Биология кафедрасы


Жоғары жүйке әрекеті және оның жасқа сай ерекшеліктері



бет5/17
Дата13.06.2016
өлшемі1.59 Mb.
#133662
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17

Жоғары жүйке әрекеті және оның жасқа сай ерекшеліктері.

Жоғары жүйке әрекетіне ми сыңарлары мен оның қыртысының қызметі жатады. Жоғары жүйке әрекеті адам организмінің сыртқы ортамен қарым-қатынасының тиімді қалыптасуын зерттейді. Жоғары дәрежедегі қызметтер: ес, сана, ойлау, көңіл-күйі, ұйқы, түс көру, гипноз ми сыңарлары мен олардың қыртысының негізгі қызметі болып есептеледді

Мұғалімдері жоғары жүйке әрекетін жете түсіну арқылы балалардың мінез-құлықтарын біліп, оқыту, үйрету, тәрбиелеу жүмыстарын жөнге келтіріп, жан-жақты білімді, дұрыс дамыған жастарды тәрбелей алады.

Адамның мінез-құлқы мен мидың арасындағы байланысты ең алғаш Платон, Гиппократ секілді алдыңғы қатарлы ғалымдар болжап айтқан болатын. Ал ғылыми негізде жазылған еңбек, ол орыстың ұлы ғалымы физиолог И. М. Сеченовтың "Ми рефлекстері" (1863) атты кітабы. Осы еңбегінде ол психикалық әрекеттердің рефлекторлы табиғатын алғаш рет дәлелдеген. Еш әрекет өзінен-өзі пайда болмайды, тітіркендіргіштің әсерінен туады. Қобалжу, сезім, адамның ойы белгілі бір жауапты тудырады, мұның барлығы да бұлшық еттердің қызметімен аяқталады. Ғалым мидың қызметі рефлекторлы түрде іске асады, - деп түсіндіреді

И. М. Сеченовтың бұл ілімін И. П. Павлов шартты рефлекстер тұрғысынан дәлелдеген және дамытқан. Ол жоғары жүйке әрекетін шартты рефлекстерді тудыру арқылы зерттеп, адам мен жануарлардың психологиясының заңдылықтарын алғаш рет түсіндірген. Шартты рефлекстердің пайда болуы ми қыртысының нервтік байланыс іздерінің қалыптасып, нығайып, күшеюіне негізделгендігі туралы ғалымның ілімі жоғары жүйке әрекеті туралы көзқарастың қалыптасуында маңызды орын алды. Уақытпен шындалған бұл ілімнің маңызы осы кезге дейін төмендеген жоқ, қайта көптеген ғалымдардың зерттеуі арқылы кеңейіп, шындалып отыр. Жаңа зерттеу әдістері пайда болысымен-ақ психикалық әрекеттердің шартты рефлекторлы механизмдері одан да тереңірек зерттеліп жатыр. Ол зерттеулер мидың жоғары дәрежедегі қызметіне жаңа көзқарастардың пайда болуына себеп болып отыр.

Балалардың шартты рефлекстері манызы және олардың шартсыз рефлекстерден айырмашылығы. И. П. Павлов барлық рефлекстерді екі топқа шартты жөне шартсыз рефлекстер деп белгені айтылған. Шартсыз рефлекстер алғашқы кезде организмнің тірлігін сақтау үшін қажет. Балалардың шартсыз рефлекстерін туысыменен тексеру арқылы олардың жүйке жүйесінің дамуын анықтайды. Шартсыз рефлекстер туа пайда болып, өздерінің орындалуы үшін ешқандай қосымша жағдайларды қажет етпейді: тітіркендіргіш әсер етісімен шартсыз жауап пайда болады. Олар тұқым қуалайды, сондықтан организмнің әр түріне тән өздерінің шартсыз рефлекстері болады. Бұл рефлекстердің рефлекторлы доғасы жүйке жүйесінің төменгі дәрежедегі жұлын, сопақша ми секілді бөлімдері арқылы қалыптасады да, ми сыңарларының қыртыстары қатыспай-ақ іске аса береді. Шартсыз рефлекстер негізінен ұрықтық кезеңде де, бала туғаннан кейін де қалыптаса береді. Айталық, қорғаныс рефлекстері туғаннан-ақ болады, ал жыныс рефлекстері жыныстық жетілу мерзімінде пайда болады. Олардың рефлекторлы доғасы өзгермейді.

Шартты рефлекстер тұқым қуаламайды, тек өмір тәжірибесінің негізінде, сыртқы ортамен байланыстың арқасында пайда болып отырады. Әркімнің өзінің тұрмыс жағдайына қарай әртүрлі шартты рефлекстері болады. Олардың рефлекторлы доғасы ми сыңарларының қыртысыңда қалыптасады. Сондықтан ми сыңарларының қыртысы болмаса, шартты рефлекстердің кейбіреуі пайда болғанымен, олардың тіршілікке маңызы онша емес. Ал ми қыртыстары бар жануарлардың ми қыртыстары бұзылса немесе сылып алып тасталса (тәжірибенің мақсатына қарай), шартты рефлекстер пайда болмайды, бұрын пайда болған шартты рефлекстері жойылады. Шартты рефлекстер пайда болған сыртқы ортаның жағдайы өзгергенде ол рефлекстер жойылады да, жаңа жағдайда жаңа рефлекстер туады, яғни олар түрақты емес, өзгеріп отырады. Бұған қоса, қандай да болмасын шартты рефлекс пайда болуы үшін сыртқы ортаның қосымша бір тұрақты белгілі жағдайлары болуы қажет.

Шартты рефлекстер организмді сыртқы ортаның өзгермелі жағдайларына бейімдейді. Балалардың шартты рефлекстерін бақылау арқылы олардың миының даму дәрежесін, ақыл-ойының дамуын бақылауға болады. Барлық балаларда шамамен бір мезгілде пайда болатын шартты рефлекстерді (түрақты шартты рефлекстерді) бақылай отырып, бала дәрігерлері оның жоғары жүйке әрекетінің дамуын біледі.



Шартты рефлекстердің пайда болуына қажетті жағдайлар.

Барлық шартты рефлекстердің қалыптасуы үшін сыртқы ортаның қосымша белгілі бір жағдайларын тудыру керек:

- әсер етуші шартты және шартсыз тітіркендіргіштердің болуы;

- шартты тітіркендіргіштердің әсері шартсыз тітіркендіргіштің әсерінен сәл бұрынырақ басталып (15-20 сек), олар біраз уақыт бірге әсер етуі тиіс;

- тітіркендіргіштердің тұрақты ретпен әсер етуі; аталған жағдайлардың ұзақ уақыт көп қайталануы; шартты тітіркендіргіштің шартсыз тітіркендіргіштен әлсіздеу болуы;

-жүйке жүйесінің маңызды бөлімі — ми қыртысының қызмет қабілетінің дұрыс қалыпта болуы.

Шартты рефлексті тудыру тәжірибесінде сыртқы ортаның белгілі бір жағдайын шартты тітіркендіргіш ретінде пайдалана береді. Ол шартсыз тітіркендіргіш организм үшін маңызды әсер болуы керек. Ол шартты тітіркеңдіргіштің әсерін бекітетін болғандықтан көбінесе тамақты немесе ауру сезімін тудыратын әсерді пайдаланады. Балаларда шартты рефлекстерді тудыру үшін 3 жасқа дейін шартты әсер ретінде баланың ұнататын тамағын немесе ойыншықты қолданады, Мысалы, баланы жүргізіп үйреткенде шақырушы кісі кәмпитті (егер бұрын кәмпит жеп жүрген бала болса) немесе жаңа ойыншықты көрсетіп шақырады да бала тәй-тәй басып келсе, кәмпитті ойыншықты бере қояды. Кейіннен кәмпитті алуға ұмтылған бала аяғын тезірек басуға мәжбүр болады (кәмпит ұстаған адам бала алға басқан сайын шегініп, ара қашықтығын ұзартады), сөйтіп баланың жүруін тездетеді.

Бала өсе келе оның екінші сигнал жүйесі дамыған сайын, шартты тітіркендіргіш ретінде сөздің әері пайдаланылады. Сөз әсеріне шартты рефлексті тудыру үшін 3 жасқа дейінгі балаларда негізінен үш жағдайды алғаш кезде сақтау керек. Сонда бала тез, уақытында сөйлеп үйренеді:



  1. Үйретіліп отырған сөздің мағынасына байланысты бейненің болуы және алғаш кезде оның тұрақты болуы. Мысалы, "әке" деген сөзді үйрету үшін "әке" деп айтып отырып, әкесін көрсету керек.

  2. Сөзді айтушының болу керек жене алғаш кезде ол да тұрақты бір кісі, айталық, шешесі болуы тиіс. Сөзді айтушы болмаса, бала сөйлеп үйренбейді. Мысалы, сақау адамдардың баласы сөйлеу қабілеті бола тұра, сөйлеп үйренбеуі мүмкін.

3. Бала сөздің мағынасына байланысты затты дұрыс көріп тұруы керек, яғни баланың денесі кеңістікте дұрыс орын алуы қажет.

Мұндай үш жағдайдың маңызы алғашқы 3 жасқа дейін ғана. Кейіннен баланың сөз қоры көбейе келе, олардың маңызы төмендеп, біртіндеп жойылады. 3 жастан кейін сөзді айтушы бейненің тұрақты болуы шарт емес, мысалы, кішкентай баланы бөтен адам сөйлетсе, ол тұрып қалады, болмаса жылап жібереді. Бара келе ол тәрбиешінің, теледидардың, магнитофонның, мұғалімдердің айтуымен, оқып үйрене келе, кітаптардағы түсіндірме сөздер арқылы да жаңа сөздерді үйрене алады.



Шартты рефлекстердін түрлері. Шартты рефлекстер рецепторлардың тітіркенуіне және пайда болатын қызметіне байланысты, қозу мен тежелуге және олардың кезеңдеріне, пайда болу механизміне байланысты көптеген түрлерге бөлінеді.

Тітіркенетін рецепторларына сәйкес экстерорецепті, проприорецепті және интерорецепті шартты рефлекстер болады.

Экстерорецепті шартты рефлекстер шартты тітіркеңдіргіштер сыртқы сезім мүшелеріне әсер еткенде пайда болады: көзге, құлаққа, иіс мүшесіне, дәм сезу мүшесіне, тері рецепторларына.

Проприорецепті шартты рефлекстер қаңқаның бұлшық еттерін тітіркендіргенде, яғни оның проприорецепторларына әсер еткенде пайда болады. Бүл топтағы рефлекстерге адамның басы қозғалғаңда тепе-тендік (вестибулярлық) аппаратты тітіркендіру арқылы пайда болған тендік сақтау рефлекстері де кіреді.

Интерорецепті шартты рефлекстер ішкі мүшелерді тітіркендіргенде олардың рецепторларына әсер ету арқылы пайда болады. Бұл топқа қанға түрлі химиялық заттарды жібергенде туатын автоматты шартты рефлекстер де жатады. Ондай жағдайда химиялық заттар интерорецепторларды (ішкі рецепторларды) тітіркендіріп жүйке жүйесіне тікелей әсер етеді.

Туатын қызметтің түріне байланысты шартты рефлекстерді екіге бөледі: қимыл-қозғалыс және вегетативтік шартты рефлекстер. Вегетативтік шартты рефлекстердің өзін секреторлық, жүрек-қан тамырлық, тыныс алу, ас қорыту рефлекстері, ішкі секрециялық бездердің қызметін өзгертетін, зат алмасуын және иммунитетті өзгертетін рефлекстер деп бөледі.

Рефлексті тудыратын қозу мен тежелудің кезеңдеріне қарай шартты рефлекстерді оң және теріс немесе жағымды жене жағымсыз рефлекстер деп атайды.

Шартты тітіркендіргіштің әсерін күшейту үшін шартсыз тітіркендіргішті пайдаланғанда миды қоздыратын рефлекстерді шартты о ң немесе ж а ғ ы м д ы рефлекс дейді. Ал нығайтушы тітіркендіргіш, керісінше, мидың қозуын тежесе шартты т е р і с немесе ж а ғ ы м с ы з рефлекс деп атайды. Шартты оң рефлекстер кезінде мүшелердің қызметі пайда болады немесе бұрынғы қызметі одан әрі күшейеді. Шартты теріс рефлекстерде мүшелердің қызметі нашарлайды, тіпті тоқтап та қалады.

Шартты рефлекстер шартты тітіркендіргіш болмаған жағдайда да пайда бола береді. Ондайда шартсыз тітіркендіргіш белгілі бір мерзім сайын әсер етеді. Мұны у а қ ы т қ а деген шартты рефлекс деп атайды. Бүл жағдайда уақыт шартты тітіркендіргіштің ролін атқарады. Мысалы, мезгіл-мезгіл жүректің соғуының өзгеруі немесе тыныстың тарылуы, немесе тамақ қабылдау кей кезде таңның атуы мен күннің батуы шартты тітіркендіргіш есебінде әсер етеді.

Шартты рефлекс шартсыз тітіркендіргішсіз, бұрын шартты тітіркендіргіш ретінде пайдаланып, ұзақ мерзім шартсыз тітіркендіргішпен нығайтылған шартты әсерді пайдалану арқылы да пайда болады. Оны е к і н ш і д ә режелі рефлекс дейді. Бұрын шартты тітіркендіргіш ретінде пайдаланылған әсерлерді шартсыз тітіркендіргіштің орнына жұмсау арқылы үшінші, төртінші шартты рефлекстерді тудыруға болады.

Шартты рефлекс топты тітіркендіргіштерге де туады. Мүндайда бейтарапты тітіркендіргіштер бірінен соң бірі әсер етіп, оның ең соңғысы шартсыз тітіркендіргіш пен бекітіледі. Ондай рефлекстерді комплексті шартты рефлекстер дейді. Бұлардың пайда болуы жеке тітіркендіргіштерге туған рефлекстер тәрізді.

Уақытша нервтік байланыс. Шартты тітіркендіргіш әсер еткенде ми қыртысының тітіркендіргішке сәйкес орталығында қозу ошағы пайда болады Мысалы, көзге әсер етсе – көру орталығы, дыбыс әсер етсе - есту орталығы. Шартсыз тітіркендіргіштің әсерінен оған сәйкес орталықта (мысалы, тамақ - шартсыз тітіркендіргіш, ал орталық - ас қорыту жүйесі) екінші бір қозу ошағы пайда болады. Организм үшін маңызды әсерді шартсыз тітіркендіргіш ретінде алғандықтан екінші орталықтағы қозу біріншіге қарағанда анағұрлым күштірек болады. Сондықтан бірінші қозу ошағындағы нерв импульстері екінші орталыққа тартылады да, екеуінің арасында байланыс пайда болады. Шартсыз тітіркендіргіш неғұрлым күшті болса, соғұрлым екінші орталықтың қозуы күшті болып, шартты рефлекс тез туады. Жағдай қайталанған сайын екі нерв орталығының арасындағы байланыс нығайып, күшейеді де шартты тітіркендіргіштің әсеріне шартты рефлекс пайда болады. Шартты рефлекс күшейген сайын ми қыртысында қозудың жайылуы нашарлап, шоғырлануы күшейеді. Шартты рефлекстердің пайда болуының негізі — ми қыртысындағы нерв орталықтарының арасында у а қ ы т ш а нервтік байланыстың пайда болуы. Мысалы: Лимонды көргенде ми қыртысының көру аймағында қозу пайда болады, лимонның дәмі ауыз қуысының рецепторларын тітіркендіреді де, сопақша мидың сілекей шығару орталығында және ми қыртысының ас қорыту орталығында қозу пайда болады, ми қыртысындағы екі қозу ошақтарының арасында уақытша нервтік байланыс туады.

Қазіргі электрофизиологиялық зерттеулердің арқасында И. П. Павлов түсіндіргендей уақытша нервтік байланыс тек қана ми қыртысында түйықталып қоймайды, қыртыс асты құрылымдарда да пайда болады. Жарыққа немесе дыбысқа деген шартты қорғаныс немесе ас қорытуға әсер етіп, оның ең соңғысы шартсыз тітіркендіргішпен бекітіледі. Ондай рефлекстерді комплексті шартты рефлекстер дейді. Бұлардың пайда болуы жеке тітіркендіргіштерге туған рефлекстер тәрізді.

Жануарлардың ми сыңарларының қыртысының жаңа (неокортекс) бөлімін сылып алып тастаса, қарапайым шартты рефлекстер пайда бола береді, бірақ ондай рефлекстер өте тұрақсыз, тым тез жойылады. И. С. Бериташвилидің болжамы бойынша ми қыртысы жоқ жануарларда шартты рефлекстің пайда болуы ескі және көне ми жарты шарларының қыртысына байланысты. Жануардың сөл бөлімдерін алып тастаса, ешқандай шартты рефлекс пайда болмайды.

Сонымен шартты рефлекстің пайда болуы тек қана ми қыртысында ғана емес қыртыс асты құрылымдарының да қатысуымен болады. Дегенмен шешуші орын эволюциялық сатыдағы ең жас бөлім - ми қыртысының қызметіне байланысты.



Бақылау сұрақтары

1.Жүйке жүйесінің басты қызметтері қаңдай?

2.Орталық жүйке жүйесінің қандай бөлімдері бар және олардың даму ерекшеліктері қаңдай?

3.Жұлынның өткізгіш және рефлекстік қызметтері қандай?

4.Сопақша мидың қызметі мен жас ерекшеліктері қандай?

5.Ортаңғы мидың қызметі мен жас ерекшеліктері қаңдай?

6.Мишықтың қызметі мен оның мидың басқа бөлімдерімен арақатынасын айтыңыз және оның жас ерекшеліктері қандай болады?

7.Аралық мидың құрылысы мен қызметінің жас ерекшеліктерін талдаңыз.

8.Алдыңғы мидың негізгі қызметтерінің даму ерекшеліктері қандай?

9.Тітіркендіргіштер қандай болады?

10.Қозу, тежелу, синапс дегендер не? Синапстың қандай түрлері бар.

11.Нерв клеткасы - нейронның құрылысы қаңдай?

12.Рефлекторлы доғаның құрылысы мен қызметін айтыңыз. Тура және кері байланыс жолдары дегеніміз не?

13.Соматикалық жөне вегетативтік жүйке жүйелерінің жас ерекшеліктері туралы не айта аласыз?

14.Жүйке жүйесіндегі қозу мен тежелудің өзара қатынасы жөне индукцияның түрлері.

15.Орталық жүйке жүйесіндегі қозу мен тежелудің иррадиациясының, жинақталуының, үйлесуінің, басымдылығының баланың жүйке жүйесіндегі ерекшеліктері қандай болады?



Лекция №4

Тақырыбы:Анализаторлардың жас ерекшелік физиологиясы мен гигиенасы.

Жоспары:

1.Сыртқы ақпараты қабылдаудың жүйелі ұйымдасуы.Организмнің сенсорлық жүйесі Сенсорлық стимулдарының қарапайым белгілерін қабылдау,өмірдің алғашқы жылдарындағы сыртқы стимулдарды қабылдаудың күрделенуі.Ерте балалық шақта сенсорлық қабылдаудың ролі.

2.Көру анализаторлары.Көздің құрылысы мен оптикалық қасиеті.Аккомодация.Көру өткірлігі. Есту анализаторлары.

3.Құлақтың құрылысы мен акустикалық қасиеттері.Есту анлизаторының жас ерекшеліктері.Балалар мен жасөспірімдердегі есту қабілеттерін дамыту және оның бұзылына жол бермеу.



Лекция мақсаты: Талдағыштар туралы жалпы түсіндіру.

Лекция мәтіні:

1.Сыртқы және ішкі орталардың әсерлерін қабылдап, талдап, талқылайтын, олардың жағдайлары туралы сезім тудыратын мүшелер жүйесін талдағыштар немесе анализаторлар дейді.

(Организмде жеті түрлі талдағыштар бар: көру, есту, иіс, тері, қозғалыс, дәм жене висцеральды (лат. висцералис - ішкі мүшелерге қатысты), яғни ішкі мүшелерге байланысты жүйе.

Барлық талдағыштар 3 бөлімнен тұрады:



  1. сезгіш немесе перифериялық бөлім, шеткі немесе рецепторлық бөлім деп те атайды;

  2. өткізгіш бөлім, сезгіш нерв деп те аталады;

  3. орталық, немесе қыртыс бөлімі, яғни ми қыртысындағы сезім орталықтары, сезім аймақтары деп те аталады.

Рецепторлық бөлім сезім және ішкі мүшелерде орналасқан сезгіш рецепторлардан тұрады. Олар тітіркендіргіштің әсерін қабылдап, қозуға айналдырады (рефлекторлы доғаның сезгіш немесе перифериялық бөлімін есіңізге түсіріңіз).

Ө т к і з г і ш бөлім рецепторларда пайда болған қозуды сезім мүшелерінен шығып, ми қыртыстарына таситын сезгіш жүйкелерден тұрады.

Талдағыштардың қыртыс бөлімін ми сыңарларының қыртысында орналасқан сезім орталықтары құрады. Мысалы: Көру талдағышының сезгіш рецепторларына көз алмасында орналасқан таяқша және сауытша пішінді жарық қабылдағыш рецепторлар- фоторецепторлар жатады, ал өткізгіш бөлімі көру нервтерінен тұрады да, қыртыс бөліміне ми қыртыстарының желке тұсында орналасқан ми сыңарларының көру орталығы, яғни Бродманның 17,18,19 аймақтары жатады. Көру орталығында жоғары дәрежедегі талдау мен талқылау жасалады және заттың бейнесі туралы сезім пайда болады. Талдағыштардың рецепторлық бөлімінде ең алғашқы талдау - алғашқы саны мен сапалық қарапайым талдау жүргізіледі. Тітіркендіргіштің әсерінен рецепторларда қозу толқындары (қозу импульстері) пайда болады. Олардың жиілігі тітіркендіргіштің күшіне байланысты келеді.

Өткізгіш бөлімде шетте пайда болған қозуды өткізіп қана қоймай, аралық нервтерде алғашқы қарапайым талқылау жасалады. Айталық, көру төмпешігінің ассоциативтік ядроларында талқылағаннан кейін рецепторлардан келген біраз қозу импульстері қосылады. Талдағыштардың орталық немесе қыртыс бөлімінде тітіркендіргіштердің саны мен сапасына ғана қарап талдау жасалып қоймай, жоғары дәрежелі биологиялық маңызына қарай талдау мен талқылау жасалады. Бұл үшін жеке басының өмірден алған тәжірибесі қажет. Былайша айтқанда, шартты рефлекторлы талдау мен талқылауды қажет етеді.



Талдағыштардың ортақ қасиеттері. Талдағыштардың әрқайсысының жеке-жеке қасиеттері мен қызметтері болады. Сонымен қатар, олардың ортақ, бәріне бірдей қасиеттері де бар:

1.Талдағыштардың рецепторлары өзіне ғана тән тітіркендіргіштердің әсерін қабылдайды. Ондай тітіркендіргіштерді адекватты (лат. адекватус – төңгерілген, лайықты, сай келетін) тітіркендіргіш деп атайды. Талдағыштардың рецепторлары адекватты тітіркендіргіштерге өте сезімтал болады. Көру талдағышы үшін жарық сәулелері, есту талдағышына дыбыс толқындары, иіс талдағышына жеңіл химиялық заттардың иісі сай келеді. Дәм талдағышы еритін химиялық заттар адекватты тітіркендіргіштер.

2. Талдағыштардың рецепторлары тітіркендіргіштердің күші өзгергенде тітіркендіргіштің жаңа күшіне тез бейімделеді. Мысалы, жарық жерден қараңғы бөлмеге кіріп келгенде, алғашқы кезде ештеңе көрінбегенімен, біраздан кейін заттар көріне бастайды немесе, тұзды тамақ алғаш кезде ащы болып сезілгенімен, кейіннен ол сезім жойылады, астың тұзы дұрыс секілді болады. Ал содан кейін тұзы дұрыс асты жей бастаса, алғашында оның тұзы аз сияқты болып, кейіннен сезім қайтадан қалпына келеді. Осы сияқты, бөлмеге кіріп келгенде әтірдің иісі сезілгенімен, біраздан соң сезілмей кетеді. Бұл мысалдардың бәрі талдағыштардың рецепторлары тітіркендіргіштің күшіне тез бейімделетінін дәлелдейді.

3. Талдағыштар бір-бірімен байланысты қызмет атқарады. Соңдықтан бірінің қызметі күшейгенде, екіншісінің қызметі төмендейді және керісінше, біреуінің қызметі нашарлаған кезде екіншісінің қызметі күшейеді. Мысалы, бар зейінімен сабаққа дайындалып, кітап оқып отырған (айталық, көзімен, ішінен ғана оқып отырған) оқушы маңайындағы көлденең дыбыстарды


естігенімен мағынасын түсінбейді.

4. Бір талдағыштың қызметі бұзылғанда қалғандары оның қызметін жартылай болса да өзіне алады. Мысалы, соқыр адам жерге тиген таяқтың ұшының дыбысынан қай жерде келе жатқанын аңғарады немесе қолымен сипалап затты, дауысынан адамды таниды т.б. Мұндай жағдайда ауру талдағышпен сау талдағыштардың ми қыртысындағы нерв орталықтарының арасында тұрақты нервтік байланыстар (шартты рефлекстердің байланысы іспетті) пайда болады. Біздің мысалымызда соқыр кісінің көру орталығы мен дыбыс, иіс, тері сезімдері орталықтарының арасында жүйкелік байланыс пайда болады..

5. Талдағыштардың рецепторларының сезімталдығын жаттықтыру арқылы не күшейтіп, не төмендетуге болады. Мысалы, ұшқыштар тепе-теңдік (вестибулярлық аппаратын) мүшесін жаттықтыру арқылы оның сезімталдығын төмендеткендіктен ұшып келе жатқан ұшақтың ішінде еркін қозғалып ұзақ жүре алады. Ал жай жолаушы ұшып келе жатқан ұшақтың ішінде ұзақ уақыт түрегеліп жүрсе, жүрегі айнып, басы айналып, құсуы мүмкін. Я болмаса ғарышкерлер зымыранда ұзақ болған кезде өте күшті жылдамдыққа төзу үшін, тепе-тендік сақтау мүшесін ұзақ жаттықтырады. Сол сияқты, әткеншекті көп тепкен бала көлікте ұзақ жол жүре алады, яғни оның вестибулярлық аппараты жаттығып, өзінің сезімталдығын төмендеткендіктен шайқалысты қозғалуды сезу қабілеті төмендейді.

Талдағыштар әр түрлі қашықтықта орналасқан заттардың бейнесін қабылдауына байланысты оларды екі топқа бөледі: дистантты (лат. дистанция - қашықтық), яғни сезім мүшесінен белгілі бір қашықтықта орналасқан, заттардың әсерін сезу жөне контактты (лат. контактус - түйіскен, жанасқан), яғни сезім мүшесіне жанасқан затты сезетін талдағыштар.

Дистантты талдағыштарға көру, есту, иіс талдағыштары жатады, ал дәм, тері, висцеральдық, қозғалыс контактты талдағыштарға жатады. Дистантты талдағыштар қысқа мерзімнің ішінде әжептеуір қашықтықта орналасқан заттар туралы көп мәлімет бере алады. Бұл жағынан көру және есту талдағыштарының маңызы зор.

Нерв импульстері орталық жүйке жүйесінде белгілі бір тәртіппен бір бөлімнен екінші бөлімге өтеді. Олардың айырмашылығы техникадағы код жүйесі іспетті белгіленетін болғандықтан импульстер сол тәртіппен беріледі деп айтуға болады. Код - ақпаратты белгілі ережелер бойынша шартты түріне түрлендіріп аудару.

Қосақталған код арқылы, яғни әрбір нейронда серпініс дүркінінің болуы немесе жойылуы түрінде беріледі.

Тітіркенудің алғашқы коды әуелі қабылдағыш деңгейіңде жүзеге асырылады. Оларға тән физикалық жөне химиялық энергиялар түрлі жүйке серпінісіне айналады. Түрлендірілген хабарлар талдағыштар жүйесінің келесі деңгейіне жетіп, коды одан әрі өзгереді. Бұл бір ерекшелік, ал екінші ерекшелік — ол код түрлерінің жапсарластығы. Тағы бір ерекшелік - ол көптеген сезгіштік жүйелердің ақпаратына шудың көп араласуы, яғни мәлімет тасушы серпіністерге кедергісіз серпіністердің қосылуы.

Әр талдағышқа тән ұқсас сезімділіктің жиынтығын б і р р а й л ы (модальды) жиынтық дейміз. Бір райлықтың өзінің ішінде бірнеше сапалық қасиеттер болады. Бұл қасиетті сапалар мыналар: арнайылық, ықпалдылық, мерзімділік және ұзақтылық. Мысалы, дыбыс ақырын, қатты, сарт етіп, у-шу, жағымды, жағымсыз, алыс-жақын т. б. болады.

Тітіркендіргіштің бір түрінің өзінде көптеген физикалық, биологиялық сипаттары болады. Сол қасиеттерді қабылдайтын арнайы қабылдағыштар бар. Оларды 2 топқа бөлуге болады:

а) кезенді қабылдағыш мембрананың алғашқы және соңғы туған қимыл құбылысында өз ісін орындайды, қозады, бірақ біресе өшіп, біресе қозып тұрады;

б) ұдайлы қабылдағыш бүкіл тітіркену кезеңі кезінде қозып тұрады, мұнда үздіксіз қозу орын алады.

2.Көру талдағышының сезгіш бөлімі көз алмасында орналасқан. Оларға торлы қабықтағы таяқша және сауытша пішінді фоторецепторлар жатады. Өткізгіш бөліміне к ө р у жүйкесі жатады. Ол көз алмасынан шығьп, сопақша миға барып бағытын өзгертеді, содан соң оң көзден шыққан нерв сол жақ ми қыртысының желке тұсындағы көру аймағына, ал сол кезден шыққан көру нерві оң жақ ми қыртысьндағы көру аймағына қозуды тасиды. Көру талдағышының қыртыс бөліміне ми қыртысының желке тұсында орналасқан оң және сол жақ көру орталықтары жатады.

Көз өте сезімтал, нәзік және маңызды сезім мүшесі. Оның дүниетануда, оқуда, сыртқы ортамен байланыс жасауда маңызы зор.

Құрылысы бойынша көру талдағышының сезгіш бөлімін 3 топтағы мүшелерге бөлуге болады: көздің қосымша құрылымдары, жарық өткізгіш жөне жарық сындырғыш құрылымдары, жарық қабылдағыш құрылымдар.

Қ о с ы м ш а құрылымдарға қас, кірпік, кірпік еттері, көз жасының безі мен оның қапшығы, көз еттері жатады. Бұлардың әрқайсысы белгілі бір қызмет атқарады. Қас, кірпік, кірпік еттері нәзік көз алмасын сыртқы ортаның жағымсыз әсерлерінен (соққы, түрлі химиялық заттар, су, шаң-тозаң т.б.) қорғайды. Көз жасының безі мөлдір сұйық - көз жасын түзейді.Ол көз алмасын суландыру арқылы, көз алмасының қозғалысына байланысты туатын үйкелістен көзді тозудан сақтайды. Оны жуып-шайып, тазартып отырады жөне сыртқы ауадан келген микроорганизмдерді өлтіріп, олардың жағымсыз әсерінен қорғап қалады, яғни дезинфекциялық (фран. дез- - құрту)

Торлы қабықтың шетінде таяқша тәрізді рецепторлар көп болады. Сауытша клеткалар күндіз мол жарықта түсті сәулелерді сезеді де, таяқша клеткалар ымыртта жарық аз кезінде түссіз жарық толқындарын қабылдайды. Осыған байланысты сауытша тәрізді клеткаларды күндіз көру, таяқша тәрізді клеткаларды түнгі көру рецепторлары деп санайды. Жарық сәулелерінің әсерінен фоторецепторларда түрлі физикалық және химиялық өзгерістер туады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет