«Биологиялық экология» пәнінің оқу-әдістемелік материалдары №3 басылым ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешені



бет4/7
Дата11.06.2016
өлшемі0.51 Mb.
#127553
1   2   3   4   5   6   7

Дәріс сабақ № 14
БОИОЦЕНОЗДЫҢ ТРОФИКАЛЫҚ СТРУКТУРАСЫ

( ПРОДУЦЕНТ, КОНСУМЕНТ ЖӘНЕ РЕДУЦЕНТ)

Экожүйенің маңызды қасиеттерінің бірі оларда қоректік тізбектің болуы. Қоректік тізбек – экожүйеде организмнің қоректенуі кезіндегі органикалықзаттардың қозғалысы мен олардан алынатын энергия ағымын көрсететін организмдер тізбегі. Бұл сөз грек тілінің trophos – қорек, тамақ ұғымдарын береді. Қоректік байланыстар – табиғатта негізгі болып табылады, тіршілікті демейді, өзара әрекеттесуші түрлердің саны мен олардың эволюциясының барысына ықпал етеді; әрбір түр басқа түрлер үшін энергия мен қоректік заттардың көзі болып табылады (қоректену немесе қоректік тізбек). Енді продуценттер, консументтер және редуценттер ұғымдарын толығырақ қарастырайық.

Продуценттер (ағылш. to produce - өндіру) – бейорганикалық заттардан органикалық заттарды өндіретін организмдер. Экожүйелерде продуценттерге фотосинтез арқылы сыртқы күн энергиясын органикалық заттар ішіндегі биохимиялық энергияға айналдыратын автотрофты организмдер жатады. Жер бетіндегі экожүйелердегі продуценттерге өсімдіктерді жатқызамы.

Консументтер (латын. консуме – тұтыну) басқа организмдермен (продуценттермен) өндірілген органикалық заттармен қоректенетін организмдер. Экожүйедегі бұл организмдер гетеротрофты деп аталады.

Редуценттер – органикалық заттар қалдықтарын бейорганикалық заттарға айналдыратын организмдер (негізінен бактериялар, саңырауқұлақтар және т.б.).

Сонымен энергиясы бар экожүйенің ішіндегі органикалық заттар автотрофты организмдермен түзіліп, олар гетеротрофтар үшін қорек (заттар мен энергиялардың қайнар көзі) болып табылады. Қарапайым мысал: жануарлар өсімдікті жейді. Бұл жануарларды өз кезегінде басқа жануарлар жеуі мүмкін, осындай жолмен бірқатар ағзалар арқылы энергия тасымалдау жүреді – олардың әрбір келесісі шикізат пен энергия беретін алдыңғысымен қоректенеді. Мұндай бірізділік қоректік тізбек деп , ал оның әрбір түйіні – қоректену деңгейі деп аталады.

Бірінші қоректену деңгейін афтотрофтар немесе бірінші реттік продуценттер деп аталатындар алады. Екінші қоректену деңгейіндегі организмдер – бірінші реттік консументтер, үшіншідегілер – екінші реттік консументтер деп аталады. Әдетте төрт немесе бес қоректену деңгейлері болады, алтыдан асатындары сирек.

Бірінші реттік продуценттер. Бірінші реттік продуценттерге автотрофты организмдер, негізінен жасыл өсімдіктер, кейбір прокариоттар, атап айтқанда, көк-жасыл балдырлар және фотосинтезделетін бактерияның аздаған түрлері жатады, бірақ олардың үлесі шамалы ғана. Фотосинтетиктер күн энергиясын ұлпаларды құрайтын органикалық молекулалар негізінде қолданылатын химиялық энергияға айналдырады. Органикалық заттардың өніміне энергияны бейорганикалық қосылыстардан алатын хемосинтездеуші бактериялар да аздаған үлесін қосады.

Су экожүйелерінде басты продуценттер мұхиттар мен көлдер үстіңгі қабатының фитопланктонын құрайтындар көбіне ұсақ болып келетін бір жасушалы ағзалар – балдырлар болып табылады.

Бірінші реттік консументтер бірінші реттік продуценттермен қоректенеді, яғни олар шөп қоректі жануарлар.

Екінші және үшінші реттік консументтер. Екінші реттік консументтер шөп қоректілермен қоректенеді, осылайша бұлар екінші реттің консументтерін жейтін үшінші реттің консументтері сияқты етпен қоректенетін жануарлар. Екінші және үшінші реттің консументтері жыртқыш болып аң аулауы, өзінің құрбандығын ұстап алып , өлтіруі мүмкін. Соңғы жағдайда олар көлемі жағынан өздерінің иелерінен кіші болады.

Редуценттер мен детритофагтар. Өлген өсімдіктер мен жануарлардың денелері әлі де болса энергия мен «құрылыс материалын » тірі кезіндегі бөлінділерді , мысалы, зәр мен нәжіс сияқтыларды сақтайды. Бұл органикалық материалдарды микроағзалар , дәлірек айтсақ, органикалық қалдықтарда сапрофиттер тәрізді тіршілік ететін саңырауқұлақтар және бактериялар ыдыратады. Мұндай ағзалар редуценттер деп аталады. Олар өлі денелерге ас қорыту ферменттерін немесе тіршілік әрекеттілігінің қалдықтарын бөліп, олардың қорытқан өнімдерін сіңіреді. Жартылай ыдыраған материалдарды детрит деп атайды, көптеген ұсақ жануарлар (детритофагтар) сонымен қоректеніп , ыдырау процесін жылдамдатады. Бұл процеске шынайы редуценттермен қатар (саңырауқұлақтар мен бактериялар) детритофагтар (жануарлар) да қатысатындықтан ол екеуін де кейде редуценттер деп атайды, әйтсе де шындығында бұл термин сапрофитті ағзаларға қатысты. Кейбір жануарлар басқа жануарлармен де , өсімдіктермен де қоректенеді, оларды талғаусыз қоректенушілер ( жекелей алғанда адам да соған жатады) деп атайды.

Топтардағы популяция аралық өзара әрекеттестіктер (биологиялық өзара әрекеттестіктер типі) – бұл әртүрлі популяциялардың топтың шегіндегі байланысы; мынадай қатынастарды бөледі: нейтрализм, бәсекелестік, паразиттік, жыртқыштық, симбиоз, мутуализм, комменсализм , антогонизм.

Бәсекелестік – табиғи топтардың құрамын анықтайтын қатынастардың басты типтерінің бірі, бәсекелес түрлер бірге тіршілік ете алмайды. Азық, өмір сүру ортасы және басқа қажетті жағдайлар үшін болатын даралар арасындағы кері әсерлер. Бәсекелестік тікелей немесе жанама болуы мүмкін.

Симбиоз (селбесу ) – дегеніміз әр түрге жататын даралардың екі жақты пайдалы бірігіп тіршілік етуі. Мысалы : өсімдіктердің арасындағы симбиозға қынаны алуға болады. Қыналар балдырлар мен саңырауқұлақтардың селбесіп тіршілік етуі нәтижесінде түзіледі.

Комменсализм (француз тілінен аударғанда commensal- бірге тамақтану) .Бір ағза екіншісінің есебінен тіршілік етеді, бірақ оған ешқандай зиян келтірмейді.Мысалы , жабысқақ –балық ірі балыққа бекініп алады да, онымен бірге қозғалады және оның тамағынан қалған заттармен қоректенеді.

Амменсализм (латын тілінен аударғанда mensa - азық, тамақ). Бір популяция үшін қолайсыз болып табылатын өзара қатынастар. Мысалы, зең саңырауқұлақтарының бактериялармен қатынасы. Зең саңырауқұлақтары бөліп шығаратын антибиотиктер бактерияларды жояды.

Жыртқыштық. Популяциялардың біреуі екіншісіне қолайсыз әсер ете отырып, пайда алады. Әдетте жемтігін жыртқыш өлтіре отырып, онымен қоректенеді. «Жыртқыш – жемтік» қатынасының негізінде қоректену тізбегі жатыр. Жыртқыштарды зиянды жануарлар деп бір жақты қарастыруға болмайды. Себебі, жыртқыштың аузына ауру және әлсіреген даралар түседі де, аурудың таралуының алдын алып, популяцияны сауықтырады.

Паразитизм (грек тілінен аударғанда parasitus- арамтамақ). Бір түр екіншісінің денесінің ішіне не бетіне бекініп, иесінің есебінен тіршілік ететін түр аралық қарым-қатынастарды айтады.

Гомотиптік реакциялар немесе түрішілік әрекет – бір түрдің дараларының арасында байқалады, бұған түрішілік бәсекелестік жатады.

Гетеротиптік реакциялар немесе түраралық әрекет – әр түрге жататын даралар арасында байқалады.



Дәріс сабақ № 15
ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ПИРАМИДАЛАР

Экологиялық пирамидалар – трофикалық тізбектің көрші деңгейлеріндегі органикалық заттар немесе энергия көлемдері қатынастарын графикалық түрде бейнелеу. Ол үшін ең алдымен берілген аймақтағы түрлі организмдерді қоректену деңгейлері бойынша топтастырып, санын есептейді.Мұндай санақтан соң жануарлардың санының екінші қоректену деңгейінен келесіге өткенде бірте-бірте азайатындығы айқын көрінеді.Бірінші қоректену деңгейіндегі өсімдіктердің саны да екінші деңгейді құрайтын жануарлардың санынан жиі асып түседі. Мұны сандық пирамидалар (Элтонның сандық пирамидасы) түрінде бейнелеуге болады.Сандар пирамидасы - әр түрлі трофикалық деңгейдегі ағзаладың санын көрсетеді. Сандық пирамидаларды пайдаланумен байланысты туындайтын қолайсыздықтардан әрбір қоректену деңгейіндегі организмдердің жиынтық массасы (биомасса) есепке алынатын биомассалар пирамидасын құру жолымен құтылуға болады. Биомассаны анықтауға жекелеген дарақтардың санын есепке алу ғана емес, оларды өлшеу де кіреді, сондықтан бұл көп уақыт пен арнайы жабдықтарды, көп еңбек сіңіруді қажет ететін процес.

Массалар пирамидасы. Биомассалар пирамидасы - әр түрлі трофикалық деңгейдегі тірі заттың жалпы құрғақ массасын сипаттайды. Өндірушілер өте ұсақ және консументтер ірі болғандықтан экожүйелерде соңғысының жалпы массасы барлық кезде продуценттердің жалпы массасынан жоғары болады, яғни биомасса пирамидасы керісінше болады.

Энергия пирамидасы – кезекті трофикалық деңгейдегі энергия ағынының шамасын немесе «өнімділігін» көрсетеді. Энергетикалық пирамида барлық кезде жоғары қарай сүйірленеді.

Энергиялар пирамидасының артықшылықтары:


  • Ол уақыттың белгілі бір сәтінде ағзалардың ағымдағы күйін ғана сипаттайтын сан және биомасса пирамидаларынан айырмасы, ол биомассаның өсу жылдамдығын көрсетеді. Энергия пирамидасының әр бір сатысы белгілі бір нәрлену деңгейінен белгілі бір кезеңде өткен энергия көлемін (алаң немесе көлем бірлігіне) бейнелейді;

  • Екі түрдің бірдей биомассасы болса да оларда энергия көлемінің бірдей болуы міндетті емес. Сондықтан биомассаға негізделген салыстырудың жаңылыстыруы мүмкін;

  • Энергия пирамидалары тек түрлі экожүйелерді ғана емес, сонымен бірге бір экожүйенің ішіндегі популяциялардың біршама маңыздылығын салыстыруға мүмкіндік береді;

  • Энергия пирамидасының фундаментіне күн энергиясының түсуін көрсететін тағы бір тікбұрышты қосып қоюға болады.

Энергия пирамидалары экологиялық пирмидалардың үш түрінің ең пайдалысы болса да, оларды құрастыру үшін мәліметтер алу өте қиын, өйткені онда биомассалар пирамидасын құрастырудағыдан гөрі тіпті көп өлшемдер талап етіледі. Іс жүзінде энергия пирамидалары кейде биомасса пирамидаларынан бұрын жүргізілген тәжірибелерге негізделген қайта есептеу жолымен жеткілікті түрде нақтылықпен алынуы мүмкін.

Экожүйе арқылы өтетін энергия ағынын зерттеуге итермелейтін себептердің бірі – бұл алынған білімдерді адамның қоректік және энергиялық қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін қолдана алу мүмкіндігі.

Нақты қоректік тізбектерге өсімдік текті тамақтағы энергияның берілетін мөлшерін есептеуге және тасымалдануын бақылауға болады.

Энергия тасымалдау кезінде қоректік тізбектердегі қатынастар нәтижесінде әрбір бірлестік белгілі бір трофтық құрылымға ие болады.

Жалпы жағдайда трофтық құрылымды кезекті трофтық деңгейлердегі уақыт бірлігіндегі аудан бірлігіне шаққан энергия шамасымен наықтауға болады. Оларды экологиялық пирамида түрінде кескіндеуге болады. Бұл құбылысты зерттеген Ч. Элтон (1927 ж.) экологиялық пирамиданың үш негізгі типін бөліп көрсетті.

1. Сандар пирамидасы. (м2 /даралар саны) әртүрлі трофтық деңгейдегі ағзалардың санын көрсетеді. Орманның жайылымдық қоректік тізбегінде, продуцент – ағаш, ал бірінші реттік консумент – бунақденелілер болғанда, бірінші реттік консументтердің деңгейі саны жағынан өндірушілер деңгейімен салыстырғанға байланысты. Бұл кезде сандар пирамидасы кері болады.

2.Биомассалар пирамидасы әр түрлі трофтық деңгейдегі тірі заттың жалпы құрғақ массасын сипаттайды (органикалық заттардың құрғақ массасы г/м2). Өндірушілері өте ұсақ және консументтері ірі болған экожүйелерде соңғысының жалпы массасы барлық кезде продуценттердің жалпы массасынан жоғары болады, яғни биомасса пирамидасы да кері болады.

3. Энергия пирамидасы (Дж/м2 жыл) кезекті трофтық деңгейлердегі энергия ағынының шамсын немесе «өнімділігін» көрсетеді. Энергетикалық пирамида барлық кезде жоғары қарай сүйірленеді. Бірақ тамақпен бірге жүйеге түсетін барлық энергия көздері есепке алынуы керек.



Дәріс сабақ № 16

ЭКОЛОГИЯЛЫҚ СУКЦЕССИЯЛАР

Сукцессия деп – табиғи және антропогенді факторлардың әсерінен бір территорияда биоценоздардың белгілі бір ретпен алмасуын айтады. Экологиялық сукцессия белгілі бір уақыт бөлігінде бірнеше кезеңдерден өткеріп іске асады, алғашқы кезеңдері бірінші қоныстанушылар кезеңі деп аталады, бұл процесс тұрақтанған жүйеге дейін іске асады тұрақтанған жүйені климакс деп атайды. Сондықтанда сукцессия белгілі бір территориядағы бірін-бірі ретімен алмастыратын бірлестіктер. Сукцессия пайда болу үшін бос кеңістік қажет. Біріншілік және екіншілік сукцессиялар деп екіге жіктеледі. Біріншілік сукцессия – ең алғашында бос субстратта пайда болған бірлестіктерді айтады, екіншілік сукцессия осы субстраттағы бірлестіктерді осы абиотикалық жағдайларға недәуір адаптацияланған келесі бір бірлестіктердің алмастыруын айтады.

Біріншілік сукцессия бірлестікті ең басынан бастап қалыптасуын бақылауға мүмкіндік береді. Мұндай сукцессиялар селден кейін немесе өрттен кейін қалған орындарда пайда болады. Шыршалы орман деп солтүстік аймақтарда экожүйенің соңғы климаксты кезеңін айтады. Ең басында мұндай жерлерде ақ қайың орманы болады, қайыңдардың өсу жылдамдығы қылқан жапырақтыларға қарағанда 10-12 есе жылдам болғандықтан олардың көлеңкесінде шыршалар мен қарағайлар өседі. Қайыңдардың түбінде өздерінің микроклиматы пайда болады, ал шыршалар өз беттерімен өздеріне қолайлы жағдайларда өсе береді. Біртіндеп қайыңдар шыршаларға бәсекеге төтеп бере алмай қылқан жапырақтылар оларды ығыстырып шығарады.

Екіншілік сукцессия көбінесе адам әрекетінің салдары болып табылады. Біріншілік сукцессия 1000 жылды қамтыса, екіншілік сукцессия 150-250 жылды қамтиды.

ЭКОЛОГИЯЛЫҚ СУКЦЕССИЯ — бір биоценоздың (бірлестіктің) басқа биоценозбен ауысып отыруы. ЭКОЛОГИЯЛЫҚ СУКЦЕССИЯ кауымдастықтың, яғни экожүйенің биоталық құрауыштарының ықпалымен жүреді. ЭКОЛОГИЯЛЫҚ СУКЦЕССИЯ биоталық қауымдастық пен физикалық орта арасында тепе-теңдік орнайтын, экожүйенің реттелген дамуы, оны болжауға болады. ЭКОЛОГИЯЛЫҚ СУКЦЕССИЯ бірнеше кезеңнен өтеді, солардың барысында биоталық қауым-дастықтар бірінен соң бірі алмасып жатады. Сукцессия кезіндегі түрлердің алмасуының себебі, популяциялар коршаған ортаны өзгер-туге ұмтыла отырып, өзге популяция үшін қолайлы жағдайлар жасайды. ЭКОЛОГИЯЛЫҚ СУКЦЕССИЯ барысында организмдердің түрлік популяциялары және олардың арасындағы функциялық байланыстардың түрлері бірін-бірі белгілі заңдылыққа сәйкес кезеңді түрде және қайталанып алмастырып отырады. Сукцессия өсу, тұрақтану, климакс сатыларынан тұрады. ЭКОЛОГИЯЛЫҚ СУКЦЕССИЯ -ның автотрофты, гетеротрофты, аутогенді, аллогенді, фитогенді, зоогенді, ландшафты, алапатты, антропогенді түрлері бар. Оңтайлы жағдайда кез келген сукцессия түрі бәсең дамитын климакстық қауымдастықтың пайда болуымен аяқталады.

№1 Бақылау сұрақтар мен тапсырмалар



  1. Синэкология нені зерттейді?

  2. Биоценоз туралы не білесіз?

  3. Биотоп дегеніміз не?

  4. Экожүйе түсінігінің анықтамасын айтыңыз.

  5. Бірлестік құрылымы дегеніміз не?

  6. Бірлестіктің түр және морфологиялық құрылымын сипаттаңдар?

  7. Трофикалық байланыстар дегеніміз не? Бірлестіктердің трофикалық құрылымдары және өнімділіктері туралы айтыңыздар.

  8. Автотрофты және гетеротрофты ағзаларға қандай ағзалар жатады?

  9. Тірі ағзалар арасындағы биотикалық байланыстардың барлығын қандай топтарға бөлуге болады?

  10. Нейтрализм және аменсализм дегенімз не?

  11. Комменсалдар деп қандай ағзаларды айтады? Комменсализмге мысал келтіріңдер.

  12. Симбиоз дегеніміз не? Симбиотикалық өзара әрекетке мысал келтіріңдер. Бәсекелестік түраралық қатынас ретінде, мысал келтіріңдер.

  13. Түраралық және түрішілік қатынас бәсекелестігіне мысал келтіріңдер, айырмашылығы неде? Жыртқыштық пен паразиттікке антибиотизм ретінде сипаттама беріңіздер.

№2 Бақылау сұрақтар мен тапсырмалар



  1. Пирамидалардың бір бірінен қандай айрмашылықтары бар?

  2. Ең тиімді пирамиданы атаңыз, түсіндіріңіз?

Негізгі әдебиеттер:

1. Жатқанбаев Ж.Ж. Экология негіздері. А., 2003

2. Бейсенова Ә.С., Шілдебаев Ж.Б., Сауытбаев Г.З. Экология., А., 2001.

3. Ақбасова А.Ж., Саинова Г.Ә. Экология А., 2003.

4. Оспанова Г.С., Бозшатаева Г.Т. Экология., А., 2002.

5.Бродский А.К. Жалпы экологияның қысқашы курсы А, 2010

Дәріс сабақ № 17
БИОСФЕРА ҚАЗІРГІ КҮЙІ. БИОСФЕРА ТУРАЛЫ ІЛІМ. В.И.ВЕРНАДСКИЙДІҢ БИОСФЕРА ЖӘНЕ НООСФЕРА ТУРАЛЫ ІЛІМ

Жоспар


  1. Биоссфера ұғымы мен түсініктері

  2. Биосфера шекаралары

  3. Ноосфера ұғымы мен түсініктері

Биосфера концентрикалық қабықашалардан (геосфералардан) құралады, олар ішкі және сыртқы болып жіктеледі. Ішкі концентрикалық қабықшаға ядро, мантия жатады. Сыртқы қабықшаларды литосфера (жердің қатты қабығы), гидросфера (су қабаты), атмосфера (ауа қабаты) және жердің күрделі қабығы биосфера.

Литосфера (грек. литос- тас)- Жердің тас қабаты. Оның қалыңдығы теңіз астында 6 км тау жүйелерін қосқанда 80 км қалыңдықты құрайды. Жердің бұл қабаты адам үшін маңызды ресурстардың бірі болып саналады: жанар-жағар және энергетикалық шикізат көзі, рудалы және рудалы емес пайдалы қазбалар кені, табиғи құрылыс материалдар қоры болып табылады.

Гидросфера (грек. гидора- су) - Жердің сулы қабаты. Оны жер асты және жер үсті деп жіктейді. Әлемдік мұхит гидросфераның жалпы көлемінің 96,53 % құрайды, жер асты суларының қоры – 1,69%, қалған су мөлшері өзендер мен көлдер үлесіне тиеді. Жер бетіндегі барлық сулардың 98% тұзды сулар құрайды, ал қалған 2 % тұшы сулар, олар негізінен мұздықтар мен солтүстік және оңтүстік полюстерде шоғырланған. Гидросфера біздің планетамыздың климатының қалыптасуында маңызы зор.

Атмосфера (грек. атмос - бу) – Жердің газды қабаты, әр түрлі булар мен газдар қоспасынан тұрады. 20-25 км биіктікте озон қабаты орналасқан, озон қабаты жер бетіндегі барлық тіршілікті күннің ультракүлгін сәулесінен қорғайды. Атмосфераның төменгі қабаты тропосфера деп аталады оның қалыңдығы 8-10 км полюстарда, 10-12 орташа зоналарда, 16-18 км тропикалық аймақтарда.

Атмосфера, гидросфера және литосфера өзара тығыз байланысқан. Жер бетіндегі экзогенді геологиялық процестердің барлығы осы байланысқа тәуелді және биосферада өтеді.

Биосфера қызметі. Биосфера – Жер шарының тірі ағзалармен қоныстанған күрделі сыртқы қабығы, тірі ағзалар жиыны планетамыздың тірі затын құрайды. Жер және оны қоршаған орта осыдан 4,7 млрд. жыл бұрын күн жүйесінің белгілі бір заңдылықпен дамуының нәтижесінде қалыптасқан. Күн жылуы – Жер климатының ең маңызыдысы, көптеген геологиялық процестердің дамуының негізі. Үлкен жылу ағыны Жердің тереңінен келеді.

Биосфера туралы ілім ХХ ғасырдың басында қалыптасқан оның авторы атақты орыс ғалымы В.И.Вернадский.

Жердегі бірде-бір тірі ағза еркін күйде болмайды. Барлық ағзалар оларды қоршаған материалдық-энергетикалық ортамен, ең алдымен қоректену мен тыныс алу арқылы, үздіксіз және тығыз байланыста болады. Одан тыс табиғи жағдайда тіршілік ете алмайды.

XIX ғасырдың басында ғылымға «биосфера» түсінігін енгізген француз жаратылыстанушысы Ж.Б.Ламарк (1744-1829) болған. «Биосфера» терминін тіршілік бар жердің қабықшасын анықтау үшін «гидросфера», «литосфера» ұғымдарымен бірге XIX ғасырдың аяғында атақты австрия геологы Э.Зюсс (1831-1914) ұсынады.

В.И.Вернадский биосфера деп планетаның тіршілік бар немесе болған, үнемі тірі ағзалардың әсеріне ұшырайтын не ұшыраған бөлігін айтады (литосфераның жоғарғы бөлігі, гидро және тропосфера). Ағзалардың маңызы олардың алуан түрлілігімен, барлық жерлерде таралуымен, Жер тарихындағы тіршілігінің ұзақтығымен, биохимиялық қызметінің таңдамалы сипатымен және табиғаттың басқа компоненттерімен салыстырғанда химиялық белсенділігінің жоғары болуымен анықталады. Жер биосферасын құрайтын заттардың негізгі типтері 1-суретте көрсетілген.

Планетадағы ағзалардың барлық жиынтығын В.И.Вернадский тірі зат деп атады. Оның негізгі сипаттамасы ретінде массаның, химиялық құрамы мен энергиясының жиынтығын қарастырады. В.И.Вернадский тұжырымдаған константалық заңы бойынша: биосфераның тірі затының мөлшері (берілген геологиялық кезең үшін) тұрақты (константа) шама болып табылады.








Тірі зат








Биогенді зат


Әр түрлі зат

табиғат






Костык зат


бөліктері




Биокостық зат








Радиоактивті

ыдыраудағы зат









Космостық

табиғаты бар зат



Жер биосферасын құрайтын заттардың негізгі типтері

Тірі заттың жалпы массасы 1,8-2,5.1012т. (құрғақ салмағы) бағаланып, ол биосфера массасының (3.1012т.) тек болмашы бөлігін ғана құрайды. Егер тірі затты планета бетімен біртегіс етіп орналастырсақ оның қалындығы, бар болғаны 2см болады. Қазіргі кездегі ағзалар топтарының биомассасы туралы мәліметтер кестеде келтірілген.



Жердің тірі ағзаларының биомассасы

(Н.И.Бразилевич бойынша)



Орта

Ағзалар тобы

Масса (10 )

Қатынасы (%)

Континенттер

Жасыл өсімдіктер

2,40

99,2

Жануарлар мен микроағзалар

0,020,8




Барлығы

2,42

100

Мұхиттар

Жасыл өсімдіктер

0,0002

6,3

Жануарлар мен микроағзалар

0,0030

93,7

Барлығы

0,0032

100

Жердегі ағзалардың биомассасы

2,4232

-

Жердің бетін өзгертуші маңызды фактор тіршілік болып табылады. Оның ерекшелігі тек химиялық реакциялардың жылдамдығына ғана байланысты емес, кейбір реакциялар қалыпты температура мен қысымда ағзадан тыс жүрмейді. Л. С. Берг былай деген: «Ағзалар физикалық тұрғыдан мүмкін емес нәрселерді жүзеге асырады». Майлар мен көмірсулар ағзада 37ºС шамасында тотығады, ал ағзадан тыс тек 400-500ºС жүреді. Молекулалық азоттан аммиактың синтезі өнеркәсіптік жағдайда 500ºС температура мен 300-500 атм. қысымда жүзеге асырылады. Ал микроорганизмдер бұл реакцияны қалыпты температурада және атмосфералық қысымда жүзеге асырады.

В.И.Вернадский биосфераның Жердің ғаламдық біртұтас жүйесі ретіндегі көзқарасты жасады. Бұл жүйеде химиялық және энергетикалық өзгерістердің жүруі тіршілікпен анықталады. В.И.Вернадский тірі ағзалардың геологиялық ролі туралы ілімнің негізін қалады.

Жердің биосферасы ғаламдық ашық жүйе болып табылады. Оның «кіруі» - бұл космостан келетін күн энергиясының ағыны, ағзалардың тіршілік қызметінде түзілген заттар. Биосфера өздігінен реттелетін кибернетикалық жүйе. Оған гомеостаз қасиеті тән.

Жер планета ретінде табиғат жағдайларының алуантүрлілігімен сипатталады. Бұл оның шар тәрізді пішінімен,, Күнді және өзінің осінен айналуымен анықталады. Өз кезегінде бұлар күн белсенділігінің ендік және маусым бойынша интенсивтілігінің өзгеруін қамтамасыз етеді. Табиғат жағдайларының көп түрлілігі Жердің күрделі рельефінің әсерінен де түзіледі. Бірақ Жер биосферасының негізгі көп түрлілігін тірі ағзалар жасайды. Ғалымдардың болжамы бойынша қазіргі биосферада тірі ағзалардың шамамен 2 млн. түрі бар (биосфераның өмір сүруі барысында 1 млрд.- тан кем емес).

Биосфераның динамикалық жүйе ретіндегі ерекшелігі оның бір тегіс болмауы (тепе-теңсіздігі) және оның тірі затпен жұмысы Күн энергиясының ағынының нәтижесі болып табылады.

Биосфераның маңызды ерекшеліктерінің бірі ондағы судың болуы. Биосфераның тағы бір белгісі – оның космоспен тығыз байланыстылығы (көбіне Күнмен).

1852 жылы Швейцария астрономы Р. Вольт Жердің магнитизмінің Күндегі дақтардың пайда болу циклдігіне тәуелді екенін есептеп шығарды.

Биосфераның шекаралары. 1926 жылы В.И.Вернадский биосфераның шекаралары туралы мәселені қойды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет