Биологиялық химия Кафедрасы



бет185/226
Дата19.10.2023
өлшемі0.76 Mb.
#481095
1   ...   181   182   183   184   185   186   187   188   ...   226
СИЛЛАБУС-Мамандығы-051301-–-«Жалпы-медицина»

1. Тақырыбы: Липидтер алмасуы. Липидтердің қорытылуы, сіңірілуі. Липидтер алмасуындағы әр түрлі тіндердің ролі. Липидтердің тасымалдану формасы.
2. Мақсаты:
1. Студенттерде липидтердің маңызы және олардың қорытылуы мен сіңірілуінің ерекшеліктері туралы түсінікті қалыптастыру.
2. Липидтердің тасымалдану түрлерінің құрамы, құрылысы, маңызы туралы түсініктерді қалыптастыру.
3. Студенттерде липидтер алмасуындағы кейбір тіндердің ролі туралы білім қалыптастыру.
4. Студенттердің арнайы әдебиеттермен және интернетпен жұмыс жасаған кезде дағдылар мен аналитикалық қабілеттерін қалыптастыру.
5. Жаңадан терминдер мен түсініктер енгізу.
3. Оқыту міндеттері:
1. Липидтердің тасымалдану түрлерінің құрамы мен роліндегі ерекшеліктерді қарастыру.
2. Жаңадан терминдер мен түсініктер енгізу: тығыздығы жоғары липопротеиндер, тығыздығы төмен липопротеиндер, тығыздығы өте төмен липопротеиндер, хиломикрондар, липопротеинлипаза, липогенез, липолиз, липонеогенез, қан тамыр ішілік липолиз, липидтердің эмульсиялануы.
3. Студенттерді арнайы әдебиеттермен және интернеттен материал іздеуге ынталандыру.
4. Оқыту мен сабақ берудің әдістері:
1) Тақырыптың күрделі сұрақтары бойынша талқылау
2) липидтердің қорытылуы мен сіңірілу ерекшеліктері
3) өт қышқылдарының құрылысы және олардың липидтердің қорытылуы мен сіңірілуіндегі рөлі
4. липидтер алмасуындағы ішек қабырғасының рөлі
5.хиломикроандар мен липопротеидтер, түрлері, құрамы, ағзадағы өзгерістері
6. әр түрлі ағзалардың липидтер алмасуындағы рөлі


6. Таратылатын материал
жаттығулар мен ситуациялық есептер, тест сұрақтары
Жаттығулар:

  1. Глицерин мен үш стеарин қышқылының қалдығынан тұратын ТАГ формуласын жазыңыз.Қосылыстың атын атаңыз.Гидролиз реакциясын жазыңыз. Гидролизді қандай фермент катализдейді?

  2. Фосфатид қышқылы, химиялық табиғаты, оның пайдаланылу жолдары

  3. Мицелла, құрамы, маңызы

  4. Таурохоль, гликодезоксихоль жұп өт қышқылдарын жазыңыз.

  5. Өт қышқылдарының түзілуі және түзілетін орны

  6. Хиломикрондар мен липопротеидтердің құрамындағы ұқсастығы мен айырмашылығы

  7. Қандай ЛП атерогенді болады?



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   181   182   183   184   185   186   187   188   ...   226




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет