Биология кафедрасы



бет4/17
Дата13.06.2016
өлшемі1.59 Mb.
#133662
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17

Ми сыңарларының қызметі


Сол жақ жарты шар

Оң жақ жарты шар

Сөйлеу, түсіну, ойлау, тану, уақытты аңғару, ұқсастықты, байқау, көріністі белгілеу, болжау, түсіну, қабылда ғанды талдау, білу, бағдар лау, оқиғалардың кезекті тәртібін аңғару, тұжырым-тәртібін аңғару, тұжырымлердің алыс-жақындығын жоспарлау, ойлау


Есту, сөзсіз іс-қимыл, кеңістікті қабылдау, заттарды тұтас түрінде қабылдау, заттардың айырмашылығын білу, олардың функциялық ұқсастығын байқау, нәрсе байқау, дәл осы сәттегі оқиғаны сезу

Ми қыртысындағы қозуды әрекет потенциалы ретінде жазып алуға болады. Оны жазып алатын аспапты э л е к троэнцефалограф дейді, ал жазылып алынған биопотенциалдың қисық сызығын электроэнцефалограмма (ЭЭГ) деп атайды. ЭЭГ-ны жазып алу үшін бастың зерттелетін түрлі нүктелеріне электродтарды орналастырып, ми қыртысының анықталатын белгілі бір бөлігінің кескінін келтіреді. ЭЭГ ми кыртысындағы нейрондардың электр белсенділігінің қосындысы.

ЭЭГ-ның негізгі бес түрлі ырғағын бөледі: альфа, бета, гамма, дельта және тета ырғақтары.

Альфа ырғағы - тыныштық ырғақ, жиілігі секундына 8-13 рет. Бұл ырғақ адам жатқанда, тыныш отырғанда (көзін жүмып) байқалады. Ол ми қыртысының желке және төбе тұстарынан жақсы жазылып алынады.

Бета ырғагы - әрекет ырғағы, жиілігі секундына 14-30 рет. Бүл ырғақ адам ой ойлағанда (мысалы, есеп шығарғанда) ми қыртысының маңдай және төбе бөлімдерінен жақсы жазылады.

Гамма ырғағы - қатты қозу кезінде (мысалы, қуаныш, реніш, қатты ойланғанда) пайда болатын ең жиі ырғақ (орта есеппен 40 гЦ).

Дельта ырғагы - ең баяу, ұйықтағанда пайда болады, жиілігі орта шамамен 25 гЦ.

Тета ырғағы - жиілігі секундына 4-8 рет шала ұйқыда жатқанда жазылатын потенциал ырғағы (5 гЦ)

Аталған негізгі ырғақтардан басқа адамның түрлі еңбектері кезінде байқалатын басқа да ырғақтар болуы мүмкін.



Ми сыңарларынын дамуы. Бір жастағы баланың ми сыңарларының маңдай бөлімі нашар дамыған, оның сайлары мен қатпарлары ұсақ, таяз, қысқа болады. Олардың ми сыңарларының нейрондар саны ересектермен бірдей болғанымен, пішіндері қалыптаспаған, 14 түрлі болып дифференцияланбаған. Тек қана 1-ші жылдың аяғында 6-7 қабаттағы нейрондар қалыптаса бастайды. Ми қыртыстарының қызметі нашар, қыртыс асты бөлімін бақылауы төмен дәрежеде, жұлынға ықпалы аз болғандықтан баланың ретсіз қимылдары көп болады.

Ми қыртысының қызметінің толық жетілуі оның ЭЭГ-сыңда айқын көрінеді. Баланың сергек кезіндегі ЭЭГ-сын тек 2-3 айдан кейін ғана жазып алуға болады. Оның өзі -баяу (2-5 гЦ), тұрақсыз ырғақ. Тек 3 айдан кейін ырғақ тұрақталады, бірақ жиілігі 5 гЦ-тен аспайды. Бұл болашақ альфа ырғағының қалыптаса бастаған кезі. Яғни 2 жасқа дейінгі баланың ЭЭГ-ның жиілігі ұйқыда жатқан ересек адамның ырғағындай болады. 2-3 жастың арасында ми жарты шарларының құрылысы мен қызметі жетіле бастайды: ми қыртысы жұлынды толығынан бақылауына алады. Сондықтан бала кеңістікте қозғала алады: жүреді, секіреді, жүгіреді. Ми қыртысының нервтік байланыстары көбейеді, 2-ші сигнал жүйесі күшті дамып, 3 жастағы баланың мыңға жуық сөз қоры жиналады. Бүл кезде баланың көңіл күйі еркін реттелмеген. Айталық, ол ренжігенде эмоциясы күшейеді, қонақта жүргенде жылай береді. ЭЭГ-сында жиілігі 6-9 гЦ альфа ырғағы қалыптасады.

4-6 жас арасыңда баланың сезім және қимыл-қозғалыс аймақтары қалыптасады, ал байланыс және қозғалыс аймақтарының дамуы ересек адамның 80% шамасында. Функциялық жетілуі төмендеу болғандықтан жүйке орталықтарының тежелуі - нашар, қозуы - тез, жайылады (иррадиацияланады): бала тез қозады, әсіресе, ойнағанда; жаман ұйықтайды; ұйықтап жатқанда мазасызданады т.с.с, өзінің көңіл күйіне ие бола алмайды: оның ішкі сезімін көзінен көруге болады. Баланың ЭЭГ-сында жиілігі 8-10 гЦ ересек адамның альфа ырғағы байқалады. Бірақ бұл ырғақ тұрақты емес, арасында 4-7 гЦ жиіліктегі биоток кездеседі.

7-13 жаста ми қыртысының үшінші қабатындағы пирамида тәрізді клеткалары қалыптаспаған, байланыс бөлімінің нейрондары миеленденіп болмаған. Сондықтан ойлау қабілеті, санасы толық жетілмейді. Ойлау қабілеті өлі де болса нақтылы тітіркендіргішке байланысты. Нақтылы жағдайда, нақтылы затқа сәйкес болып келеді. Осы жастардағы баланың сергек кезіндегі ЭЭГ-сында жиілігі 5 гЦ 25 %-дай тета ырғағы байқалады. Оның қозу мен тежелуді жинақтау қабілеті төмен болады, қозуы тежелуден басымырақ болып, оңай тез жойылады. Сондықтан бұл мезгілде баланың белсенді зейіні 7-8 жаста 15-20 минут, 8-10 жаста 20-25 минуттей ғана. Бастауыш сынып оқушылары тез қозады, үзіліс кезінде, түрлі ойындардан кейін тез қозып, ұзаққа дейін тыныштала алмайды. Қозу мен тежелуі әлсіз болғандықтан 45 минут бойы сабақта қозғалмай отыру балалар үшін жүйке жүйесінің көп қызметін қажет етеді. Сондықтан сабақ кезінде мезгіл-мезгіл балалардың еңбегін түрін ауыстырып, тежелуді болдырмауға тырысқан дұрыс.

Жалпы, 7-13 жас арасы баланың ми қыртыс қызметінің бірсыпыра жоғарылаған мерзімі. Бұл кезде ол көңіл-күйін, қимыл-қозғалысын толық бақылауына алады. Сондықтан баланың көзіне қарап, көңіл-күйін білу қиындайды, баланың қимылдары жылдам, ақыл-ойы, ойлау қабілеттері болады. Ойлау қабілеті тікелей сөз әсеріне байланысты дамиды.

13-18 жас арасында ми қыртысының үшінші қабаты толық қалыптасып үлгереді. Дегенмен байланыс бөлімінің миелинденуі әлі аяқталмайды, қыртыстағы нейрондардың серпімділігі әлі де болса төмен, қозу тежелуден басымырақ келеді. Сергек кезіндегі ЭЭГ-сында 10%-дай тета ырғақтары болады. 13-16 жас арасында маңдай бөлімінің дамуы аяқталып, ЭЭГ-сы ересек адамдар дікіндей. Баланың белсенді зейіні 30-40 минуттай. 17-18 жаста ми қыртысының құрылымдық дамуы аяқталады, бірақ қызметінің дамуы одан әрі қарай жалғасады. Көпшілік ғалымдардың мәліметіне қарағанда, ми қыртысының қызметінің дамуы 50-60 жасқа дейін байқалады.



Шеткі жүйке жүйесі. Ш е т к і жүйке жүйесі ми мен жұлыннан шығып бүкіл мүшелерге, олардың ұлпаларына, клеткаларына тараған нерв клеткалары мен нерв талшықтарынан тұрады. Шеткі жүйке жүйесі с о м а т и к а л ы қ (сома — дене; анималдық деп те атайды) және вегетативтік (ішкімүшелердінервтендіретін) жүйке жүйелеріне бөлінеді.

Соматикалык жүйке жүйесі организмнің сыртқы мүшелерін және сырт тұлғасын нервтендіреді. Вегетативтік жүйке жүйесі симпатикалық және п а р а с и м патикалық жүйке жүйелерінен түрады. Бүл екеуінің қызметі бір-біріне қарама-қарсы: егер сипатикалық жүйке жүйесі мүшенің қызметін күшейтсе, парасимпатикалық жүйке жүйесі оның қызметін, керісінше, төмендетеді. Сөйтіп антагонистік әсер етуі арқылы мүшелердің қызметін қалпына тез келтіріп, организмнің функциялық түрақтылығын сақтайды.

Соматикалық жүйке жүйесі қозғаушы және сезгіш нерв талшықтарынан тұрады. Олар қаңқа еттерін нервтендіреді және бүкіл организмді сезгіш талшықтармен қамтамасыз етеді. Соматикалық жүйке жүйесінің нерв орталықтары жұлынның барлық сегменттерінде, мидың барлық бөлімдерінде орналасқан. Тек аралық мида ғана соматикалық нерв жүйесінің орталықтары болмайды. Жұлынның алдыңғы мүйіздерінің қозғалтқыш клеткаларының аксондары немесе ми нервтерінің қозғаушы ядроларының клеткалары оның қозғаушы талшықтарын құрайды. Бұлар орталық нерв жүйесінен шығып, қаңқа еттерін нервтендіреді.



Вегетативтік жүйке жүйесі қозғаушы және нейросекреторлық нерв талшықтарынан тұрады. Олар жүректің етін, ішкі мүшелерді және қан тамырларын нервтендіреді. Вегетативтік жүйке жүйесінің орталықтары ми бағанасында, жұлынның көкірек, бел және сегізкөз бөлімдерінде орналасады. Олардың талшықтары ядролардан шыққаннан кейін, нерв импульстерін шеткі вегетативтік түйіндерде орналасқан шеткі жүйке жүйесінің нейрондарына өткізеді. Нерв импульстерін қабылдаған екінші нейронның талшықтары жүмысшы мүшелерге жетеді. Яғни вегетативтік жүйке жүйесінен өтетін нерв импульстері 2 бөлімнен түрады: біріншісі - орталық нерв жүйесінде орналасқан нейроннан шеткі нерв жүйесінің түйіндеріне дейінгі преганглионарлық бөлім; екіншісі - шеткі түйіннен жұмысшы мүшеге дейін 2-ші нейрон арқьшы нерв импульстерін өткізетін п о с т г а н глионарлық бөлім.

Ол симпатикалық және парасимпатикалық жүйке жүйелерінен тұрады. Симпатикалық жүйке жүйесі орталық және шеткі (перифериялық) бөлімдерден тұрады. Оның нерв орталықтары жүлынның І-көкірек омыртқасымен Ш-бел омыртқасының арасында орналасқан. Жұлындағы нерв клеткаларының аксондары алдыңғы түйіндердің орталықтары арқылы өтіп, жұлын нервтерімен ұштасады. Олардың преганглиялық талшықтары симпатикалық шекара бағанасына ауысады. Симпатикалық жүйке жүйесінің перифериялық бөлімі симпатикалық шекара бағанасы мен түйіндерінен, нервтер мен нерв өнімдерінен тұрады. Симпатикалық шекара бағанасы жұбымен орналасқан түйіндер мен түйін аралық байланыстардан құрылады. Оның түйіндері симпатикалық жүйке жүйесінің екінші нейрондарының жиналған жері. Ол нейрондардың талшықтарын постганлиялық талшық деп атайды. Олар тегіс еттерді, бездерді нервтендіреді.

Симпатикалық шекара бағанасы мойын, көкірек, бел жөне сегізкөз бөліктеріне бөлінеді. Мойын бөлігі 3 түйіннен тұрады: жоғарғы, ортаңғы және төменгі. Оның ең ірі жоғарғы түйінінен ми сауытының ішіне мидың қан тамырлары мен көздің қарашығын қозғайтын еттерді нервтеңдіретін күре тамыр нерві кетеді. Мойын болігінің түйіндерінің үшеуінен де жүрек нервтері тарайды (жоғарғы, томенгі, ортаңғы жүрек нервтері).

Көкірек бөлігі 10-12 түйіннен тұрады. Бұл бөліктің нерв талшықтары көкірек қуысындағы барлық мүшелерге тарайды, мүнда үлкен және кіші қүрсақ нервтері басталады. Олар диафрагмадан құрсақ қуысына өтеді.

Бел белігі 3-5 түйіннен тұрады. Олардың нерв талшықтары құрсақ қуысындағы мүшелер мен қан тамырларына тарайды.

Сегізкөз бөлігі 4-5 түйіннен тұрады. Соңғы, сыңар түйіңде оң және сол жақ симпатикалық шекара бағаналары қозғайтын еттерді нервтеңдіретін күре тамыр нерві кетеді. Мойын бөлігінің түйіндерінің үшеуінен де жүрек нервтері тарайды (жоғарғы, томенгі, ортаңғы жүрек нервтері). қосылады. Бұл бөліктің талшықтары жамбас қуысының мүшелері мен қан тамырларына тарайды.

Симпатикалық жүйке жүйесінің 2-ші нейрондары симпатикалық шекара бағанасынан басқа қүрсақ бағанасы мен шажырқай артериясының жоғарғы жағыңда орналасқан түйіндерде орналасқан.

Парасимпатикалық бөлімнің де орталық және перифериялық (шеткі) бөліктері бар. Орталық бөлігінің ядролары ми бағанасы мен жұлында орналасқан. Ми бағанасында 4 парасимпатикалық ядро бар: ортаңғы мидағы Якубович ядросы көздің қарашығын тарылтатын еттерді нервтендіреді; көпірде орналасқан жоғарғы сілекей шығару ядросы тіл асты жөне жақ асты сілекей бездері мен көз жасының безін нервтендіреді; сопақша мида орналасқан төменгі сілекей шығару ядросы шықшыт сілекей безін нервтендіреді, ал дорсальды ядро мойынды, көкірек пен құрсақ қуыстарының мүшелерін нервтендіреді. Жұлынның сегізкөз бөлігінде орналасқан ядролар тоқ ішек пен жамбас қуысындағы мүшелерді қамтамасыз етеді.

Вегетативтік жүйке жүйесінің барлық бөлімдері аралық мида орналасқан жоғары дәрежелі вегетативтік нерв орталығына бағынады. Мұнда торлы қүрылымнан, мишықтан, қыртыс асты құрылымдар мен үлкен ми сыңарларынан нерв импульстері келеді.

Вегетативтік жүйке жүйесі тірлікке маңызды жүйе болғандықтан ерте дамиды. Дегенмен бала туғанда симпатикалық жене парасимпатикалық бөлімдерінің қызметтері әлі теңеспеген әрі симпатикалық жүйке жүйесі басымырақ болғандықтан баланың жүрегінің соғуы жиі болады. Даму барысында вегетативтік жүйке жүйесіне жоғары дәрежелі нерв орталықтарының әсері күшейіп, ішкі мүшелердің қызметі дұрыс реттеледі.

4.Нерв жүйесіндегі қозу мен тежелу. Орталық тежелу. Жалпы алғанда, жүйке жүйесінің қызметі екі нерв қызметіне - нейрондағы қозу мен тежелуге негізделген. Қозу мен тежелу екеуі де нейрондардың белсенді қызмет қабылдайды. Тек қозу кезіңде ғана нейрондардың қызметі пайда болады, ал бұрын жасап жатқан қызметі күшейеді. Тежелу кезінде, керісінше, нейронның қозуы төмендеп, сосын мүлде тоқтап қалады да оның қызметі өшеді.Қозу мен тежелудің пайда болуы нейрондарда жүріп жататын зат алмасуының өзгеруіне байланысты. Екеуінде де энергия жұмсалып, нейронның биоэлектрлік қасиеттері өзгереді. Қазіргі кезде қозу мен тежелудің барлық жағы жақсы зерттелгені Дегенмен балалардың жүйке жүйесінің ерекшеліктерін түсіну үшін, қозу мен тежелудің пайда болуына байланысты организмнің қызметі басталып немесе күшейіп және нашарлап, не тоқталатынын білсек жеткілікті.

И. М. Сеченов орталық жүйке жүйесіндегі тежелуді зерттей келе, оның 2 түрлі болатынын тапқан: пресинапстық және постсинапстық тежелу.

Пресинапстық тежелудің негізі XIX ғасырдың 70-80 жылдары ашылды. Сондықтан оның механизмі өлі де зерттелуде.Қозу импульстерін өткізетін аксонның тармағына басқа нейронның аксонының арнайы тежегіш синапстық ұшы келеді де, нерв импульстерін жібермейтін медиатор бөледі.

Постсинапстық тежелу орталық жүйке жүйесінде арнайы тежегіш нейрондардың болуына байланысты. Тежегіш нейрондардың синапстық ұшындағы тежеуші медиатордың әсеріне байланысты постсинапстық мембранада әрекет потенциалының пайда болуына кедергі жасалады да, тежелу туады. Әрбір нерв клеткаларында көптеген қоздырушы және тежеуші синапстар болады. Олардың бір-бірімен байланысынан нейронда не қозу, не тежелу байқалады.

Бұларға қоса, тежелгіш құрылымның болуын талап етпейтін нейрондардың ерекше тежелуі де болады. Ондай тежелу қоздырушы синапсқа өте көп нерв импульстары келгенде туады. Мұндай импульстар организмге шектен тыс тітіркендіргіштер әсер еткенде байқалады.

Аталған негізгі ырғақтардан басқа адамның түрлі еңбектері кезінде байқалатын басқа да ырғақтар болуы мүмкін.



Орталық жүйке жүйесіндегі нерв орталықтарынын қызметтері:

Орталық жүйке жүйесі синапстар арқылы бір - бірімен байланысқан нерв клеткаларының жинағынан құралған. Дегенмен мұндай нейрондар жинағынан белгілі


бір мүшелердің қызметін реттеуге бейімделген нейрондар тобын байқауға болады. Ондай нейрондар тобын н е р в орталықтары деп атайды. Яғни белгілі бір қызметті бірігіп орындауға қатысатын нейрондар тобын нерв орталықтары дейді.Нерв орталықтары - функциялық ұғым. Әрбір нерв орталығында белгілі бір қызметті орындауға қатысатын негізгі нейрондарға қоса, соларға көмекші болатын нейрондар да бар. Сонымен қатар, ми сыңарларының қыртысында негізгі нейрондардың қызметін бақылайтын, реттейтін әрбір нерв орталықтарының өкілдері болады. Олар нерв орталығындағы негізгі нейрондардың қызметін қазіргі, яғни тітіркендіргіш әсер етіп тұрған мезгілдегі жағдайға байланыстырып, қисынын келтіреді. Дегенмен нерв орталықтары туралы әңгіме болғанда сол орталықтардағы негізгі нейрондар тобының қызметі жайында сөз болады. Мысалы, тыныс орталығын айтқанда сопақша мида орналасқан тыныс алуды реттейтін негізгі нейрондар тобы жайында әңгімеленеді. Бірақ негізінде тыныс алу сопақша мидың қатысуымен ғана емес, вароли көпіріндегі пневмотаксис орталығы, жұлынның қозғаушы нейрондары және еркін тыныс алу қимылдарын реттейтін ми қыртысының қатысуымен іске асады.

Нерв орталықтарының бірнеше қасиеттері бар: нерв орталықтары өзінің қызметін жағдайға байланысты өзгерте алады. Қажет болғанда ол өзінің бұрынғы қызметін өзгертіп, жаңа қызметті атқаруға бейімделеді. Мұндай бейімделу ми қыртысының компенсаторлық тетігіне байланысты. Мұнымен қатар, орталық жүйке жүйесінің синапстарына сәйкес нерв орталықтарында қозу тек бір ырғақта ғана қозғалады, қозу тежеледі, нерв импульстері сублимацияланады (лат. сублимация - кері ажырату), олардың қозғалу жылдамдығы төмендеп, ырғағы өзгереді және әсер іздері байқалады, нерв орталығы шаршайды, мүшелердің қызметі үйлесімдіріледі.



Орталық жүйке жүйесіндегі организмнін қыметінің үйлестірілуі (координациялануы). Адам организміндегі қаңдай да болмасын әрекеттер жүйке жүйесінің қызметіне байланысты және соған қатысатын нерв орталықтарының, ондағы нейрондардың қызмет қабілетінің жағдайына байланысты. Барлық мүшелер мен мүшелер жүйелерінің қызметтері организмде бір-бірімен үйлестіріліп отырады, үйлесімді орындалып өзара кедергі жасамайды. Былайша айтқанда, организм ішкі және сыртқы орталардың әсерлеріне біртүтас құрылым ретінде жауап береді. Көптеген мүшелердің қызметтерін біріктіріп, байланыстырып, сыртқы ортаның әсерлеріне бейімделуін орталық жүйке жүйесінде организмнің қызметін үйлестіру немесе кординациялауы (лат. координация - үйлесімділік, келісімділік) дейді. Орталық жүйке жүйесінің рефлекторлы реакцияларды үйлестіруі қозу мен тежелудің бір-бірімен байланысына және олардың қасиеттеріне негізделген иррадиация, индукция, доминанта, концентрациялау және конвергенцияның қатысуымен іске асады.

Орталық жүйке жүйесіндегі бір нерв орталығында пайда болған қозу мен тежелудің көрші орталықтарына жойылуын, таралуын иррадиациялан (лат. Иррадиацая таралу, жайылу) дейді. Қозу мен тежелудің жайылуы нерв талшықтарының миелин қабығының қалыңдығына тәуелді. Жаңа туған нәрестенің нерв талшықтарының миелині өте жұқа, кейбір нерв талшықтарында мүлде болмайды. Сондықтан оларда қозу мен тежелу өте тез және оңай тарайды. Сонымен бірге, баланың рефлекторлы реакциясын реттеуге ми қыртысынан гөрі қыртыс асты құрылымдар көбірек қатысады және балалардың нерв ұлпаларының қозғыштығы ересек адамға қарағанда күштірек әрі нерв орталығының миелинденуі 5-10 жасқа дейін созылады. Нервтегі қозу мен тежелудің таралуы тітіркендіргіштің күшіне де байланысты. Неғұрлым тітіркендіргіш ұзақ әсер етсе және неғүрлым күшті болса, соғұрлым олардың нерв орталықтарында жайылуы көбірек. Қозу мен тежелудің жайылуы кішкентай балаларда күштірек. Мысалы, қызық ойыншық көргенде баланың ауызы ашылып қалады, қуанып секіре бастайды, мәз болып күледі, яғни бірнеше орталықтардың қызметі пайда болады.

Нерв орталықтарыңда қозу тежелуге және керісінше, тежелу қозуға жылдам ауысады. Сонымен қатар, бір нерв орталығының қозуына байланысты екінші бір нерв орталығының қозуы тежеледі және керісінше, бір нерв орталығы тежелгенде екіншісінің қозуы күшейеді. Мұны қозу мен тежелудің индукциясы (лат. индукция -орнату, кіргізу) дейді. Егер нерв орталығында қозу тежелуге ауысса - теріс индукция, ал тежеду қозуға ауысса - оң индукция.

Орталық жүйке жүйесіндегі қозу мен тежелудің иңдукциясы олардың жайылуы тәрізді нерв талшықтарының миелин қабығының қалындығына байланысты болады. Сондықтан бала неғұрлым жас болса, қозу мен тежелудің индукциясы соғұрлым нашар болады. Мысалы:кішкентай бала ауырғанда күндіз-түні тынымсыз әбден шаршағанша жылай береді. Ересек адамда қозу мен тежелудің индукциясы күшті болады.

Бірнеше нерв ортальгғындағы қозу мен тежелу бір орталыққа жинақталады. Мұны қозу мен тежелудің ж и нақталуы дейді. Жинақталу таралуға қарама-қарсы құбылыс. Балаларда ол нашар болады.

Нерв орталықтарының қызмет атқаруының негізгі қасиеттерінің біріне доминанта жатады. Оның негізін ең алғаш А. А. Ухтомский ұсынған. Оның қозу мен тежелудің доминантасы( лат. Доминанта - басым) туралы ілімі бойынша жүйке жүйесінің қызметінде бір нерв орталығының қозуы басқаларының қозуын өзіне тарту арқылы белгілі бір сәтте басымырақ болады да, басқа орталықтарының қызметін өзіне бағындырады. Мұндай жағдайда басқа нерв орталықтарын қоздыратын тітіркендіргіштер доминантты (басымды) орталықтың қозуын күшейте түседі. Мысалы, "2" алып, жылап отырған баланы жолдастары жұбатса, оның жылауы үдей түседі. Себебі бүл сәтте баланың орталық жүйке жүйесінде басым нерв орталығы басқа орталықтардың қозуын өзіне тартып, қоза түседі. Бір мүшесі қатты ауырып отырған адамның ауырмайтын сау мүшесіне қол тиіп кетсе, оның ауру мүшесі одан сайын қатты ауырады. Бұл да басымдылыққа мысал бола алады. Балаларда басымдылық оңай және жеңіл пайда болады. Сондықтан да балалардың зейіні тұрақсыз: жаңа тітіркендіргіштер оның миында басқа орталықтың басымдылығын тудырады. Педагогикада кездесетін балалардың белсенді зейінін ми сыңарларында басым орталық және шетте индукциялы тежелудің пайда болуымен түсіндіріледі. Балаларда белсенді зейіннің ұзақтығы жасына қарай әртүрлі. Кішкентай балаларда белсенді зейін нашар қалыптасады: тек 7 жасқа таман ол ұзара бастайды, 7 жасар балада - 15 мин, 10 жаста - 20 мин, 12 жаста 25 минутке созылады, 13-15 жас арасында жарты сағаттай, 16 жаста 40 минутей, ересек адамда 1 сағатқа жуық. Еске алар жай: егер бала ұзақ уақыт жүмыстың бір ғана түрімен шүғылданса, оның басым орталығы шаршап, белсенді зейіні төмендейді. Мұндай жағдайда басым нерв орталығы 3 кезеңді өткізеді:



  1. басымды орталықтың маңайыңда индукциялық тежелу пайда болып, бала мазасызданады;

  2. басым орталықтың қозуы төмендейді де, шартты нервтік байланыстардың пайда болуы баяулайды. Бала сабақты түсінбейді, есіңде сақтамайды;

3) басым нерв орталығында шектен тыс тежелу пайда болады, белсенді зейін жойылады, бала мүлде сабақ тындамайды, тіпті мұғалімнің айтқанын естімейді.

Сондықтан мұғалімдер балалардың сабаққа зейініне көңіл бөлуі шарт. Егер олар тыңдамай бара жатса, онда еңбектің түрін ауыстыра қою керек. Мысалы, сабақ түсіндіруді тоқтатып, методикалық картамен жұмыс істету сияқты әдістерді пайдалануы керек.

Нервтік орталық байланыстың молдылығынан бір нерв клеткасына жүйке жүйесінің бірнеше жерінен нерв импульстері келуі мүмкін. Әртүрлі талшықтар арқылы келген қозулардың ұшырасуын конвергенция (лат. конвергенс -түйісу) деп атайды. Айталық, дыбыс, көру, тері рецепторларынан келген қозулар бір нейронда түйісуі мүмкін. Жалпы алғанда балалардың жасына қарай ұшырайтын үйлесімділіктің кейбір кемшіліктері жасы ұлғайған сайын бәсеңдеп, 18-20 жаста толық жойылады да, үйлестіру қабілеті толық қалыптасады.

Нерв жүйесінің қызметінің негізі - рефлекс. Р е ф л е к с деп сыртқы ортаның тітіркендіргіштерінің әсеріне нерв жүйесінің қатысуымен организмнің берген жауабын айтады. Рефлекстің пайда болуына қажетті уақытты р е ф л е к с уақыты немесе рефлекстің латентті кезеңі деп атайды. Жүйке жүйесінің рефлекстік қызметіне байланысты организм сыртқы және ішкі ортаның әсерлеріне тез жауап береді. Барлық рефлекстер дененің бір жеріне - р е ф л е к с а ймағына- тітіркендіргіш әсер еткенде пайда болады. Рефлекс аймағында тітіркендіргіштің әсерін сезетін сезгіш рецепторлар орналасады. Рефлекстің болмысына байланысты рефлекстер қорғаныс, ас қорыту, тамақтану, зәр шығару, жыныс, тыныс, жүрек-қан тамырлар рефлекстері т.б. болып бөлінеді.

Қозудың орталық жүйке жүйесі арқылы өтетін жолына байланысты жұлын, қыртыс, мишық, сопақша ми, таламустық, гипоталамустық болып бөлінеді.

И. П. Павлов барлық рефлекстерді ш а р т т ы және ш а р т с ы з рефлекстер деп бөлінеді.



Рефлекторлы доға онын бөлімдері. Рефлекс кезінде қозудың жүретін жолын рефлекторлы доға деп атайды. Қатысатын нейрондардың санына қарай рефлекторлы доға қос нейронды, үш нейронды және көп нейронды болып бөлінеді. Рефлекторлы доға бірнеше бөлімнен тұрады:

1.Сезгіш бөлім. Мұнда орналасқан сезгіш рецепторлар тітіркендіргіштің әсерін қабылдауынан қозу пайда болады.

2. Афференттік жол рецепторларда пайда болған қозуды орталық жүйке жүйесіне тасиды.

3.Нерв орталығы. Орталық жүйке жүйесінде орналасқан, белгілі бір қызмет атқаруға бейімделген нейрондар тобы орталыққа келген қозуды талдап орталық жүйке жүйесінің жауабын тудырады.



4.Эфференттік жол орталық жүйке жүйесінде пайда болған жауап қозуды эффекторға (жұмысшы мүшеге) әкеледі.

5.Эффектор орталықтан келген қозуға байланысты қызмет атқарады.

Эффектордың рецепторлық қүрылымы. Жұмысшы мүше қызмет атқарғанда ол мүшенің биохимиялық және электрлік өзгерістері пайда болады. Осы өзгерістерді мүшеде орналасқан сезгіш рецепторлар қабылдап, мүшенің жағдайына байланысты оларда қозу пайда болады.

Эффектордың эфференттік жолы. Эффектордың рецепторында пайда болған қозуды сол мүшенің эфференттік нерв талшығы қайтадан орталық жүйке жүйесіне, оның нерв орталығына жеткізеді. Мұндағы нерв орталығы келген қозуды талдап, жұмысшы мүшенің қызметін тоқтатып немесе қажеттігіне қарай жалғастыратын жауап қозу пайда болады.

Рефлекс пайда болу үшін рефлекторлы доғаның барлық бөлімдері қызмет атқаруы тиіс, яғни рефлекторлы доға бүтін болуы керек. Егер оның бөлімдерінің бірі қызмет атқармаса, рефлекс пайда болмайды. Рефлекторлы доғаның қозу жүретін жолдарын екіге бөлуге болады: тура және кері байланыс жолдары. Рефлекторлы доғадағы сезім мүшесінде, яғни оның қабылдаушы аймағында пайда болған қозу орталық жүйке жүйесіне барып, одан жауап қозу жұмысшы мүшеге келетін жолды рефлекторлы доғаның т у р а б а й ланыс жолы дейді. Ал жұмысшы мүшенің сезгіш рецепторларында пайда болған қозудың қайтадан орталық жүйке жүйесіне баратын жолын кері байланыс ж о л ы деп атайды. Рефлекторлы доғаның тура байланысы арқылы орталық жүйке жүйесі эффектордың қызметін басқарады, ал кері байланыс арқылы эффектордың жағдайы туралы мәлімет алып тұрады. Рефлекторлы доғада бір нейроннан екінші нейронға қозу синапс арқылы ауысады. Орталық жүйке жүйесінде синапстар өте көп. Орталық жүйке жүйесіндегі синапстар арқылы қозудың жүруі ерекше болады.

Орталық жүйке жүйесінде қозу бір бағытта ғана жүреді: пресинапстық бөлімнен тек қана постсинапстық бөлімге қарай. Себебі пресинапстық бөлімнің мембранасы медиатордың әсерін қабылдамайды, сезбейді. Оны тек қана постсинапстық мембрана сезеді де қозу тудырады; қозудың ырғағы мен күші өзгереді (трансформацияланады). Себебі пресинапстық бөлімге келген қозудың ырғағы постсинапстағы пайда болған қозудың ырғағынан өзгеше және оның күші мен ұзақтығы да басқаша. Ал клеткалық мембранада қозудың ырғағы үшінші түрлі болады;

медиатор синапс аралығына бірінен соң бірі құйылғандықтан оның концентрациясы көбейіп, постсинапстық мембрананың бір ғана қозуын тудырады, яғни синапста қозу жинақталады; синапстан қозу сөл кешігіп өтеді, себебі медиатор синапс аралығында диффузды жайылып, постсинапстық мембранаға өсер еткенше 0,5 секундтай уақыт қажет; синапста қозу әрекет соңынан да туады. Себебі синапсқа әрекет потенциалының келуі тоқталғанымен клеткалық мембранада ол жинақталып қозуды күшейтеді;

синапс арқылы қозу қайта-қайта, бірінен соң бірі өткенде медиатор азайып қалады да, шаршау пайда болады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет