Биология пәнінен жиынтық б


ТОҚСАНДЫҚ ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ ТАПСЫРМАЛАРЫ



бет20/27
Дата31.08.2023
өлшемі3.67 Mb.
#476367
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   27
9-сынып БЖБ, ТЖБ

ТОҚСАНДЫҚ ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ ТАПСЫРМАЛАРЫ


  1. Тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың мақсаты

Тоқсандық жиынтық бағалау оқу бағдарламасы мен оқу жоспарының мазмұнына сәйкес, оқушылардың тоқсан барысында меңгерген білім, білік және дағдыларды анықтауға бағытталған.


Тоқсандық жиынтық бағалау күтілетін нәтижелерді және оқу жоспарында жоспарланған оқу мақсаттарына жету деңгейін тексереді.





  1. Тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың мазмұнын анықтайтын құжаттар

Негізгі орта білім беру деңгейінің 7-9 сыныптарына арналған «Биология» пәнінен жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасы





  1. «Биология» пәні бойынша күтілетін нәтижелерБілу:




    • бастапқы биологиялық ұғымдарды;

    • заманауи өмірдегі жаратылыстану ғылымының мәнін;

    • негізгі биологиялық теориялар мен заңдардың мәнін;




    • атақты ғалымдардың жаратылыстану ғылымдарының қалыптасуы мен дамуына қосқан үлесін;







    • микробиология, молекулалық, жасушалық биология негіздерін;




    • өсімдіктер және жануарлар ағзаларының ішкі ортасы мен мүшелер жүйесінің компоненттерін;




    • өсімдіктердің және жануарлардың негізгі топтарын;

    • тірі ағзалардың адам және табиғи кешен үшін маңызын;

    • эволюциялық дамудың негізі мен заңдылықтарын;

    • сұрыптау әдістерін; биогеоценоздар мен агроценоздардың құрылымын;

    • тірі ағзаларға қоршаған орта факторларының әсерін;

    • адам іс-әрекетінің қоршаған ортаға әсерін біледі.



Түсіну:






  • жасушалардағы молекулалар және органоидтар деңгейінде жүретін процестерді;




  • өсімдік және жануарлар ағзаларының ішкі ортасы мен мүшелер жүйесінің функцияларын,




  • өсімдік пен жануарлардың негізгі топтарының жіктелу қағидаттарын;

  • метаболизм процестерін;

  • жаһандық және жергілікті экологиялық проблемаларды түсінеді.



Қолдану:






  • тәжірибелік-эксперименттік және зерттеу жұмыстарын қауiпсiз жүргізу әдістерін;




  • қолданбалы және оқу тапсырмаларын шешу, практикалық және зертханалық жұмыстарды орындау барысында биологияның заңдары мен формулаларын;







  • алынған білімдерін физикалық және химиялық құбылыстардың жүру жағдайларын және процестерді түсіндіруге;




  • ағзалардың әртүрлі топтарын сипаттаған кезде бинарлық номенклатураны қолданады.


Талдау:

  • ғылыми-жаратылыстану эксперименті нәтижесінде алынған деректерді;

  • графиктік және кестелік нысанда берілген ақпаратты;




  • адам ағзасының химиялық құрамын және оның дұрыс жұмыс істеуі үшін микроэлементтер мен макроэлементтердің маңызын;




  • биологиялық процестер мен құбылыстардың заңдылықтарын;

  • тірі ағзалардың мүшелер жүйесінің құрылысы мен функциясын;

  • трансгендік технологияларды қолдануға байланысты проблемаларды;

  • биогеоценоздағы заттар айналымының процестерін талдайды.



Жинақтау:



  • кесте, сызбанұсқа, хабарлама, баяндама, таныстырылым түрінде көрсету үшін жинақталған және өңделген деректерді, ақпараттарды;




  • гипотеза, дәлел және түсініктеме жасауға арналған ғылыми модельдерді және дәлелдемелерді;




  • эксперимент және зерттеулер жүргізу жоспарын жинақтайды.



Бағалау:



    • жасалған эксперименттің нәтижелерін, зертханалық жұмыстарды жүргізу кезіндегі тәуекелдерді;







    • табиғи биогеоценоздар мен агроценоздардың жағдайын;




    • өнеркәсіптің технологиялық қағидаттарының тірі табиғат компоненттері арасындағы тепе-теңдікті сақтауға әсерін;




    • пайдалы қазбалар мен табиғи ресурстарды дұрыс пайдаланудың маңыздылығын бағалайды.






  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   27




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет