ГЛОССАРИЙ
Анатомия - организмнің ішкі және сыртқы құрылысын зерттейтін ғылым.
Аккомодация (көздің икемділігі) - көздің түрлі қашықтықтағы нәрселерді айқын көрінуге мүмкіндік беретін сәулелерді сындыру күшінің өзгеруін атайды.
Астигматизм- деп торлы қабықта нәрсе бейнесінің анық болмауын атайды.
Анализ - мида әркелкі сигналдарды айыру, бөлу, организмге тиетін әралуан әсерді ажырату.
Ассимиляция - жасушалар құрамына кіретін күрделі және арнайы заттардың жаңадан түзілуі (синтезделуі).
Анализаторлар (талдағыштар) - белгілі ақпаратты қабылдауға және тануға арнайы құрылған құрылымдардан тұратын жүйке жүйесінің күрделі (қабылдағыш, өткізгіш жолдары, орталықтар) бөлігі.
Акселерация -бала организмінің морфофункционалдық дамуының жылдамдауы.
Антропометрия - дене көрсеткіштерін өлшеуді атайды.
Аксон - жүйке жасушасының ұзын талшығы.
Афференттік (сезімтал) жүйке - қозуды орталыққа жеткізетін жүйке.
Бипорлярлы - қос тармақты нейрон .
Вегетативті жүйке жүйесі -ішкі ағза қызметін, заттар алмасуын, өрбу үрдістерін реттейді.
Гемостаз (грек. haemo-қан, stasis-тоқтау) деп қанның сұйық қалпын және эндотелтийдің бүтіндігін, тамырдағы қан ағысының сақталуын, сондай-ақ сыртына шықпауын не ағып тұрған қанның тоқтауын қамтамасыз ететін күрделі биохимиялық және биофизикалық үрдісін атайды.
Гемоглобин - құрамында темір бар белок тектес зат.
Гемолиз ( грек,. haima-қан, lysis-еру) - деп эритроциттің қабығы жарылып немесе еріп ішіндегі гемоглобиннің плазмаға шығуын атайды.
Гигиена (грек. hygieinos-дені сау) - денсаулықты сақтау жөніндегі ғылым.
Гормон - ішкі секреция бездері жасап шығаратын биологиялық белсенді заттар.
Гомеостаз - деп қан көлемі мен құрамының және физикалық, химиялық, биологиялық қасиеттерінің тұрақтылығы, тяғни барлық биологиялық константаларды (артериялық қан қысымы, дене температурасы) атайды.
Гиперметропия - көздің алыстан көргіштігі.
Дендрит - жүйкенің тармақталған қысқа өсіндісі.
Диастола - жүректің босаңсу кезеңі.
Диссимиляция - деп зат алмасуға қатысқан заттардың тотығуы арқылы қарапайым химиялық заттарға айналуы.-
Дистанциялық қабылдағыштар - бұл ақпаратты тітіркендіргіш көзінен әлдеқайда алыстан қабылдайды.
Иммунитет - деп иммунды жүйенің денеден бөгде заттарды шығарып тастау қасиетін айтады.
Инспирация - ол демалу.
Инстинк - тұқым қуалайтын әрбір жануарға тән, оның күйіне қарай немесе тап осы жағдайда жүзеге асырылатын, күрделі туа біткен мінез -құлығының жиынтығы.
Интерорецепторлар - ішкі ағзаларда, ұлпаларда, қан тамырларда орналасады, ішкі мүшелердегі өзгерістерді қабылдайды.
Карбогемоглобин - гемоглобин көмірқышқылымен байланысқан тұрақсыз қосылыс.
Контакты қабылдағыштар - бұл тітіркендіргішпен тікелей жанасқанда мәлімен алады.
Лейкоцит (leucocytus) - қанның ақ жасушасы.
Лейоцитоз - ден қанда лейкоцит санының көбеюі.
Лейкоцитопения - деп қанда лейкоцит санының азаюы.
Лимфоцит - анрнамалы иммунитет қалыптастырып, бүкіл ағзадағы иммунитет жайын қабылдайды.
Мектеп гигиенасы - өсіп келе жатқан ұрпақтың, балалардың, жасөспірімдердің денсаулығын қорғау, нығайту және дамыту жөніндегі ғылым.
Морфология (грек. morphe- форма) - деп адам және жануарлар денесінің құрылысы мен формасын зерттейтін ғылымды атайды.
Миопия - көздің жақыннан көргіштік кемістігі.
Медиатор - қозу үрдісін жеткізетін химиялық зат, жүйке бүршігінің везикулаларында болады.
Меланхолик (саудайы) - жұмсақ мінезді, әлсіз, өкпешіл, дегбірсіз, дәрменсіз, мұңды, жасқаншақ, жауапкершілікпен сескнгіш, дегенін орындата алмайтын, шалалық қасиетті болады.
Мультиполярлы -деп көп тармақты нейрондарды атайды.
Нутрициология - тамақтану туралы ғылым.
Нефрон - бұл бүйректің морфофункционалдық құрылымы, маьпиги шумақтары мен бүйрек түтікшелерінен тұрады.
Нейрон - деп жүйке жасушасын атайды.
Нейроглия - нейрондар аралығын толтыратын жасушаларды атайды.
Оксигемоглобин - гемоглобин өкпеде оттегімен байланысқан тұрақсыз қосылыс.
Өкпенің тіршілік сиымдылығы дегеніміз - терең дем алып, терең дем шығарған кезде сыртқы шығатын ауаның көлемі.қозу үрдісін жеткізетін химиялық зат, жүйке бүршігіндегі везикулаларда болады.
Панкреас - ол ұйқы безінің бөлетін асқорыту сөлі.
Проприорецептор - сіңірде, буын қабында орналасады.
Планцета ( лат. plancenta, грек. placus- бала орны) - әйел жүкті болған кезде түзіліп, ұрық пен ана организмінің көпқырлы байланысын қамтамасыз етеді.
Рефлекс (лат. reflecsus-тойтарыс беру)- деп орталық жүйке жүйесінің қатысуымен сыртқы және ішкі тітіркендіргішке беретін күрделі жауабы.
Сангвиник (ширақ) - мінезі жайдарлы, іскез, қызу қанды, пысық, көпшіл, елгезек, көңілшек адам.
Систола- жүректің жиырылу кезеңі.
Синтез - біріктіру, талдап, қорыту, ми қыртысының әртүрлі бөліктерінде туатын қозуларды бірлестіру.
Синапс - өзара жүйке жасушалары не жүйке мен шеттегі қызмет атқарушы жасушас түйіскен жерінде серпіністі өткізетін арнай ұласуды атайды.
Тромбоцит - екі жағы дөңес, дөңгелек не сопақша құрылымды қан пластинкасы.
Тыныс алу деп - ауадан оттегін сіңіріп, көмір қышқыл газын шығаруын қамтамасыз ететін өзара байланысты процестерді атайды.
тыныстың минуттық көлемі . бір минут ішінде окпе арқылы өтетін ауаның көлемі.
Темперамент - бұл ресми мінездің нейродинамикалық сипаты.
Униполярлы - бір тармақты нейрон.
Фагоцитоз (грек. phagien- жұту, қармалап алу, cytus-жасуша) - деп денеге түскен бөгде заттарды қармалап алып ферменттерімен қорыту.
Флегматик (салғырт) - сабырлы, байсалды, енжар, сылбыр мінезді, самарқау, салмақты, шабан қимылды келеді.
Физиология (грек. phisis-табиғат, logos-ілім) - тірі организм мен оның жеке жүйелері, ағзалары әрекетін, функциясын зерттейтін юиологиялық ғылым.
Фонокардиография - жүрек тондарын (дыбысын) жазып алу.
Холерик (ұстамсыз) - албырт, қызба, ашушаң, кейігіш, еліктегіш адам.
Электрокардиография - жүрек биотогін жазып алу.
Экспирация - ол дем шығару.
Экстерорецепторлар (грек. exterus-сыртқы) - дене сыртында, теріде, ауыз және көздің кілегей қабықтарында орналасқан, сырттан келіп түскен тітіркендіруші әсерлерді қабылдайды.
Этология - мінез-құлықты жете тексеретін, оның шығу тетіктерін зерттейтін ғылым.
Эритроцит (грек. erytros-қызыл, cytos-жасуша) - қанның қызыл түіршіктері.
Эритроцитоз - эритроцит санының қалыптан тыс басым болуы.
Эритроцитопения - эритроцит санының қанда аз болуы.
Эфференттік (қозғалтқыш) - қозуды орталықтан эффекторға жеткізетін жүйке.
Эндокриндік бездер (грек. endon-ішкі, crineo-бөлемін немес шығарамын) - сөлін шығаратын өзегі жоқ, без жасушалары қан, лимфа капиллярларымен торланған бездер.
Достарыңызбен бөлісу: |