Тақырыбы: Ішкі сөлініс (эндокриндік) бездердің физиологиясы



бет1/5
Дата21.09.2023
өлшемі36.24 Kb.
#478162
  1   2   3   4   5
Бсэ 20 1 Толеушова Ж Срсп


Қазақстан Республикасының ғылым және жоғарғы білім министрлігі
Ш.Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз Инновациялық Институты
СӨЖ
Тақырыбы: Ішкі сөлініс (эндокриндік) бездердің физиологиясы

Тобы: БСЭ 20-1


Орындаған: Төлеушова Ж.Т.
Қабылдаған: Даулетбекова А.Т.

Тараз 2023


Жоспары
Кіріспе
Негізгі бөлім

  1. Қарын асты (ұйқы) безі, оның физиологиясы. Лангерганс аралшықтары.

  2. Бүйрек үсті бездері

  3. Жыныс бездері

  4. Планцента

Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер


Кіріспе
Эндокриндік бездердің (гректің endon — ішкі, сrіnео — бөлемін немесе шығарамын) сөлін шығаратын өзегі жоқ, без жасушалары қан және лимфа капиллярларымен өте жиі торланған, сондықтан без өнімдері тікелей осы тамырларға өтеді.
Эндокринология ішкі сөлініс бездердің физиологиясы мен патологиясы ғылым ретінде XIX ғасырдың екінші жартысында қалыптасқан. Бұл бағыттағы ғылыми зерттеулердің негізін А.Бертольд салды. Ол еркек жануарлардың жыныс бездерін сылып алып тастағанда негізгі және қосымша жыныс белгілерінің өзгеріп, ал бұл безді қайтадан денесіне орнатқанда, оның жағдайы айтарлықтай жақсаратынын анықтады.Кейін, әсіресе осы ғасырдың 50-90 жылдары эндокриндік жүйенің физологиясы мен патологиясы бойынша көптеген тәжірибелік және клиникалық мағлұматтар жиналды. Оған қоса гормондардың химиялық табиғаты анықталып, әсер ету тетіктері ашылды.Кейбір зерттеушілер бұл бездердің организм қызметін реттеудегі орнын шектен тыс көтерген, тіпті оларды жеке автономды реттеуші жүйеге жатқызған. Эндокриндік бездер жүйесін орталық жүйке жүйесінен жоғары құрылым ретінде, ағзалар мен олардың жүйелерінің, соның ішінде орталық жүйке жүйесінің де негізгі реттеушісі ретінде қарастырған.[1]

Негізгі бөлім


1.Қарын асты (ұйқы) безі, оның физиологиялық безі. Лангерганс аралшықтары.
Қарынасты (ұйқы) безі аралас сөлініс безге жатады. Ол әрі ішкі, әрі сыртқы сөлініс қызмет атқарады. Сыртқы сөлініс қызметіне асқорыту сөлін өндіру қызметі жатады.
Ішкі сөлініс қызметін Лангерганс аралшықтары атқарады. Лангерганс аралшықтары ұйқы безінің негізінен «үш» жағында және аздап басқа бөлімдерінде орналасқан ерекше тін. Аралшық жасушалардың өзектері болмайды. Ең алғаш аралшықты морфологиялық жеке құрылым ретінде 1863 ж. Лангерганс ашты. Лангерганс аралшықтарында 2 түрлі жасушалар бар және (түйірлі жасуша). Олардың жалпы салмағы бездің 0,01%. Аралшық тіндерінің салмағы аз болғанымен организмнің тірлігіне өте қажетті. Оның гипоқызметі қантты диабет ауруын тудырады. «Диабет» деген сөз грекше «тесіп өтемін» деген мағынада. Осы сөз бұл аурудың дәл негізін көрсетеді. Шынында, қант жасушалық тіндік кедергінің бәрінен өтіп көп мөлшерде сыртқа шығады. Диабет ауруының клиникасы жақсы зерттелген. Бұл ауруда ең алдымен көмірсулар алмасуы бұзылады. Организм жасушалары көмірсуларды пайдаланбай, бауыр еттерде гликогеннің жасалу мөлшері төмендеп кетеді. Оның ыдырауы күшейеді. Соның нәтижесінде қандағы қанттың мөлшері көбейеді, гипергликемия пайда болады. Оның мөлшері қалыптағы 3,5-5,5 ммоль/л-ден 8-І2 ммоль/л, ал кейде одан да көп жоғары болуы мүмкін. Гипергликемияда қант несеппен сыртқа шығады, глюкозурия байқалады (қанттың несептегі мөлшері 3-5% көтеріледі). Несепте қанттың көбеюі бүйрек түтікшелерінде қаштың қанға кері (қайта) сіңіп үлгірмеуінен. Осмостық қысымның артуына байланысты тәуліктік несептің мөлшері көбейеді (8-10 литрге дейің), полиурия пайда болады. Организмнен судың көп шығуы шөлдеу сезімің яғни полидипсияны тудырады. Диабет ауруында майдың алмасуы да бұзылады. Бауырдағы гликогеннің азаюы деподағы май мен липоидтерді шығарып, олардың бауырға баруына әсерін тигізеді. Деподағы май бауырға қанмен тасылады, сондықтан қанда гиперлипемия пайда болады (1% орнына 5-10 кейде 20%-ға дейін). Бұл бауырдың майға айналуына әкеліп соғады. Осыған байланысты майдың кетонды ацетонды заттарға дейін күшті тотығуы (ацетон, -оксимай қышқылы, ацетосірке қышқылы) күшейеді. Қандағы кетондардың мөлшері артады. Кетонемия дамып, кейін ол кетонурияға айналады. Кетонемияда қандағы сілті-қышқыл қоры азаяды, ацидоз байқалады. Алғашында ол қалпына келуі мүмкін, бірақ кейіннен қанның рН-ы өзгереді. Сөйтіп, улану белгісі — диабеттік кома дамиды [5].




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет