Биологиялық химия Кафедрасы


Тақырыбы:Белоктар алмасуы



бет116/226
Дата19.10.2023
өлшемі0.76 Mb.
#481095
1   ...   112   113   114   115   116   117   118   119   ...   226
СИЛЛАБУС-Мамандығы-051301-–-«Жалпы-медицина»

Тақырыбы:Белоктар алмасуы. Жай белоктардың аралық алмасуы. Жасушада амин қышқылдарының (анаболикалық реакцияларға – белок, креатин, алмастырылатын амин қышқылдарының синтезіне) қолданылуы. Амин қышқылдарының катаболизмі: амин қышқылдарының декарбоксилденуі және дезаминденуі. Амин қышқылдарының азотсыз қалдықтарының және аммиактың қолданылуы. Аммиакты залалсыздандыру. Жай белоктар алмасуының соңғы өнімдері, олардың бөлінуі.

  • Мақсаты:

    1. Студенттерде ағзадағы амин қышқылдарының негізгі өзгерістерге ұшырауы туралы білімді қалыптастыру.

    2. Студенттерде аммиактың түзілу мен жұмсалу жолдары туралы білімді қалыптастыру.

    3. Жаңа терминдер мен түсініктерді енгізу арқылы коммуникативті дағдыларын дамыту.

    4. Кәсіби әдебиетті зерттеу және ғаламторда ақпарат (мәліметтер) іздеу барысында дағдылар мен аналитикалық қабілеттерін қалыптастыру.




    1. Оқыту міндеттері:

    1. Амин қышқылдарының жасушадағы негізгі пайдалану жолдарын қарастыру.

    2. Амин қышқылдарының декарбоксилдену процестерін және ағзадағы биогенді аминдердің маңызын талқылау.

    3. Амин қышқылдарының дезаминдену жолдарын қарастыру.

    4. Аммиактың залалсыздандыру жолдарын қарастыру.

    5. Жаңа терминдер енгізу және түсініктерге анықтама беру: креатин, креатинфосфат, креатинин, гиппур қышқылы, орнитин циклі (цитруллин теориясы), аммонийгенез.

    6. Студенттерді кәсіби әдебиетті зерттеуге (оқуға) және ғаламторда ақпарат (мәліметтер) іздеуге ынталандыру.




    1. Тақырыптың негізгі сұрақтары:

    1. Жасушадағы амин қышқылдарының пайдалану жолдары.

    2. Белоктар алмасуындағы бауырдың ролі.

    3. Анаболикалық процесстерде амин қышқылдарының пайдалануы.

    4. Амин қышқылдарының жасушадағы ыдырау жолдары (катаболикалық процестер).

    5. Амин қышқылдарының декарбоксилденуі. Биогенді аминдердің түзілуі, олардың маңызы.

    6. Амин қышқылдарының дезаминдену түрлері.

    7. Амин қышқылдарының азотсыз қалдықтарының өзгерістері.

    8. Аммиактың түзілу және залалсыздандыру жолдары.

    9. Мочевина синтезі.

    10. Жай белоктардың соңғы өнімдері және олардың бөлінуі.






    1. Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   ...   112   113   114   115   116   117   118   119   ...   226




    ©dereksiz.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет