Популяциялық-түрлік
|
белгілі түрлер өзара еркін шағылысады
|
экология, эволюциялық ілім, математика, генетика
|
Биогеоценоздық
|
зат алмасуы және қуат алмасуы негізінде тірі ағзалармен өлі құрамдас бөліктерді мекен ету жағдайларын біріктіре зерттейтін табиғи күрделі жүйе
|
экология және жалпы биологиялық ғылымдар
|
Биосфералық
|
барлық биогеоценоздардың жиынтығы. Жердегі барлық құбылыстар кіреді
|
экология, физика, химия, геология, география
|
Тапсырмалар: Әр деңгейге нақты мысалдары келтіріңіз.
1. «Тіршілік дегеніміз - нәруыздық денелердің өмір сүру жолы...» деген анықтаманы кім айтты? (Фридрих Энгельс)
2. Тіршілік ететін ағзалардың барлығы неден тұрады? (Жасуша)
3. Жасушалардың құрғақ масса құрамының неше пайызы нәруыз? (80%)
4. Жердегі ерекше болып есептелетін жүйе? (Биологиялық жүйе)
5. Көптеген алғашқы заттардан тұратын күрделі жаралымды жүйе? (Тірі табиғат)
6 . Тіршіліктің құрылым деңгейлері нешеу? (7)
7. Нуклеин қышқылы, нәруыздар, майлар, көмірсулар қандай заттар? (Органикалық заттар)
8. Құрылысының күрделілігіне тәуелсіз (біржасушалы және көпжасушалы) дербес өмір сүре алатын биологиялық жүйе қалай аталады? (Ағза)
9. Дарақтар дегеніміз не?
(Табиғатта бірінен-бірі оқшауланбай, популяцияға бірігіп өмір сүреді)
10. Ағзадан жоғары биологиялық жүйе ? (Популяция)
Глоссарий:
Биогенез (грек. bios - тіршілік, өмip, genesis - пайда болуы, шығу тегі) - тіршіліктің пайда болуын тікелей тipi организмдердің тіршілік әрекеті арқылы түсіндіретін ғылыми теория;
Геожүйе - географиялық қабықтың өзара байланысты, өзара әрекеттесетін құрам бөліктері;
Тіршілік деңгейлері - тipi организмдердің әpi құрылымдық, әpi функционалдық, өздеріне тән қасиеттері бар жеке оқшауланған тіршілік әрекеттерінің жиынтық көрінісі.
Достарыңызбен бөлісу: |