өндіру. Адам организмінің тіршілігі денеге қуат беретін қоректік заттарды қабылдап, оларды қорыту арқылы сақталады. Тамақ құрамындағы қоректік заттар организмде қорытылып, оттегінің қатысуымен болатын тотығу барысында энергия бөледі. Қоректік заттардың осы өзгерістерінің нәтижесінде адамның денесінде зат алмасудан пайда болған организмге қажетті заттармен қоса, қажетсіз, тіпті денені уландыратын заттар да пайда болады. Айталық, зат алмасуының нәтижесінде денеде аммиак, мочевина, фенол, индол, кетондар улы заттар пайда болады.

Сонымен, адамның өмірі клеткаларға аса қажетті қоректік заттар мен оттегіне және организмдегі зат алмасудан пайда болатын қажетсіз улы заттардың шығуына байланысты. Мүның бәрін тасымалдау қызметін денедегі қ а н атқарады. Қан күллі денені аралап, оның ұлпаларындағы клеткалардағы заттың алмасуына қажетті химиялық заттарды екеліп, қажетсіз заттарын әкетеді. Мұнымен қоса, қан дененің түрақты температурасын сақтауға қатысады, организмнің иммундық қасиеттерін қамтамасыз етеді және мүшелердің қызметін гуморальдық реттеуге қатысады. Ерте заманда адамдар қаңцы "тіршілік өзені" деп бекер атамаған. Яғни қан және өмір бір-бірінен айырылмай, қосарланып жүреді: қан бар жерде өмір бар, қан болмаса тіршілік тоқталады. Қанның маңызды қызметтерінің іске асып орындалуы, оның ерекше қүрылысы мен қасиеттеріне байланысты.

Адамның денесіндегі қан — организмнің сұйық негізгі ішкі ортасы. Қанның жалпы мөлшері ересек адамда 4,5-6 л шамасында, яғни дененің жалпы салмағының 6-8 %. Жаңа туған нәрестеде ол 10-20 %, 1 жаста 9-13%, 5-7 жаста 7-8 % болады. Организмдегі барлық қанның 50% қан деполарында қор болып сақталады. Ондай мүшелерге бауыр, көк бауыр, өкпе және тері жатады. Бұл мүшелердегі қан қоры адам жараланып, қансырағанда қан айналымына шығып, тіршілікті сақтап қалады, ал денедегі қанның 50-60% жоғалса, адам өліп қалады.

Қан өндіру ұрықтық кезеңде басталады. Бұл кезде қан сары денеде, бауырда, көк бауырда және сүйектің кемігінде өндіріледі. Ұрықтың мүшелері кезектесіп, яғни бірінің қан өндіру қызметі төмендегенде екіншісінің қызметі басталады да, қанның үнемі өндірілуін қамтамасыз етеді. Қан ұрықтың 2-3 апталық кезеңіңде сары денеде алғаш өндіріле бастайды. Сары дене семіп, азайып, кішірейе бастағанда, қан өндіру қызметі бауырға ауысады.

Б а у ы р ұрықтың 3-4 апталық өмірінде пайда бола бастайды. Жаңа туған сәбидің бауыры оның құрсақ қуысының 2/3 бөлігін алып жатады. Туғаннан кейін алғашқы айлардан бастап бауырдың аумағы кішірейеді де, 3-4 жаста бауырдың аумағы ересек адамдікіндей болады. Жаңа туған сәбидің бауырының салмағы жалпы денесінің 4,33 %-ына тең болса, ересек адамда ол 2,85 %-ға тең. 8-10 айда бауырдың салмағы 2 есе, 2-3 жаста 3 есе артады.

Бауырдың атқаратын қызметі өте көп. Ол барлық зат алмасуға қатысады, қорғаныс және усыздандыру қызметтерін атқарады. Ұрықтық кезде бауырдың қан өндіретін мүше ретіндегі маңызы күшті болады. Ұрықтың 5 апталық өмірінде ол қан өндірісінің орталығына айналады, ал бала туарда бауырдың бұл қызметі тоқталады. Дегенмен бала туғаннан кейін қан өндіру мүшелерінің қызметі әлсіз болғанда бауырдың қан өндіру қызметі жалғасады.

Ұрықтың 14 апталық өмірінде көк бауырда қан өндіру басталады. Ұрықтың көк бауырында қан клеткаларының бәрі де өндіріледі. Жаңа туған сәбидің көк бауырының салмағы баланың денесінің жалпы салмағы мен ұзындығына байланысты болады. Баланың денесі өсе келе, көк бауырының салмағы да артады. 5 айда оның салмағы жаңа туған кезіндегі салмағынан 2 есе, 1 жаста 3 есе, 10 жаста 10 есе артады.

Сүйектің қызыл кемігі ұрықтық мерзімнің 4-ші айында қызмет ете бастайды да 6-шы айдан бастап ол қан өндірудің орталығына айналады. Бала туар кезде барлық сүйектердің кемігі сүйек "майына" толы болады. Ол негізінен қан клеткаларынан түрады. Тек 3-4 жастан бастап қан клеткаларының арасында май клеткалары пайда бола бастайды да, 7 жаста майлы сүйек кемігі жілік сүйектерінің бастарында ғана қалады. 15 жаста барлық жіліктер майға толады деуге болады. Қызыл кеміктің маймен ығыстырылуы сүйектерде біркелкі емес. Алдымен кәрі жілік пен асықты жілікте, кейіннен тоқпан жілік пен ортан жіліктегі қызыл кемік маймен ығыстырылады. Сүйектің қызыл кемігіңдегі қан ендіру қызметі 3 жаста, 7, 10 жөне 13 жаста маңызды орын алады.

Лимфа түйіндері үрықтық кезеңнің 2-ші айында қан тамырлары жолының бойында пайда бола бастайды да, кейбіреулері бала туғаннан кейін түзіледі.4-8 жас арасында лимфа түйіндерінің ретикуло-эңдотелиалдық жүйелері күшті дамып, 8-12 жас аралығында лимфа түйіні мүше ретінде толық жетіледі.Лимфа түйіндерінің құрылысы баланың денесінің барлық жерінде біркелкі емес, олардың құрылысы тұрған орнына байланысты: терең орналасқан лимфа түйіндерінен горі тері астындағы лимфа түйіндерінде трабекулалар кобірек болады: Дененің тұла бойындағы және аяқ-қолдардағы түйіндердің милы қабаты күштірек дамиды, ал кеуде қуысы мен құрсақтағы түйіндердің милы заттары көбірек болады. "Лимфа түйіндерінің аумағы баланың жасы ұлғая келе өседі Лимфа түйіндері тікелей қан өндіру қызметінен басқа қорғаныс, сүзгіш, фагоцитарлық және лимфа сүйықтығының қозғалысын реттеу қызметтерін де атқарады.

Қан өндіру мүшелері қанды кан клеткаларымен қамтамасыз етеді және бірінің қан өндіру қызметі бұзылса, басқа мүшелер оның орнын басады. Қан өндіру мүшелерінің бері құрамындағы фагоцитарлық қасиеті бар ерекше клеткалардың көмегімен қанды бактериялардан, елі клеткалардан тазартады.Ұрықтың алғашқы апталарында сары денеде түзілген қан клеткаларында пигмент болмайды, кейіннен ғана гемоглобині бар эритроциттер түзіледі. Сары денеде лейкоциттер өндірілмейді. Бауырда ядролы және ядросыз эритроциттер, лейкоциттер мен тромбоциттер өндіріледі. Лимфа түйіндері мен көкбауырда эритроциттер, дәнді лейкоциттер, сүйек кемігінде эритроциттер мен тромбоциттер өндіріледі.Қан өндіру мүшелерінің қызметі жүйке жөне гуморальдық жолдармен реттеледі.Балалардың қан өндіру қабілеті сыртқы және ішкі орталардың жағдайларына байланысты болады. Тамақ, оның құрамыңдағы витаминдердің мөлшері, ауру, дене шынығу қалпы, сыртқы ортаның экологиялық жағдайларының қан өндіру қызметіне әсері күшті.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет